Альбедо туралы түсінік
Альбедо (көне лат. albedo — ақ) — дене бетінің өзіне түскен электр магниттік сәуле не бөлшектер ағынын шағылыстыру қасиетін сипаттайтын шама. Ол дене бетінен шағылған ағынның оның бетіне түскен ағынға қатынасы арқылы анықталады. Альбедо — Күн жүйесіндегі планеталардың т.б. денелердің маңызды сипаттамасын білдіретін шама.[1]
Альбедо (лат. аіЬесіо — аппақтық) — қандай да бір дененің немесе беттің шағылдыру қабілетін сипаттайтын шама. Беттің немесе дененің шағылған радиациялық ағынының түсетін радиация ағынына қатынасымен анықталады;
Альбедоның мәні: ылғал топырақ — 5—10%, орман — 5—20%, шөп жамылгысы — 20—25%, жаңа жауған қар - 70—90%. Альбедометрмен өлшенеді.
13 билет
1)1.Атмосфера[1] — жердің ауа қабығы. Атмосфераның төменгі шекарасы жер беті болып табылады. Оның төменгі қабаты азот, оттегі мен сирек кездесетін көміртегінен, аргоннан, сутегіден, гелийден тағы басқа газдардан тұрады. Бұған су буы да араласады. Атмосфера түсінің көк болып келуі газ молекулаларының жарық сәуле шашуына байланысты. Жоғарылаған сайын атмосфера бірте-бірте сирей береді, қысымы төмендеп, оның құрылысы да өзгереді. 12 км биіктікке дейінгі атмосфераның төменгі қабатын тропосфера деп атайды. Тропосферада бұлт, жауын-шашын,жел және тағы басқа құбылыстар орын алып отырады. Тропосферадан жоғары 75 км биіктікке дейінгі қабат стратосфера деп аталады. Бұдан жоғары ионосфера қабаты орналасады.
2) Осмостық қысымды түсіндіру үшін алдымен ерітінділердегі диффузияны қарастырайық. Мысалы, көк түсті мыс сульфатынын бетіне жайлап айдалған су қоссақ, су молекулалары төменгі қабатқа, ал мыс сульфатының молекулалары жоғары қабатқа өтіп, бүкіл көлемде ерітіндінің қоюлығы (концентрациясы) теңескенге дейін диффузия құбылысы жүреді. Әрине бүл құбылыс еріген зат молекулаларының жылулық қозғалысының нәтижесінде энтропиялық фактордың әсерінен өздігінен жүреді.Ерітіндінің барлық жерінде химиялық потенциялы теңескенге дейін яғни ерітінді көлемінде олардың құрамдас бөліктерінің бірдей болып таралуына дейін құрамдас бөліктер химиялық потенциал көп жерден аз жеріне қарай диффузияланады.
Енді жүйенің бір бөлігі екінші бөлігінен жартылай өткізгіш мембрана арқылы бөлінетін жағдайды , қарастырайық. Жартылай өткізгіш мембранаданерітіндінің бір құрамдас бөлігі өте алады (мысалы, су), ал екінші бір құрамдас бөлігі (мысалы, еріген зат) өтпейтін болғандықтан, бір бағытта жүретін яғни еріткіштіңерітіндіге қарай жүретін диффузияны байқауға болады. Міне осы бір бағытты диффузияны осмос деп, ал оны болдыратын мембрананың бірлік ауданына түсетін күштіосмос қысымы деп атайды.
3) Мемлекеттік табиғи қорық қоры - қоршаған ортаның табиғи эталондар, реликтілері, ғылыми зерттеулерге, ағарту білім беру ісіне, туризмге және рекреацияға арналған нысандары ретінде экологиялык, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды, мемлекеттік қорғауға алынған аумақтарының жиынтығы. Қорықтардың басты мақсаты - табиғи ландшафтыларэталонын мұндағы тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен коса сақтау, табиғат кешендерінің табиғи даму заңдылықтарын анықтау. Соңғысы адамның шаруашылық әрекетінен табиғатта болатын өзгерістерді болжау үшін аса қажет. Қазақстан қорықтар саны жөнінен ТМД-ға кіретін республикалар арасында 16-шы орын алады. Дегенмен, республика жерінің көлеміне шақканда корықтар үлесі жөнінен 13-ші орында. Бұл Қазақстан секілді ұлан-байтақ республика үшін қорықтар көлемінің әлі де болса аз екендігін көрсетеді. Қазіргі кезде нақты 10 қорық жұмыс істейді. Бұлар, әрине, Қазақстан табиғатының алуан түрлі табиғат жағдайларын толық көрсету үшін жеткіліксіз. Сондықтан болашақта ғалымдардың, табиғатты қорғау коғамы өкілд рінің ұсынуымен тағы 15 қорық ұйымдастырылмақшы.
14 билет
1) Өтпелі кезеңдегі халық санының өзгеру сипатына қарай 4 сатыны бөліп көрсетуге болады.
Бірінші сатысы кезінде өлім мен туылу күрт төмендейді, бірақ өлім коэффициентінің төмендеуі туу коэффициентінің төмендеуінен алда болады.Сондықтан, халықтың өсімі артады. Мұндай жағдай көптеген дамушы елдерде қалыптасып отыр, ал дамыған елдер бұл кезеңнен ХХ ғасырдың ортасында өтіп кетті.
Екінші сатысында өлім минимумға жетеді де, одан төмендемейді, бірақ туылу төмендей береді. Сондықтан, халық өсімі баяулайды.
Үшінші сатысында халықтың қартаюына байланысты өлім коэффициенті артады, сонымен қатар туылудың төмендеуі баяулайды. Үшінші сатының соңына қарай туу коэффициенті бұл деңгейден төмен болып қалады, себебі халықтың жастық құрамы әлі де тұрақты емес. Экономикалық жағынан дамыған елдер өтпелі кезеңнің осы сатысына жақын.
Төртінші сатысында өлім коэффициенті арта отырып, туу коэффициентіне жақындайды да, демографиялық тұрақтану аяқталады.
2) Планктон(гр. plаnktos— кезбе) — теңіздің, су айдындарының әр түрлі тереңдігінде мекендейтін және суда қалқып тіршілік ететін, су ағынына төтеп бере алмайтын организмдер жиынтығы. Тұщы су планктоны — көл планктоны (лимнопланктон) және өзен планктоны (потамопланктон) деп ажыратылады. Тұщы су зоопланктонында ескекаяқты және бұтақмұртты шаяндар мен коловреткалар көп болады. Теңіз зоопланктонында негізінен шаянтәрізділер, қарапайымдар, ішекқуыстылар, моллюскалар, т.б. омыртқасыздар басым келеді. Фитопланктон фотосинтез процесі жақсы жүретін судың жоғары қабатын, негізінде 50 — 100 м тереңдікті мекендейді. Ал бактериялар және зоопланктондар судың барлық қабатында кездеседі. Теңіз фитопланктоны диатомдық балдырлардан, талшықтылардан; ал тұщы суда диатомдық, көк-жасыл, жасыл балдырлардың кейбір түрлерінен тұрады. Фитопланктон — судағы гетероторфты жануарлар мен бактериялар қоректенетін негізгі продуцентті органикалық зат. Бұлардың су айдындарында көп болуы — су қабаттарындағы биогенді заттарға (фосфат, азотты қосылыстар, т.б.) байланысты. Судағы планктон мөлшері олармен қоректенетін жануарлар, су ағысы, жыл мерзімі, т.б. көптеген жағдайларға байланысты бірнеше км-ден бірнеше м-ге дейін өзгеріп отырады. Планктон шектен тыс көбейіп кетсе, су көк түске боялады, кейде улы заттар да түзіледі. Көптеген планктон жануарлар тұрақты түрде қоныс аударады (миграция), соның нәтижесінде судың беткі қабатындағы қоректік заттар су түбіне ауысады. Кейбір планктонды организмдер су айдындарының ластануының индикаторы болып есептеледі. Араларында кәсіптік маңызы бар түрлері де жеткілікті. Мысалы, креветкалар,мизидтер, крильдер (эвфаузиидті шаян), т.б.
3) Биоценоз – табиғи жағдайлары бірегей жерлерде тіршілік ететін және бір - біріне әсер ететін ӛсімдіктердің, жануарлардың, микроорганизмдердің жиынтығы. Биоценоз ҧғымын алғаш ҧсынған неміс зоологы К.Мебиус (1877ж.), латын тілінен аударғанда «биос»- ӛмір, тіршілік, «ценоз»- жалпы деген мағынаны білдіреді. Биоценоз қҧрамындағы организмдердің бір-бірімен қарым-қатынасын биоценологиялық тҧрғыда қарастыру қажет. Кез-келген биоценоз абиотикалық параметрлердің айқын ҥйлесімімен сипатталатын бейорганикалық субстратта дамиды. Яғни, биотоп- организмдердің тіршілік ортасы. Биоценоз бен биотоп бірігіп жоғарғы рангідегі макрожҥйе – биогеоценозды қҧрайды. Алғаш бҧл терминді ғылымға орыс ғалымы В.Н Сукачев (1942) енгізген. Сонымен биогеоценоздегеніміз биоценоз+ биотоптың (экотоп) динамикалық бірлестігі. Сукачев бойынша биогеоценоздың қҧрылымы 2 блоктан: биоценоз және биотоп, 6 звенодан тҧрады: зооценоз – жануарлар популяциясы, фитоценоз- ӛсімдіктер популяциясы, микроценоз- микроорганизмдер, гидротоп- су ортасы, климатоп- қҧрлық-әуе ортасы және эдафотоп- топырақ тіршілік ортасы.
15 билет
15 билет
1.Биотикалық фактор дегеніміз не ?
15 билет
1.Биотикалық фактор дегеніміз не ?
Биотикалык факторлар – бир организм тонирегиндеги баска организмдердин тиршилик арекеттеринин тигизетин асерлеринин жиынтыгы. Ол асерлер алуан турли сипатта болады. Бир организм екинши бир организмге корек, тиршилик ортасы болады. Ар турге жататын организдер бир-бирине озара асерин тигизеди. Мысалы, осимдиктер жануарларга кажетти оттегин болип шыгарса, жануарлар атмосферага комиркышкыл газын шыгарады. Бул газды фотосинтез аркылы осимдиктер пайдаланады.
2.Мезоклимат
Мезоклимат – бұл орманның , егіс даласының , шалғындық және тау беткейлерінің жергілікті климаты. Ол макроклиматқа барлық уақытта сәйкес бола бермейді. Орманда күндіз даламен салыстырғанда әрдайыи салқындау және ылғалдырақ.