Арапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Зд

Тәрбиеші күнтізбесі

Ай және тоқсан бойынша оқу күні және апта саны

IX X XI XII I II III IV V БАРЛЫҒЫ
Жыл бойы
1-тоқсан 2-тоқсан 3-тоқсан 4-тоқсан
Апта 32

ДЕМАЛЫСТАР

Згі 31.10-06.11

Ысқы 26.12-08.01

Көктемгі 21.03.-04.04

Осымша 01.02-07.02

МҰҒАЛІМ ЖҮКТЕМЕСІ

Пән   Сынып 0 «а»             Сынып тағы сағат саны  
Сағат саны
Сөйлеуді дамыту          
Сауат ашу негіздері 1,5          
Қоршаған ортамен таныстыру 0,5          
Экология негіздері 0,5          
Көркем әдебиет 0,5          
Драма 0,5          
Қарапайым математика          
Сурет салу          
Мүсіндеу          
Аппликация          
Музыка          
Дене шынықтыру 2,5          
Қауіпсіз мінез-құлық негіздері 0,5          
Құрастыру 0,5          
Өзін – өзі тану          
Ертегілер еліне саяхат          
Шешендікке баулу          
Шахмат ойыны          
Бейнелеу өнеріне баулу          
Жаратылыстану          
               
               
               
           
Жалпы сағат саны: 704

Йымдастырылған оқу қызмет кестесі

І – ші жарты жылдық

Саб№ ҮЗІЛІС ТЕР Дүйсенбі Сейсенбі Сәрсенбі Бейсенбі Жұма
  Сөйлеуді дамыту Қарапайым математика Сауат ашу Сауат ашу Қарапайым математика
  Сурет салу Орыс тілі Музыка Музыка Қауіпсіз мін.құл.негіздері\Дене шынықтыру
  Қоршаған орта\ Экология негіздері Аппликация Жараты лыстану Дене шынықтыру Ағылшын
  Дене шынықты ру Көркем әдебиет\ Драма Құрасты ру Өзін – өзі тану Мүсіндеу
  Шешендік ке баулу Ертегілер елінде Шахмат ойыны Бейнелеу өнері  
           
           

ІІ – ші жарты жылдық

Саб№ ҮЗІЛІС ТЕР Дүйсенбі Сейсенбі Сәрсенбі Бейсенбі Жұма
  Сөйлеуді дамыту Қарапайым математика Сауат ашу Өзін - өзі тану Қарапайым математика
  Сурет салу Көркем әдебиет\ Драма Музыка Музыка Қауіпсіз мін.құл.негіздері\Дене шынықтыру
  Қоршаған орта\ Экология негіздері Аппликация Жараты лыстану Дене шынықтыру Ағылшын
  Дене шынықты ру Орыс тілі Құрасты ру Бейнелеу өнері Мүсіндеу
  Шешендік ке баулу Ертегілер елінде Шахмат ойыны    
           
           

Сауат ашу негіздері

Мектептегі оқыту үрдісі сауат ашудан басталатыны белгілі, сондықтан балаға ана тілін оқытып, үйретуде алатын орны да ерекше. Сауат ашудың негізгі міндеті, балаға хат таныту, яғни балаға оқу мен жазуды үйрету. Сауат ашу барысында балалардың тілі мен ой-өрісін жетілдіруге баса назар аударылады. Жас ұрпаққа тиісінше жалпы білім негіздерін меңгертіп, адамгершілік, патриоттық тәрбие беру негізі қаланады. Сауат ашу мен тәрбие қатар жүргізіліп, баланың сана-сезімі жетілдіріледі, Сауат ашудың негізгі мақсаты – болашақ ұрпаққа терең білім мен өнегелі тәрбие беру, сол арқылы оларды өмірге,өз Отанын, ел-жұртын құрметтейтіндей сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Сөйлеуді дамыту

Балалардың сөйлеуін дамыту жұмыстарының негізгі мазмұны – сөздің жалпы ұғым беретін жағын меңгертуге көңіл бөліп, ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін жеткізетін, қоршаған орта мен айналасындағы адамдармен еркін қарым - қатынасқа түсу, сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру, өздігінен қорытынды жасап, талдай білу дағдыларын жетілдіру, лексикасында бар сөздерді қажетіне қарай қолдана білуге үйрету, әсіресе, сан есім, етістік синоним сөз тудыру тәсілдеріне жаттықтыру, белсенді сөздік қорларын жетілдіру.

Көркем әдебиет

Көркем әдебиетке балалардың қызығушылығын арттырып, кейіпкерлермен бірге қуанып, қайғыру, жақын адамдардың көңіл – күйін бақылауға үйрету. Адамгершілік сезім – қайырымдылық қасиет, әділетсіздікке қарсы тұру қабілеттерін ояту. Халық ауыз әдебиеті туралы, түрлерімен, шағын көлемдегі фольклорлық шығармалармен таныстыру, сөйлеу тіліне үйрету, қиял, есте сақтау, шығармашылық қабілет дамыту, ойдан әңгіме, ертегі құрастыруға үйрету.

Оршаған ортамен таныстыру

Айналамен таныстыру және экологиялық тәрбие туралы ұғымдарды қалыптастыруда баланың тірі және өлі табиғат, табиғат құбылыстары туралы мағлұматы, өсімдіктер, жануарлар дүниесімен адамдар арасындағы байланыс, халық болжандары, тиым сөздердің мазмұнын түсіне білу қалыптастырылады.

Мектепалды даярлық сыныбы мен топтарда жүргізілетін айналамен танысу және экологиялық тәрбие жұмыстарының негізгі мақсаты – ұлттық әдет – ғұрып, салт – дәстүр мұраларын сіңіру, табиғатқа жанашыр, рухани жан дүниесі бай ұрпақ тәрбиелеу.

Экология негіздері

Айналамен таныстыру және экологиялық тәрбие туралы ұғымдарды қалыптастыруда баланың тірі және өлі табиғат, табиғат құбылыстары туралы мағлұматы, өсімдіктер, жануарлар дүниесімен адамдар арасындағы байланыс, халық болжандары, тиым сөздердің мазмұнын түсіне білу қалыптастырылады.

Мектепалды даярлық сыныбы мен топтарда жүргізілетін айналамен танысу және экологиялық тәрбие жұмыстарының негізгі мақсаты – ұлттық әдет – ғұрып, салт – дәстүр мұраларын сіңіру, табиғатқа жанашыр, рухани жан дүниесі бай ұрпақ тәрбиелеу.

арапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Мектепалды даярлыққа келген бала математикалық қарапайым түсініктермен, ұғымдармен танысады. Оқулық дәптердің әрбір бетіндегі материалда жаңа ұғыммен қатар сол ұғымды саналы игеріп, меңгеруіне лайықты жаттығулар, өздігінен орындайтын тапсырмалар, практикалық жұмыстар, логикалық ойын дамытатын, шығармашылық қабілеттерін оятатын, пәнге қызығушылығын арттыратын жаттығулар жүйелі алма-кезек, әртүрлі деңгейде беріледі. Оқулық дәптердің құрылымы мен мазмұны баланың үздіксіз дамуын, дүниетанымын кеңейту, жеке жас ерекшеліктерін ескеру, ойлау жүйесін дұрыс қалыптастыру мақсатында интеграциялық кешенді оқытудың ұстанымына сүйенеді.

Баланың ой, қиялының дамыуына, ойлау қабілетінің жетілуіне үздіксіз әсер етеді.

Музыка

Музыакалық өнер құрамы ретінде орасан зор тәрбиелік мүмкіндігі бар. Музыканың көркем бейнесі балаларды қоршаған ортада болып жатқан түрлі құбылыстардың шын бейнесін ашуда жаңаша ойлау өрісін байытып,өмірлік тәжірибесін кеңейтеді.

Музыкалық тәрбие берудегі басты мақсат – музыка өнері арқылы рухани бай, шығармашылығы мол, халық өнерін өмірдің бейнесі ретінде түсініп, оны сүйе білетін, халқымыздың әдет – ғұрыптарын, салт – дәстүрін қастерлейтін, классикалық музыканы және басқа халықтардың өнерін құрмет тұтатын жеке тұлға тәрбиелеу.

Валеология негіздері

Валеология –дені сау адамдардың саулыңын одан ары сақтауға арналған. «Денсаулық» әлемінің өмір заңдары бізге күш беріп, денсаулығымыздың мықты болып өсуіне көмектесетіндігі, «қауіпсіздік» мектебі және табиғат құпияларымен таныстырамыз. Валеологияның басты мақсаты - балаларға күн, су, ауа арқылы денсаулықтың мықты болып өсуін түсіндіру, салауатты өмір есігін сиқырлы кілтімен ашу мүмкіндігін түсіндіру арқылы, әр бала өз денсаулығына кішкентай кезінен мән бере алуға тәрбиелеу.

Сурет салу

Бейнелеу өнері пәнінің негізгі мақсаты – сурет салып үйренуге балалардың сауатын ашу, шығармашылық қабілетін дамыту, эстетикалық талғамын арттыру.

Жас бүлдіршіндерге бейнелеу өнерін оқыту үрдісінде эстетикалық тәрбие мен көркем бейне беру және ұлттық өнерді оқыту ерекшеліктерінің ескерілуі аса маңызды мәселе. Бейнелеу өнері пәнін оқыту мынандай мақсаттарды көздейді:

- балалардың көру, сезіну, қабылдау, түсіну қабілеттерін қалыптастыру және әсемдікті өздері жасай алатындай болуға баулу;

- бейнелеу өнерінің түрлері жайлы қысқаша мағлұмат беру;

- балалардың сурет салуға икемділік дағдыларын қалыптастыру;

- сурет салудың әдіс – тәсілдерін меңгерту;

Мүсіндеу

Балаларды мүсіндеуге қажетті заттармен (ермексаз, балшық) таныстыру. Таныс заттарды ермексазбен, балшықпен жасауда, мүсіндеуде алақан арасына салып дөңгелтіп, ұзартып жұмыс жасау тәсілдерін үйрету. Материалды ұқыпты пайдалана білуге дағдыландыру. Таныс заттарды бірыңғай мазмұнына біріктіре отырып, қарапайым құрылым (композиция) жасау, мүсіндеу тәсілдерін меңгерту. Саз балшықтан жұмыс жасауға саусақтарының, қолдың, иықтың бұлшық еттерін жетілдіре отырып, қимыл-қозғалыс үйлесімдігін дамыту.

Жапсыру

Әртүрлі материалдардан (қағаз, мата, табиғи заттар) жасалатын заттардың пішіндерімен таныстыру. Жапсыруға үйретуде алған ісерлік дағдылырды жетілдіре отырып, желімдеудің әдіс-тәсілдерін меңгерту. Қайшыны дұрыс ұстауға және жұмыс істеуге дағдыландыру. Әртүрлі жолақтарды көлденеңінен қию, төрбұрышты және басқа геометриялық пішіндерді ою, құрауға, оларды үйлесімді етіп жапсыруға, желімдеуге үйрету.

Растыру

Құрастыру термині – әртүрлі заттардағы бөлшектерді белгілі бір жағдайға келтіріп құрау деген мағынаны білдіреді. Балалардың құрастыру жұмыстары – құрылыс материалдарынан әртүрлі құрылыстар салу, конструктармен «лего» құрастырғыштарымен құрау, табиғат байлығы, табиғи заттар: құм, саздан құрылыс жасаумен айналасу болып табылады.

Құрастыруды үйрену арқылы балалардың ойлауы дамиды, іс – әрекет жоспарлай білүге дағдыланады.

Қол еңбегімен айналасу барысында балалар түрлі материалдармен: қағаз, мақта, табиғи материалдар, жіп, ағаштармен жұмыс жасай білуге жаттықтыру көзделеді.

Дене шынықтыру

Дене шынықтыру оқушыларды жан-жақты , аяқ, қол, дене мүшелерінің үйлесімді дамып, жетілуіне, денсаулығын сақтап, нығайтуға көмектеседі. Дене мүсінінің сұлулығын қалыптастырып, қимыл-қозғалыс қабілеттерінің негізін қалап, оларды өмірде белсенді болуға, елін қорғауға дайындау және салауатты өмір салтына тәрбиелейді.

Зін – өзі тану

Жас бүлдіршіндері өзін тануға, өзін бағалауға, өзін құрметтеуге үйрену мақсатында жас ерекшеліктеріне сай алынған ХХІ ғасыр бүлдіршілердің жас кезінен сенімді, өз беттерімен тапсырмаларды орындауы, бағыт-бағдарды түсінуі, сүйіспеншілік сезімінің болуы, өзіне, отбасына, Отанына, достарына деген құрметті сезініп, табиғатты «өз үйім» деп қорғауы, «мен» деген ұғымын ой-санасында дұрыс ұстауы заман талабы.

Алынған тақырыптар баланың тілін дамытуға, көркем сөйлеуге, сөздік қорларын молайтуға көмегі тимек.

«Адам өзін құрметтесе, басқалар оны құрметтейді» деген қағиданы естен шығармауға тәрбиелеу көзделеді.

Ертегі

Ертегі балалардың тілін дамытуда, өз ойларын еркін жеткізе біліп, еркін сөйлеуіне де, ойлау қабілеттерінің дамуында үлкен әсер етеді. Өздігінен ой түйіндеп, шығармашылық қабілеттерін арттыратын іс-әрекетке жетелейді.

Ортаға бейімделуіне, өзін еркін ұстауында да көмегі бар. Балалардың қиялын дамыту, ой-өрісін кеңейту жұмыстары, ертегіні таңдап, әңгімелеу барысында іске асырылады.

ТАЛҒАР АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ «ТАЛҒАР АУДАНЫНЫҢБІЛІМ БӨЛІМІ»

МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ

Наши рекомендации