Шығыс Қазақстан облысының ауыз су мәселесі және оның шешілу деңгейі.
Оралханов А.М.
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті
Шығыс Қазақстан облысының ауыз су мәселесі және оның шешілу деңгейі.
Шығыс Қазақстан облысы - Қазақстан Республикасының солтүстік-шығысындағы әкімшілік-аумақтық бөлігі. 1932 жылы 10 наурызда құрылған. Шығыс Қазақстан Алтайдың оңтүстік-батыс бөлігін, Зайсан қазан шұңқырын, Қалба таулы қыратын, Cауыр-Тарбағатай жоталарын, Ертіс маңы жазығын және Қазақтың ұсақ шоқысының шығыс бөлігін басып жатыр. Облыстың, әсіресе Кенді Алтай өңірі жер беті суларына бай. Олар Ертіс өзені мен Балқаш–Алакөл алаптарына жатады және негізінен өзендерден тұрады. Дегенменде ШҚО ауыз сумен қамтылу деңгейі ең төмен өңірлер қатарына жатады.
Таза және қауіпсіз ауыз суға деген мүмкіншілік адамның негізгі сұраныстарының бірі. Есептеулер бойынша дамушы елдерде шамамен 1 млрд. адам ауыз суға толық жете алмай отыр. Жалпы адамзаттың 20% таза ауыз суға тапшы болып отыр. Су жетіспей отырған елдерге Солтүстік Африка, Таяу Шығыс, Азия мемлекеттері жатады. Су мен су ресурстарының жетіспеуі көптеген Оңтүстік Африка елдерінің дамуында да тежеуші факторлардың бірі болып тұр. Өте үлкен мөлшерде суды Еуропа елдері қолдануда.
Адамның денсаулығы судың тазалығы мен оның санитарлық жағдайларды жақсартудағы ролімен тікелей байланысты. Адамның санасының өсуінің нәтижесінде судың жетіспеуі су дағдарысына алып келуде.
Қазіргі уақытта шамамен 2 млрд. адам канализациясы бар жағдайға қол жеткізе алмай отыр, 5 млн. адам, оның ішінде 2-3 млн. балалар, жыл сайын таза судың жетіспеуіне байланысты әр түрлі аурулардан өлуде.[1,30]
Қаладағы су құбырларынан басқа сулар табиғи ресурстарға жатады және қоғамдық меншікке қарайды. Су ресурстарын қолдану, оны ары қарай дамыту мен оны қолдануға бақылау жасау тек ұлттық мүдде тұрғысынан ғана емес, халықаралық бірлестік дамытуды талап етеді.
Еліміз бойынша халықты таза ауыз сумен қамту деңгейі 72% болса, біздің Шығыс Қазақстан облыстағы бұл көрсеткіш 82% болып отыр. Дейтұрғанмен, табиғи әлеуетімізді ескере келсек, бұл көрсеткішті қанағат етуге болмайтыны түсінікті.
Жыл сайын әр түрлі өнімдермен ластанған және арнайы тазартусыз пайдалануға келмейтін су объектілерінің саны көбейіп келеді. Су қоймаларының ластануы су экожүйесінің құлдырауына әкеліп, табиғи судың сапасын қалпына келтіретін гидробионтардың тіршілік жағдайын қиындатады. Көп жағдайларда табиғи су объектілерінен алынған судың тек бір бөлігі ғана қайтадан су экожүйесіне қайтып оралады, ал көп бөлігі далаға кетеді және буланып ұшып кетеді. Таза суды өте көп қолданушылар мен ластаушылар қатарына ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптік өндіріс орындары жатады. [5,120]
Облыста ауыз сумен қамтылу деңгейі ең төмен өңірлер қатарына Көкпекті, Бесқарағай, Ұлан, Күршім, Бородулиха және Тарбағатай аудандары енеді. Осы аудандарды ауызсумен қамтамасыз ету мақсатында Үкімет тарапынан бөлінген қаражаттар тиімді пайдаланылмай отыр. Мысалы: Тарбағатай мен Аягөз аудандарында ауызсумен қамту жобасына 160 миллоннан астам қаржы бөлінген. Алайда судың сапасы нашар болып шыққан. Сонымен қоса Ұлан аудандағы Новоазово, Шымқора, Шемонайха ауданындағы Первомайка, Бородулиха ауданындағы Белағаш, Глубокое ауданындағы Белоусовка елді мекеніндегі сумен қамту бойынша жобалар ұзаққа созылып кеткен екен. Ал Риддер қаласындағы су тарту құрылысының жүргізіліп жатқанына он жылдан астам уақыт өткен. Бағдарлама аясында жасалған барлық жобалар өз уақытында бітуге тиіс. Ал уақыты тым ұзаққа созылып кеткен объектілер бойынша құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып жұмыс істеу керек. Құрылыс барысында жасалған қателіктер үшін құрылыс иелері жауап беру керек.
Бородулиха ауданында 9 мыңға тарта тұрғын судан таршылық көріп отыр. Мәселен, ауылдарды таза сумен қамтамасыз ететін құбырлар 2002 жылдан бері арзан бағамен жеке меншікке берілген. Су сататын серіктестік қазір ауыз суды тұрғындарға кестемен беріп отыр. Шыжыған жазда, ауыл тұрғындары суды қолдан қазылған құдықтардан алуға мәжбүр.Бородулиха ауданындағы 27 елді мекенге су бір су тарату қондырғысынан тарайды. Бұл мекемені 2002 жылы су ресурстары комитетінен «Сарноғай» серіктестігі сатып алыпты. Кәсіпорын басшысы Ресей азаматы бұл мәселеге бас қатырып отырған жоқ.
Мұндай жағдай Күршім ауданыңда орын алып отыр. Күршім ауданы обылысымыздың шығыс бөлігінде орналасқан ірі аудандарының бірі. Күршім ауданының Теректі, Қалжыр, Құйған аудандарында ауыз су ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Ауыл тұрғындары ауыз суды көрші елді мекндерден сатып алып отыр. Қазіргі кезде бұл мәселені шешу жолдары енді қолға алынып жатыр. 2011-2015 жылдары Күршім, Теректі, Боран, Қалжыр, Барақ батыр, Маралды, Сары өлең, Тасқайың, Ұранжай және Бурабай ауылдарында 10 су құбыры салу жоспарланған. 2014 жылдан бастап Теректі ауылында геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Ал Қалжырда бұл жұмыс 2011-2012 жылы бітіп, өткен жылы жергілікті бюжеттен жобалау-сметалық құжатарын жасауға қаражат бөлінді. Мемілекеттік сараптаудың оң шешімі шыққан соң сумен қамту жобасының құрылысы басталады. Боранды ауылында құбыр жұмыстарының құрылысы басталып кетті. Ал Құйған ауылында геологиялық барлау жұмыстары келесі жылға жоспарланып отыр. Бірақ бұл жұмыстар нақты қашан, қаншалықты дәрежеде бітетіндігі белгісіз. Жоба өз уақытында, өз дәрежесінде бітсе бұл аудан толығымен ауыз сумен қамтылады.
Көкпекті ауданыны Шығыс Қазақстан обылысының орталық бөлігінде орналасқан. Бұл ауданның бірнеше ауылдары ауыз су мәселесінен зардап шегіп отыр. Шұғылбай, Теректі, Бөкен, Өрнекті ауылдарында ауыз су өзекті мәселеге айналып отыр. Қазіргі кезде бұл мәселені шешу жолдары қолға алына бастады. Теректі ауылында геологиялық барлау жұмыстары 2014жылға жоспарланған болатын. Бірақ бұл жоспар әлі қолға алына қойған жоқ. Ауыл тұрғындары ауыз суды құдықтардан ішіп отыр, бірақ құдық суы жаз мезгілдерінде күн ысып кетуіне байланысты тартылып қалады. Бұл кезеңдерде ауыл тұрғындары суды аудан орталығынан сатып алады. Ал Шұғылбай ауылында 2013 жылы басталған геологиялық барлау жұмыстары аяқсыз қалған. Себебі жер асты сулары өте тереңде орналасқандықтан, табыла қоймады. Қазіргі кезде бұл жоба жалғасын таппай отыр. Ауыл тұрғындары суды қыс мезгілінде өзеннен,ал жаз айларында құдықтың суын ішуге мәжбүр. Бұл ауылда құдық суы ішуге жарамсыз деуге болады себебі, су ішінде зиянды заттар мен қоса құрт бар. Ауыл тұрғындары суды қайнатып қана іше алады.Суды сатып алып ішіп отыған тұрғындарды бар. Ал Қойтас ауылында жағдай тіптен мүшкіл. Ауылда ішуге жарамды су көзі жоқ. Ауыл өзені иельменит кен орыны салдарынан ластанып отыр. Ауыл тұрғындары суды құдықтардан алып отыр.
Тарбағатай ауданы Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында орналасқан. Бұл ауданның Қызыл кесік, Сәтпаев, Көкжыра, Екпін ауылдарыңда ауыз су мәселесі әлі шешілмей отыр. Қызыл кесік ауылында 2011 жылы басталған геологиялық барлау жұмыстары, жер асты өте тереңде орналасуына байланысты жалғасын таппады. Ауыл тұрғындары қыста суды өзеннен, жазда қолдан қазылған құдықтардан алады. Құдықтардың таяз болуына байланысты суының тұздылығы жоғары болып табылады. Ал Сәтпаев ауылы көршілес ауылдармен салыстырғанда 2 шақырым биіктікте қыратты жерде орналасқандықтан жер асты сулары өте терең. Бұл ауылға жақын ешқандай өзен,көл орналаспағандықтан ауыл тұрғындары ауыз су тапшылығынан зиян шегуде. Ауылға ауыз су тарту мәселелері әлі қолға алынған жоқ. Сәтпаев ауылына көршілес орналасқан Көкжыра ауылында 2011 жылы басталған құбыр жұмыстарының құрылысы әлі аяқталған жоқ. Осы күнге дейін ауыз су мәселесі шешімін таппай отыр. [2,183]
Ал Зырян ауданыңдағы Феклистовка ауылының тұрғындары тот басқан ескі құбырдан су ішіп отыр. Феклистовкада орталықтандырылған сумен қамту жүйесі жоқ.Тұрғындар ауыз суды бастаудан және тот басқан ескі құбырдан алады, ал қазаннан сәуірге дейін қыс айларында аптасына үш рет бөшке тіркелген трактордан алады. Қолайсыз ауа рай кезінде су тасу тіптен қиындық тудырады. Құдық қазып алу үшінде жер асты өте тереңде жатыр. Шамамен 70 метрден артық тереңдікте орналасқан. Амалсыз ауыл тұрғындары тот басқан құбырдағы суді ішуге мәжбүр.Тозған құбырларды қалпына келтіру үлкен қаражатты талап етеді. Өйткенше жаңадан ұңғыма қазу тиімдірек көрінеді. Сол себептті республикалық «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша мәселені шешіу тиімдірек. Ол үшін шамаман 8-9 млн теңге ақша керек.
Қазіргі кезде халықтың өсуіне байланысты және оның ірі қалаларына шоғырлануы, сондай-ақ өндіріс орындарының сонда жинақталуынан суға деген сұраныс күрт өсіп кетті және өндірістік ағынды сулардың көлемі де көбейді. Көптеген өндіріс мекемелері осы ағынды суларды су құбырларымен өзендерге жіберіп, оларды ластайды. Осының салдарынан өзендер мен көлдердің тым ластанып кеткендігі соншалық оларды ішу және жұмыстық қажетке пайдалану былай тұрсын, өндіріс мақсаты үшін де пайдалану қиынға соғуда. Сонымен қатар мұндай лас суларды пайдалану тұрғындардың денсаулығына да зиянды әсерін тигізуде. Жер үстіндегі сулардың ластануы, әсіресе, ірі қалалар мен өндіріс кешендерінде санитарлық нормадан әлдеқайда артық екендігі анықталып отыр. Мәселен, Орал, Тобыл, Есіл өзендері ағынды лас суларды көп жинайтын болғандықтан қазір қатты ластанып отыр. Сол сияқты Ертіс бассейні де экологиялық жағынан таза емес. Судың құрамында ауыр металдардың (цинк, кадмий, мышьяк, фенол және басқалары) иондары көп, олар өзенге негізінен металлургиялық өндірістің ағынды суларымен келеді. [1,48]
Жалпы ауыз сумен қамтамасыз ету бағытында мемлекет тарапынан ауқымды бағдарламалар қабылданып, тұрғындарды тіршілік нәрімен толықтай қамтамасыз ету үшін миллиардтаған қаржы бөлініп те жатыр. Өткен онжылдықтың басында «Ауызсу» бағдарламасы қабылданды, алайда ол соңына жетпей, берекесі кеткен еді. Одан кейін Үкімет 2020 жылға дейін жалғасатын «Ақбұлақ» бағдарламасын қолға алды. «Ақбұлақ» «Ауыз судың» кебін кимес үшін, бөлінген қаржының тиімді пайдаланылуын құзіретті орындар қатаң қадағалай бастады. Дегенмен үкіметтік емес ұйымдар тұрғындардың тұрмысына тікелей байланысты мұндай бағдарламаларға қоғамдық бақылау қажет деген бастама көтеріп отыр.
Ибн Синаның “Ауру көбінесе ішкен астан пайда болады, соның ішінде, әсіресе, ауыз судан болады” деп ескерткеніндей, халық үшін сапалы ауыз суға қолжетімділіктің маңызы зор.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Асқарова Ұ.Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау: жоғары оқу орындарының студент.арналған оқу құралы / Ұ.Б. Асқарова.- Алматы, 2007.- 314 б.
2. Құтжанова А.Н. Экологиялық мониторинг негіздері: оқу құралы /А.Н. Құтжанова; ред. А.И.Досмағанбетов.- Түркістан, 2008.- 106б.
3. Сартаева Р.С. Экология человека, новая онтология и устойчивое развитие Казахстана. Монография / Р.С. Сартаева; под общ. ред. З.К.Шаукеновой.- Алматы: ИФПР КН МОН РК, 2012.- 207 с.
4. Үсен Қ. Геоэкология.ҚР Білім және ғылым министрлігі.- Алматы: Дәуір, 2012.- 368 б.
5. Чекаев А.Г. Табиғи суларды тазарту: учебное пособие / А.Г. Чекаев, М.Г. Чекаев.- Астана: Л.Н Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, 2006.- 143 б.