Терминологиялық сөздік

II-аралық бақылау сұрақтары

1. Табиғи қорлар жөнінде түсінік

2. Табиғи қорларды жіктеу

3.Отын-энергетикалық қор

4. Минералдық қор

5. Атмосфераның биосферадағы орны

6. Атмосфераның қабаттары

7. Атмосфераның химиялық құрамы

8. Атмосфералық ауаның сапасы

9. Атмосферадағы ластаушы заттардың шектеулі рұқсат концентрациясы(ШРК)

10. Атмосфераның табиғи ластануы

11. Атмосфераның антропогендік ластануы

12. Ластанудың көлеміне байланысты жіктелуі

13. Озон қабаты. Озон бұзушы заттар (ОБЗ)

14. Қышқылдық жауын

15. Парниктік әсер

16. Фотохимиялық смог

17. Гидосфера. Су қорының жалпы сипаттамасы

18. Табиғи сулардың ластану көздері

19. Судың органолептикадық қасиеттері

20. Ауызсуға қойылатын талап

21. Судың сапасы. Физикалық, биологиялық және химиялық көрсеткіштері

22. Судың ластану индексі

23. Суды ішуге жарамды ету үшін жүргізілетін үдерістер

24. Қалдық суларды тазалау әдістері

25. Литосфера. Топырақ қоры

26. Жерүсті экожүйесіндегі топырақтың орны. Топырақтың құрамы

27. Жерлердің жіктелуі

28. Жердің бұзылуы мен ластануы

29. Минералды тыңайтқыштар мен пестицидтерді қолданудың экологиялық мәселелері

30. Қазіргі кезеңнің элеуметтік-экологиялық мәселелері: халық санының өсуі,

қордың жетіспеуі

31. Қазақстанның экологиялық проблемалары

32. Экологиялық мониторинг

33. Тұрақты даму түсінігі, оның негізгі міндеттері

34. Қоғамның тұрақты даму индикаторлары ұғымы

35. Экономикалық индикаторлар

36. Экологиялық индикаторлар

37. Әлеуметтік индикаторлар

38. Биолоиялық әралуандылық индексі

39. Адами даму индексі

40. Қазақстан тұрақты даму жолында: азық-түліктік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, шөлейттенуге қарсы іс-қимылдар

41. Парниктік газдардың шығарылуын төмендету. Озон қабатын қорғау

42. Қазақстандағи адами дамуының көрсеткіштері және олардың динамикасы

43. Адами даму мен тұрақты даму арасындағы байланыс

ГЛОСАРИЙ

Терминологиялық сөздік

Абиотикалық факторлар –тірі ағзаларға тікелей немесе жанама әсерін тигізетін өлі табиғат факторлары (космостық, геофизикалық, климаттық, кеңістіктік және т.с.с.).

Абсорбция –бір затты екінші заттың бүкіл көлемінде жұтуы.

Автотрофтар– көмірқышқыл газ, су және минералды тұздардан органикалық заттар түзуге бейім ағзалар.

Агроэкожүйе, агробиоценоз – ауылшаруашылық өнімдерін өндіруге арналған тұрақсыз, адам қолымен жасалған экожүйе (дала, жайылым, бақшалар, баулар және т.б.)

Адсорбция– бір затты екінші зат жанасқан бетінде жұтуы

Альбедо (лат. – ақ) – дене бетінің шағылу қабілеті; ол шағылған радиация мөлшерінің сол бетке түсіп тұрған жалпы радиация мөлшерінің ара қатынасымен өлшенеді.

Аменсализм –бір популяция екіншісіне қысым көрсете отырып, өзі теріс әсер алмайды. Мысалы жарық сүйгіш шөп өсімдіктерге шырша әсерін тигізеді, ал шыршаға ондай көршілестік ешбір зиян келтірмейді.

Анаэробтар –оттегісіз ортада тіршілік етіп және дами алатын ағзалар. Терминді 1861 ж. Л. Пастер енгізген.

Антропоген –төртіншілік кезең, плейстоцен – Жердің геологиялық тарихының ақырғы кезеңі.

Антропогенез –адамның пайда болуы, оның қоғам құралу үдерісінде – социогенез барысында түр ретінде қалыптасуы.

Антропогендік факторлар – адамдар әрекетінің нәтижесінде пайда болған факторлар. Ақырғы онжылдықта антропогендік факторлар әрекетінің ұлғаю нәтижесінде күрделі экологиялық мәселелер пайда болуына әкеліп соқты.

Апвеллинг –биогендік элементтерге бай мұхиттың тереңдегі суық суының көтерілуі. Апвеллинг аумағы мұхиттың балыққа бай ауданы болып келеді.

Ареал –тірі ағзаларнемесеқауымдастықтар топтарының жер бетінде жайылу аумағы. Өсімліктер мен жануарлардың ареалдар шектері биосфера эволюциясының барысында түзілген және қоршаған орта жағдайына тәуелді.

Аридтық аумақтар – өте ыстық және шөлейттік климаттық аумақтар.

Атмосфераның ластануы – адамға және жалпы қоршаған ортаға кері әсерін тигізетін құрамында әртүрі газтәріздес, сұйық және қатты қоспалары болу нәтижесінде оның сапасының өзгеруі

Аттрактор– жүйенің мүмкін күйлерінің бар жиынтығын өзіне тарта- тындай тұрақты күй.

Ауаның ластану индексі (АЛИ) – ластаушы заттардың жылдық орта концентрациясын ШРК-ға бөліп табатын мөлшер

Аутэкология – жеке түрдің қоршаған ортамен ара-қатынасын қарастыратын экологияның тарауы.

Аэрация– кейбір ортаға (суға, топыраққа, және басқаларына) атмосфералық ауаның табиғи немесе жасанды жолмен таралуы.

Аэробтар –ортадағы оттегін тотықтырғыш ретінде пайдалана отырып тіршілік ететін және дамитын ағзалар.

Аэрозольдер –дисперсиялық ортасы газ, ал дисперстік фазасы қатты немесе сұйық бөлшектер болып келетін дисперстік жүйелер (шаңдар, күйе, түтін, тұман, күл).

Бенз(а)пирен (С20Н12) – көпсақиналы ароматтық көмірсутегі тобындағы танымал зат, кең тараған канцероген. Өндірістік газдар, машиналардың қалдық газдары, шылым түтіні құрамында болады.

Бентос–су түбінде күнелтетін ағзалар жиынтығы.

Биогендік элементтер –тірі ағзаларды құрайтын химиялық элементтер–көміртегі, сутегі, оттегі, азот, күкірт, фосфор.

Биогендік заттар –тірі ағзалардыңөмір әректтерінің өнімдерінен немесе солардың ыдыраған қалдықтарынан тұратын органогендік шөккен жыныстары (әктас, жанғыш сланец, көмір, мұнай және т. б.).

Биогеоценоз – зат, энергия және ақпарат айналымы негізінде тірі ағзалардың (биоценоз) абиотикалық жағдайларының кеңістік жиынтығымен (биотоп) біріктірілген жерүстілік экожүйе.

Биом, биотикалық қауымдастық –өсімдіктердің кейбір негізгі түрлерімен немесе ландшафтың басқа ерекшелігімен сипатталатын ірі аймақтық субконтинентальдық биожүйе. Биом құрамына енетін биоценоздар энергия және заттар ағынымен тығыз байланысты.

Биомасса– ауданның немес көлемнің бірлігіне шаққандағы масса бірлігімен өрнектелетін тірі заттың мөлшері (г/м2, кг/га, г/м3 және т.с.с.). Биомассаны фитомасса, зоомасса және бактериомасса деп жіктейді.

Биотикалық факторлар – бір ағзалар өмір әрекетінің екіншісіне және тағы өлі ортаға әсерінің жиынтығы. Олар түрішіндік (демографиялық, этологиялық, топтық әсер және т.б.) және түраралық (симбиоз, мутуализм, паразитизм, жыртқыштық және т.б.) болып бөлінеді.

Биотоп –бір биоценоз жайлаған абиотикалық факторлар бойынша біртекті болып келетін тіршілік кеңістігі.

Биосфера –ғаламшарлық экожүйе, құрамы, құрылымы және энергетикасы тірі ағзалардың әрекетімен анықталатын Жердің ерекше белсенді “қабығы”.

Биота – белгілі бір аумақты мекендейтін тарихи қалыптасқан тірі ағзалардың (өсімдіктердің, жануарлардың және микроағзалардың) жиынтығы. Терминді Э.Раковицэ 1907ж. ұсынған. Биоценозға қарағанда бұл ағзалар экологиялық байланыста болмауына да болады.

Биоценоз –белгілі бір биотопты мекендейтінәртүрлі өсімдіктердің, жануарлардың және микроағзалардың популяция жиынтығы. Биоценоздарда ерекше орын алатыны продуценттер, консументтер және редуценттер қатысатын биологиялық айналым.

Биоцидтер – ағзалардың өмір әрекетін және көбеюін басатын заттар және басқа агенттер.

Булыжайлық газдар – атмосфераға өтіп, парниктік әсер туғызатын газ тәрізді заттар: су буы, көмір қышқыл газы, метан, азот оксидтері, ұшқыш көмірсутегілер және т.б.

Галофиттер – аридтік аудандардың тұзды топырақтарында өсуге бейімделген өсімдіктер.

Гендік инженерия – тұқым қуалау үдерісін тікелей өзгертуге негізделген биологиялық әдістерді дамытып, жетілдіретін технология.

Генотип – ағзалардың гендерінің жиынтығы

Генофонд –барлық дарақтардың, популяциялардың, түрлердің генотиптерінің жиынтығы. Өсімдіктер мен жануарлардың генофондын қорғауда және қайта өндіруде елеулі орын алатындары ұлттық бақтар, биосферлық қорықтар, зообақтар, ботаникалық бақшалар, генетикалық банктер және т.б.

Гетеротрофтар– дайын органикалық заттармен қоректенетін ағзалар

Гомеостаз –ағзалардың немесе ағзалар жүйелерінің функционалдық сипаттамалары тұрақтылығын ортаның құбылмалы жағдайында сақтап қалу қабілеті

Ғаламдық жылыну – табиғи және техногендік факторлардың әсерінен ғаламшар көлемінде атмосфера мен гидросфераның орташа температурасының жоғарылауы

Демографиялық дүмпу – Жершары халық санының өсу жылдамдығының күрт артуы.

Демэкология –сандар динамикасы мәселесін қарастыратын популяциялар экологиясы.

Деструкторлар –органикалық заттарды жай заттарға дейін ыдырататын гетеротрофты ағзалар (детритофагтар мен редуценттерді қосқанда)

Детриттер –суда қалқыған немесе су түбіне шөккен органикалық және минералдық бөлшектердің қалдық жиынтығы. Биогендік қалдықтар (органикалық детрит) қоректік заттардың сарқылмас қоры боып табылады.

Детритофагтар –органикалық детриттермен қоректенетін ағзалар.

Диоксиндер – уыттылығы аса жоғары және биологиялық белсенділігімен ерекшеленетін полихлорланған дибензодиоксиндерден (ПХДД), дибензофурандарден (ПХДФ) және бифенилдерден тұратын тұрақты органикалық ластауыштар тобына жататын экотоксиканттар

Дисперстілік– бөлшек мөлшерін кері шама

Жер асты сулары – әртүрлі физикалық күйде жер қыртысының сыртқы қабатында кездесетін сулар. Олар артезиандық және қабықтық болып бөлінеді.

Зооценоз –биоценоз жануарларының қауымдастығы.

Зоофагтар –өзінің немесе басқа түрлердің жануарларымен қоректенетін етқоректі ағзалар (каннибализм).

Инверсия – суық ауаның жылы ауа астына қарай ағуы.

Иммиссия –қоршаған ортаға өтіп кетіп, оған қосылатын кез келген заттардың ағыны.

Ионосфера – стратопаузадан жоғары 1300 км дейін орналасады. Бұл қабат барлық тіріні космостық радиациядан сақтап, радиотолқындардың шағылуы мен жұтылуына әсер етіп тұрады.

Канцерогендер – қатерлі ісік ауруына (рак) шалдыратын заттар.

Комменсализм– бір түрдің ағзалары басқа түрлердің арасындағы қолайлы жағдайларды пайдаланып, бір ортада бірігіп тіршілік ету қарым-қатынастары, қатар күнелту (симбиоз) типі.

Консументтер –басқа ағзалардың – өсімдіктердің және жануарлардың органикалық заттарымен қоректенетін гетеротрофты ағзалар.

Ксенобиотиктер –тірі ағзалардың табиғатына, құрамына және зат алмасуына қайшы әсерін тигізетін заттар.

Қышқылдық жауындар– құрамында техногендік қоспалары бар (көбіне күкірт және азот оксидтері) жауын-шашындар.

Ластаушы заттар –концентрациясы мөлшерден асып кетіп, қоршаған ортаға кері әсерін тигізетін химиялық, радиоактивті заттар немесе соладың қоспасы және микроағзалар.

Метаболизм –биологиялық жүйеде, ағзада зат пен энергияның алмасуы.

Минимум заңы (Ю. Либих) –биотикалық потенциал (өмірге қабілеттілігі, түрдің, популяцияның, ағзаның өнімділігі) минимумда болатын орта факторымен шектеледі.

Мутагендер – мутация тудыратын заттар ( рентген сәулелері, γ - сәулелер, нейтрондар, бензапирен, кейбір вирустер).

Мутуализм –қатар тіршілік ететін ағзалар бірігіп, тіршілікке қолайлы жағдай табатын түраралық қарым-қатынастар типі.

Ноогенез –ноосфераның қалыптасу үдерісі.

Ноосфера –биосфераның “ойлайтын қабығы”, сана сферасы, В.И.Вернадский бойынша – адамның саналы қызметі бақылап отыратын биосфера дамуының жаңа сападағы жоғарғы сатысы.

Озон қалқаны (қабаты) –тірі ағзаларғақауіпті қысқа толқынды Күн сәулелерін жұтып тұратын озон молекулаларының (O3) жоғарылау концентрациясымен ерекшеленетін атмосфера қабаты.

Онтогенез– ағзаның жеке-дара дамуы; көпжасушалар үшін қартайып, өлуге шейінгі жолы.

ӨК50 – тыныс алғанда 50% жануарлардың өліміне әкеліп соғатын зат концентрациясы, мг/л, немесе ммоль/л

Поллютанттар (ластаушы заттар) – биосферада және оның компонеттерінде мөлшері артып кеткендегі жағымсыз уытты-экологиялық жағдай туғызатын химиялық қосылыстар

Популяция – бір-бірімен өзара ара-қатынаста болып, үлкен территорияда (ареалда) ұзақ уақыт бірігіп тіршілік ете алатын бір түрге жататын дарақтар тобы

Продуценттер– бірінші өнім өндірушілер (жасыл өсімдіктер)

Редуценттер– органикалық қалдықтармен қоректеніп, минерал- дық заттарға дейін ыдырататын гетеротрофты ағзалар (бактериялар мен саңырауқұлақтар)

Рекреация– тұрғындардың экожүйеге әсер ете отырып, дема- луы

Сапрофагтар –өлі органикаменқоректенетін жануарлар (детритофагтар).

Синэкология –алуантүрлі қауымдастықтар экожүйелерінің экологиясы.

Су қоймаларының эвтрофикациясы –су ортасының биогенді заттармен артық мөлшерде баюы.

Судың ластану индексі (СЛИ)– судың ластану мөлшерін анықтайтын шама.

Стенобионттар –шамалы аралықта өзгерген экологиялық жағдайда тіршілік ете алатын ағзалар.

Стратосфера –тропосферадан жоғары 50-55 км дейін орналасқан қабат. Жоғарғы шекарасында озон қабатының болуына байланысты температурасы көтеріледі.

Табиғи нысан– өзінің табиғи қасиеттерін сақтаған табиғи экологиялық жүйе, табиғи ландшафт және олардың құрауыш элементтері.

Табиғи ластану – жанартаудың атқылуынан, тау жыныстарының ауа әсерінен ыдырауынан, желдік эрозияның, дала және орман өрттерінің әсерінен, космостық шаң және космостық сәулелену әсерінен болатын ластану

Тератогендер– ата-аналарының ағзасына әсер ету нәтижесінде ұрпақтың туа кемтарлығына әкеліп соғатын заттар (мутагендер, пестицидтер, тыңайтқыштар, ызың)

Техносфера –«техникалық қабық» – адамның өндірістік қызметінің әсері аясындағы ғаламшардың жасанды өзгертілген кеңістігі.

Толеранттылық заңы (В. Шелфорд) –экологиялық фактордың минимумы ғана емес, оның максимумы да – шектеуші фактор, ал олардың арасындағы ауытқу ауқымы толеранттылық (төзімділік) шамасын анықтайды.

Топырақ эрозиясы –қар суының, жауын-шашынның және желдің әсерінен топырақтың құнарлы қабатының бұзылуы.

Тропосфера –атмосфераның 80 % -дайы орналасқан оның төменгі қабаты. Оның биіктігі жер бетінде жылытылған ауа ағынының тік бағытты қозғалысының қарқынына байланысты.

Урбанизация (өркениеттену) –қалалардың өсуі мен дамуы, ауыл тұрғындарының қалаларға қоныс аударуы, қоғам өміріндегі қалалар орнының артуы.

Фенотип– ағза қасиеттерінің генетикалық жолмен анықталатын нысандарының жиынтығы.

Фитопланктон –терең суда тіршілік ететін микробалдырлардың, ұсақ өсімдіктік ағзалардың жиынтығы.

Фитофагтар – өсімдік қоректі жануарлар.

Фитоценоз – көптүрлі өсімдіктік қауымдастық.

Фотопериодизм– күн мен түннің өзгеруіне байланысты биологиялық жүйе күйінің өзгеруі.

Хемосинтез –кейбір анорганикалық заттардың тотығу энергиясын пайдаланып, хемоавтотрофты бактериялардың органикалық заттар түзуі.

Шекті рұқсат концентрация (ШРК)– адам денсаулығына және оның ұрпағына әсер етпейтін атмосфералық ауадағы зиянды заттар мөлшерін көрсететін санитарлық-гигиеналық мөлшерлеме (норматив), мг/м3

Шекті рұқсат тастаулар (ШРТ) – уақыт бірлігінде ауаға тасталу кезінде одан жоғарылауға рұқсат етілмейтін зиянды заттар концентрациясы, г/с, т/жыл

Эврибионттар – экологиялық жағдайлардың өзгеруінің кең аралығында тіршілік ете алатын ағзалар: температураның (эвритермдер), ылғалдылықтың (эвригидридтік ағзалар), қорек талдаудың (эврифагтар) және т.б.

Эдафон –топырақ жануарлар әлемінің жиынтығы.

Экзосфера – ионосферадан кейін 10 000 км-ге дейін жайылатын атмосфера қабаты

Экогендік аурулар –қолайсыз экологиялық жағдайларәсерінен пайда болған ауру түрлері.

Экологиялық валенттілік – түрдің, популяцияның ортаның әртүрлі жағдайларында күнелту қабілетінің сипаттамасы

Экологиялық даму –халықтың әл-ауқатының артуы тіршілік ортасының нашарлауына және табиғи жүйенің бұзылуына әкеліп соқтырмауға бағытталған экологиялық қоғамдық-экономикалық даму.

Экологиялық жүйе –бір-бірімензаңдылық байланыстабірігіп тіршілік ететін ағзалар мен олардың тіршілік жағдайларының жиынтығы.

Экологиялық қуыс – оның ішінде белгілі бір түр шексіз ұзақ күнелте алатын қоршаған орта факторларының аумағы.

Экологиялық қауіпсіздік –табиғи ортаның және тіршіліктің маңызды шаруашылық және басқа да әрекеттерінің табиғи және техногендік төтенше жағдайлардан, олардың салдарынан сақтану жағдайы.

Экологиялық құқық – қоғам мен табиғат арасындағы өзара әрекеттесу саласында қоғамдық ара-қатынастарды реттейтін құқық саласы.

Экологиялық сукцессия –табиғи немесе антропогендік факторлардың әсерінен белгілі бір аймақта биоценоздардың қалпына келмейтін ауысымы.

Экологиялық мониторинг –табиғи және антропогендік факторлар әсерін, қоршаған ортаның құрауыштарының сапасын және биологиялық нысандар күйін бақылау.

Экологиялық-экономикалық жүйе –қоғамдық өндірістің және табиғи жаратылыс үдерістерінің өзара байланысын және өзара келісімін көрсететін экономика мен табиғаттың бірігуі.

Экологиялық (трофтық) пирамида –әртүрлі трофтық деңгейлерді құрайтын биоценоз мүшелерінің арасындағы зат пен энергия тасымалдануы.

Экосфера – барлық заманауи экологиялық мәселелер шоғырланған биосфера мен техносфераның әрекеттесуінің бірыңғай ғаламдық жүйесі, адам мен табиғаттың әрекеттесу аренасы.

Экоцид – экологиялық жағдайдың күрт бұзылуы себебінен экожүйелердің, әртүрлі ағзалардың, соның ішінде адамдардың да қысылуы және құруы.

Эмердженттілік –екі немесе бірнеше жүйелер әсерлесу нәтижесінде мүлдем жаңа қасиеттердің пайда болуы.

Эмиссия –антропогендік көздерден(өндірістік кәсіпорын, автокөлік, тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық және т.б.) қоршаған ортаға шығарылатын газ, сұйық немесе қатты күйдегі ластауыш заттар.

Эмбриогендер –ұрықты зақымдаушы жат текті заттар(тератогендер, мутагендер, алкоголь, есірткі)

Эстуариялар– жағалаулық сулар.

Наши рекомендации