Бұл өндірістің негізгі мақсаты және қызметі.
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «АҚ "Қазxром "жұмыс орындарын атестациялау негізінде өндірістік орындағы зиянды факторлардың әсері»
05073100 – Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау
Орындаған: Т.А. Куатбек
Жетекші
техн.ғыл.канд., доцент
____________Ф.Қ.Батесова
«____»_________2016 ж.
Норма бақылаушы
Инженер: Е.Е. Садвакасов
____________
«____»_________2016 ж.
Алматы 2016
>
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті
Т.Бәсенов атындағы Сәулет және құрылыс институты
Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «АҚ "Қазxром "жұмыс орындарын атестациялау негізінде өндірістік орындағы зиянды факторлардың әсері»
Курстық жұмыстың орындалуын бағалау
Жұмыстардың орындалу сапасы | Баға диапазоны | Алынған |
1 Орындалмады Сабақтарда себепсіз болмау | 0% | |
2 Білім алушының орындауы және белсенділігі | 0-50% | |
3 Жұмысты рәсімдеу | 0-20% | |
4 Анықтамаларды, техникалық әдебиеттерді, оқу- әдістемелік кешенді, дәрістерді пайдалану шеберлігі | 0-5% | |
5 Техникалық құралдарды пайдалану шеберлігі | 0-5% | |
6 Курстық жұмысты қорғау | 0-20% | |
Жалпы | 0-100% |
Білім алушы Т.А.Ә. Куатбек А.Т Мамандық шифры 5В073100 Оқытушы Т.А.Ә. Батесова Ф.Қ. |
>Алматы 2016
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті
Т.Бәсенов атындағы Сәулет және құрылыс институты
Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау кафедрасы
5В073100 – Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау
Курстық жұмысты орындауға
ТАПСЫРМА
Білім алушы:Куатбек Акерке Танаткызы_________________________________
Жоба (жұмыс) тақырыбы: АҚ "Қазxром "жұмыс орындарын атестациялау негізінде өндірістік орындағы зиянды факторлардың әсері_________________
Аяқталған жобаны (жұмысты) тапсыру мерзімі «___» ___________2016ж
Есептік-түсініктемелік жазба мазмұны (қарастырылатын мәселелер тізімі):
а)АҚ «Казхром» жалпы сипаттамалары .ААҚ «ТҰК Казхром» құрылуы және органдары, қызметі, мақсаты, мүлігі және капиталы______________________
б) АҚ «Казхром» өндірістік орындағы еңбек жағдайларын талдау___________
в) Өндірістік жарақаттануды талдау және себептерін анықтау__________
Сызбалық материалдар тізімі (міндетті сызбалар дәл көрсетілуі тиіс)
Ұсынылатын негізгі әдебиет:
1 Күзембаев С.Б., Исағұлов А.З., Канунникова С.Г. Құю жабдығын жобалау: Оқу құралы – Қарағанды : ҚарМТУ, 2003. – 139 б.________________
2 Күзембаев С.Б.,Кипнис Л.С., Исағұлов А.З. Құю цехының құрал-жабдықтары, Машиналар мен механизмдер есептеу негіздері: Оқу құралы: –Қарағанды: ҚарМТУ, 2001. – 59 б________________________________________________
3 Лапин В. Л., Сердюк Н.И. Охрана труда в литейном производстве – М.: Машиностроение, 1990. – 128 с.____________________________________
4 Матюхов В.Г. Техника безопасности в литейном производстве. – М.: Высш. шк., 1980. – 94 с.________________________________________________
Курстық жұмысты дайындау
ГРАФИГІ
Бөлімдер атауы, қарастырылатын мәселелер тізімі | Ғылыми жетекшіге көрсету мерзімдері | Ескерту |
Кафедра меңгерушісі _______________________ Н.Б.Утепов
Жұмыс жетекшісі ____________________ Ф.Қ.Батесова
Тапсырманы орындауға алған білім алушы__________________ А.Т.Куатбек
Күні «____»_______________2016 ж.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ | ||
АҚ «Казхром» жалпы сипаттамалары .ААҚ «ТҰК Казхром» құрылуы және органдары, қызметі, мақсаты, мүлігі және капиталы | ||
1.1 | Кенорнын ашу әдісін таңдау және негіздеу | |
1.2 | Хром қосылыстары және феррохром өндірісіндегі технологиялық процесс және өндірістегі гигиеналық сипаттама | |
АҚ «Казхром» өндірістік орындағы еңбек жағдайларын талдау | ||
2.1 | Өндірістік шу және оның себептерін талдау | |
2.2 | Өндірістіегі микроклимат параметрлері | |
2.3 | Өндірістік жарықтандыру | |
2.4 | Жұмсы орнындағы салыстырмалы ылғалдылығы мен температурасы | |
Өндірістік жарақаттануды талдау және себептерін анықтау | ||
ҚОРЫТЫНДЫ | ||
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ |
Кіріспе
Берілген жұмыста АҚ «Қазхром »жұмыс орындарын аттестациялау негізінде өндірістік орындағы зиянды факторлардың әсерін анықтау.
Өндірістік орындағы зиянды және қауіпті өндірстік факторларды классификациялау, анықтау, аттестаттау,өлшеу және оған карсы корғаныс шараларын анықтау.
Ақтөбе облысының атмосфералық ауа бассейні ластанып барады. Өткен жылы өндіріс ошақтарынан шыққан зиянды қалдықтардың халықтың өмір сүруіне қаншалықты әсер етіп отырғанын тексерген санитарлық дәрігерлер осылай деп дабыл қағуда. Себебі бас пайдасын ойлаған мұнай-газ кәсіпорындары экологиялық талаптарға назар аудармай отыр.
Жыл өткен сайын, облыстың атмосфералық ауа бассейні ластанып барады. Өткен жылы өндіріс ошақтарынан шыққан зиянды қалдықтардың халықтың өмір сүруіне қаншалықты әсер етіп отырғанын тексерген санитарлық дәрігерлер алаңдаулы. Себебі бас пайдасын ойлаған мұнай-газ кәсіпорындары экологиялық талаптарға назар аудармай отыр.
Ақтөбеде автокөліктерден шығатын зиянды заттар көлемінің күрт өсуі қоршаған ортаны қорғау бөлімінің мамандарын алаңдатып отыр. Олардың айтуынша, тек қала бойынша тіркелген автокөлік саны өткен жылы 60 мыңнан асып түсті. Ал олардан шығатын зиянды заттар көлемі 58 мың тоннаға дейін жетті.
Ақтөбеде автокөліктерден шығатын зиянды заттар көлемінің күрт өсуі қоршаған ортаны қорғау бөлімінің мамандарын алаңдатып отыр. Олардың айтуынша, тек қала бойынша тіркелген автокөлік саны өткен жылы 60 мыңнан асып түсті. Ал олардан шығатын зиянды заттар көлемі 58 мың тоннаға дейін жетті. Бұл қала бойынша шығатын қалдықтардың 84 пайызын құрап отыр. Ақтөбе облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасының тексерулері барысында 717 заң бұзушылық анықталды. Экологиялық талаптарды бұзушылықпен шаруашылықты атқарып отырған 50 обьектінің жұмысы тоқтатылды. Экологиялық инспекцияның тексеру материалдары арқылы табиғатқа зиян келтіруіне байланысты 2 қылмыстық іс қозғалған.
Ақтөбе – Қазақстандағы ауасы ең лас бес қаланың ішінен ойып орын алады дейді жергілікті экологтар. Ауада формальдегид, азот, күкірт қышқылы жылма-жыл көбейіп келе жатқандығы соншалық, осы қауіпті газдардың жиынтығы қалыптағыдан 4 есеге ұлғайып кеткен.
Курстық жұмыс Ақтөбе қаласының қоршаған ортасының хроммен ластануын экологиялық тұрғыдан бағалап, адам денсаулығына әсерін болжауға арналған. Ол үшін экожүйелердегі ластану мөлшері анықталып, тұрғындар денсаулығымен байланысы математикалық модельдеу арқылы зерттелді.
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасының экологиялық проблемасы күрделі регионға Ақтөбе облысы да кіреді. Өңдірістен шығатын қатты қалдықтардың сол өңдіріс орындарының төңіректерінде жинақтала отырып, қар, жаңбыр суларымен еріп, шайылып, жер асты, жер үсті суларын ластауы, топырақ бетіне түсіп, өсімдіктерге өтуі бұлардың барлығы осы регионда жасанды эко геохимиялық провинцияның пайда болуына әкелді. Соңғы уақытта осы аймаққа тән адам денсаулығына хром әсерінен патологиялар айқын байқала бастады.
Негізгі ластаушы заттардың әсерін зерттеу кезінде оның химиялық-физикалық қасиеттеріне мән берумен қатар, осы заттардың таралу қашықтықтары, таралу бағытына ауа райы жағдайларын ескеру өте қажет. Сонымен қатар, хромның табиғат компоненттерінде көп жылдық жинақталуын көрсету де өте маңызды. Үш және алты валентті хромның қосылыстары улы бола отырып, ол ағзадағы ферментативті өзгерушіліктерді жүргізу, клетканың биоэнергетикасын, оның құрылымы мен қызметін бұзылуымен білінді. Аурулар тиологиясын табу медицина саласындағы өте қүрделі мәселе болып табылады. Бірақ ластану мен аурулар қалыптасуында экологиялық заңдылықтарды математикалық модельдеу арқылы корреляциялық байланыспен табуға болады. Сонымен қоса ластану деңгейі арқылы тұрғындар ауруын болжауға мүмкіндік береді. Ластанған аймақтардағы тұрғындардың денсаулығын болжау әдістерін табу және дамыту өте езекті мәселе болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Тұрғындар денсаулығына хроммен ластанудың экологиялық заңдылықтарын табу үшін оның параметрлерін анықтап, өңір кәсіпорындарының, қоршаған орта компонеттерін және халық денсаулығына әсерін модельдеуге негізделген.Осы мақсатты шешу үшін нақты міндеттер қойылды:
Ақтөбе қаласы өңірінің ластаушы мекемелерден шығарылатын ластандырғыш мөлшерінің динамикасын анықтау;
ластану деңгейіне климат факторларының әсерін анықтау;
ауада, жер бетінде және жерасты суларында, топырақта, жабайы өсімдіктерде,мәдени көкөністерде, сиыр еті мен сүтінде алты валентті хромның жинақталуын және динамикасын зерттеу;
хромның әртүрлі ағзаларда аккуммуляциялануың корреляциялық байланыс арқылы көрсету;
модельдің мәліметтер қорын жабдықтау үшін қала тұрғындарының, денсаулығына сараптама жасау;
жинақталған параметрлер жәрдемімен қала тұрғындарының денсаулығына математикалық модельдеу арқылы болжау жасау.
Жұмыс барысында Ақтөбе облысының жасанды биогеохимиялық провинция жағдайларында экожүйенің әртүрлі компоненттерінде хромның жинақталуының корреляциялық байланысы анықталған.Экожүйенің компоненттерінде хромның жинақталуының тұрғындар денсаулығымен байланысы табылған.
Ластанудың тұрғындар денсаулығына әсер етуін болжаудың математикалық тәсілін пайдаланып болжау моделі жасалған.
Жұмыстың практикалық кұндылығы:
- ақпараттық жабдықтау мақсатында қоршаған ортаны басқарудың автоматтындырылған жүйесін жасау мүмкіндігі анықталған
- тұрғындарды және қоршаған ортаны қорғау атқару органдарының-қаланың табиғи ортасының жағдайы туралы шынайы мәліметтермен уақытында танысуды қамтамасыз ету;
- қоршаған ортаның жағдайы туралы және табиғат қорғау техно-логиялары туралы мәліметтер қорын жасап, жүргізу ;
- ақпараттық жүйедегі ағымдарын реттеп және алғашқы мәліметтер мен жүйенің әртүрлі деңгейлеріндегі қорытындыланған ақпаратты пайдалану тиімділігін көрсету.
Қорғауға шығарылатын мәселелер:
- өнеркәсіп орындарынан шығатын ластаушы заттар хром және т.б. адам денсаулығына қауіпті экологиялық фактор болып табылатыны математикалық анализдеу арқылы дәлелдеу;
- ұзақ уақыт бойы өнеркәсіп орындарынан шығатын ластаушы зат-тардың табиғи ортада-атмосферада, суда, топырақта жинақталу динамикасы мен заңдылықтарын көрсету;
- өсімдіктер мен жануарлар организмдерінде де корреляциялық байланыс -арқылы тәуелділігін анықтау;
- урбанизацияланған территорияларда тұрғындар денсаулығын бағалау үшін объективті ақпараттар жинау аркылы приоритетті ауру түрлерін анықтау;
- медико-экологиялық ситуацияны модельдеу мен болжау үшін тұр-ғындар денсаулығының экологиялық мониторинг жүйесін ҚҰРУ мүмкін-дігін айқындау.
Зерттеу объектілері мен әдістері.
Тәжірибе жүргізу үшін ластау көзінен әртүрлі қашықтықта (1; 5; 10; 15 км) топырақ үлгілері алынды. Бұл сынамаларды алу үшін орын желдер раушанына сәйкес солтүстік-батыс бағыты таңдап алынды. Топырақ үлгілері алынған жерлерден өсімдік материалдарын да алдык. Өсімдіктерді жеке түрлеріне сәйкес тандап алып, әуелі жай сумен, сосын дистильденген сумен жуып, құрғақ-ауа жағдайына келгенше кептірдік. Өсімдік материалын таңдап, химиялық анализден өткізу кезде, сол өсімдік түрінің зерттелетін ауданда кеңінен таралуына және ластауыштарды жинақтау қабілетіне қарадық. Атап айтқанда, Лерх жусаны (Artetmisia Lerceana), ақселеу (Stipa capillta) алынды. Мәдени өсімдіктерден қызанақ, баклажан, сәбіз, қызылша, қырыққабат, бұрыш, картоп, қарбыз алынды.
Топырақтағы және өсімдіктердегі ауыр металдарды анықтау фото-электроколориметрикалық әдіспен жүргізілді. Хромды сапалық анықтаудың негізгі реакциясы дифенилкарбазидпен қызыл түсті комплекс түзу болып табылады. Сапалық анықтау кезінде пробиркаға І мл минерализатты құйып, 4 мл су, 1 тамшы 10% күміс нитратының ерітіндісін, 0,5 г аммоний персульфатын қосып қайнап тұрған су моншасында 20 мин. қыздырады. МаН2РО қаныққан ерітіндісін, КОН ерітіндісін, рН = і,7± 0,2 болғанша және 0,25% дифенилкарбазид ертіндісін қосамыз. Хром болған жағдайда ерітінді ашық-қызғылт түстен қанық кызыл-көк түске дейін боялады.
Хромның анықталу шегі оның 100горганда 0,1мг дейін болуы есептеледі.
Хромды мөлшерлік анықтау фотоэлектроколориметрикалық әдіспен жүргізіледі. Хром комплексі ифенилкарбазидпен 20-30 минуттан соң толығы-нан боялады. Оның боялу тұрақтылығы 2-3 сағат. Максимум жарық жұтуы 546 нм. байқалады.
Минерализаттағы хром мөлшерін аныктау кезде пипеткамен 1 мл минерализатты өлшеп алып, 4 мл су қосып, сапалық аныктау кезіндегідей тотықтандыру жүргізеді. Ол үшін пробиркаға немесе колбаға тотыккан хром ерітіндісін құйып, қаныққан І мл ЫаН2РО қосады да қышқылдығын анықтау үшін 10% сілті ерітіндісіп қосады. 1 мл дифенилкарбазид ерітіндісі мен суды белгіге дейін қосады. Боялу тығыздығын 10,20, және 30 мин сайыы өлшейді.
Тұнбадағы хромды анықтау үшін 1-4г персульфат аммоний жұмсалады.
Тұнба ерігеннен кейін сары түске боялу интенсивтігіне байланысты ерітіндінің барлық мөлшерін немесе бір бөлігін 25-200 мл колбаға ауыстырьш 1 мл қаныққан ерітіндісін қосады да, қышқылдығын анықтап, дифенилкарбазид пен су қосып, жарық жұшқылдығын анықтап дифенилкарбазид пен су қосып, жарық жұтқыштығын өлшейді.
Өндіретін өнімдерінің негізгі түрлері: жоғарыкөміртекті феррохром, ферросилиций, ферросилихром, ферросиикомарганец. Өнімдер сталь және балқымаларды қышқылдандыру, легирлеу, шойынды легирлеу, модифицирлеу, металл алған кезде селикаметрикалық әдіспен қалпына келтіру үшін қолданылады. Әр түрлі өнім өндіру, әлемдік нарықтағы сұранысқа және сталь өнімінің көлеміне байланысты болады.
Бұл өндірістің негізгі мақсаты және қызметі.
Қоғамның негізгі мақсаты — хром рудаларын, феррохромның түрлі маркаларын, лигатур, модификаторлар, халықтық тұтыныстағы тауарлар өндірісі және сатудан, және оларды Қоғам акционерлерінің мүдделеріне пайдаланудан неғұрлым жоғары пайда табу.
Мақсаты — балқымалардың ассортиментін кеңейту, әсіресе марганец, және феррохром өндірісінің қуаттылығын арттыру.
Қазақстан Республикасы кәсіпорындары үшін ферробалқымаларының қажеттігі өте қатты маңызды емес, сондықтан бұл өндіріс өнімдерінің көлемін экспорт үшін арттыру тенденциясы орын алады. Компания өнімдерінің негізгі тұтынушылары (95%) — жақын және алыс шет ел болып табылады. Өнімдердің көп бөлігі жоғары сапалы және тозуға тұрақты сталь өндіретін, литийлі сталь өнеркәсіптеріне сатылады, ол негізгі 4 аймаққа: Еуропа, Қиыр Шығыс, США, ТМД елдерінде тұтынысқа ие. Бірақ компания өз өнімдерін шығаруды болжамдайтын бірнеше нарық бар: Австралия, Парсы шығанағы және Қиыр Шығыс елдері, Үндістан және Оңтүстік Американың кейбір қалалары.