Орман қорына келтірілген зиянды өтеудің теориялық мəселелері.

Орман – жер бетіндегі табиғи қорлардың, оның ішінде өсімдіктер жамылғысының басты бір типі. Құрамында бір-біріне жақын өскен ағаштың бір немесе бірнеше түрлері бар табиғи кешен. Құрамы мен өсуіне қарай мəңгі жасыл, қылқанды, ақшыл қылқанды, күңгірт қылқанды, жапырақты, ұсақ жапырақты, жалпақ жапырақты, тропиктік, муссондық, мангрлық жəне т.б. ормандар деп бөледі. Орманның құрылымы ортаның физикалық-географиялық жағдайларына, өсімдіктердің түрлік құрамы мен биологиялық ерекшеліктеріне байланысты болады. Ол топырақ түзілуіне, климатқа, ылғал айналу процесіне жəне т.б. əсері көп, тропосферамен өзара белсенді əрекетте болады да, оттек пен көміртектің алмасу деңгейін анықтайды (ең ірі орманды аймақтар атмосферадағы оттектің шамамен 50%-ын «өндейді»). Құрлықтың 27%-ынан астамын алып жатқан орман — географиялық ландшафт элементі.

Орманда ағаш, бұта, шөптесін өсімдіктер, мүк, қына, т.б. өседі. Орман əртүрлі сауықтыру қорғау жəне өндірістік-эксплуатациялық функцияларды атқарады: а) жер атмосферасын оттегімен қаматасыз ете отырып,тірі организмдердің өмір сүруіне қажетті ауа бассейнін тазалайды; б) өсімдіктер құстар жануарлар дүниесі мен адамдардың өсіп өнуіне қажетті микроклиматты қалыптастырады; в) су қорғау функциясын атқарады; г) халықты ағаш өнімдерімен қамтамасыз етіп,үлкен эканомикалық қызмет атқарады. ҚР Орман заңдары ҚР Конституциясына негізделіп, 2003 жыл 9-шілдеде қабылданған Орман Кодексінен жəне ҚР өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. Орман кодексі орман қорын пайдалану, иелену, билік етуге байланысты қатынастарды реттейді, сонымен қатар, орман қорының экологиялық жəне ресурстық дамуының, қорғалуының құқықтық негіздерін белгілейді. ҚР Орман заңнамасы келесідей принциптерге негізделеді: - климат реттеушілік,су қорғаушылық жəне санитрлық гигеналық функцияларына орай орманның жалпымемлекеттік маңыздылығын мойындау; - орман қорын тұрақты дамыту; - орманның биоəртүрлілігін сақтау; - орман қорын əртүрлі мақсатта пайдалану; - орман қорын ұтымды жəне үздіксіз пайдалану; - орман қорын қорғау жəне пайдалану аясындағы мемлекеттік реттеумен бақылау; - ҚР Орман заңнамасын бұзудан келген залалдарды өтеу мүмкінділігі; - орман ресурстарын пайдаланудың ақылылығы; - орман қорының жай-күйі туралы ақпараттарға қол жетімділік; - орман қорын қорғауға тұрғын халықтың жəне қоғамдық бірлестіктердің қатысуы.

Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы заң бұзушылықтар: 1) орман қорындағы орман орналастыру мен орман шаруашылығы белгiлерiн жою немесе бүлдiру; 2) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн сатып алу-сату, сыйға тарту, кепiлге беру, өз бетiнше иелену мен айырбастау, сондай-ақ орманға мемлекеттiк меншiк құқығын бұзатын орман пайдалануды жүзеге асыру құқығын өз бетiмен басқа бiреуге беру; 3) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн тиiстi рұқсатсыз тегiстеу, құрылыстар салу, сүректер өңдеу, қоймалар салу жəне басқа да мақсаттар үшiн заңсыз пайдалану; 4) ағаштар мен бұталарды зақымдау, орманды, оның iшiнде өрттен зақымданған орманды заңсыз кесу, орман ағаштарын, орман питомниктерi мен плантацияларындағы егiлген не отырғызылған көшеттердi, сондай-ақ ормандарды молықтыру мен орман өсiруге арналған алаңдарда өзi өсiп шыққан шыбықтарды, өскiндер мен қолдан отырғызылған екпелердi жою немесе зақымдау; 5) ормандарды, сол сияқты орман қорына кiрмейтiн екпелердi отқа немесе өзге де аса қауiптi көздерге абай болмау салдарынан жою немесе зақымдау; 6) орман қорын, сол сияқты орман қорына кiрмейтiн екпелердi қасақана жағып жiберу, өзге де жалпы қауiптi тəсiлмен не зиянды заттармен, қалдықтармен, шығарындылармен немесе төгiндiлермен ластау салдарынан жою немесе зақымдау; 7) ормандарда өрт қауiпсiздiгi талаптарын жəне санитарлық ережелердi бұзу; 8) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде кеспеағаш қорын пайдаланудың, сүрек, қосалқы сүрек ресурстарын, ағаш шырындарын дайындау мен тасып əкетудiң Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тəртiбiн бұзу; 9) орман қорының уақытша алынған учаскелерiн қайтару мерзiмдерiн бұзу немесе оларды нысаналы мақсатқа қарай пайдалану үшiн жарамды күйге келтiру жөнiндегi мiндеттемелердi орындамау; 10) орман қоры жерлерiндегi шабындықтар мен жайылымдық алқаптарды бүлдiру; 11) ормандар мен орман қоры жерлерiнде өз бетiнше шөп шабу мен мал жаю; 12) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде тыйым салынған немесе орман билетiмен ғана жол берiлетiн дəрiлiк өсiмдiктер мен техникалық шикiзатты өз бетiмен жинау; 13) мемлекеттiк орман қорының ағашы кесiлген жəне ормандарды молықтыру мен орман өсiруге арналған басқа да алқаптарында ормандарды молықтырудың тəртiбi мен мерзiмдерiн бұзу; 14)орман үшiн пайдалы фаунаны жою; 15) ормандарды қурап қалуға немесе ауруға ұшырататын не оларды ластайтын ақаба сулармен, химиялық заттармен, өнеркəсiптiк жəне тұрмыстық қалдықтармен жəне төгiндiлер мен орманды бүлдiру; 16) орман қоры жерлерiндегi орман құрғататын жыраларды, кəрiз жүйелерi мен жолдарды жою немесе бүлдiру; 17) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды рұқсаттама құжаттарында көзделген мақсаттарға немесе талаптарға сай келмейтiн əрекеттермен жүзеге асыру; 18) ормандардың жай-күйi мен оларды молықтыруға зиянын тигiзуге əкеп соқтыратын объектiлер салу мен оларды пайдалануға беру; 19) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде кеспеағаш аймағын бөлiп беру мен мөлшерлеудiң Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тəртiбiн бұзу; 20) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде сүректердi есептi кеспеағаштардан артық мөлшерде дайындау болып табылады. ҚР Орман Кодексінің 114-бабы Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық белгілейді: «Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа əкеп соғады» делінген.

Дəріс. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту жəне пайдалану туралы заңдарды бұзғаны үшін құқықтық жауапкершілік.

Жоспар:

Жануарлар дүниесін қорғау туралы заңдарды бұзғаны үшін құқықтық жауапкершіліктің түсінігі, құрамы жəне түрлері

2.Аң аулау жəне аң аулау шаруашылығын жүргізу кезінде экологиялық талаптарды бұзғаны үшін заңды жауаптылық

Балық аулау мен балық шаруашылығын ұйымдастыру жəне жүргізу кезінде экологиялық талаптарды бұзғаны үшін заңды жауаптылық. Жануарлар дүниесіне келтірілген зиянды өтеу. Жануарлар дүниесiнiң жай-күйiне, мекендейтiн ортасына, көбею жағдайларына жəне жануарлардың өрiс аудару жолдарына əсер ететін немесе əсер етуі мүмкін болатын қызмет жануарлар дүниесінiң, олар мекендейтін ортаның сақталуы мен өсiмiн молайтуды жəне келтірілетін жəне келтірілген, оның ішінде болмай қоймайтын зиянды өтеудi қамтамасыз етудiң талаптары, оның iшiнде экологиялық талаптар сақтала отырып жүзеге асырылуға тиiс. Жануарлар дүниесі қоршаған ортаның құраушы бөлігі жəне экологиялық жүйе шынжырының бөлінбес тізбегі болып табылады. Ол қарапайым қауымдастықтардың жұмыс істеуіне, топырақтың құрылымы мен табиғи өнімділігіне, өсімдік жамылғысының, судың биологиялық құрамының қалыптасуына жəне жалпы қоршаған ортаның сапасына белсенді əсер ететін, табиғат энергиясы мен заттар алмасу процесінің қажетті құрамдасы болып табылады. Жануарлар түрлерін санаттарға жатқызу жəне оларды бір санаттан екіншісіне ауыстыру жануарлар дүниесінің түрлік алуандылығын сақтау, өсімін молайту жəне тұрақты пайдалану мақсатында жүргізіледі.

Жануарлар дүниесi мақсатты пайдалану жағынан мынадай санаттарға бөлiнедi: 1) жануарлардың сирек кездесетiн жəне құрып кету қаупi төнген түрлерi; 2) жануарлардың аң аулау объектiлерi болып табылатын түрлерi; 3) жануарлардың балық аулау объектiлерi болып табылатын түрлерi; 4) жануарлардың өзге де шаруашылық мақсаттарда (аң аулау мен балық аулаудан басқа) пайдаланылатын түрлерi; 5) жануарлардың шаруашылық мақсаттарда пайдаланылмайтын, бiрақ экологиялық, мəдени жəне өзге де құндылығы бар түрлерi; 6) жануарлардың халықтың денсаулығын сақтау, ауыл шаруашылығы жəне басқа да үй жануарларын аурудан алдын ала қорғау, қоршаған ортаға зиян келтiрiлуiн болдырмау, ауыл шаруашылығы қызметiне айтарлықтай зиян келтiру қаупiнiң алдын алу мақсатында саны реттелуге тиiс түрлерi. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 қаңтардағы қаулысымен Қазақстан Республикасында жануарлар дүниесіне мемлекеттік есептеу, кадастр жəне мониторинг жүргізу жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту жəне пайдалануды мемлекеттік басқару үшін, сондай-ақ жануарлардың биологиялық əралуандылығы мен тіршілік ету ортасын сақтап қалу мақсатында жүргізіледі. ҚР Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту жəне пайдалану жөніндегі Заңының 1 бабында жануарлар дүниесі жəне қорғалуы, өсімінің молайтылуы жəне пайдаланылуы Заңмен реттелетін жануарлардың заңдық ұғымы беріледі. Жануарлар дүниесін пайдалану жалпы жəне арнайы пайдалану тəртібімен жүзеге асырылады. Жануарлар дүниесін арнайы пайдалану түріне-жануарлар дүниесі объектілері мен олардың тіршілігінің өнімдерін тіршілік ету ортасынан алып пайдалану жатады. Жануарлар дүниесін жалпы пайдалануға - жануарлар дүниесі объектілері мен олардың пайдалы қасиеттерін табиғи ортадан алып қоймай пайдалану жатады.

Жануарлар дүниесін пайдалану ешқандай рұқсатсыз, тегін жүзеге асырылады. Жануарлар дүниесін жалпы пайдалануға мерзімі белгіленбейді. Жануарлар дүниесін арнайы пайдалану Қазақстан Республикасының салықтық заңнамаларына сəйкес ақылы негізде жүргізіледі. Жануарлар дүниесін пайдалану үшін төлем табиғи еркін жағдайда тіршілік ететін жануарларды табиғи ортадан алғаны үшін төленеді. Төлемшілер жеке жəне заңды тұлғалар, яғни жануарлар дүниесін пайдаланушылар болып табылады. Төлем ставкасын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. Төлем мөлшері жануарлар санына жəне ставкілерге байланысты анықталады. Жануарлар дүниесін пайдаланудың негізгі түрлерінің бірі аң аулау болып табылады. Аңшылық мынадай түрлерге бөлінеді: өндірістік аң аулау жəне əуесқойлық аң аулау. Аңшылық уəкілетті орган немесе оның аумақтық органы беретін тиісті рұқсаттама негізінде жүзеге асырылады.

Өндірістік аңшылыққа аңшының мынадай құжаттары болған кезде ғана жол беріледі. Аңшының аңшылық минимумнан емтихан тапсырғаны жəне уəкілетті органның аумақтық органында тіркелгені көрсетілген куəлігі, рұқсаттамасы, аңшылық оқ ату қаруымен жүргізілетін жағдайда ҚР-сы ішкі істер органдарының аңшылық оқ ату қаруын сақтау жəне алып жүру құқығына рұқсаты, аңшылық шаруашылығы ұйымымен келісімшарт, аңшылық шаруашылығы ұйымының жолдамалары, жəне өндірістік журналы қажет болып табылады. Балық аулау ережелері Қазақстан Республикасының балық шаруашылығы су айдындарында балық аулауды ұйымдастыру мен жүргізу тəртібін реттейді. Балық шаруашылығы су айдындары пайдалану маңызына қарай 3-ке бөлінеді: халықаралық, республикалық, жергілікті. Балық аулау мынадай түрлерге бөлінеді: өндірістік балық аулау, əуесқойлық балық аулау. Заңды тұлғалардың, сондай ақ жеке кəсіпкерлердің өндірістік балық аулауға рұқсаттамасының бар жоқтығын, аулауды жүргізу ережелерін сақтауын жəне рұқсат етілген балық түрлерін аулағанын бақылауды арнайы уəкілетті орган іске асырады. Уəкілетті орган немесе оның аумақтық органдары ғылыми мекемелермен келісе отырып, балық аулау мақсатының басталуын ертерек немесе кеш мезгілге, алайда балық аулау маусымы жалғасатын жалпы мерзімнен 15 күнтізбелік күннен асырмай белгілеу туралы шешім қабылдай алады. Бекітілген лимиттен асыра балық аулағаны үшін,балық қорына келтірілген залалды өтеу қолданыстағы заңнамаға сəйкес жүргізіледі. Жануарлар дүниесін қорғау жəне пайдалану туралы заңдарды бұзғаны үшін жауаптылық.

Жануарлар дүниесі обьектілерін сақтау мақсатында тыйым салынады: - Өсімдіктерді жою жəне жануарларлың тіршілік ету ортасының жай күйін нашарлататын басқа да əрекеттерге; - Жануарлардың ұялары мен індерін бұзып, қиратуға, жұмыртқаларын жинауға; - Көбею маусымында балықтардың уылдырығы жəне суда жүзетін құстардың жаппай ұя салу орындары деп белгіленген орындарда моторлары оталуы катерлермен,моторлы қайықтармен жəне басқа да жүзгіш құралдармен жүзуге; - Уəкілетті органмен келіспестен жабайы тұяқты жануарлар мен топтық құстардың мекенінен ұшақтардың,тікұшақтардың жəне өзгн де ұшатын құралдадың бір километрден төмен ұшуына; - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімінсіз сирек кездесетін жəне құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін алып қоюға; - Жануарлар дүниесі объектілерін жануарлар дүниесін пайдалану рұқсаттамасында көрсетілген мерзімдерден тыс уақытта жəне белгіленген лимиттен артық аулауға; - Жануарлар дүниесі объектілерін аңшылық жəне балық аулау ережелерінде көзделмеген құралдар, əдіс-тəсілдерді пайдалану арқылы аулауға; - Жануарлар дүниесі объектілерін жарылғыш заттар мен улы химикаттар қолдана отырып аулауға; Уəкілетті органның рұқсатынсыз жануарларды жерсіндіруге жəне будандастыруға,сондай-ақ қайтадан көндіктірілген жануарларды алып қоюға тиым салынады. Егер осы аталған талаптар орындамаса, экологиялық кодексте көзделген жауапкершілікке тартылады.

Наши рекомендации