Тұщы су экожүйелерінің ерекшеліктері: Лентикалық және лотикалық экожүйелер.

Организм және оның тіршілік ету ортасы

Экологиялық факторлар және классификациясы

Антропогендік фактордың ерекшелігі

Организмнің тіршілігі абиотикалық факторлардың экологиядағы рөлі

Оршаған ортаның биотикалық факторлары,анықтамасы,мысалдар

Экологияның дамуының қысқаша тарихы және экологияның қалыптасуы

Ю.Либихтың минимум заңдылығын сипаттаңыз.Мысал келтіріңіз.

Шелфордтың толеранттық заңының маңызын түсіндіріп мысал келтіріңіз.

Ағзалардың экологиялық қуысы (қойма-ниша).Мысал келтіріңіз.

Популяцияның кеңістіктегі құрылымы.Тіршілік ету түрлерін сипаттап, мысал келтіріңіз.

Популяцияның генетикалық және жыныстық құрылымы

Популяцияның жастық құрылымы

Популяцияның динамикалық және статикалық көрсеткштері

Экожүйе түрлері.Құрлық экожүйелерін сипаттаңыз

Су экожуйелері және оның ерекшеліктерін сипаттаңыз

Топырақ тіршілік ортасының ерекшеліктерін және ондағы организмдердің экологиялық топтарын сипаттаңыз.

Су тіршілік ортасы және ондағы тіршілік ететін ағзалардың экологиялық топтары

Кұрлық ауа тіршілік ортасының ерекшелігін сипаттаңыз

Экологиялық сукцессия және оның түрлері. мысал келтіру

Биогеоценоздың абиотикалық және биотикалық құрылымдары.

В.И.Вернадскийдің биосфера туралы ілімі.

Тірі зат концепциясы және оның биосферадағы ролі.

Аламдық геологиялық айналымдар.Мысал келтіріңіз.

Биологиялық айналымдар:табиғаттағы оттегінің айналымы сызбанұсқасын сызып көрсетіңіз.

Биологиялық айналымдар:табиғаттағы судың айналымы сызбанұсқасын сызып көрсетіңіз.

Табиғаттағы азоттың және фосфордың айналымы сызбанұсқасын сызыңыз.

Экологиялық пирамида және оның түрлері сызбанұсқасын мысалдарымен көрсетіңіз.

Оректік тізбек: жыртқыштардың ішіндегі жоғары сатыдағы аңды көрсетіңіз.

Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану

Табиғи ресурстардың классификациясын сипаттаңыз.

Азақстан су ресурстарының мәселесі.

Топырақ ресурсын тиімді пайдалану және қорғау.

Н.В.Беклемишов бойынша биоценоздағы организмдердің қарым қатынас типтерін көрсетіңіз.Мысал келтіріңіз.

Азақстандағы ерекше қорғауға алынған аумақтардың қазіргі жағдайы.

Аламдық экологиялық мәселелер: топырақ деградациясы және эрозиясы

Азақстанның шөлді аймақтарының мәселесі

Леуметтік экологиялық мәселелер

38.Тұрақты даму концепциясының экологиялық аспектілері (Қазақстан Республикасы мысалында)

Тұрақты даму концепциясының әлеуметтік аспектілері

Каспий теңізі Қазақстан бөлігінің экологиялық мәселесі

Неркәсіп орталықтары және қоршаған орта мәселелері

Линдеманның 10 пайыздық теориясы қоректік тізбек арқылы көрсетіңіз.

Азақстанның Қызыл кітабы, оның санаттары

Жасанды экожүйелер құрылымы:агроценоздар және урбо жүйелер

Экологияның маңызды заңдары және принциптері: Шредингер теориясы және Шателье-Браун принциптерінен мысал келтіріңіз.

Парниктік эффект мәселесі.

Аламдық мәселелер: Әлемдік мұхиттардың техногендік ластану мәселесі.

Аламдық мәселелер: Озон қабатының жұқаруы және қышқылды жаңбырлар мәселесі.

Тұрмыстық қатты қалдықтар мәселесі Қазақстан мысалында

Ноосфера-ақыл-ой сферасы.

Азақстанның аймақтық экологиялық мәселелрі: Семейдің экологиялық жағдайы.

52.Тұрақты даму концепциясының экономикалық аспектілері (Қазақстан Республикасы мысалында)

Н.Н.Назарбаевтың жаһандық энергоэкологиялық стратегиясының мәнін түсіндіріңіз.

Орман ресурстарын тиімді пайдалану және қорғау

Биосфераның құрылымдық шекаралары.

Оршаған орта мәселелеріне байланысты ҚР халықаралық ынтымақтастығы

Оршаған орта мәселелеріне байланысты үкіметтік емес ұйымдардың ролі

Оршаған орта мәселелеріне байланысты үкіметтік ұйымдардың ролі

Баламалы энергия көздерінің мәселесі: күн және жел энергетикасы

Тұщы су экожүйелерінің ерекшеліктері: Лентикалық және лотикалық экожүйелер.


1.Организм және оның тіршілік ету ортасы

Тіршілік ортасы— қазіргі тіршілік етіп жатқан организмдердің арқасында пайда болған табиғи күштер мен құбылыстар. Тіршілік ортасы деп белгілі бір ағза (түрдің) дамуының барлық кезендеріне қажетті табиғи орта факторлар жиынтығын айтады. Тірі организмдер тіршілік ететін табиғи орталар жиынтығын экологияда экотоп деп атайды. Бұл абиотикалық факторлар жиынтығы деген ұғыммен мағыналас. Оны кейде биотоп (грекше "bios" — тіршілік, "topos" — орын) деп те атайды. Белгілі бір экотопта тіршілік ететін барлық тірі азғалар жиынтығын биоценоз (грекше "koinos" — жалпы) деп атайды. Белгілі бір аумакта тіршілік ететін барлық тірі азғалар мен орта жағдайларының жиынтығын қосып биогеоценоз (грекше "bios" — тіршілік, "ge" — Жер,"koinos" — жалпы) деп атайды.

Су — тіршілік ортасы. Су көптеген азғалар үшін ең қолайлы орта болып саналады. Сулы ортаның өзіне тән физикалық және химиялық қасиеттері бар. Организмдер үшін судың химиялық құрамы, тұнықтылығы, тығыздылығы, тұтқырлығы, оттек пен жарықтың болуы және т.б. негізгі рөл атқарады. Судың құрамында көптеген минералдық заттар мен химиялық косылыстар кездеседі. Табиғи судың құрамындағы минералдық тұздардың мөлшері де түрліше болады. Мысалы, тұщы судың бір литрінде 0,5 г тұз болса, теңіз суында тұздың мөлшері 35—40 г болады. Судың құрамында оттек мөлшері атмосферадан 20 есе аз және суға жарық аз түседі. Суда қысым күрт өзгереді. Мұның бәрі де кейбір азғалар тіршілігі үшін едәуір қолайсыздық туғызады. Суда тіршілік етуге бейімделген азғалар тобы — гидробионттар (грекше "hydor" — су, "biontos" — тіршілік ететін) деп аталады. Олар судың түрлі қабаттарында тіршілік етуге бейімделген. Гидробионттар Дүниежүзілік мұхиттарда, жер асты суларында, құрлықтағы су айдындарында кеңінен таралған. Су айдындарында екі түрлі тіршілік ортасын ажыратады. Оның бірі — судың қалың қабаты (пелагиаль грекше "pelagos" — теңіз). Бұл қабатта тіршілік ететін ағзаларды пелагостар деп атайды. Екіншісі — су түбі (бенталь грекше "benthos" — терең) деп аталады. Мұнда тіршілік ететін азғалар бентостар деп аталады. Судың беткі қабатында судың ағысымен қалқып жүріп тіршілік ететін ұсак ағзаларды (фитопланктондар мен зоопланктондарды) планктондар (грекше "planktos" — қалқып жүретіндер) деп атайды. Судың түрлі қабаттарында белсенді түрде жүзіп жүріп тіршілік ететін ірі ағзаларды (басаяқты ұлуларды, балықтарды, және т.б.) нектондар (грекше "nektos" — жүзіп жүретіндер) деп атайды. Ал судың ең беткі қабатында тіршілік ететін әрі микроскопиялық, әрі ұсақ азғалар пейстондар (грекше "heustos" — жүзетіндер) деп аталады.

Құрлық-ауа тіршілік ортасы. Бұл табиғи тіршілік ортасы атмосфералық ауаның көп болуымен ерекшеленеді. Сондықтан да бұл ортада тіршілік ететін азғалар — аэробионттар (грекше "Air" — ауа) деп аталады. Бұл ортаның тығыздығы мен қысымы төмен. Ал оттек пен жарық мол. Құрлық-ауа тіршілік ортасында температура мен ылғалдылық жыл маусымдарына, тәулік мезгілдерінде және географиялық орналасқан орнына сәйкес күрт өзгеріп тұрады. Бұл ортада ағзалардың тіршілігі үшін температура, ылғалдылық, жер бедері, жел, жыл маусымдарының алмасып тұруы негізгі рөл атқарады. Бұл ортада тіршілік ететін ағзалардың орта жағдайларына әсері айқын байқалады, тіпті олар өздеріне қажетті ортаны өздері жасап алады. Экологиялық тұрғыдан алғанда бұл орта өте күрделі әрі ондағы орта жағдайлары да сан алуан түрлілігіменерекшеленеді. Құрлықта тіршілік етуге бейімделген ағзаларды террабионттар (латынша "terra" — "жер") деп атайды. Бұл ортада тіршілік ететін азғалар денесіндегі суды үнемдеп жұмсайды, жылу реттеу механизмдері де түрліше. Оттектің мол болуына сәйкес ондай ағзаларда арнайы тыныс алу мүшелері пайда болған. Температураның күрт өзгеруіне сәйкес ағзаларда қорғану үшін түрліше бейімделушілік белгілер калыптасқан.

Топырақ — тіршілік ортасы. Топырақ құрлықтың беткі қабаты. Ол үнемі литосферамен және атмосферамен жанасып жатады. Топырақ ұзақ уақыттар ішінде үгітілген тау жыныстары мен тірі ағзалардың шіріген қалдықтарының қосылуынан пайда болған әрі тарихи, әрі табиғи дене. Сондықтан да топырақ құрамында минералдық және органикалық заттардың қосылыстары болады. Топырақ қабатын педосфера (грекше "podos"—аяк) қабығы деп атайды. Топырақтың беткі кабатында органикалық заттарды ыдыратушы ұсақ азғалар (бактериялар, саңырауқұлақтар, құрттар және т.б.) тіршілік етеді. Топырақ қабатының да тіршілік ортасы ретінде өзіне тән ерекшеліктері бар. Топырақ қабатындағы тіршілік үшін температура, ылғалдылық және оттек негізгі шектеуші факторлар болып саналады. Топырақ тығыз, онда жарық болмайды, температураның ауытқуы шамалы ғана әрі оттек аз, оның есесіне топырақта көмірқышқыл газы көп болады. Топырақ борпылдақ (саңылаулары мол) құрылымды болып келеді. Топырақ ішіндегі саңылауларды газдар қоспасы және су ертінділері толтырып тұрады. Топырақ көптеген ағзалардың тіршілігі үшін өте қолайлы орта. Топырақта тіршілік ететін азғалар — педобионттар деп аталады.

Организм — тіршілік ортасы. Жер бетінде тіршілік алғаш рет пайда болған кездің өзінде-ақ кейбір жеке ағза тіршілік ортасына айналған. Бір ағзаны екінші бір ағза тіршілік ортасы ретінде пайдалану табиғатта кеңінен таралған. Табиғатта кездесетін әрбір түрдің өзіне тән паразиті болады. Организмнің де тіршілік ортасы ретінде өзіне тән ерекшеліктері бар. Мысалы, ондай ортада денеге оңай сіңетін қоректік заттар мол, температураның және химиялық заттардың құрамы тұрақты, құрғап кету каупі және жаулары болмайды. Организмнің тіршілік орта ретіндегі қолайсыз факторларына оттек пен жарықтың жетіспеушілігін, тіршілік кеңістігінің шектеулілігін және т.б. атауға болады. Организмді тіршілік ортасы ретінде пайдаланатын азғалар тобын — эндобионттар (грекше "endon"—ішкі) деп атайды. Оларды тіршілік ету ерекшеліктеріне сәйкес паразиттер, симбионттар (селбесіп тіршілік ететіндер), комменсалдар және т.б. деп бөледі.

2. Экологиялық факторлар және классификациясы

Организмге әсер ететін кез келген орта жағдайларын немесе орта компоненттерін экологиялық факторлар деп атайды. Экологиялық факторлар тірі организмдердің тіршілігіне, санына (молдылығына) географиялық таралуына тікелей немесе жанама әсер етеді. Барлық факторларды шартты түрде үлкен 3 топқа бөледі-абиотикалық,биотикалық және антропогендік.

Абиотикалық факторлар – тірі организмдерге тікелей немесе жанама әсер ететін өлі табиғат факторлары. Оларға климаттық (температура, уа қысымы, жел, ылғалдылық, жарық т.б) атмосфералық (атмосфераның химиялық құрамы), топырақ (эдафикалық), геоморфологиялық, гидрологиялық және т.б факторлар жатады.

Биотикалық факторлар – тірі организмдердің бір-бірінің тіршілігіне және тіршілік ететін ортасына әсері. Олар түріші және түраралық болып бөлінеді. Түр іші факторларына – демографиялық, этологиялық, бәсекелестік, және т.б жатады. Ал түраралық факторларға популияциялық деңгейдегі әртүрлі теріс әсерлер (бәсекелестік) аменсализм және оң әсерлер (комменсализм, мутуализм сембиоз) жатады. Түрлер арасындағы қарым-қатынастарда екі топқада жататын әсерлер (жыртқыштық, паразитизм) болуы мүмкін. Биотикалық факторлар тікелей – бір организмдердің екінші бір организмге тікелей әсері (кейбір өсімдіктердегі паразитті шырмауықтар) және жанама (қоршаған өлі табиғаттың өзгеруі арқылы) болып бөлінеді. Мысалы, шыршаның қалың бұтақтары топыраққа көлеңке түсіріп, төмендегі өсімдіктерге жарықты аз өткізіп, басқа шөптесін өсімдіктердің өсуіне әсер етеді.

Антропогендік факторлар – адамның қатысуымен қоршаған ортаға, организмдердің тіршілігіне немесе өсімдіктер мен жануарларға тікелей әсер ету.Антропогендік факторлар жыл өткен сайын күшейіп келеді. Соңғы кездері антропогендік факторлардың әсерінен күрделі экологиялық проблемелер пайда болды.

Антропогендік факторлар организмге тікелей (ағаштарлы кесу, аң аулау) және жанама әсер ету(ортаның ластануы, өзендерге су қоймаларын салу)болып бөлінеді.Антропогендік факторларға техногендік факторлар (радиация, ластану, құрғату жұмыстары т.б) да жатады.

3.Антропогендік фактордың ерекшелігі

Антропогендік факторлар – адамның қатысуымен қоршаған ортаға, организмдердің тіршілігіне немесе өсімдіктер мен жануарларға тікелей әсер ету.Антропогендік факторлар жыл өткен сайын күшейіп келеді. Соңғы кездері антропогендік факторлардың әсерінен күрделі экологиялық проблемелер пайда болды.

Антропогендік факторлар организмге тікелей (ағаштарлы кесу, аң аулау) және жанама әсер ету(ортаның ластануы, өзендерге су қоймаларын салу)болып бөлінеді.Антропогендік факторларға техногендік факторлар (радиация ластану, құрғату жұмыстары т.б) да жатады.

Ол адамның қатысуымен қоршағанортаға,организмдердің тіршілігіне немесе өсімдікер мен жануарларға тікелей әсер ету. Антропогендік факторлар жыл өткен сайын кушейіп келеді. Соңғы кездері антр.факторлардың әсерінен биосферада курделі экологиялық проблемалар болды (биоәртурліктің азаюы,парникті эффекті,қышқыл жаңбырлар,орманды ағаштардың кқптеп қырқылуығшөлейттенуғортаның улы заттармен ластануы т.б.Адам қоғамының қоршаған ортаға тигізетін әсері мол.қоршаған ортаның құрамы мен қасиетін,өзендерді,теңіздер мен мұхиттарды,сонымен қатар топырақты жай ғана емес құрылымына,көптеген өсімдіктер мен жануардар дүниесінің биологиялық алуантүрлілігінің азаюы мен жойылып кетуіне әкелуде.Антропогендік факторлар организмге тікелей және жанама әсер ету болып бөлінеді.Анторпогендік факторларға(радиация,ластану,құрғату жұмыстары,электромагнитизм және т.б.) да жатады.Жалпыға белгілі факторлар классификациясынан басқа экологиялық факторлардың басқа да классификациялары кездеседі.

4.Организмнің тіршілігі абиотикалық факторлардың экологиядағы рөлі

Абиотикалық факторлар - тірі организм-ге тікелей н/е жанама әсер ететін өлі табиғат факторлары.Оларға климаттық (температура, ауа қысымы, жел, ылғалдылық, жарық т.б.), атмосфералық (атмосфераның химиялық құрамы), топырақ(эдафикалық),геоморфологиялық,гидрологиялық және басқа факторлар жатады. Абиотикалық факторлар (бейорганикалық өлі табиғат жағдайлары:ылғалдылық,жарық беру шамасы,температура,ауа,топырақ,судың химиялық және механикалық құрамы) ұғымының мазмұны қарастырылып, олардың организмдер тіршілігі, популяциялардың түрлердің, биоценоз дардың қалыптасуы үшін зор мәні бар екендігіне тіршілік әрекеті процестер іне,жануарлар мен өсімдіктердің жер жүзіне таралу заңдылықтарына, тірі табиғат эволюциясына әсеріне баса көңіл аударылады. Абиотикалық факторларға биотикалық (бірге орын теуіп,бір-біріне белгілі дәрежеде ықпал жасайтын жануарлар,өсімдіктер,микроорганизмдер) факторлар қарама-қарсы қойылады.Тірі организмдер өзара сан алуан байл-р түрімен қосылған, олардың ішінде қоректік және хорологиялық (кеңістікте, территорияда бірігу) байланысты бірінші орынға қою керек.

Жарық қоршаған ортаның маңызды абиотикалық факторлары.Жарықтық және көлеңкелік деп аталатын жапырақтар бірқатар көрсеткіштері бойынша,яғни жапырақ тақтасының ауданы,жасушалар саны,жүйкелену жиілігі және т.т.ерекшеленеді.Жапырақтардың орналасуы мен формасына көптеген факторлар,соның ішінде жарықталу,судың болу-болмауы,желдің көбірек соғатын бағыты және шөпқоректі жануарлар ықпал етеді.Көптеген өсімдіктер көлеңкеде өскенде,жарық жердегімен салыстырғанда ірілеу және кемірек тілімденген жапырақ береді.Орман шымылдығын түзуші түрлермен салыстырғанда,көлеңкеге төзімді орман бұталарының жапырақтары ірілеу және формасы жағынан қарапайымдау келеді.жануарлар үшін күннің жарығы жасыл өсімдіктердегідей аса өажетті емес.Алайда жануарлар өмірінде жарықтың маңызы орасан зор.Осыған байланысты жануарларды фотофиллдер және фотофобтар ажыратылады.жарық жануарлар үшін кеңістікте бағдар алу,көру үшін қажет.Жарық арқылы жануарлар сыртқы әлем туралы ақпараттар алып отырады.Жануарларда көздің дамуы жүйке жүйесінің дамуымен қатар жүріп отырды.

Температура-қоршаған ортаның маңызды абиотикалық факторы.Организмдердің тіршілігі мен дамуы жəне таралуы үшін қажетті факторлардың бірі. Сондықтан организмдер төменгі немесе жоғарғы температураға бейімделе отырып өзінің қалыпты тіршілігін үйлестіріп отырады. Жылу режимі жер шарындағы өсімдіктер мен жануарлардың таралуына фактор ретінде əсер етеді. Десе де, организмдер үшін температурамен қатар, басқа да факторлар жиынтығы елеулі роль атқарады.Көптеген тірі организмдер температураның 0С және 50С арасында тіршілік ете алады.Өйткені зат алмасу процесі осы температурада жақсы жүреді.Оптимум аймағы жоғары температурада орналасқан түрлерді термофилдер деп атайды.Өсу және тіршілік ету үшін қолйлы температура (-10 С ,30 С оптималды деп аталады.Температура өсімдік өсуінің барлық кезеңдерінде әсер етеді.Өсімдіктердің дамуының кезеңінде температураға қажеттілігі де әртүрлі дәрежеде болады.Мысалы,шыршаның көптеген өскңндері мен жас особьтары төменгі температурада,әсіресе қар қабатымен қорғалмай,ашық қалса үсіп кетеді.Олар температураның тәуліктік және маусымдық өзгеруі аса қатты байқалмайтын басқа өсімдіктердің панасында немесе орманда болса өміршендігін жақсы сақтайды.Ал ересек шыршалар қатты аяздарға да төтеп береді.Тірі организмдер қоршаған ортадағы температура өзгерген кезде зат алмасу процесстерін реттейтін әртүрлі эволюциялық бейімделушіліктерге ие болды.Бұл екі жолмен жүреді;

1.әртүрлі биохимиялық және физиологиялық қайта құрулар .

2.қоршаңан орта температурасына қарағанда дене температурасын бірқалыпты деңгейде ұстау,бұл қалыптасқан биохимиялық реакциялардың жүруінің қатты бұзылмауына алып келеді.

Ылғалдылық(су)-қоршаған ортаның маңызды абиотикалық факторы Ылғал – жыл мезгілінің маусымдары мен тәулік бойы да өзгеріп отырады. Бұл өзгерістер организмдердің де маусымдық немесе тәулік тіршілік ырғағын туғызады.Су-тіршілік ортасы Гидросфера - планетамыздың ең үлкен көлемін алып жатыр. Су - жер шарының барлық көлемінің 71 % камтиды. Судың негізгі қорын, яғни 94 %-ын мұхиттар мен теңіздер құрайды. Қалған 6 % мəңгі мұздақтар, тоңдар, өзен мен көлдердің үлесіне тиеді. Суларда жануарлардың 1 500 000, өсімдіктердің 500 000 астам түрлері тіршілік етеді. Құрлық пен мұхиттардағы организмдердің көп түрлілігі мен биомасса арақатынасын салыстырсақ төмендегідей қызықты тепе-теңдікті көреміз. Мəселен, құрлықтағы жануарлардың көп түрлілігі мүхиттардағы жануарлар дүниесімен салыстырғанда көп болғанымен биомассасы керісінше аз, ал өсімдіктер əлемінің құрлықта саны аз болғанмен, керісінше биомассасы мұхиттардан əлденеше есе артық болып келеді. Десе де, құрлык жағдайы мұхиттарға қарағанда өзінің алуан түрлі табиғатының ерекшелігімен, ауа райының құбылмалы өзгерістерімен организмдер дүниесіне мұхиттарға қарағанда қолайсыз орта болып саналады. Мəселен, фаунасы мен флорасының сан алуандығы мен биомассасы мөлшері жөнінен экваториалды жəне тропикалық облыстардағы мұхиттарды (Тынық жəне Атлантика) ерекше атауға болады. Негізінен мұхиттағы организмдердің көп шоғырланған жерлері жер шарының қоңыржай белдеулер аймағына сəйкес келеді. Су ортасы организмдер үшін қолайлы орта болғанымен өзіне тəн ерекшеліктері болады. Олардың қатарына судың тұтқырлығын, тұз концентрациясын, қысым, оттегінің мөлшерін, су қабатының қозғалыстары мен ағыстарын, айналымдарды, қорек қорын, судың ащы немесе тұщы қасиеттерін жатқызамыз. Гидросфера - планетамыздың ең үлкен көлемін, жер бетінің жалпы ауданының 71 %-ға дейінгі бөлігін алып жатыр. Судың негізгі қорын, яғни 94 %-ын мұхиттар мен теңіздер құрайды. Қалған 6 % мəңгі мұздақтар, тоңдар, өзен мен көлдердің үлесіне тиеді. Суларда жануарлардың 1 500 000, өсімдіктердің 500 000 астам түрлері тіршілік етеді.

5.Қоршаған ортаның биотикалық факторлары,анықтамасы,мысалдар

Биотикалық факторлар-тірі организмдердің бір-бірінің тіршілігіне және тіршілік ететін ортасына әсері.Олар түр іші және түр аралық болып бөлінеді.Түр іші факторларына-демографикалық,этологиялық (мінез-құлық), бәсекелестік және т.б. жатады. Ал түр аралық факторларға популяциялық деңгейдегі әртүрлі теріс әсерлер (бәскелестік,аменсализм) ж/е оң әсерлер(комменсализм,мутуализм,симбиоз)ж/ды. Сондай-ақ түрлер арасындағы қарым-қатынастарда екі топқа да жататын әсерлер (жыртқыштық,паразитизм) болуы мүмкін. Бұл әсерлер өсімдіктер(фитогенді), жануарлар (зоогенді), саңырауқұлақтар ж/е микроорганизмдер тарапынан болуы мүмкін.Тірі организмдер қорек,тіршілік ету ортасы рөлін атқара отырып,көбеюге немесе бір-біріне химиялық,физикалық және басқадайда әсері болуы мүмкін.биотикалық факторлар тікелей –бір организмдердің екінші бір организмдерге тікелей әсері және жанама болып бөлінеді. Мыс:шыршаның қалың бұтақтары топыраққа көлеңке түсіріп,төмендегі өсімдіктерге жарықты аз өткізіп,басқа шөптесін өсімдіктердің зат алмасуы нәтижесінде ортаға химиялық заттар бөлуі арқылы әсер етуі.Мұны аллелопатия деп атайды.

Биотикалық қарым-қатынастар типтері.Биотикалық факторлар – бір организмдердің тіршілік ету барысында басқа организмдерге әсері. Биотикалық қарым – қатынастардың негізгі типтер: бәсекелестік,жыртқыштық, комменсализм, мутуализм,симбиоз,синойкия, паразитизм.

Бәсекелестік –бір н.е бірнеше түрге жататын организмдердің өзара қорек, тұрағы т.б ресурстардың жетіспеуінентуындайтын қарым-қатынас. Ч. Дарвин түр ішіндегі бәсекелестікті тіршілік үшін күрестің маңызды әрі жоғары формасы ретінде бағалаған.бұл көрініс өсімдіктер мен жануарлар арасында жиі байқалады. Түраралық бәсекелестік әр түрге жататын түрлер арасында болады. Эколог Г.Ф.Гаузенің зерттеулері бойынша екі түрге жататын популяциялар еш уақытта бір жерде өмір сүре алмайды. Оның біреуі белсенді түр ретінде басымдылық көрсетіп,екіншісін ығыстырады н.е жойып жібереді.кейбір жағдайда бәсекелестік қоректік фактор арқ.емес басқа да(мінез құлық, тұрақ үшін, аумақтық т.б)факторлардың жетіспеуінен де болады.

Жыртқыштық-қорек, аумақ т.б ресурстар үшін бірін бірі өлтіру,қуу, жеу арқ.көрініс береді.Жыртқыштық-түрлер арасындағы қарым қатынастардың жоғарғы ф.сы. жыртқыштық орг.р үшін оңайға түспейді. Жыртқыш жемтігін іздеп, тауып,ұстауы к.к. жемтік жауынан қорғану үшін жоғары бейімделушілік қасиетке ие. Олар өсімдіктерде тікен,жағымсыз иіс түрінде берілсе,жануарларда улы без, панцирлер,қорғаныс түстер,түрін өзгерту, қашып кету т.б құбылыстар арқ.жүзеге асады. Эволюция барысында кейбір жыртқыштар жемтігін таңдап жеуге, екіншілері көпқоректілерге айналған. Мыс.,қасқыр көпқоректі болса,кейбір құстар тек балықпен қоректенеді.

Паразитизм – біртүр өкілінің екінші түр өкілін қорек н.е тіршілік ортасы ретінде пайдалану арқ.тіршілік етуі. Бұл процестер бактериядан бастап жоғары сатыдағы организмдер арасында кездеседі. Паразиттердің қоректі пайдалануына, бейімделуіне қарай монопаразиттер, олиго-полипаразиттер болып жіктеледі. Кейбіреулері сыртқы ж.е ішкі паразиттер болып бейімделген. Олардың ішінде пайдалы н.е өте қауіпті ауру тарататын түрлері де бар. Мыс.,біздің жерімізде кездесетін зиянкес жәндіктердің паразиттері олардың табиғаттағысанын реттеп,ауыл шаруашылығына мол пайда әкеледі. Паразиттердің көптеген түрлері жұқпалы, қатерлі аурулар(сүзек,тырысқақ, безгек т.б)таратады.

Симбиоз- екі түрге жататын организмдердің кеңістікте біріне бірі еш зиянын тигізбей,керісінше селбесіп пайдалы тіршілік етуі. Мыс.,құмырсқа мен өсімдік биті,шаян мен актиния арасындағы селбесіп тіршілік етуі жатады.

Комменсализм– бір түрдің қоректік қалдығымен екінші организм қоректене отырып, оған ешбір зиянын тигізбеуі.кейде екінші организм біріншісін қозғау құралы н.е қорғанысы ретінде де пайдаланады. Мыс.,ірі балықтардың желбезегінде ұсақ балықтар еркін тіршілік етуге бейімделген. Бұл симбиоздың бір ф.сы ретінде белгілі.

Мутуализм – әр түрге жататын орг.дің бір біріне қолайлы жағдай туғыза отырып, селбесіп тіршілік етуі. Мыс.,құмырсқа мен өсімдік биті арасындағы байланыс. Зоохария– жануарлардың орын ауыстыру арқ.өсімдіктер тұқымдарын кеңістікке тарату. Зоохария-өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің бір тобының ұзақ жылдар бойы бірлестікте тіршілік етуінің жемісі нәт.де өсімдіктер тұқымында жабысқыш ілгектер п.б олар құстар, сүтқоректілердің ж.е басқа жануарлардың денесіне жабысуға бейімделіп,осы арқ.алыс кеңістіктерге таралуы. Өсімдік тұқымдарының мұндай жолмен таралуын – пассивті (эктозоохория) дейді.ал кейбір өсімдіктердің тұқымдары жануарлардың соңғы өнімдері (экскременттері) арқ. таралады. Оларды – активті (эндозоохориялық) таралу жолы дейді.

Аллелопатия – организмдердің денесіне өзіне тән химиялық заттар шығару арқ. Қарым қатынас жасау жолы. Яғни, өсімдіктерден бөлінген заттар басқа жануарларға теріс н.е жағымды әсерін тигізетін қасиетке ие болады. Мыс.,кәдімгі жусан иісі көптеген өсімдіктерге (жүгері, картоп,томат т.б)теріс әсерін тигізсе,ал лобия өсімдігі бидайдың өсуін тежейді. Организмдерге теріс ықпалын тигізу арқ.қарым қатынас жасаудың тағы бір түрін – аменсализм д.а.

Наши рекомендации