Бап. Пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттiк балансы
Пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттiк балансын жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының минералдық-шикiзат базасының жай-күйiн есепке алу мақсатында жүргiзедi.
Пайдалы қазбалар қорының мемлекеттiк балансында коммерциялық жолымен табылған, пайдалы қазбалардың әр түрiнiң қорының мөлшерi, сапасы мен зерделену дәрежесi, олардың орналасуы, өндiрiстiк игерiлу дәрежесi, өндiру, ысырабы мен өнеркәсiптiң пайдалы қазбалардың барланған қорларымен қамтамасыз етiлуi туралы мәлiметтер болуы қажет.
Пайдалы қазбалар қорларын мемлекеттiк балансқа енгiзу және оларды мемлекеттiк баланстан шығару тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлетті орган мемлекеттiк органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттiк балансы жөнiндегi ақпаратты табыс етедi.
59-бап. Пайдалы қазбалар кен орындарының және көрiнiс - белгiлерiнiң мемлекеттiк кадастрыПайдалы қазбалар кен орындарының және көрiнiс белгiлерiнiң мемлекеттiк кадастрын, жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган жер қойнауын геологиялық зерттеудiң салалық (секторлық) және аймақтық бағдарламаларын әзiрлеудi, кен орнын кешендi пайдалануды қамтамасыз ету, сондай-ақ басқа да мiндеттердi шешу мақсатында жүргiзедi.
Пайдалы қазбалар кен орындарының және көрiнiс - белгiлерiнiң мемлекеттiк кадастры әрбiр кен орны бойынша негiзгi және онымен бiрге жатқан басқа пайдалы қазбалардың саны мен сапасы және олардағы компоненттердiң мөлшерi мен сапасы, кен орнын игерудiң тау-кен техникалық, гидрогеологиялық, экологиялық, тағы басқа жай-күйi мен оны геологиялық-экономикалық бағалау, сондай-ақ пайдалы қазбалардың анықталған көрiнiс-белгiлерi туралы мәлiметтерден құралады.
Пайдалы қазбалар кен орындарының және көрiнiс белгiлерiнiң мемлекеттiк кадастрын жүргiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Бап. Жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивтiк қалдықтарды көмудiң және қалдық суларды ағызудың мемлекеттiк кадастры
Жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивтiк қалдықтарды көмудiң және қалдық суларды ағызудың мемлекеттiк кадастрын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында жүргiзедi.
Жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивтiк қалдықтарды көмудiң және қалдық суларды ағызудың мемлекеттiк кадастры мөлшерi мен сандық көрсеткiштерi көрсетiлген көмiлген заттар мен ағын сулардың типтерi мен түрлерiн сипаттайтын мәлiметтер, көму мен ағызудың тау-кен техникалық, арнаулы инженерлiк-геологиялық, гидрогеологиялық және экологиялық жай-күйi туралы мәлiметтердi қамтиды.
Жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды көму мен қалдық суларды ағызудың мемлекеттiк кадастрын жүргiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Бап. Техногендiк минералдық түзiлiмдердiң мемлекеттiк кадастры
Техногендiк минералдық түзiлiмдердiң мемлекеттiк кадастрын жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкiлетті орган жүргiзедi.
Техногендiк минералдық түзiлiмдердiң мемлекеттiк кадастры сақтаудың сандық және сапалық көрсеткiштерiн, тау-кен техникалық және экологиялық жай-күйi көрсетiлген техногендiк минералдық түзiлiмдердiң типi мен түрлерiн сипаттайтын үйме объектi туралы мәлiметтердi қамтиды.
Техногендiк минералдық түзiлiмдердiң мемлекеттiк кадастрын жүргiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Жер қойнауына жататын ұғымдар
Жер қойнауын минералыдқ көздері
Жер қойнауын реттейтін заңнамаларды негізі
Тақырып 10. Судың құқықтық режимі
Судың құқықтық режимінің түсінігі мен жалпы сипаттамасы. Қазақстан Республикасының Су кодексі және суларды ұтымды пайдалану мен қорғауды қамтамасыз ететін басқа да заңдар.
Азақстан Республикасы су қорының түсінігі мен құрамы және оның жеке бөліктерінің құқықтық режимі. Суды ұтымды пайдалануды және қорғауды камтамасыз ететін мемлекеттік-құқықтық механизмі.