Табиғи радионуклидтердің қоршаған ортаға әсері.
Табиғи радионуклидтер, күрделі химиялық қосылыстар — пестицидтердің, детергенттер-дің, минерадды тыңайтқыштардың қоршаған ортаға әсері зиянды және қауіптілігі жоғары. Пестицидтердің ішінде ең қауіптісі хлор мен органикалық заттар қосьіндысынан түратын ДДТ, диэлдрин, элдрин, полихлордиофенил сияқты түрлері. Олар, үзақ уақыт бұзылмай, ерімей, шірімей сақталатын болғандықтан, топырақта, суда көп мөлшерде жинақталады. Жыл сайын жер бетінде 100 мың тонна ДДТ өндірілетгінін, адам аяғы бара қоймаған Антарктидада жүрген щнгвиннің бауырынан ДДТ табылғанын ескерсек, жер жүзіне пестицидтердің қалай кең тарағанын түсінуге болады.
Американ әскерлері Вьетнаммен соғысқанда 600 мың гектар жердегі ағаштарды пестицидтер қолданып түгел жойып жібергенін, ал Орта Азия мен Қазақстанда, осы пестицидтер мен минералды тьщайтқыштарды - маққа, күріш, бидай алқаптарында көп қолдану салдарынан кісі өлімі, жас сәбилердің түрлі дертке үшырауы, жарымжан балалардың дүниеге келуі көбейгенін әлі ешкім үмыта қойған жоқ.. Қоршаған ортаның радиоактивті заттармен ластануы. Атом бомбаларын сынау, атом электр станцяларын пайдалану көбейген сайын, радиоактивті калдықгар саны да арта тусуде.
Бір элементтін ауыр ядросы ыдырау нәтижесінде, басқа элементтердің екі жеңіл ядросын түзуі ядролық реащияның негізін құрайды (14-сурет). Екі жеңілдеу ядро қосылып, басқа элементтің бір ауыр ядросын түзуін ядролық синтез деп атайды. Екі жағдайда да, реакция өнімдері массаларының қосындысы бастапкы материалдар массасынан аз. "Жоғалған" масса, А.Эйнштейн ашкан Е=тс қатынасы аркылы аныкгалатын фундаментальды зандылықка сэйкес энергияға айналады. Ядролық реакция кезінде бөлініп шықкан энергия мөлшері орасан үлкен. 1 кг затгың ядроларының лезде ыдыраған немесе қосылған эффектісі атом бомбасының жарылысы шамасындай болады. АЭС-терде жүретін негізгі процесс — басқару арқылы жүргізілетін ыдырату; бүл кезде энергия біртіндеп жылу түрінде бөлініп шығады да, суды буландыруға жүмсалады, ал ол өз кезегінде турбогенераторларды қозғалысқа келтіріп, электр энергиясың алуға мүмкіндік береді.
Радиоактивті сэуле шашатын элементтердщ изотоптары (атом ядроларында протон саны бірдей, нейтрон саны бірдей емес химиялық затгар) радиоактивті изотоп немесе радионуклид Д аталады. Радиоактивті сәулелердің мөлшерін өлшеу үшін Кюри (Ки) қолданылады. Радиоактивті заттан секунтына 3,7*1010 атом немесе минут сайын 2,2 * 1012 атом ажырайтын болса, ол щама 1 кюри болады.
Мысал үшін, 1 грамм радийдің атомдары ыдырауы 1 кюриге тең.
Атом электр станциясында қызмет жасайтындар - 1,75 бэр шамасында, қалған тұрғындар 0,1 бэрден артық сәуле алмауы тиіс. Сонда ғана, АЭС-те жұмыс істейтіндер организмінде, өмір бойы 19-25 бэр, басқа тұрғындар 10 бэр ионды сәуле жинайды. Халықаралық норма бойынша, радиоактивті сэулелермен жұмыс жасайтын мамандар үшін, жылына 5 бэрден, қалған тұргындар үшін 0,5 бэрден аспауы көзделген. Өкінішке орай, кейде денесінде 100 бэрге дейін сэулесі бар науқастар да кездеседі.
Қоршаған ортаның радиоактивті затгармен ластануы, әсіресе осы уақытқа дейін, жарылыс жасайтын полигондардағы радионуклидтер есебінен болып келді. Бір ғана Семей полигонында - 260-тай ауада, 300-ден аса жер астында жарылыстар жасалды.
Бұл өлкеде 1949 жылдан бері сутегі бомбалары, әр түрлі эскери қарулар үшін жарылыс-сынақгар қүпия түрде жүргізіліп келді. Мұнан басқа да -Батыс Қазақстанда, Атырауда, Маңғыстауда, Ақгөбе, Оңтүстік Қазақстан облыстарында үлкенді-кішілі 20-дан аса жарылыстар болды. Тіпті, жер астынан газ сақтайтын қоймалар жасау үшін де жарылыстар жүргізілді. Жергілікті халық, көп уақытқа дейін ешнәрседен бейхабар күйде уланған, сәулеленген ауаны жұтып өмір сүрді. Семей облысының - Қарауыл, Сарыжар, Кайнар елді мекендеріндегі тұрғындардың бойындағы ионды сәулелер мөлшері - 150-ден 200 бэрге дейін жиналғандығы мәлім болды. Осы облыстың 3 ауданындағы, 100 мыңнан астам тұрғындары Радиоактивті сәулелер ауруына шалдығып, көбі өліп, қалғандары жарымжан, мүгедек болып қалды. Қазақ халқының генетикалық қоры осындай зиянкестікке ұшырап, ұрпақгар оның зардабын ондаған жылдар, ғасырлар бойы көретін болып отыр.
Қазақстандағы химия және металлургия салалары бойынша негізгі ірі кэсіпорындар - Өскемен, Лениногорск, Балқаш, Жезқазған, Теміртау, Кдрағанды, Актөбе, Шымкент, Тараз қалаларында орналасқан. Бүл қалалардағы ауаның ластану деңгейі, жүйелі түрде жоғары болу тенденциясы баиқалады жэне негізгі ластағыш заттар қауіптілігі жоғары класқа жатады.
Аэрокосмостық мәліметтер бойынша, аталған кәсіпорындардың әсер ету аймағы, ластану көзінен 60 км қашықтыққа дейін созылуы байқалады және қалалардың көпшілігінде ауыр металдардын мөлшері, зияны жоқ жоғары концентрация (ЗЖЖК) деңгейінен бірнеше есе асып түседі.
Соңғы кездері, қоршаған ортаға тасталатын зиянды қалдықтар мен тастанды заттар мелшері біршама азайдьк ол негізінен, өндіріс қарқьшының төмендеуіне және аздап болса да табиғат қорғау шараларын жүргізуге байланысты.
Химия-металлургия өнеркэсібінің, атмосфераға негізгі зиянды заттарды шығаратын кэсіпорындары қатарына қышқьтдцар өндірісі (күкі, азот, түз, фосфор т.б.), резино-техникалық бүйымдар, фосфор, пластикалық массалар, Чмгатетикалық каучук, минерадды тыңайтқыштар, еріткіштер Хацетон, толуол, фенол, бензол), мүнай крекинп, бояғыш жэне жуғыш заттар өндірісі, глинозем, алюминий, мыс, қорғасын, мырыш өндірісі мен байыту фабрикалары кіреді.
Тасталынатын зиянды қаддықтардың ішінде, химия-металлургиялық заводтардан басқа, азот оксиді мен күкірт диоксиді, көміртек оксиді агрохимия өнеркәсібінің, мазут күлі -микробиология өнеркэсібінің, күкіртсутек, күкірткөміртек — химиялық талшықгар, аммиак - агрохимия, олефиндер -синтетикалық каучук, бензин - шина өнеркәсіптерінің үлесіне тиесілі. Түсті металлургия кәсіпорындарының сульфидті кен мен концентраттарды пирометал-лургиялық жолмен ендеуіне байланысты, қүрамында күкірті бар газдардың орасан зор мөлшері түзіледі. Газдар мен шаң-тозаңдарды тазалау дәрежесінің төмендігіне байланысты, аталған зиянды затгар қоршаған ортаны ластауын жалғастыруда.
Күйдіру, жағу, кептіру пештерінен, агрегаттардан, конверторлардан, қоймалардан, майдалағыш-үгеткіш қондырғылардан, агломерациялық машиналардан бөлінген улы газдар интенсивтілігі жөнінен де, көптүрлілігі жөнінен де аддыңғы қатарда түр. Кәсіпорындардың сарқынды, шайынды сулары минералды заттармен, флотореагентгермен (цианидтер, ксантогенаттар, мүнай өнімдері т.б.), ауыр металдардың түздарымен (қорғасын, мыс, мырышт.б.), сульфаттармен, хлоридтермен, мышьякпен, фтормен, сыналпен, т.б. қаныққан.
Мәселен, шойын мен болат өндірісінде, 1 т. шойын өндіру барысында 4,5 кг тозаң, 2,7 кг 80„ 0,1-0,5 кг Мп жэне мышьяк, сурьма, фосфор, сынап, сиреюкер металдар (редкоземельные металлы) бөлінеді. Мартен әдісімен, шойыннан 1 т. болатты алу кезінде - 3000-4000 м3 газ (тозаң концентрациясы 0.5 г/м3), 60 кг СО жэне 3 кг 8О3 ауаға қосылады. Газ, шаң-тозаң күйіндегі ластаушы заттар, негізінен жер бетінен санағанда 3 км биіктікке дейінгі аралықта жиналады. Төменгі қабаттарда, ауаның жылынып жоғары көтерілуіне байланысты, мөлшері 4-10 мкм аралығында ұсак бөлшектер жан-жаққа тарай бастайды да, ірілері 300-500 метрге көтеріліп, ешқайда жылжымай, ауа салқындаған кезде қайта жерге түседі. Мысалы, Лондоңца 1 км2 жерге, жылына 390 тонна, Нью-Йоркте 300, Париж бен Чикагода — 260, Алматыда — 125 тонна шаң-тозаң түседі.
Түсті металлургая өнеркэсібінде, мүнай өндіру жэне өңдеу салаларында, бейорганикалық, органикалық заттар синтезі және т.б. өндіріс салаларында, атмосфераға қосылатын ластаушы заттар табиғатының алуан түрлілігі 5 -кестеде (Кузнецов Е.И. жэне Троицкий Т.М. мәлімеггері бойынша, 1979 ж.) келтірілген.
Лекция №5