Тақырыбы: Атмосфера, гидросфера, литосфера – биосфераның негізгі элементтері. Ластану көздері.
2. Мақсаты:қоршаған орта нысандарының ластануының тұрғындар денсаулығына әсері туралы білімдерін қалыптастыру және дағдыландыру.
3. Дәрiс тезистерi:Жер атмосферасы (грекше: atmos –бу және sphaіra – шар) – Жерді қоршап тұрған газды қабықша. Атмосфера деп Жерді онымен бірге айнала жүріп, оны қоршап тұрған газды ортаны айтамыз. Атмосфераның массасы 5,15-5,9 х 1015 тонна. Атмосфера Жер бетіндегі барлық тіршілік процестерінің жүруін қамтамасыз етіп, адамзат тіршілігінің барлық жақтарына үлкен әсер етеді.
Атмосфера биогеоценоздың компоненті ретінде топырақ бетіндегі, топырақтағы және топырақ қуыстарындағы ауа қабаттарын құрайды.
Өндірістің қарқындап дамуына және отын түрлерін кең масштабта жағуға байланысты атмосферадағы бос оттектің қоры азайып, ал көмірқышқыл газының мөлшері жоғарылауда. Нәтижесінде табиғаттағы көміртектің айналымы бұзылды деуге болады. Академик А.П. Виноградов зерттеулер нәтижесінде көмірқышқыл газының концентрациясы жыл сайын 0,2% ға ұлғайып отырғанын анықтады. Адамзат қоғамында адам баласы отты ең алғаш рет қолданған күннен бастап осы күнге дейін түрлі жану процестерінде 273 млрд. тонна оттегі жұмсаған болса, соның 246 млрд. тоннасы, яғни (90% ға жуығы) соңғы жарты ғасырда жұмсалған. Көміртек айналымының бұзылуы мен атмосферада көмірқышқыл газының концентрациясының жоғарылауы Жердегі барлық химиялық тепе-теңдікке үлкен әсер етеді.
Атмосфера табиғи және жасанды (антропогендік) жолмен ластанады.
Табиғи ластану табиғатағы құбылыстармен байланысты. Оларға жанартаулар, тау жынытарының ұшуы, жел эрозиясы, өсімдіктердің қарқынды өсуі, орман мен дала өрттерінен шыққан түтін т.б. жатады.
Антропогенді ластану адамның тіршілік барысында әртүрлі ластаушы заттарды тастауы.
Техносфера дамуының қазіргі этаптарында табиғи сулардың ластануының экологиялық зардаптары көптүрлі. Судың ластануының көп түрі бар – биологиялық ластану (өсімдіктер, жануарлар, микроағзалар), химиялық (токсикалық немесе су құрамын өзгертушілер), физикалық (жылулық, радиоактивті заттар). Жағымсыз экологиялық зардаптарға және экологиялық апаттарға судың саны мен сапасының таусылуы жатады (Арал теңізінің апаты).
Топыраққа антропогенді әсер ету техногенді сұйықтықтармен, қатты және газ тәрізді қалдықтармен байланысты. Территориалды ол кейбір өндіріс түрлерімен, ауыл шаруашылығымен, автокөлік және энергетикамен байланысты. Бұл территориялар көп жағдайда жағымсыыз химиялық заттардың көп болуымен сипатталып, биогеохимиялық шет аймақтар болып саналады. Тұрғындар денсаулығына жағымсыз әсер мен топырақ ластануының қауіптілік дәрежесінің индикаторы интегралды жалпы көрсеткіш, сонымен бірге эпидемиологиялық қауіптілік көрсеткіші болып саналады.
Сондықтан, гидросфера мен литосфераға әсерететін антопогенді факторларды, олардың тұрғындар денсаулығына қауіптілік дәрежесін интегралды балай алуды білу, әрбір профильдегі дәрігердің іскерлік барысында қажетті.
Қазақстан Республикасының тұщы су қорлары орсасан көп, бірақ территория бойынша үлестенуі біркелкі емес.
Өзендер – респуканың негізгі су көздері. Ірі өзендер негізінен солтүстік шығыста – Ертіс өзені, батыста – Орал өзені, оңтүстікте – Сырдария өзені ағады. Қазақстанның көптеген өзендері, әсіресе салалары, аз сулы, жазғы уақытта кеуіп жеке көлдерге айналады және қар еріген кезде ғана тасиды. Республикада ірі көлдер (Балқаш, Теңіз, Қорғалжын, Құсмұрын, Зайсан, Марқакөл, Алакөл) және мыңдаған кіші көлдер орналасқан. Республикада барлығы 50 000 жақын көлдер бар, олардың 32% тұщы су, қалғандарының суы жоғары минерализацияланған.
Қазақстанда ең ірі су тұтынушы – ауыл шаруашылық, екінші орында - өнеркәсіп пен энергетика, үшінші орында – қалалардың коммуналдық шаруашылығы. Өзендер мен су қоймаларының орасан зор көлемі суландыруға жұмсалады. 1 т күріш – 7000 т артық су, 1 т мақта – 10 000 т су керек. Үлкен мөлшерде су мал шаруашылығына жұмсалады.
Су организмнің маңызды құрамдық бөлімі. Тірі организмдерге барлық химиялық реакциялар сулық ортада ғана өтеді. Тұз алмасу су алмасумен тығыз байланысты. Организмде тұздар тасымалдануын су алмасуынан бөлек қарау мүмкін емес, өйткені минералдық қосылыстар организмде су ертінділерінде болады.
Топырақ - жер қыртысының беткей горизонты.
Топырақ түзуші факторлар: климат, организмдер, топырақ түзетін жыныстар, жер бедері, елдің жасы, адамның шаруашылық іс-әрекеті.
Топырақ 4 физикалық фазадан тұрады: қатты (минералды және органикалық), сұйық (топырақ ерітіндісі), газ тәрізді (топырақтың ауасы) және тірі (организм).
Топырақ – жер қыртысының жоғарғы құнарлы қабаты, қоршаған орта нысандарының: су, ауа, өсімдіктік және жануарлық организмдерімен, әсіресе микроорганизмдермен біріккен әсерінен жасалған. Топырақ – күрделі, ашық жүйе, үнемі биосфераның басқа элементтерімен алмасудың өзара қатынастарында болып жатқан, өз кезегінде шектес биосфера элементтеріне (атмосфералық ауа, жер үсті және жер асты сулары) қомақты әсер ететін ашық жүйе.
Қоршаған ортаның басқа нысандарымен салыстырғанда топырақтың өзіне тән ерекшеліктері бар. Атмосфералық ауа мен жер үсті суларынан гөрі топырақ аз қозғалыста болады және осыған байланысты іс жүзінде осындай қуатты өзін-өзі табиғи тазарту сұйылту сияқты факторлары жоқ. Топыраққа түскен антропогендік ластықтар трансформацияланады.
Антропогендік топырақ ластануының тізбекті реакция салдары оның өсімдікке, атмосфералық ауа күйіне жер үсті және жер асты суларына әсерімен, осы тізбектер бойынша адам денсаулығына әсерімен байланысты.
Адам топыраққа оң ғана емес, теріс те әсер жасайды. Жер жамылғысының күйіне табиғи жаратылыс факторлары да, әртүрлі адам әрекеті де әсер етеді.
4. Иллюстрациялы материалдар: Мультимедийлік презентация.
5.Әдебиет:
1. Экология: учеб. пособие/ C.А. Сергейчик. - Минск: Современная школа, 2010. -400 с.,
2. Экология в вопросах и ответах: учеб. пособие/ В.И. Коробкин, Л.В.Предельский: Феникс, 2009.-
378с,
3. Учение об окружающей среде: учеб. пособие/ Г.К. Ерубаева: Алматы, казак универс 2011.-153с.
4. Экология и устойчивое развитие. учеб. пособие/ Колумбаева С.Ж., Бильдебаева Р.М.,
Шарипова М.А. Алматы, Қазақ университеті, 2012 -133 с.
5. Экология: учеб. пособие/ В.И. Коробкин, Л.В.Предельский: Феникс, 2008.-315с, стр. 5-14.
6. Бигалиев А.Б., Халилов М.Ф., Шарипова М.А. Основы общей экологии Алматы, «Қазақ
университеті» , 2007- 240с.
7. Кенесариев У.И., Жакашов Н.Ж. Экология и здоровье населения. Учебник для ВУЗов и
колледжей. - Алматы, 2002 -260 с.
1. Хандогина Е.К., Герасимова Н.А., Хандогина А.В. Экологические основы природопользования,
М., «Форум», 2007
2. Вернадский В.И. «Философские мысли натуралиста», М., «Наука», 1988
3. Вернадский В.И. «Живое вещество», М., «Наука». 1969
4. Доклады Министерства охраны окружающей среды РК «О состоянии природной среды РК»
2000-2007гг.
5. Колумбаева С.Ж., Бидельбаева Р.М. Общая экология. Алматы, «Қазақ университеті» , 2006-
195с.
6. Общая экология: учеб. пособие/ М. А. Аскарова.- Алматы: Қазақ ун-ті, 2004.- 184 с.
6.Қорытынды сұрақтары (кері байланыс):
1. Судың негізгі ластаушылары қандай?
2. Жер үсті және жер асты суларының негізгі ластау көздері қандай?
3. Гидросфера ластануының экологиялық салдары
4. Су ластануының су қолданудың кейбір түрлеріне әсер етуі.
5. Қазақстанның су ресурстары.
6. Судың химиялық және биологиялық ластануының тұрғындар денсаулығына әсері.
7. Топырақ жеке экожүйе және басқа экожүйелердің маңызды бөлігі ретінде.
8. Топыраққа антропогенді әсердің түрлері.
9. Топырақтың өзін өзі тазарту процессі, биологиялық айналым.
10. Жерлердің таусылуы, шөлденуі, құнарсыздануы.
11. Топырақ ластануының табиғи және антропогенді факторлары.
12. Ластаушы заттардың айналымы және миграциясы.
13. Қазақстан территориясындағы табиғи биогеохимиялық шет аймақтар және оларға сипаттама.
14. Эндемиялық аурулар туралы түсінік.
15. Антропогенді шет аймақтар территориясындағы тұрғындардың аурушаңдығын алдын алу.