Жерге орналастыруды жүргiзу
1. Жерге орналастыру облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының шешімі бойынша не мүдделі жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың өтініші бойынша жүргізіледі. Жер учаскелерiнiң мүдделi меншiк иелерiнiң немесе жер пайдаланушылардың бастамасы бойынша жүргiзiлетiн жерге орналастыру олардың тиісті жергілікті атқарушы органға беретiн өтiнiштерiнiң негiзiнде жүзеге асырылады.
2. Жерге орналастыру жұмыстарын азаматтар мен заңды тұлғалар орындайды.
3. Жерге орналастыру жұмыстарын орындау тәртiбi мен технологиясы орталық уәкiлеттi орган бекiтетiн нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленедi, олар жерге орналастыру жұмыстарын орындаушылардың барлығы үшiн мiндеттi.
4. Белгiленген тәртiппен келiсiлген жерге орналастыру құжаттамасын:
1) шаруашылық iшiндегi жерге орналастыру жобаларын және жердi ұтымды пайдалануға, топырақтың құнарлылығын сақтау мен арттыруға байланысты олардың өз есебiнен әзiрленетiн және жүзеге асырылатын жобаларды - жер учаскесі орналасқан жердегі облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың уәкілетті органдарымен келiсiм бойынша жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылар, басқа да тапсырыс берушiлер;
2) жер учаскелерiнiң шекарасын қалыптастыруға, оларды белгiлi бiр жерде белгiлеуге, жер учаскесiнiң жоспарын дайындауға байланысты жерге орналастыру құжаттамасын, сондай-ақ жерге орналастыру жөнiндегi, жер ресурстарының жай-күйi мен пайдаланылуының арнайы тақырыптық карталарын жасау жөнiндегi топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстардың, топырақты зерттеу, агрохимиялық, геоботаникалық және басқа да зерттеу және iздестiру жұмыстарының материалдарын - жер учаскесі орналасқан жердегі облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың уәкілетті органдары жеті жұмыс күні ішінде бекiтедi.
3. Жерге орналастыру жобасын орындау: жобаны жер бетiне көшiрудi; жобаның барлық элементтерiн игерудi, жерге орналастыру материалдары мен құжаттарын ресiмдеудi және берудi қамтиды.
Мекемеде жерге орналастыру жобасының сызбасын жасамайды, тек қана оны жасауға тиісті мекемеге тапсырыс беріп, ол мекемеден жауапты алып, жобаны бекітеді. Ол мекеме – Мұнайлы ауданында орналасқан ЖерҒӨО РМК МФ, негізгі міндеті – жерге орналастыру жобасының сызбасын жасау, жердің кадастрлық құнын анықтау, жерді өлшеу және қайта өлшеу және т.б. Жерге орналастыру жобасын бекіту процесіне қатысушылардың әрқайсысының міндеттері және құқықтары заң бойынша анықталған. Мекеме жер телімдерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту кезінде ең алдымен тапсырыс беруші тұлғадан өтініш алады. Өтініште:
- жерге орналастыру жобасын әзірлеуші тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе заңды тұлғаның толық атауы;
- жер учаскесіне құқық беру туралы өтініш білдірушінің тегі, аты, әкесінің аты немесе заңды тұлғаның атауы;
- жерге орналастыру жобасының атауы;
- жер учаскесінің мекен-жайы (орналасқан орны);
- жер учаскесінің сұралып отырған нысаналы мақсаты және ауданы;
- жерге орналастыру жобасы даналарының саны көрсетіледі.
Өтініш даярланған соң, жерге орналастыру жобасын «Жер кадастры Ғылыми-Өндірістік Орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны ЖерҒӨО РМК Маңғыстау филиалының Мұнайлы аудандық жер-кадастр бөлімшесіне белгіленген жер учаскесіне жерге орналастыру жобасын жолдайды. Одан соң, ол мекемеден жер теліміне құқық беру жөніндегі жоба сызбасы алынады. Әрі қарай, жерге орналастыру жобасын бекіту жөніндегі құжаты дайындалады. Жобада жерге орналастыру жобасының мазмұны көрсетіледі, ол жерде құжаттардың тізімі жазылады. Одан соң түсіндірме жазба жазылады. Ол жазбада жер учаскесінің өлшенген нақты көлемі, жалпы жағдайы, далалық зерттеу жұмыстарын жүргізу кезіндегі қолданылған геодезиялық құралдар, камеральдық жұмыстар кезінде қолданылған компьютер маркасы, жобаны құрастыру кезіндегі қолданылатын әдебиеттер және орындаушы тұлғаның аты-жөні жазылады. Әр қарай, жерге орналастыру жобасын жасауға тапсырыс беруші тұлғаның атынан жердің сызбасын жасауға өтініш жазылады, жерге орналастыру жобасын жасаушы мекеме, яғни осы өндірістік тәжірибем өтіп отырған мекеменің атынан жеке ЖерҒӨО-ға жер учаскесін жер Кодексіне сәйкес қарап, Заңдылығына сәйкес өлшеп, сызбасын жасақтап беруді сұрап өтініш жазылады.
Сызбаны жасауға жоба жіберілгеннен кейін, жерді өлшеуші мекеме далалық өлшеу зерттеу актісін жібереді. Актіде тапсырыс беруші есімі, жер учаскесінің орналасқан жері, жер учаскесінің шекараларын және меже аралық қзындықтарының өлшемдерін орнату үшін жер пайдалануға далалық өлшеу зерттеу жұмыстары жүргізілген геодезиялық құралдар көрсетіледі. Далалық зерттеу нәтижесінде бекітілген жер учаскесінің ұзындығы, ені және барлық ауданы, жер учаскесінің қысқаша мінездемесі, ұсыныстар мен қорытындылар және далалық зерттеу сызбасы жалғанады. Далалық зерттеу сызбасында жер учаскесінің орналасқан жерін нақтылау мақсатында сызба түрінде жер учаскесінің шекарасы көрсетіледі. Далалық зерттеу жұмысын жүргізген тұлғаның және тапсырыс беруші тұлғаның аты-жөндері жазылады. Одан соң корректуралық бет құрылады. Онда жұмыс түрі, жұмыс объектісі, орналасқан жері, орындаушы және куәландыратын тұлғалардың есімдері, ескертулердің мазмұны, түзетулер туралы белгі, ескертулердің түзетілгенін тексеру жөнінде жазылады.
Жобаның техникалық бөлімінде далалық өлшеу жқмыстарының журналы көрсетіледі. Онда тапсырыс беруші тұлғаның аты-жөні, жер учаскесінің орналасқан орны, өлшеу құралы, жұмыстың басталу уақыты және аяқталу уақыты, орындаушы жерге орналастырушы тұлғаның аты-жөні көрсетіледі. Техникалық бөлімде абрис көрсетіледі. Абристе жер учаскесінің орналасқан орнын сызба түрінде көрсетеді. Координаталар ведомосінде жалпы учаске ауданы, периметрі, румбтар, сызықтар өлшемі, ішкі бұрыштар, координаталар, нүктелер (№), іргелес жер пайдаланушылар жазылады. Одан соң, жер учаскесінің планы болады. Планда масштаб, жасалу мерзімі, жер учаскесінің алып жатырған аумағы көрсетіледі. Одан кейін жер учаскесінің ситуациялық планы көрсетіледі. Онда жер учаскесінің орналасқан жері, жер учаскесінің аралық өлшемдері, орындаушы тұлға және масштаб жазылады. Одан соң жер учаскелерін нақтылы бір жерде белгілеу акті құрастырылады. Белгіленген шекаралардың сипаттамасы, әрбір шектес бойынша шекаралардың жергілікті белгілері және бағдарлары бойынша өтуі, шекаралардың ұзындығы және бағыты, жыртылған жердің ұзындығы, қойылған межелік белгілердің саны, белгіленген (қалпына келтірілегн) шекаралар бойынша өкілдер өтініші, жер учаскесінің пайдалану мақсаты және жалпы жағдайы, жерге орналастыру шаруалығының өкілі, орындаушы және тапсырыс беруші тұлғалардың аты-жөндері сол актіде көрсетіледі. Жер учаскесінің шекараларын нақтылы белгілі бір жерде белгілеу схемалық сызбасы актіден кейін көрсетіледі. Одан кейін межелік белгілерді сақтауға тапсыру акті құрылады. Онда тапсырушы және қабылдаушы тұлғалар көрсетіледі. Осылайша, жерге орналастыру жобасы құрастырылады. Барлық құжаттар жинақталып, бекітіледі. Барлық жерге орналастыру процесі заңды түрде рәсімделеді, мәжіліс отырыстарында қарастырылып, мәжілістердің жалпы процестері де барлығы да заңды түрде, қағаз жүзінде жобада көрсетіледі. Жерге орналастыруды жобалау процесі өте күрделі және көр жұмысты талап етеді. Сондықан да жерге орналастыру процесіне көптеген мамандар қатысып отырады.