Аллен ережесі туралы түсінік ?
Билет
Абиотикалық факторлар дегеніміз не ?
Абиотикалык факторлар – температура, жарык, ауанын ылгалдылыгы, су, жер бетинин бедери, топырак курамы, т.б. органикалык емес ортанын организмге асер етуi. Абиотикалык факторларга ар турли организм табиги сурыптау натижесинде турлише бейимделеди. Осимдик пен жануарлардын ыстыкка, суыкка, ауанын ылгалдылыгына, кысымына, судын ар турли терендигине, химиялык курамына, агысына карай бейимделуи, кейбир жануарлардын кыскы, жазгы уйкыга жатуы, тиршилигин кешки н/е ертенги уакытта откизуи – осы абиотикалык факторлардын асерине байланысты.
.
2.Шелфордтың толеранттылық заңы ?
Фактордың ең төменгі немесе ең жоғары мәндерінен асып, организмнің тіршілігін тоқтатуы туралы ұғымды ғылымға 1913 жылы американдық зоолог В.Шелфорд енгізді. Бұл максимум заңында немесе толеранттың (төзімділік) заңында көрсетілген. Кейде мүны Шелфорд ережесі деп те атайды: - организмдердің белгілі бір ортада орналасуы немесе тіршілік етуі, организмнің белгілі бір шыдамдылық (толеранттылық, латынша tolerantia - шыдам, төзім) шектері (диапазон) бар кешенді экологиялық факторларына байланысты. Организм тек осы минималды (ең төмен) және максималды (ең жогаргы) мәндердін аралыгында гана өмір сүре алады. Шыдамдылық немесе төзімділік шектерін экологиялық валенттілік деп те атайды. Экологиялық валенттілік - организмдердің орта факторларының белгілі бір шамадағы өзгерісіне төзімділігі, яғни түрлердің қоршаған ортаға бейімделуі. Организм орта жағдайының ауытқуына неғұрлым төзімділік көрсетсе, оның экологиялық валенттілігі де соғұрлым жоғары болады. В.Шелфорд заңының практикалық маңызы зор. Түрлердің тіршілігін сақтау үшін экологиялық факторларға шектен шығып кетуге мүмкіндік бермей оңтайлы белдемде ұстау қажет. Бұл заңдылықты адамның тірі табиғатпен қарым-қатынаста болатын барлық шаруашылық салаларында (өсімдік, мал, орман, т.б.) үстаған өте дұрыс. Оптимум заңын қолдану кейде қиынга түседі, себебі әр фактордың, әр түрдің өзіне ғана тән оңтайлы мөлшері болады. Бір түрге жасалган жақсы жағдай екінші бір түр үшін пессимум болуы немесе тіпті шектен шыгып, өте қиын жағдай тудыруы мүмкін. Мысалы, +20°С-та ыстық жақтың маймылы тоңатын болса, солтүстікте тіршілік ететін түлкі керісінше ыстықтайды. Күріш суда өсетін болса, бидай Бұл жағдайда тіршілігін жояды. Табиғатта оптимум аймақтары бірдей екі түр кездеспейді. Бұл жағдай түрлердің экологиялық жеке қажеттілік ережесін айқындайды. Жеке қажеттілік деп индивидтің (жеке особтын) тіршілік етуіне, дамуына, ұрпағын жалғастыруға қажетгі жағдайларға мүқтаждығы. Егер түрлердің бір факторға тұрақтылықтары бірдей болса, басқа факторға олардың тұрақтылықтары міндетті түрде өзгеше болады.
Бергман ережесі туралы түсінік ?
Бергман ережесі (1877ж ) бойынша түрдің немесе біртекті жақын түрлердің тобында дене мөлшері ірі, жылықанды жануарлар анағұрлым салқын аудандарда таралған. Неғұрлым жануар ірі және денесі шағын болған сайын оған тұрақты температураны ұстап тұру жеңіл. Термодинамика тұрғысынан ағзаның жылуды жоғалтуы оның салмағына емес, бетінің ауданына тура пропорционал болады.
Билет
Биотикалық факторлар дегеніміз не?
Биотикалык факторлар– бир организм тонирегиндеги баска организмдердин тиршилик арекеттеринин тигизетин асерлеринин жиынтыгы. Ол асерлер алуан турли сипатта болады. Бир организм екинши бир организмге корек, тиршилик ортасы болады. Ар турге жататын организдер бир-бирине озара асерин тигизеди. Мысалы, осимдиктер жануарларга кажетти оттегин болип шыгарса, жануарлар атмосферага комиркышкыл газын шыгарады. Бул газды фотосинтез аркылы осимдиктер пайдаланады.
Аллен ережесі туралы түсінік ?
Аллен ережесі (1877 ж) бойынша дене температурасы тұрақты жануарлардың салқын климаттық белдеулерде денесінің шығыңқы бөліктері кішірейеді. Мысалы, экологиялық жағынан бір – біріне жақын мына түрлердің құлақтарының мөлшерін салыстырсақ, тундрада мекендейтін поляр түлкісінің құлағы ең кіші , қоңыржай белдеуде мекендейтін кадімгі түлкінің құлағы орташа, Африка шөлдерінде мекендейтін фенектің құлағы өте үлкен.