Зиянды организмдермен күресу шаралары

Қызанақ дақылының зиянкестеріне жалпы сипаттама

Зиянкестің аты Зиянкестің қыстайтын орны,фазасы Зақымдау фазасы,зақымдау сипаты
Колорадо қоңызы Қуыршақ фазасында шөптер қалдықтарының арасында қыстайды Дернәсілі,ересегі
Кеміргіш түн көбелегі Өсімдік қалдықтарының астында,кейде топырақ арасында Ересегі және дернәсілі зиянды

Қызанақ дақылының зиянкестеріне қарсы қолданылатын препараттар

Қызанақ Зиянкестерге қолданылатын шаралар Пестицидті препараттың түрлері Шығын мөлшері Өсімдіктің даму фазасы мен өсу мерзімі
Колорадо қоңызы Химиялық шаралар Циракс, 25% э.к 2,0-4,0 Гүлдеуге дейін бүрку
Кеміргіш түн көбелегі Химиялық шаралар Банкол, 50 %с.ұ. 0,2-0,3 Өсінді кезеңінде бүрку

Қызанақ дақылының ауруларына қарсы қолданылатын препараттар

Қызанақ Ауруларға қолданылатын шаралар Фунгицидті препараттың түрлері Шығын мөлшері Өсімдіктің өсу фазасы мен дамуы
Макроспориоз немесе құрғақ дақ Агротехникалық шаралар Мыстың хлорлы тотығы 90% с.ұ 2,4-3,2 Дәрмектің 0,4 суспензиясымен
Фитофтороз, қоңыр дақ Агротехникалық шаралар Браво 500, с.к. 3-3,3 Өсінді кезеңінде бүрку

Қызанақ ауруларымен күрес шаралары.

Қызанақ әр түрлі зиянкестермен зақымданады және түрлі ауруларға шалдығады. Олар өнімді, оның дәмдік және тауарлық сапасын төмендетеді.

Қызанақты аурулар кешенінен қорғаудың негізі – көшетханалар мен егіс топырағын сауықтыру,сау көшеттер өсіру,жоғары агротехниканы сақтау,қоймадағы аурулардың дамуын тежеу сияқты алдын - алу шараларынан тұрады.

Қызанақтың бактериялық қатерлі ісігі. Күресу шаралары:себуге сау тұқымды пайдалану, дезинфекциялау үшін тұқымды 20 минут ыстық суда (48-50 градус) ұстау, өсімдік қалдықтарын жою,төзімді сорттарды өсіру, «Тізім» бойынша рұқсат етілген фунгицидтерді пайдалану.

Қызанақ мозайкасы. Күресу шаралары:тұқымды жылыту және натрий фосфатымен залалсыздандыру,өсімдік қалдықтарын жою, жылыжай топырағын залалсыздандыру.

Қызанақтың стригі. Күресу шаралары:тұқымды қыздыру және натрий фосфатымен өңдеу арқылы залалсыздандыру, өсімдік қалдықтарын жою,жылыжай топырағын зарасыздандыру,жылыжайда температураны бірқалыпты ұстау, қызанақ пен картопты бір бірінен алыс отырғызу қажет.

Орытынды

Қазіргі кезде өсімдіктерді зиянкестерден қорғаудың тактикасы айтарлықтай өзгеріп отыр. Күрес шараларын жүргізуде белгілі бір жағдайлармен шектеу керектігі туралы ұсыныстар қабылданады.Онда зиянкестермен,аурулармен күресу үшін улы химикаттармен өңдеудің орнына сол зиянкестердің табиғаттағы жауларын, яғни жыртқыш насекомдардың,зиянды бақашық,трипсілерді,вирус, бактерия және саңырауқұлақтарды қолдануды арттыру керектігі айтылған.Өйткені күрес шараларын ұйымдастырған кезде белгілі бір жағдайларда зиянды организмдердің өсіп өніп көбеюін шаруашылық тұрғысынан елеусіз дәрежеде ұзақ уақыт реттеп тұратын оның табиғи жауларының тиімділігін есте сақтау керек.Химиялық тәсілдің пайдасынан зияндылығы артығырақ болады.Өйткені улы химикаттардан кейін өсімдік бойында улы таксинді қалдықтар қалады, олар адам организмін улайды,сонымен қатар қоршаған ортаны да ластайды.Сондықтан да химиялық тәсілдә біз тек ерекше жағдайларда,зиянкестер жаппай көбейіп кеткенде ғана қолданып, ал қалған кезде экологиялық жағынан таза биологиялық тәсілді қолданамыз.

Осы жағдайларды ескере отырып, біз бұл курстық жұмыста Алматы облысының Көксу ауданында өсірілген қызанақ дақылының зиянкестеріне қарсы қолданылған биологиялық тәсілдің тиімділігін көрсеттік.Ондағы мақсат егістіктен мол әрә экологиялық тұрғысынан таза қызанақтың өнімін алу.Сонымен қатар курстық жұмыста қызынақты дұрыс өсіріп баптау технологиясы көрсетілген және қандай препараттарды қолдану ең тиімді екені де көрсетілген.

Қазіргі кезде республикамыз Дүние жүзілік сауда ұйымына ену үшін оның басты талаптарының бірі орындалуы қажет,яғни еліміздің тамақ өнімдері экологиялық жағынан таза,адам организміне зиян келтірмеу керек.Сондықтан елімізде осы бағыттағы жұмыстарды өркендету керек.

Наши рекомендации