Ауа бассейінің ластану көздері.

Бүгінгі таңда атмосфера ауасының тазалық сапасы бұрынғы кезден ауытқуда. Оның негізгі себептері – ауаға адамның антропогендік іс-әрекетінен болатын әртүрлі газдардың шығарылуы. Оларды ауаны ластағыш заттар деп атайды.

Атмосфера ауасының сапалық күйінің көрсеткіштері оның ластану дәрежесі болып саналады. Егер атмосфера ауасында ластағыш заттардың шекті мөлшерлі концентрациясы (ШМК) қалыпты құрамынан асып кетіп сай келмесе, онда ауа ластанған деп саналады.

Атмосфераны ластайтын тұрақты көздергезиянды заттар газ және ауа бөлетін жүйелер арқылы шығарылатын жылжымайтын көздер (мұржалар, аэрациялық фонарлар, вентиляциялық шахталар және т.б.) жатады.

Ұйымдастырылмаған тұрақты ластау көздері -зиянды заттары, герметикалық емес технологиялық қондырғылар, түрлі резервуарлардың жабдықталмағандығынан, жүк тиеу - жүк түсіру жүйелері (мысалы, цемент тиеу және түсіру) арқылы тікелей ауа бассейніне шығарылатын көздер. Бұларға жанып жатқан террикондар, шаң шығаратын үйінділер және т.б. жатады.

Атмосфераның ластануы деп адамдарға, тірі жіне өлі табиғатқа, экожүйелерге, құрылыс материалдарына, табиғи ресурстарға - барлық табиғи ортаға зиянды, сыртқы ауа құрамы мен сапасына әсер ететін әртүрлі мөлшердегі кез-келген қосалқы заттардың тіке немесе жанама енуін айтады.

Ауаның табиғи ластануы табиғи процестердің (вулкандардың атқылауы, жел эрозиясы, өсімдіктердің көптеп гүлденуі, орман және егістіктердің өртенуінен болатын түтіндер және т.б.) жүруінен пайда болады.

Атмосфераның антропогенді ластануы адамның іс-әрекеті нәтижесінде зиянды заттардың лақтырылысынан болады.

Атмосфералық ауаның ластануы масштабы бойынша жергілікті, аймақтық және әлемдік болып бөлінуі мүмкін.

Жергілікті ластануға азғандай аймақта (қала, район және басқ.) ластаушы заттардың мөлшерінің көбеюі жатады.

Аймақтық ластану деп біршама аймақтарда (облыс, аймақ және басқ.) атмосфералық ауаның ластануын айтады.

Әлемдік ластануға жердің барлық атмосферасының ластануын жатқызады.

Антропогенді ластаушылардың негізгі көздеріне жылу электр станциялары (барлық ластанулардың 25 %-ын құрайды), қара және ауар металлургия (сәйкесінше 24 және 10,5 %), мұнайхимиясы өндірісі (15,5 %), құрылыс материалдары (8,1%), химия өндірісі (1,3 %), автокөлік (13,3 %) және басқалар жатады. Ірі қаларда автокөліктерден бөлінетін зиянды заттар лақтырылыстарынң мөлшері 60-80 %-ды және одан да көп мөлшерді құрайды.

Әр саладағы кәсіпорындардың ауаға тигізетін зияндары әртүрлі. Металлургия кәсіпорындары ауаны металдардың қалдықтар мен қосындыларымен ластайды, жылу электр станцияларының қалдықтары жағатын отынға, оның химиялық құрамына және жағу әдістеріне байланысты болады.

Отынды жағу әдісі де ауаның ластануына әсерін тигізеді. Шаң-тозаң мен газ қалдықтарын ұстайтын қондырғылары бар кәсіпорындардың атмосфераға тигіетін зияны аз, ал ондай қондырғылар орнатылмаған кәсіпорындардың зияны көп. Өйткені қондырғылардың көмегімен ауаға таралатын зиянды заттардың 90-95%-ын осы қондырғылар ауаға жібермей ұстап қалады.

Құрылыс материалдарын шығару технологиясына шикізатты қазу, тасу, ұнтақтау, елеу, араластыру, нығыздау, кептіру, күйдіру сияқты жұмыстар кіреді. Осы жұмыстарды жүргізгенде сол маңайға шаң-тозаң, күл, бу, түтін және т.б. ластаушы заттар бөлінетіні белгілі. Сусымалы және ұнтақталған заттармен жұмыс істегенде шаң-тозаңды басу қиынға түседі. Мысалы, цемент шығаратын зауыттар, әсіресе күйдіру және ұнтақтау цехтары, әк пен цемент тозаңын көп шығарып, сол маңайдағы өсімдіктерді күйдіріп жібереді. Зауыттан 2 км қашықтықта 1 м3 ауада 20 мг тозаң болады, ал санитарлық норма бойынша бұл 0,15 мг-нан аспауы тиіс. Асфальт шығаратын зауыттардың шаң-тозаңы көп болғандықтан оларды қаладан тыс жерлерге салу көзделген.

Елдiң әуе бассейнiн ластауға трансшекаралық көшiру бiраз үлес қосады: мысалы, Мәскеудiң әдiстемелiк синтездеушi орталығы орындаған алдын-ала есептер бойынша Қазақстанның аумағындағы өз көздерiнен күкiрттiң түсу үлесi жылына 380 мың тонна, сырттан әкелiнгендерiнің үлесi - жылына 446 мың тонна. Қазақстан, өз кезегінде көршi елдердiң аумағына түсетiн ластаулардың бiраз көлемiн жеткiзедi. Қазақстанның шамамен 5 млн. тұрғыны ластанған атмосфералық ауа жағдайында, 2 млн. - ластанудың өте жоғары деңгейi жағдайында тұрады.

Республикада 22 млрд.т. аса өндiрiс және тұтыну қалдықтары жинақталған. Ірі қалаларда, əсіресе Алматыда төмен сапалы отын (жағармай) пайдаланатын жеке меншік автомобильден санының көбейе түсуі жылжымалы ластау көздері арқылы ауаны одан сайын нашарлатып жіберді. Ең зиянды заттар Қазақстанда есепке алынбайды, сондықтан нақты көрсеткіштер беймəлім күйінде қалады.

Қазақстандық ғалымдар халықтың емделуiне, диагностика мен сауықтыруға жалпы шығындарды, өмiрдiң орташа ұзақтығын, аурухана парақтары және мүгедектерге зейнетақылар бойынша төлемдерге шығындарды ескере отырып, экологиялық жағдайдың нашарлауы салдарынан халықтың денсаулығына келтiрiлген залал есебiнiң моделін әзiрледi. Денсаулықты қорғау және экожобалау орталығының деректерi бойынша Қазақстанның шығындары бiр жылға әрбiр тұрғынға 8355 теңге ($55,7) немесе атмосфераға шығарындылардың бiр тоннасы үшiн 9000 теңге ($60) құрайды. Бұл атмосфералық ауаның ластануынан Қазақстан халқының денсаулығы үшін терiс эффект жылына кемiнде 225 млрд. теңге ($1,5 млрд.) құрайтынын білдіреді.

Наши рекомендации