Ауыр металдардың адам ағзасына әсерінен туындайтын техногенді ауруларға сипаттама
Қоршаған ортаның созылмалы ауруларға әсер ететіні көптеген авторлардың зерттеу жұмыстарынан белгілі. Ауыр металдардың арасында адам ағзасына қауіптілігі бойынша қорғасын уыттылығына байланысты жетекші орында тұр. Қорғасынның уыттылығы бүйрек, ас қорыту, жүрек тамыр, репродуктивті жүйенің зақымдануларынан байқалады. Экологиялық тізбекпен бұл металдың көшіп жүруіне байланысты оның шектеулі мөлшерден (ШМ) жоғары концентрациясы жемістерде, нанда, сүтте, етте анықталған Қорғасын бүйрек арқылы сыртқа шығады да, белгілі бір концентрациясында оның паренхимасын зақымдайды. Ауадағы қорғасынның концентрациясы мен оның несептегі мөлшерінің арасындағы тікелей байланыс айқындалды Қорғасын иммундық патологиялық синдромдарды дамыта отырып, иммунды тропты әсер етеді. Иммундық жүйе әртүрлі уытты заттардың әсеріне өте сезімтал және жалпы иммундық статус қоршаған орта қарқынды ластанған жағдайда нашарлайды. Зиянды заттардың түрақты әсерінің иммунды жүйенің тежелуіне әкелетіні айқындалған.
Ауыр металл тұздарымен тұрақты улану жағдайында созылмалы бруцеллезбен ауырған науқастардағы несеп бөлу және жыныс жүйесі ағзаларының зақымдану жиілігін салыстырмалы бағалау. Кентау қаласында созылмалы бруцеллезбен ауырған науқастардың арасында протеинурия, орхоэпидидимит, сальпингоофорит бақылау тобымен салыстырғанда жиі кездесті. Кентау қаласы бойынша құбырдағы суда, ағынды суда, тұрғындардың қан анализінде, шашта қорғасын мен кадмийдің шектеулі мөлшерден бірнеше есе артық және ол металдардың нефротоксикалық және иммундық депрессиялық әсерін ескере отырып, негізгі топтағы протеинурияның, орхоэпидидимиттің, сальпингоофориттің жиілігін аталған металдардың уытты әсерімен байланыстыруға толық негіз бар.
Кансеро-, тетра-, мута-, эмбриогенді заттардың әсерінен туындайтын организмдегі ауруларға сипаттама беріңіз
Эмбриогенез (ағылш. embryogenesis, гр. embryon — ұрық, genesis — шығу тегі) — ұрықтанғаннан бастап жұмыртқадан жарып шыққанға немесе енесі құрсағынан туғанға дейінгі ұрықтың (эмбрионның) даму мерзімі. Эмбриогенез — жануарлар мен адам организмдерінің жеке даму процесінің (онтогенезінің) бастапқы кезеңі.
Канцерогендік заттар[1], канцерогендер (латынша cancer – қатерлі ісік және грекше genes – тудырушы) – организмде қатерлі ісік ауруларын және әр түрлі қатерлі және қатерсіз ісіктерді туғызушы химиялық қосылыстар. Канцерогендік заттар туралы алғашқы түсінік 18 ғасырда Англияда пайда болған. Сол кезде Англияда жылу жүйелері үшін тас көмір пайдаланған. Ағылшын дәрігері Г.Потт ластанған үй пештерінің мұржаларын тазалайтын адамдардың денесінде тас көмір шайырының қалдықтары қалатынын байқаған (1775). Ол 15 – 20 жыл өткен соң адам терісінде қатерлі ісік пайда болатынын дәлелдеп, шайыр құрамында қатерлі ісік туғызушы зат бар екенін анықтаған. 20 ғасырдың басында ғалымдар осы тас көмір шайырын жануарлардың денесіне жағып тәжірибе жасаудың нәтижесінде, олардың терісінде қатерлі ісік ауруы пайда болатынын дәлелдеген.
Ртүрлі энергия көздерін, қандай да бір қалдықсыз альтернативті энергия көздерімен алмастыруға бола ма және оны мысалдармен сараптаңыз
Альтернативті энергияны әр түрлі табиғи көздерден алуға болады соның бірі бәрімізге ортақ күн жылуына ерекше тоқталғым келіп отыр. Күннің сарқылмас энергия көзі екені барлығымызға мәлім тек оны толықтай игере алмаудамыз күн салмағы ыстық газдардан тұратын, айналасына жылу және сәулесін түсірген бір жұлдыз болып қабылданады. Күдіксіз, өте күшті жылуға ие. Күннен шыққан энергияның тек 2 миллионнан бір бөлігі жер шарына жете алады. Күннің жылуы 8,5 минутта жер шарына жетеді. Үш күндік түскен күн жылуы дүниедегі барлық мұнай, көмір және ормандардан алынатын энергиямен тең. Күннің құрамы түгелімен сутек пен гелийден тұрады. Сутек мөлшері 75 пайыз болып табылады. Күннен келген жылу және жарық сутегі протондарының бірігіп гелийге айналуы және осы айналу барысында салмағын жоғалтқаны үшін пайда болады. Мұны термоядролық реакция деп атайды. Ортаға шыққан энергия өте үлкен. Секундына 600 миллион тонна сутек гелийге айналады. Осы кезде әр секунд сайын күн 4,5 миллион тонна жеңілдейді. Күндегі ядролық реакция нәтижесінде қызыл бір алау 15-20 мың км-ге көтеріледі. Бұл оқиға күннің бораны деп аталады. Сөйтіп күн өте мол энергия көзін өндіреді шамамен қазіргі сұраныстан 5000 есе артық энергияны күн бере алады. Күн көзі экологиялық ең таза энергия көзі болып саналады ол қоршаған ортаға ешқандай зардап әкелмейді, дайын күн батареяларын сатып алуға тиісті қаржы болса болғандығы және ашық алаңда осы күн батареяларын орнатып, трансформатор салуға тиімді инвестициялар тарту альтернативті энергия көзіне жаңа өмір сыйлайтын еді. Бұл ойым дамитын болып, көздеген мақсатқа жетер болсақ, кейін қарапайым халық үйлерінің үстіне күн батареяларын орнатып, тәуелсіз тұтынушы мәртебесіне ие болады. Осы сияқты жел яғни табиғи байлықтың тағы бір көзін дәл күн көзі сияқты пайдалану отандық дәстүрлі энергияға деген сұранысты бір шама төмендетері хақ. Ал атом электр станцияларын пайдалану біздің қоршаған ортамызға және сол елді мекендегі адамдардың денсаулығына кері ықпалын тигізерін білеміз. Сондықтан мемлекетке тиімдісі таза экологиялық балама энергия көзі болып саналады деген ойдамын. Осындай тиімді энергия көзідерін толық қанды пайдалана алмасақ күндердің бір күнінде біздің елде үлкен проблема туындауы мүмкін, әрине мемлекеттегі маңызды бір салада проблема болса қарқынды экономикалық даму болмайды.
Арал теңізінің проблемасын П. Данесроның “Адам – биосфера” қарым-қатынасы системасының кері байланыс заңдылығы» түсіндіріңіз
Арал теңізін апаттан сақтау үшін көптеген жобалардың ұсынылғаны белгілі. Алайда олардың көпшілігі тенізді толтыруды емес, оны тек бүгінгі деңгейде ұстап қалуды көздейді. Ол ұсыныстар мынандай болатын:
*1. Сыр және Амудария өзендерінің суларын тиімлі пайдалану; *2. Оңтүстіктен солтүстікке карай Возрождение аралын пайдаланып дамба салу. Кіші Аралдан тұз өндіріледі, ал Үлкен Арал Сыр және Амудария есебінен сақталады; *3. Жел тұрғанда аспаннан тұз жаумас үшін жағалауларға сексеуіл т.б. жасыл желек ағаштарды отырғызу; *4. Арал аймағын Иран еліндегідей жер асты суларымен камтамасыз ету; *5. Сібір өзендерінің бір бөлігін Аралға бұру. Бұл шаралардың теңізді бұрынғы қалпына келтіре алмайтыны анық. Әрине Сібір өзендерінің бір бөлігін Аралға тартуға болар еді, бірақ ол біріншіден қымбатқа түседі, екіншіден Ресей оған келісе коймайды. АҚШ, Жапония, Канада ғалымдарының Арал теңізінің суын бұрынғы деңгейіне жеткізу үшін 200 миллиард доллар қажет дейтін көрінеді. Аралды бұрынғы қалпына келтіру үшін іргелі зерттеу жолымен Каспий-Арал каналының ғылыми-техникалық дәлелдемесі жасалынады. Сол жоба бойынша Арал апатын шешу үшін 300 млн доллар жеткілікті екеніне көз жеткізген. Каспий теңізінен деңгейі бір кезде көтеріліп, бір кезде төмендеп кететіні, яғни ғасырлық тербелісі бұрыннан белгілі құбылыс. Соңғы көтерілуінде теңіз деңгейі 214 см-ге өсіпті. Каспиймен шекарасы жанасқан мемлекетттердің (Ресей, Казақстан, Иран, Түрікменстан, Әзірбайжан) біраз жағалық жерлері судың астында қалды. Кәзірдің өзінде де бұл елдердің мұнай өндіріп тұрған көптеген кен орындары мен халық орналасқан жерлері су астына кету қаупі бар. Арал теңізін сақтау жөніндегі халықаралық шаралар, Арал апатынан зардап шеккен елдер басшыларының іс-қимылдарына көмектесуге бағытталған алғашқы халықаралық келісім 1990 жылдың 24–26 қаңтарында БҰҰ-ның қоршаған орта Бағдарламасының (ЮНЕП) ұсынысымен жасалды. Бұл халықаралық құжат «Арал теңізін сақтауға арналған нақтылы іске дайындыққа қатысу» деп аталды. 1990 жылғы 11–12 қарашада Хаттамаға қол қойылып, келісім заңды түрде бекітілді. Келісім бойынша дүниежүзілік дәрежедегі оқымыстылар мен мамандардың қатысуымен «Диагностикалық құжат» жасалды. Бұл үлкен ғылыми-тәжірибелік зерттеу Арал апаты кеселінің бетін ашып берді, нақтылы іске бағдарлама жасауға себін тигізді. « Диагностикалық құжат» 1992 ж. 4 тамызда ЮНЕП-тің басқаруымен Женева қаласында бекітілді, оған Қазақстан Республикасы атынан Ұ.Қараманов, К.Салықов, Н.Мұқитанов қол қойды. Келесі сатыда Дүниежүзілік Банк пен ЮНЕП, ПРООН, ЮНЕСКО, т.б. мекемелер қосыла отырып, Орталық Азия елдерінің мемлекетаралық кеңесінің және халықар. Арал қорының басшылығымен «Арал теңізі мәселелеріне нақтылы көмек бағдарламасын» іске қосты. Бұл тарапта 7 бағдарлама, 18 жоба жасалып, ауқымды жұмыс қолға алынды.