Физикалық ерекшеліктері
Лттық парктің құрылу тарихы
Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 қаңтардағы №52, «Оңтүстік Қазақстан облысының жекелей мемлекеттік мекемелері туралы» қаулысына сәйкес Өгем, Төлеби және Түлкібас орман қорғау және жануарлар дүниесі мемлекеттік мекемелерінің қосылуымен құрылды. Бұл мекемелер ОҚО әкімдігінің облыстық табиғи ресурстар және табиғат қорғау басқармасының құрамындағы коммуналдық меншіктегі жеке мемлекеттік мекемелер болған. Олар кәсіптік мекемелер болғандықтан қызметкерінде флора мен фаунаны қорғауға, сақтауға және молайтуға онша көңіл бөле бермейді. Жыл сайын Қызыл кітаптағы және өсімдіктердің индикаторлы түрлері, сүтқоректілердің және құстардың саны әртүрлі себеппен (бірінші орында қаскөйлік) кемуде.
ОҚО Әкімінің 2005 жылғы 8 маусымдағы №365 «Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркін құру үшін жер учаскесін резервке қою туралы» қаулысына сәйкес орман қоры жерлері мен Түлкібас, Төлеби және Қазығұрт аудандарының жер қорынан жалпы алаңы 149053 га жердің ОҚО әкімі, жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтың басқармасының бастығы, орман және аңшылық шауашылығы аумақтық басқармасының бастығымен келісілген жерге орналастыру жобасы жасалынды.
«Ұлттық парктің айналасында 2 шақырымдық қорғау аймағы туралы» ОҚО әкімдігінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі №171 қаулысы қабылданды.
«ЕҚТА туралы» заңның 8 тармағының 44 бабына сәйкес, мемлекеттік ұлттық табиғи парк – ерекше экологиялық, ғылыми, мәдени-тарихи және рекреациялық құндылығы бар мемлекеттің табиғи-қорықтар қорындағы табиғат қорғау, экологиялық-ағарту, ғылыми, туристік және рекреациялық мақсаттағы табиғи комплекстер мен объектілерде биологиялық және ландшафттық әртүрлілікті сақтау статусы берілген табиғат қорғау және ғылыми мекеме.
Сайрам-Өгем МҰТП-нің құрылуының мақсаты – Батыс Тянь-Шанның парк территориясындағы жергілікті және ерекше ландшафттарын табиғи қалпында сақтау.
Тянь-Шань-ішкі Азия Ұлытаулар жүйесіндегі таулардың ең солтүстігінде орналасқан. Ол Тарбағатай және Жоңғар жоталары арқылы Алтай, Сібір және Монғолиямен ұштасса, Памир Куньлунь және Қарақорым арқылы Тибет Гималаймен, Гиндукуш арқылы Копетдаг және Иран тауларымен жалғасады. Осы байланыстардың бәрі Тянь-Шань өлкесінің өсімдіктер және жануарлар дүниесін молайтуға, сонымен бірге олардың сирек кездесетін және бірегей түрлерін қалыптастыруға үлкен әсер етеді. Ол түрлердің бірегейлігі дүние жүзілік маңызға ие, себебі бұл өңірде эндемик түрлердің басым көпшілігі жинақталған.
Бұл жерлерде біздің дәуірге дейінгі 2 ғасырдан бастап, біздің дәуііріміздегі 15-16 ғасырларға дейінгі өмір сүрген адамдардың тіршілік ошақтары табылып отыр. Біздің дәуірде көп жүзжылдықтар бойы Шығыс пен Батысты жалғастырған «Ұлы Жібек жолы» сауда жолдары өткен. Батыс Тянь-Шанның Қазақстан, Қырғыстан, Өзбекстан және Тәжікстан аумақтарында палеолит, көне грек және Рим дәуірінен осы күнге дейінгі үздіксіз мәдениеттің дамуының куәсі ретінде археологиялық және тарихи ескерткіштер кездеседі.
1.3 Сайрам – Өгем ұлттық табиғи саябағының табиғи ерекшеліктері
Физикалық ерекшеліктері
Геологиялық кұрылымы.Батыс Тянь-Шань тауларында таскөмір (ортатаскөмір) тау жыныстары кеңінен таралған, сонымен қатар девон дәуіріндегілер. Олардың көпшілігі әк, мергель,туфтар, сланецтер және құмдар түрінде кездеседі.
Өгем жотасында негізінде таскөмір, гранит, граносиенит және олардың айырмалары. Олар өзіне тән топырақ және өсімдік жамылғысы бар биіктаулы плато құрайды.
Өгем жотасының оңтүстік-батыс бөлігінде перм жасындағы тау жыныстары (алевролит, құмдақ, конгломерат және әк) кездеседі.
Өзен аңғарындағы биік жағалаулардан палеогендік, неогендік, жиі бөлінбеген, өзінің ашық түстерімен көрінетін қалдықтарын жиі байқауға болады. Олар ала шұбар –қызыл, ақ, қызыл саз балшықтар, көбіне құмдар мен құмшықтар қабаттарынан тұрады. Олар топырақ және өсімдіктер жамылғысын қалыптастыруға көп әсер етеді және олардың әртүрлілігін едәуір өзгертеді.
Парк аумағындағы Өгем, Қаржантау жоталары тау жүйелерінің үш жерінде шығыстан батысқа қарай созылған жарықшақтар (разлом) бар, ал Боралдайтау жүйесінде – жота бойымен солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай созылған жарықшақ (разлом) бар.
Беткейдегі жазықтар, өзен аңғарлары әртүрлі жастағы төрттік қалдықтардан тұрады. Орта төрттіктің арасында аллювиалды–пролювиалды қалдықтар басым келеді. Олар лессадан, лесса түріндегі саз балшықтан, құмдардан және құмшықтардан тұрады. Кештөрттіктер және қазіргі қалдықтар негізінен өзен аңғарлары бойында, қабаттар жасап құралады. Олар негізінен құмдардан, ұсақ тастардан, қиыршық тастардан тұрады.
Рельеф.Батыс Тянь-Шань жүйесіне қатысты парктің территориясы солтүстік-шығыс жағдайында жайласып, таулы алқаптармен және олардың тау түбіндегі Батыс Тянь-Шань жүйесіне кіретін Талас Алатауының оңтүстік-батысында жайласқан - Өгем, Қаржантау, Қазығұрт, Боралдайтау.
Қаржантау жотасы Келестен ағып келетін өте тар тау аңғарларының арасымен ағып өтетін Өгем өзенін жазықтықтан бөліп тұрады. Өгем өзені өз ағымының төменгі жағында өте тар және терең құздардан өтіп Шыршық өзеніне келіп құяды. Шатқалдың оңтүстік-шығыс тарапы қысқа және өте тік жар болып келеді, ал солтүстік-батыс жағы жайпақтау болып бірнеше өзендермен бөлшектеніп жатады. Қаржантау тауының солтүстік-батысында Қазығұрт тауы орналасқан және ол Бадам мен Келес өзенінің арасын бөліп тұрады, бірақ өзі әбден тозып күйреген тау қалдықтарына айналған.
Қаржантау жотасының Оңтүстік-Шығыс жағында Өгем өзенінің арғы жағында Өгем жотасы жайласқан. Оның солтүстік-шығыс тарапы жоғары тау жерімен сипатталып көптеген су бөліп тұратынсыз боларымен ерекшеліп тұрады. Оңтүстік-шығыс жағы тік жар құздарымен Піскем өзенінің жазықтығына келіп тіреледі және биік сондай ақ орта деңгейдегі тау шоққылары көптеген терең үңгірлермен бөлшектеніп кеткен. Ал, батыс және солтүстік аймағы тауалды жазықтықпен орналасқан және қазіргі уақытта жедел түрде пайдаланылып жатыр.
Батыс Тянь-Шань дегенімізде оның тау түйінен батыс тарапқа созылып Талас Алатауының және Шатқал шоққыларымен түйіскен бөлігін және солтүстік-батысында Фергана (Атойнок) шоққыларымен түйіскен жерін айтамыз, және ол 720 ұзындықта жайласқан.
Батыс Тянь-Шанның орографиясы келесі түрде берілген. Оның негізгі орографиялық оғы болып, өте қуатты және тұрақты түрде қармен жабылып жататын Талас Алатауы болып табылады. Осы шоққының оңтүстік құз жарларынан оңтүстік-батыс бағытта созылған сайын кішірейіп әртүрлі ұзындықтағы өз жолында оңтүстік-шығыстан солтүстік батыс бағытта болған аралық кіреді. Шатқал жотасы оған паралель бағыттағы Құрман жотасы: Сандалаш жотасы; қысқа Майдантал жотасы; Пскем жотасы; Өгем жотасы және одан бөлініп шығатын Қаржантау. Осы шоққылардың оңтүстік, оңтүстік-батыс және батыс бағытта аяқталатын жерінен Сырдария жазығына дейін жеңіл жоталы тауыалды Шулы деп аталатын жазықтық пен жалғасады.
Талас Алатауының батыс бөлігінен және солтүстік құздарынан орталық биіктікте болған Қаржантау шоққысы бөлініп шығады және солтүстік-батыс бағытта 380 км қашықтықта Тұран ойымен түйіседі. Үлкен Қаржантаудың солтүстік-шығыс бағытында оған паралель болып өзінің төменгі кеңістікте болған қысқа және төмен шоққы болған Кіші Қаржантау созылып жатыр.
Талас Алатау жотасы батыстан онша биік емес тау шоққыларынан басталып шығыс бағытта біртіндеп биіктей түсіп 266 км-де Алабель өткізіп жіберетін (асу) пункітіне дейін созылады. Ал, Алабель пункті Батыс Тянь-Шань құрамына кіріп Сусамыртау шоққысының жалғасы болып табылады. Талас Алатауының осы өткізіп жіберу (асуынан) пункітінен үлкен шоққы созылып (Өгем қиылысы) шығып солтүстік-шығыс бағытта Талас Алатауымен қосылады, яғни Қырғыз жотасының тік жарларымен түйіседі. Талас Алатауының ең биік нүктесі екі басты Манас массивінің батыс бөлігінде болып 4482м-ге дейін көтеріледі. Манас массивінің гранитті жарлары қармен қапталып және төменде жайласқан мұздықтардан бастау алып көп жоғары бөлігінде майда жазықтықтармен бөлшектеніп кетеді. Мұздықтардың төменгі қабаттары 3600-3700м биіктікте жайласқан. Талас Алатауының солтүстік қабатында мұздар жағалық мұздардың дамуы нәтижесінде пайда болған және олардың ұзындығы 10-13 км-ді құраған, мұндай пікір айтуға Күркіреу өзенінің жоғары бөлігінде жатқан жағалық мұздар негіз бола алады. Мұндай мұздардың төменгі қабаты 2500-2200м-ге дейін төмендеген. Бұл деңгейден жоғары қабаттағы мұздар оларды тұрақты мұз болғанынан хабар береді.
Көлемі жағынан онша үлкен емес өзгеріп тұратын мұздар Жабылғысу, Ақсу және Көксай өзендерінің бастау алар жерінде пайда болған.
Өгем жотасы Майдантал аумағындағы өткізіп жіберу пункітінен (перевал) бастау алып Талас Алатауынан бөлініп шығып (3520) Арыс және Пскем өзендерінің арасында суды бөліп тұратын тау Шоққысы болып солтүстік-шығыс бөлігінде Пскем және оңтүстік-батыс бөлігінде Өгем өзендерін бөліп тұрады. Өгем тауының ең биік шоққысы Сайрам деп аталып оның биіктігі 428,6 м құрайды.
Қаржантау жотасы Сайрам тауындағы Бадам өзенінің солтүстік-шығысында жайласып Өгем және Келес өзендерін ажыратып тұрады. Шоққының биіктігі теңіз деңгейінен 2000-2500м құрайды, ал Мыңбұлақ жазықтығында 2824 м құрайды. Қаржантау тауының батыс жағындағы жар жағалау доғасы шығыстағысынан 2-3 есе ұзындау болып жұмсақ формада болады.
Оңтүстік – Шығыс бетінде тауды тік жар доғасы Өгем өзенінің жазықтығына қарай төмендей бастайды және майда бөліктерге бөлініп қиып өтетін үңгірлерге (ущелья) айналады және бұл жерде орта қабаттағы әктер (известняк) жақсы дамиды. Таудың созылмалы бағытына көлденең өткен үңгірлер (ущелья) тік және асылған формада болып, тік қанатты екінші реттегі шоқтықтармен бөлініп тұрады.
Қаратау жотасы Талас Алатауының солтүстік тарапынан Шақпақ асуымен бөлініп батыс, солтүстік-батыс бағытта бөлініп шығып 420 км-ге созылған қашықты иеленіп Тұран сайына түйіседі. Негізінен Қаратау жотасы үш бөлікке бөлінеді.
Оңтүстік-шығыс Қаратау шақпағынан Боралдай өзенінің жазықтығына дейін.
Орталық Қаратау-Боралдай өзенінің жазықтығынан Майдантал өзенінің бастауына дейін.
Солтүстік-батыс Қаратау-Майдантал өзенінің солтүстік-батысына қарай. Қаратау шатқалының оңтүстік-шығыс бөлігі Боралдайтау өзенінің өте тар қанатымен, өте биік шоққыларымен ерекшеленіп тұрады. Ең биік шоққысы Бөкейтау (1813.9)
Орталық Қаратаудың көлденең қиылысы тым ассиметриялы болып, біртіндеп тауалды аймаққа өтеді, солтүстік-шығыс жарлары өте тар және тік иілген, тауалды аймақтан бөлектеніп тұрады. Жатық оңтүстік-батыс жарлары су шығарып тастау шектелген.
Орталық Қаратау аумағында солтүстік-батыс бағытта суды бөліп тұратын учаскелер өте тік болып көлденең жазықтықтармен біртіндеп төмендеп Арыстанды өзенінің жазықтығына дейін барып, оның биіктігі 510 м ге дейін көтеріледі. Бірақ Қарабас өзенінің ағымының жоғары жағында бас су бөлуші Қаратау қайтадан жоғарылап, Қаратау тауының ең биік нүктелері болған Мыңжылқы (1940м) және Бессаз (2176м) деңгейіне дейін жетеді. Әрі қарай солтүстік-батыс бағытта біртіндеп төмендей бастайды.
Орталық Қаратау жазықтығының жоғары тарапы (учаскелері) өте терең шұқырлар (каньоны) арасы үзіліп кеткен ал кейде салбырап қалатын жарлармен қоршалған Шұқырлардың тереңдігі Ақсу, Ақтас,Талдыбұлақ өзендерінде 50-150м-ге дейін ал, солтүстік-батыста шұқыр тереңдігі Қантағы өзенінде 300-400м-ден асып кетеді. Берсеке өзеніндегі шұқырлардың (коньона) тереңдігі 700-850м-ге дейін барады. Ағымның төменгі бөлігінде жарлардың биіктігімен тіктігі төмендей бастайды, бірақ су асты яғни су түбі кескін түрде кеңейе бастайды.
Климат.Оңтүстік Қазақстан облысы 400 20/ – 460 00/ с.е. және 640 48/ – 710 16/ ш.б. аралығында орналасып, үлкен территорияны алып жатыр.
Ұлттық парктің ауа-райы жер рельефі бойынша біркелкі емес (дала, тау бөктері және таулар) және ендігі бойынша ұзындығы үлкен аумақта орналасқындығына байланысты әртүрлі айырмашылықтармен ерекшеленеді. Ауа-райы жылудың көптілігімен, құрғақшылық және континентальдылығымен айшықталады. Жоғарғы континентальдығы ауа-райы күн мен түннің жаз бен қыстың күрт жылудың өзгерістерін көрсетеді. Жылы кезең орташа тәулік температурасы 00С жоғары 8 айға созылады. Жазы ыстық, құрғақ және ұзақ. Ең ыстық маусым айында орташа температурасы 210-290 С, абсалюттік жоғарғы температура – 400С. Қысы жұмсақ, жиі жылылық түсіп тұрады. Ең суық ай – қаңтар айының арташа температурасы - – 11,50С. Абсалюттік төменгі температура - – 300С . Температураның абсалюттік жылдық амплетудасы – 870С жетеді.
Қуаншылық – облыстағы ауа-райының ең бір негізгі ерекшелігі. Жауын-шашынның жылдық мөлшері тау етегінде 400-600 мм және өзен жолдары, таулы аудандарда 800 мм және одан жоғары. Маусымдар бойынша жауын – шашын мөлшері біркелкі емес. Екі мезгілде жауын-шашын көп болады. Басты өте кескінді жауын-шашын көктемде, онша маңызы жоғы күзде болады. Қар жамылғысы азғантай және тұрақты емес. Тау бөктері мен таулы аудандарда 3 айдан 7 айға және одан да жоғары қар жатады. Таулы аудандарда температуралық режиммен жауын-шашынға жердің биіктігінен басқа рельеф нысаны және беткейлердің экспозициясы әсер етеді. Сондықтан кішкене аумақтың өзінде өте жырымдалған рельефте ауа-райында күшті айырмашылық болады. Солтүстік, солтүстік-шығыс және шығыстан соққан желдер басым болады. Олардың жылдық орта жылдамдығы 1,9-3,9 м/сек аралығында болады.
Облыс аймағы Қазақстан Республикасының оңтүстік бөлігінде орналасқан. Дүниежүзілік мұхиттардан бірнеше мыңдаған шақырым қашықтықта жатыр. Биік таулардың оңтүстікте көлбеу жатуы, ал солтүстігінде таулардың аласалығы суық ауаның еркін кіруіне әсер етеді. Климаттың құрамына географиялық ендіктің де әсері мол.
Оңтүстік климаты шұғыл континентті. Бұл температураның тез өзгеруіне әкеліп соғады. Күн мен түнгі, қыс пен жазғы ауа-райлары әртүрлі болып келеді. Жаз айлары жылы болып келеді және солтүстік аудандарда 8 айға созылады. Барлық жерінде ыстық болып, құрғақ әрі ұзақ тұрады. Шілде айы температурасы +21 +29°. Абсолютті ыстық +47° Шардарада тіркелген. Қыс айы қысқа, жиі-жиі жылы ауаға ауысып отырады. Ең суық айы қаңтар. Солтүстікте орташа температура -15°С және –11.5°С оңтүстігінде. Абсолютті суық Созақта -41°С тіркелген.
Сырдария өзенінің бойында ауа температурасы өзеннің биіктігі жоғарлаған сайын төмендейді. Бұл жағдай көктем, жаз айларында орындалады, ал қыс айларында керісінше болады.
Градиенттің 100 метрге шаққанда ауа температурасының өзгеруі орта есеппен 0.5-0.6°С құрайды.
Жауын-шашын: климаттың айрықша өзгешелігі құрғақшылық болып табылады. Жылдық жауын-шашын тегіс жерлерінде 130-150 мм, таулы аймақтарда 400-600 мм, тау аудандарда 700 мм-ге жетеді. Жауын-шашын жыл бойы біркелкі емес, негізінен көктем және күз айларында көп жауады. Қар қалыңдығы жұқа және бір қалыпты емес. Қардың орташа қалыңдығы 20-40 см, және ол 2 айдан 5 айға дейін жатады. Қазақстанның оңтүстігінде, мысалы, Шымкентте 246 мм, жылы айларда 177-212 мм түседі. Циклондық әрекет тауда өте сирек. Жаз айларында шөлді аудандарда 2216 мм-ге дейін жауын түседі. Кейбір жылдары жауын жаумайда кетеді, тіпті 3-4 айға дейін қар жамылғысы 10-15 еліден аспайды. Еруі наурыз айында басталады. Сондықтан да бұл облыстарда қар тоқтату қарқынды түрде жүреді. Күн радиациясы 5-7 айға дейін жақсы түседі. Бұлттылық солтүстік аудандармен салыстырғанда 1.5 есе аз. Облыста оңтүстік және солтүстік-батыс желі көп тұрады. Желдің орташа жылдамдығы 1.9-3.9 м/сек. Желдің қатты тұратын аймағы Ақсұрам, онда желдің жылдамдығы 5.1 м/сек. Шақпақ желі мен Арыстанды-Қарабас атақты желдер болып есептеледі. Ылғалдылығына қарай облыс 3 аймаққа бөлінеді. Өте құрғақты (0.1-0.3), құрғақты таулы, биіктігі 1000 метр (0.3-0.5) және таулы, биіктігі 1000 метрден жоғары (0.5 жоғары). Оңтүстік Қазақстан Орта Азиялық субтропикалық зонамен шекаралас, күн гаризонтта тұрғандықтан радиациялау балансы жақсы, солтүстік республикалармен салыстырғанда суық ауа массалары оңтүстікке жылжыған сайын жылына бастайды. Сондықтанда бұл жерде күшті аяздар сирек болады.
Ыстық климат Оңтүстік Қазақстанның жазықтарында құрғақ болады. Бұл жағдай ауа температурасының ылғалдылығын анықтау барысында солтүстіктен Оңтүстік Қазақстанға қарай өзгереді. Қыста басқаша, Оңтүстік Қазақстан ауасының абсолюттік ылғалдылығы, солтүстікке қарағанда жоғары. Бұл Оңтүстік Қазақстанның жылы қысымымен анықталады. Бұл жерде ылғалдылық жаз айларында 1-8 төмендейді. Бұл құрғақшылықпен және атмосфералық құрғақ болуымен байланысты.
Батыс Тянь-Шанның климаттық ерекшеліктері оның қоңыржай және субтропикалық климаттық белдеулердің арасындағы шекарасында орналасқандығымен түсіндіріледі. Климаттық режим тауға көтерілуімен байланысты заңды өзгерістерімен сипатталады.
Осылай, 1000 м биіктіктегі ауаның жылдық орташа температуралары әдетте 10С жоғары, 1000-2500м ара қашықтықта- 10 0 дейін, 2500м жоғары қарай – теріс. Тянь-Шанның орналасуы Атлант мұхитынан алыс, ол жерден Еуразия қоғыржай белдеулерден циклондар келеді, олар салыстырмалы төмен ендіктерде шөл жазықтықтар құрғақ кеңістіктері арасында жалпы климаттың континентальдығын белгілейді. Алайда, биіктіктердің жоғары амплитудалары, бедердің күрделілігі мен бөлініп-жарылуы температуралар мен ылғалдықта айтарлықтай контрасттарды құрады. Көршілес шөлдердің ықпалы едәуір дәрежеде тау алды және таулардың төменгі қабаттары климаттарында білінеді. Ортаазиялық шөлдердің үстімен анағұрлым биіктікте келетін батыс ауа ағымдары Атлантикадан Тянь-Шань тауларына ылғалдықпен қаныққан және ауа массаларын әкеледі. Тау бедері атмосфералық фронттардың шиеленісуін және жауын-шашынның түсуін (кей жерлерде жылына 1600 мм аса) шақырады, орташатаулы және биіктіктаулы биік өңірлерде, батысқа және солтүстік – батысқа қарай артықшылығымен баурайларда. Ал шығыс баурайларда және Ішкі және Орталық Тянь-Шаннның баурайларында мен алқаптарында құрғақ жағдайлар құрылады (жылына жауын-шашындар -200-300 мм). Жауын-шашындардың ең көбі жазда түседі, алайда таулардың батыс баурайларында қыста да жауын-шашындар көп түседі. Оларда және батысқа қарай ашылатын алқаптарда қысқы қар жамылғысының қалыңдығы 2-3 м дейін жетеді, ал сол уақытта шығыс және олардың артындағы баурайларда, әсіресе Ішкі және Орталық Тянь-Шаннның алқаптарда қар мүлдем жаумайды, және бұл алқаптар қысқы жайлау ретінде пайдаланылады. Орта Азия шөлдері үстіндегі ауаның жылуы Тянь-Шань тауларындағы конденсация деңгейінің көтерілуіне себеп болады. Онымен қар жамылғысы аса биіктігі түсіндіріледі: Ішкі және Орталық Тянь-Шанда жазда биіктігі 4000 м аса асулар қардан бос.
Тянь-Шань климаты тау алдындағы қапырықты шөлдердің климатынан биік таулардың қар-мұзды климатына дейін биіктікті аймақтықпен сәйкес өзгеріледі. Шілдедегі орташа температурасы алқаптарда төменгі қабаттағы 20-25С, ал таулы жоталардың шыңдарында 0 С дейін және одан да төмен түседі. Қыста барлық жерде, биік таулардан басқа, суық уақыттар жылымықпен алмастырылады, алайда қаңтардың орташа температуралары теріс. Температуралық инверсиялар кең тараған.
Табиғи аймағы
Батыс Тянь - Шань аймағының табиғи аумағы күрделі құрылымға ие. Бұл жағдай аймақтың ішкі континентальды орналасуымен, ірі таулы массивтердің болуымен байланысты. Бұл жерде мынадай табиғи аймақтар бар:
1. Биік таулы нивальды аймақ3400-3500 м абсолютті биіктікте орналасқан. Климаттық жағдайы қатаң. Жылдық орта температурасы төмен. Жылы күндер тек жаз айларында болады. Жауын-шашынның жылдық көлемі 500-600 мм. Жауын-шашын негізінен қатты күйінде көктемде, кейде жазда және қыста түседі. Топырақ және өсімдік жамылғысы бар. Қына қабаты мен криопетрофитты өсімдіктер кездеседі.
Биіктаулы шалғынды_ және шалғынды-далалы аймақ екі белдеумен берілген-альпілік және субальпілік.
2. Альпілік белдеу 3000-3100-ден 3400-3500 м-ге дейінгі биіктік шегінде орналасқан.Оның рельефі биіктаулармен ерекшеленеді. Климаттық жағдайы онша қатаң емес. Жылдық орта температурасы 0°С-тен аз ғана жоғары. Жылдық орта жауын-шашын мөлшері 600-700мм асады. Жауын-шашын негізінен қысқы-жазғы кезеңдерде, жазда көп түседі.
Субальпілік белдеу2400—2450м-ден 3000-3 100м-ге дейін биіктікті алып жатыр.Альпілік белдеумен салыстырғанда рельеф аз жіктелуімен ерекшеленеді.Климаттық жағдайы альпілік белдеуге қарағанда өсімдіктің өсуіне ыңғайлы.Жылдық орта температура жылына 3-5С құрайды.Жылы күндердің ұзақтығы 6-8 айға дейін.Жауын-шашынның жылдық орта мөлшері 600-700мм.
3. Таулы және тауалды аймақ аршалы сирек тоғайлы, бұталы және күрделі бұталы саванналар орналасқан интервал абсолютті биіктігі 1200-2400 (2450) м. Рельефі ортатаулы және аласатаулы.Тек жекелеген жағдайда ғана тауалды жазықтықтың жоғарғы бөлігін қамтиды. Климаттық жағдайы бұнда жағымды. Жылдық орта температура 6-10°С. Жылы кезеңнің орта ұзақтығы 240-280 күн. Аязсыз кезеңнің орта ұзақтығы 150-190 күн болса, жылдық жауын-шашынның мөлшері 600- 800мм.құрайды.
4. Тауалды аймақжоғары саванналар 600-1200м биіктікте орналасқан. Ол тау жазықтығының жоғары бөлігінде орналасқан. Бұл аймақтың климаты айтарлықтай жоғары мәнге ие, әсіресе жазда. Ауа-райының жылдық орта температурасы 10-12° С. Жылы кезеңнің ұзақтығы 280-300 күн. Жауын-шашының жылдық орта көлемі 400-600мм. Көктем күндері жылы, ылғалды, жазы ыстық және құрғақ, қысы жұмсақ, ылғалы аз және ұзақтығы бойынша орташа.
Территорияның Шығыс бөлігінде тік аймақтылық құрылымының Батыс Тянь-Шаннан айырмашылығы жоқ. Тік аймақтардың спектірі Солтүстік Тянь-Шань аймағына ұқсас. Саванналар жойылып, орнына далалы аймақ басады.
5. Таулы-далалы аймақтың климаты жоғары континенталдылығымен сипатталады. Жазы жылы, қысы айтарлықтай суық. Ауа-райының жылдық орта температурасы 7-8° С құрайды. Ең жылы ай тамыз (21-22 0С), суық ай қаңтар (-7-9°С), жылы кезең 115-165 күнді құрайды. Жауын-шашын көлемі 240-480мм шамасында болады. Жауын-шашын көлемі көктемге және жазға сәйкес келеді. Тауасты төмен жазықтықтарда шөлді дала орналасқан.
Гидрология. Қарастырып отырған жоталардың су тораптары көп. Өзендер екі су бассейніне: оңтүстік - батысы Сырдарияға, солтүстік-шығысы Шуға және бөліп тұрған Қаратау жотасына қарайды. Бірақ Қаратау мен Батыс Тянь-Шанның жоталарынан ағатын көп өзендердің ішінен тек Арыс пен Келес қана Сырдарияның арнасына жететінін атап өту керек. Арыс өзені алғашқыда Қолбастау өзенінен бастау алған. Ол Талас Алатауы мен Қаратаудың аралығында орналасқан. Жоғарғы ағысында суды жерасты суларымен қарлардан, ал Жабағылысу өзені құйылғанда мұздықтар мен қар суымен толады. Су көлемінің көбейген кезі – наурыз, сәуір айларында, ал ең аз кезі – қараша, ақпан айларында. Сырдарияның екінші құйылмасы – Келес- Қаржантаудың жоталарындағы бұлақтардан бастау алады, тек жерасты сулары мен қарлардан толады, судың азаюы наурыз айында жүреді. Жаз маусымында Келес өзенінің суы суаруға жұмсалады.
Суғаруға өзен суының көбеюі өте маңызды. Ақсу, Жабағылысу, Сайрам және Өгем өзендері мұздықтардан бастау алады. Судың ең жоғарғы көлемі қарлар мен мұздықтар еріген маусым-шілде айларында болады.
Қаратау жотасының оңтүстік-батыс беткейінен көптеген ұсақ өзендер ағады, барлығы Сырдария өзеніне қарай бағытталғанымен суының аздығы және суғаруға жұмсалғандықтан олар Сырдарияға дейін жетпейді. Үлкен Бөген мен Бала Бөген өзендерінің қосылуынан пайда болған Бөген өзені - Қаратау жотасының оңтүстік-батыс беткейінің ең ірі өзені.
Қарастырып отырған аумақта көлдер саны аз. Мақпал, Сайрамсукөл, Сусіңген және Балықтыкөл атты шағын көлдер бар.
Тау жоталарынан ағатын сансыз өзендер есебінен аймақ жақсы суландырылған ірі өзендердің бірі –Шақпақ шатқалындағы бұлақтардан бастау алатын – Арыс өзені. Талас Алатауы мен Қаратаудың беткейлерінен ағатын көптеген бұлақтар мен тумалар Арыс өзеніне құяды. Бұдан әрі Жабағлысу, Машат, Ақсу құйылып суы көбейеді. Машат өзені Келтемашат және Ұзынмашат өзендерінің қосылуынан пайда болған. Бұл өзендер сәуір айында суы көбейіп, шілде, тамыз айларында азаяды. Ақсу өзені Арысқа құятын ең күшті өзен. Оның бассейні Талас Алатауының батыс беткейінде орналасқан, алаңы 750 шаршы километр. Ақсу өзені негізінен мұздақтар мен қарлардың еруінен қорек алады. Оның суы маусым айында жоғары деңгейде болып, қаңтар-ақпан айларында ең төменгі деңгейде болады. Бұлардан басқа Сайрамсу, Қасқасу, Бадам, Келес, Өгем өзендері аумақтың су ресурстарын құрауға өз үлестерін қосатынын атап айтуға болады.
Топырағы
1. Биік таулы нивальды аймақ -Өсімдік жамылғысы жоққа тән.
2. Альпілік белдеу Биіктаулы шалғынды_ және шалғынды-далалы аймақ -альпілік және субальпілік.
Альпілік белдеу - Топырақты және өсімдікті қабат тегіс баурайларда, топырақ түзуші субстратпен бірге кездеседі және беттің 30-дан көп бөлігін алады. Қысқа шөпті өсімдік жамылғысы альпілік шалғын және шалғынды-далалы жерлерде өседі.Топырақты- альпілік таулы-шалғынды, биіктаулы, шалғынды далалы. Сонымен қатар таулы шалғынды альпілік гидроморфты топырақтар кездеседі.
Субальпілік белдеу - Топырақты-өсімдік жамылғысы альпілік белдеумен салыстырғанда айтарлықтай сирек. Өсімдіктердің құрамында сирек шөпті субальпілік шалғын және шалғынды жерлер бар. Топырақтар таулы-шалғынды субальпілік,биік таулы-шалғынды далалы субальпілік,биіктаулы далалы субальпілік, сонымен қатар биіктаулы қара түсті топырақ түрінде кездеседі.
3. Таулы және тауалды аймақ аршалы сирек тоғайлы, бұталы және күрделі бұталы саванналар – Топырақ жамылғысы таулы қоңыр топырақтан құралған, солтүстік экспозицияда құрғақ аршалы сирек ормандармен бірге. Екінші қабаты сұр-қоңыр топырақ. Аршалы және жапырақты ормандардың астында солтүстік баурайда таулы-орманды қара қоңыр топырақ кездеседі.
4. Тауалды аймақ -Топырақты жамылғы сұр қоңыр, карбонатты топырақтан тұрады. Борлы және неоген-палеоген дәуіріндегі сұр-қоңыр топырақтар кездеседі. Рельефтің төмендеуімен шалғынды сұр-қоңыр топырақтар кездеседі.
5. Таулы-далалы аймақтың - Таулы аймақтың өсімдік жамылғысы бұталы-түрлі шөпті, дәнді шабындық аймақ Солтүстік бөлігінде орналасқан. Оңтүстік аймағында көбіне бұталы ксерофитті, құрғақ түрлі шөпті өсімдіктер кездеседі. Таулы аймақтың топырағы қар жерлі болып келеді.
Абсолютті биіктігі төмендеген сайын тауалды аймағының түрлі шөпті өсімдіктері құрғақ, қара-қоңыр топырақта өседі, одан төмен жерлерде шөлді аймақты ашық-қоңыр топырақ кездеседі.