Аптасына – 0,5 сағат, барлығы - 16 сағат

Түсінік хат

2016-2017 оқу жылында мектепалды даярлық сыныбының жұмыс жоспарын құрастыру процесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына» қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы №292 қаулысымен бекітілген және және ҚР білім және Ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсан №557 бұйрықтың 2-қосымшасы өзгертіле отырып,2016 жылдың 22 маусымындағы №391 бұйрығымен бекітілген 5 жастан 6(7) жасқа дейінгі балаларды мектепалды даярлық сыныптары мен топтарына арналған типтік оқу жоспары және «Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеумен оқыту обьектілеріне қойылатын санитариялық – эпидемиологиялық талаптар, санитариялық қағидаларын бекіту туралы 2015 жылдың 17 наурызындағы № 217 бұйрығы негізге алынды.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті мемлекеттік стандартына (бұдан әрі – Стандарт), Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларына (бұдан әрі – ҮОЖ) сәйкес ұйымдастырылады.

Мектепалды даярлықтың негізгі мақсаты :

мектеп жасына дейінгі балалардың жалпы, зияткерлік, дене дамуын, олардың білімді игеруге дайындығын қамтамасыз ету, оқу әрекетін меңгеру үшін балада тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру болып табылады.

Міндеттері:

– балаларды мектепте оқуға мақсатты бағытпен және жүйелі дайындау; – жеке қабілеттері мен дарындылығын дамыту;

– ұлттық, жалпы адами этикалық және мәдени құндылықтарға балаларды баулу, баланың зияткерлігін дамуы;

– рухани-адамгершілік құндылықтарды, отансүйгіштік, төзімділікті қалыптастыру;

– балалардың коммуникативтік және әлеуметтік құзыреттіліктерін қалыптастыру;

– білуге құмарлықты, шығармашылық белсенділік пен бастамашылықты дамыту;

– балалардың денесі мен психикалық саулығын нығайту;

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұны әртүрлі іс-әрекеттерді ұйымдастыру арқылы кіріктіру жолдарымен іске асырылатын:

«Денсаулық», «Коммуникация», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет» бес білім беру саласына негізделген.

• мемлекеттік стандарттың базалық (инвариантты) компоненті толығымен сақталды;

• Вариативтік компонент 4 сағат;

Вариативтік компонентінің сағаттары балалардың ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында 2 сағат «Мектепалды жастағы балаларға шахмат ойынын үйрету», 1 сағат «Логика. Ойнайық та ойлайық», 1 сағат «Шебер қолдар» тақырыптарына бөлінді.

• Балалардың апталық оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі стандартта көрсетілген жоғары шекті оқу жүктемесіне сәйкес келеді (мектепалды сыныбы – 24 сағат).

«Денсаулық» білім беру саласы» Дене шынықтыру

Аптасына – 2,5 сағат, барлығы – 80 сағат

Мақсаты:

· Тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау және нығайту, дене жаттығуларын жасауға қызығушылықтарын арттыру, қимылдық іскерліктерін жақсартуға тырысу, оларды дұрыс және дәл орындай білуге үйрету.

Міндеттері:

  • денсаулығын нығайту, балалардың жалпы физиологиялықжетілуін жақсарту, қимыл-қозғалыс арқылы биологиялық қажеттілігінқанағаттандыру, жағымды эмоционалды көңіл күй ортасын жасау;
  • күнделікті өмірге қажетті қимыл түрлерін, оларды дұрысорындау дағдыларын қалыптастыру;
  • физиологиялық қасиеттері мен ептілік, үйлесімділік қабілеттерін дамыту,шыдамдылығын шыңдау;
  • балаларды спорттық ойындармен, жаттығулармен таныстыру арқылы ойын техникасын меңгерте отырып, жаңа машықтарды игерту;
  • балаларды жинақылыққа тәрбиелеп, ынталы іскерлігін арттыру,құрдастарымен достық қарым-қатынасын қолдау;
  • жас ерекшелігіне қарай толыққанды дамуына, ағзаның қоршаған ортағабейімделуқабілетін, дене және ақыл-ойдың қабілеттілігін арттыруға жағдай жасау;
  • белсенді қимыл іс-әрекеттеріне және оған қажеттілікке қызығушылықтарынарттырып, дене шынықтыру сабақтары мен ойындардың, негізгі гигиеналық талаптар мен ережелердің пайдасы туралы түсініктерін қалыптастыру.

«Дене тәрбиесі» оқу іс-әрекеті құрылымы және тараулардың мазмұндары туралы қысқаша мәлімет:

· әуенді қимыл-қозғалыс түрлері;

· жүру, жүгіру, лақтыру, еңбектеу, өрмелеу және тепе-теңдік сақтау;

· бұлшық еттерді жетілдіретін жаттығулар түрлері(кеуде, аяқ-қол бұлшық еттерін жетілдіру)

· би қимыл-қозғалысын жетілдіру, бала жасына лайықты ұсынылған музыкалар тыңдатылып, түсіне білуге үйретіледі.

Білім беру саласы Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбы Сағаты саны Уақыты Ескерту
I тоқсан -27сағат
Қыркүйек
I апта
Денсаулық   Бір қатар сапқа тұру, бастаушыға қарап түзелу    
Бір қатар сапқа тұру, бастаушыға қарап түзелу    
Гимнастикалық қабырғаға өрмелеу    
II апта
Денсаулық Бір қатар сапқа жұптасып тұру    
Бір қатар сапқа тұрып, оңға, солға бұрылу    
III апта
Денсаулық Допты жоғары лақтырып екі қолмен қағып алу    
Қатардан бір - бірден сапқа тұру    
Екі-екіден сапқа тұру    
IV апта
Денсаулық   Гимнастикалық орындық үстінде қол ұстасып, бір бүйірімен жүріп өту    
Сапқа тұру, қолды алға созып түзелу. Шеңберге тұру    
Қазан
Iапта
Денсаулық     Сап түзеп қатарға тұру, «бірінші», «екінші» деп санау    
Қол ұстасып гимнастикалық орындық үстімен жүру    
Бір орында тұрып оңға, солға бұрылу    
II апта
Денсаулық     Сап түзеп, екі қатарға тұру    
Допты жоғары лақтырып қол шапалақтап екі қолмен қағып алу    
III апта
Денсаулық   Екі қатар сапқа тұру, орында бұрылу    
Сапқа тұру, екі шеңбер құру    
Шығыршықты айналдыру    
 
IV апта
Денсаулық   Бір орында шыр айнала бұрылу,3 қатар сапқа тұру    
Әр бұрышта шыр айнала бұрылып жүру, саптан бір –бірден, жан-жаққа тарау    
Қараша ІІ тоқсан
 
Iапта
 
 
Денсаулық   Бір қатар сапқа тұру, қолды шетке соза сап түзеу    
Жүру барысында жұптасып қайта сапқа тұру    
Эстафеталық ойындар    
II апта
 
Денсаулық   Бір қатардан 3 қатар сапқа тұру, қолды алға соза сап түзеу    
Қолды жан – жаққа соза шеңбер жасау    
IІІ апта
Денсаулық   Кедергілердің үстінен аяқты алмастыра бір-екі аяқпен секіру    
Тізбекпен келе жатып, бір саптан 3 қатар сапқа тұру    
Бір және үш қатар сапқа тұру    
ІҮапта
Денсаулық   Шығыршықтан қосарлана өту    
Жүгіру барысында бір саптан 3 қатарға сапқа тұру.    
Желтоқсан
Iапта
Денсаулық   Сап түзеп жүруден бір және екі қатар қайта тұру Бағытты өзгерте, жұптаса жүгіру    
Бірінші, екінші, үшінші реттік санау және аяқты аяққа тақап қойып сақтау    
Өздігінен бір, екі шеңбер құрып тұру    
II апта
Денсаулық   Жүре келе бастаушының белгісі бойынша бағыт өзгерту; Алға, артқа, жанына адымдау, қырынан жүру.    
Жұптасып тұру және қайта сапқа тұру    
III апта
Денсаулық   Саптағы бір қатардан үш қатарға қайта сап түзеп тұру    
Допты оң, сол қолмен алысқа лақтыру    
Саптағы бір қатардан төрт қатарға қайта сап түзеп тұру    
III тоқсан - 27 сағат
 
Қаңтар
I апта
Денсаулық   Аяқты аяққа тақап қойып, алға, жан-жаққа жүру    
Коньки жүрісін имитациялау, адымдап жүру    
«Қар кесегін» бастан асыра оң, сол қолмен алысқа лақтыру    
II апта
Денсаулық   «Жыланша» ирелеңдеп, белгі бойынша бастаушыны ауыстыра жүгіру    
«Жыланша» ирелеңдеп бағдарсыз жүру    
ІІІ тоқсан
Денсаулық   Допты қабырғаға соғып, ыршыған допты еденге түсірмей қағып алу    
Баяу жүру, 3 м жерге дейін көзді жұмып жүру    
Жіпті басқа ауыстырып кең адымдап жүру    
IV апта
Денсаулық   3 м қашықтықтан тігінен қойылған нысанаға оң және сол қолмен доп лақтыру    
Ақпан
Iапта
Денсаулық   Еңкейтілген тақтай үстімен денені түзу ұстап жүгіру    
4 м қашықтықта көзді жұмып баяу жүру    
IIапта
Денсаулық   Зал бойынша бір -біріне доп лақтырып жүгіру    
Тізені бүге жартылай отырып жүру    
Тізені бүкпей аяқты түзу, нық басып жүру    
IІІ апта
Денсаулық   Жай жүру, жетекші белгісі бойынша жерге жату, тұру, қайта бастапқы қалпына келу    
Бір-бірінің қолдарынан ұстап, жұптасып айналу    
ІV апта
Денсаулық Аяқтың ұшынан өкшеге, өкшеден аятың ұшына ауыса секіру, жетекшінің белгісі бойынша бұрылу, жүру, жүгіру Қолды желке тұсына ұстап жүру.    
Наурыз
I апта
Денсаулық   Бағытты өзгерте заттардың арасымен жүру    
Түрлі жылдамдықта ирелеңдеп жүгіру    
II апта
Денсаулық   Бір қатардан бірнеше қатар жасау, тізбектеп қолды алға созып арақашықтықты сақтау    
Қысқа, ұзын секіртпеден секіру    
Шығыршықты домалату және оның ішінен өту    
ІІІ апта
Денсаулық Аэробика элементтерін орындай жүру; көзді жұмып шыр айналу, бір бейне жасап орнында тоқтау    
Шектеулі зат үстімен адымдап, аяқтың ұшымен жүру    
ІV апта
Денсаулық Ұзын секіртпеден қос аяқпен секіру    
IV тоқсан – 21 сағат
Сәуір
II апта
Денсаулық   Кедергілер арасынан жүгіру, жетекшінің белгісі бойынша тоқтау, отыра қалу, тұру, жүгіруді жалғастыру      
20-30 қашықтықта жүгіру      
ІІІ апта
Денсаулық   3-4 м қашықтықтан дорбашаны себетке лақтыру    
Сапқа тұрып реттік сан бойынша санау, қол, аяқтың көмегімен бөрене үстінде отырып, алға жылжу.    
III апта
Денсаулық   «Қарлығаш » жаттығуын орындау    
Арқаннан бастан жоғары ұстап ілініп тұру    
Жер бауырлап еңбектеу, жетекшінің белгісі бойынша тұрып, еңбектеуді басқа қимылдармен алмастыра мәреге дейін жүгіріп өту    
I апта
Денсаулық   Өздігінен 1-2 сапқа, жұптасып, сапта желкеге қарап түзеліп тұру    
Алға 3-4 қадам жүрген соң жоғары ілулі тұрған шарға секіріп қол жеткізу.    
Мамыр
I апта
Денсаулық   Ұзындыққа, биіктікке, биіктіктен секіру    
Ұстаушыдан жалтара барлық аумақты пайдалана жүгіру.    
II апта
Денсаулық   Орында жұптасып тұру, белгі бойынша қимыл жасау    
Қысқа, ұзын секіртпеден секіру    
III апта
Денсаулық   Аяқтың ұшымен серіппелі адымдай жүру.    
Ұстап алу және жалтара отырып жүгіру    
Жүру кезінде 2-4 звеноға тұру    
ІV апта
  Қатарда, сапта оңға, солға бұрылу Гимнастикалық қабырғаға жарыса өрмелеу    
               

Балалардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:

· дене шынықтыру қозғалысының түрлерін білу;

· жүгіру, жүру, доп лақтыру, қағып алу әдістерін білу;

· сапқа тұруды, қысқы ойындарды, сазды - ырғақты қимылдарды, өз беттерімен тез

және ұйымдасқан түрде қозғалыстар жасау түрлерін меңгеру т.б

Денсаулық» білім беру саласы Қауіпсіздік мінез-құлық негіздері.

Аптасына – 0,5 сағат, барлығы – 16 сағат

Мақсаты:

· Тәрбиеленушілердің денсаулығын нығайту, бала ағзасы мен табиғи-әлеуметтік орта арасындағы тепе-теңдігін сақтауға тиімді жағдай жасау. Балаларды салауатты өмір салтының құндылықтарына бейімдей отырып, дене және сезім мәдениетіне тәрбиелеу.

Міндеттері:

· балаларды валеология негіздерімен таныстырып, денсаулық туралы

ғылым- «Валеология» туралы түсінік беру;

· өзінің денесі, оны сезіну туралы түсініктерін қалыптастыру;

· өзіне, өзінің ағзасы мен денсаулығына құндылықпен тәрбиелеу;

· салауатты өмір салты: өзіне күтім жасау, дұрыс тамақтану, аурудың алдын алу,

табиғаттағы еңбек пен демалысты алмастыру іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру және дамыту;

· қиын жағдайларда көмек көрсету тәсілдерін үйрету;

· тұрмыста, көшеде, табиғатта қауіпсіздік ережелерін сақтау дағдыларын

қалыптастыру.

«Валеология» оқулығының құрылымы және тараулардың мазмұндары туралы қысқаша мәлімет:

1 .«Денсаулық әліппесі», «Дәрігер Салауат пен танысу».

2. «Қауіпсіздік мектебі», «Табиғат құпиялары мен танысу».

3. «Аурудың алдын алу» жолдары жайлы түсінік беру.

Оқу әдістемелік кешен:

Валеология негіздеріӘліппе-дәптер Алматыкітап баспасы 2013

Білім беру саласы Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбы Мақсаты Сағат саны Уақыты Ескерту
І тоқсан - 5 сағат
Қыркүйек
Денсау-лық Жеке бас тазалығы Жеке бас тазалығын сақтауға үйрету. Күн тәртібін жаттауға, қоғамдық орындарда өзін ұстау ережелерін орындауға машықтандыру.    
Рақмет саған, жаттығу!    
Күн тәртібі.    
Қазан
Денсау-лық     Дені саудың, жаны сау. Денсаулық жайында мағлұмат беру. «Тамақтану» түсінігінің маңызын ашу.Қоршаған орта жайында түсінік беру.      
Тамақтану мәдениеті      
ІІ тоқсан – 3 сағат
Қараша
Денсаулық Азық-түлікті пайдалануға дайындау ережелері: жуу, пісіру, тазалау Азық-түлік оны пайдалану ережелері жайында түсіндіру. Табиғаттағы қауіпсіздік ережелерін жаттату    
Желтоқсан
Денсаулық Үйдегі қауіпсіздік ережелері. Тазалық, үйдегі қауіпсіздік ережелерін сақтауға машықтандыру Телефонмен сөйлесу ережелері, жедел қызмет телефон-дары жайында білімдерін жетілдіру.    
Телефонмен сөйлесу ережелері. Жедел қызмет телефондары      
Қаңтар
ІІІ тоқсан - 5 сағат
Денсаулық Мен көшедемін. Қоғамдық орындарда өзін ұстау ережелері. Көшеде абай болуға, жол ережелерін сақтауға машықтандыру Жол белгілерімен танысу. Сыпайы болуға үйрету.      
Жол белгілері. Көшеде абай бол!      
Ақпан
Денсау-лық Күн, ауа және су –біздің достарымыз Күн, ауа және су жайында түсінік қалыптастыру.        
Наурыз
Денсау-лық   Спорт-денсаулық кепілі Спорт жайында түсінік беру. Тазалық, үйдегі қауіпсіздік ережелерін сақтауға машықтандыру    
Табиғаттағы қауіпсіздік ережелері    
Сәуір
ІV тоқсан - 3 сағат
Денсаулық Алғашқы көмек көрсету ережелері Алғашқы көмек көрсету ережелерін ұғындыру. Бөлме және дала өсімдіктерін күтуге машықтандыру.    
Бөлме және дала өсімдіктерін күту ережелері.    
Мамыр
Денсау-лық Табиғи дәріхана. Дәрілік шөптер Қайталау. Қорытынды Дәріхана, дәрілік шөптер туралы мағлұмат беру. Жыл бойы алған білімдерін қайталап, қорытындылау.      

Балалардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:

· салауатты өмір салтын меңгеру, валеология әлемі мен танысу;

· өз дене мүшелері жайлы тереңірек ұғыну, дені сау, білімді азамат болып өсулері

үшін барлық ережелерді орындау;

· қоршаған әлемнің пайдалы жақтарын тиімді пайдалану.

«Коммуникация» білім беру саласы Сөйлеуді дамыту

Аптасына - 1 сағат, барлығы - 32 сағат

Мақсаты: «Тәрбиеленушілерді сапалы тәрбиемен және оқытумен толық қамтуды, оларды мектепке даярлау үшін мектепке дейінгі тәрбиелеудің және оқытудың әртүрлі бағдарламаларына тең қол жеткізуді қамтамасыз ету»

Міндеттері:

· мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың активті және пассивті сөздік қорын

қалыптастыру (тілді түсіну және сөйлеу);

· дыбыстарды дыбысталу, тілдік естілу артикуляциясын сақтап айту мен сөздерге

дыбыстық талдау жасау біліктілігін дамыту;

· сөйлеу барысында тілдің грамматикасын сақтауға үйрету;

· әңгімелеу (монологтік тіл) және сөйлеу (диалогтік) тілінқалаптастыру;

· дыбыстың айтылуын дұрыс есту қабілетін дамыту мен дыбысты айту барысында

дұрыс тыныс алу тәртібін сақтау;

· тілдің мәнерлілігін арттыратын ырғақтық құралдарын қолдану іскерлігін арттыру;

· көркем әдебиетпен таныстыру;

· балаларды сауат ашуға және жазуға дайындау.

«Тіл дамыту» оқулығының құрылымы және тараулардың мазмұндары туралы мәлімет:

Оқулықтың тақырыптары әртүрлі тарауларға бөлінген. Әрбір тақырыптың ішінде суреттер бойынша әңгіме құрастыру.

1.Отан 2.Жануарлар 3.Жыл мезгілдері 4.Мектеп 5.Өсімдіктер т.б.

Оқу әдістемелік кешен:

Тіл дамыту. Сауат ашу және жазу негіздері. Жұмыс дәптері

Тұрсынбаева Г.Ж, Үкібас Қ.І.Алматыкітап баспасы 2015

Тіл дамыту Әдістемелік құрал

Тұрсынбаева Г.Ж, Үкібас Қ.І.Алматыкітап баспасы 2014

Тіл дамытуӘліппе-дәптер

Амирова А.С, Анартаева КАлматыкітап баспасы 2013

Тіл дамыту Әдістемелік құрал

Әмірова А.С, Анартаева КАлматыкітап баспасы 2013

Білім беру саласы Ұйымдастырыл ған оқу іс-әрекетінің тақырыбы Мақсаты Сағат саны Уақыты Ескерту
І тоқсан - 9 сағат
Қыркүйек Айлық тақырыбы: Сөз -5
Қатынас Күз. Сөз, тіл не үшін қажет? Күз. Сөз, тіл не үшін қажет? Сөйлеу тілі қандай болады? Күз белгілері жайлы әңгімелесу    
Қорыққанға қос көрінеді (орыс халық ертегісі) Ертегі мазмұны бойынша әңгімелеу. «Белгілі дыбысқа сөз таңда» дидактикалық ойынын ойнату    
Білім еліне саяхат Мектептегі оқушылар туралы баяндау, суреттер арқылы білім ордасы туралы түсінік беру Бау-бақша туралы әңгімелеу, жұмбақтар шешкізу арқылы сөздік қорларын толықтыру.    
Бау-бақшада    
Сөз, буын, «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш». Ы.Алтынсарин Сөз. Буын. Әңгіменің мазмұны бойынша әңгімелесу.    
Қазан Айлық тақырыбы: Диалогті сөйлеу– 4
Қатынас Нан қайдан келеді? (ертегі) Өткен ертегілерді естеріне түсіру және аттарын атай білуге үйрету. Ертегі мазмұнын сұрақтар бойынша әңгімелету. Сөздік қорын молайту, диалогті сөйлеуге төселдіру.    
Менің сүйікті ойыншығым. Балабақшадағы ойыншықтар мерекесі. Балалардың ойыншық туралы түсініктерін кеңейту, ұқыпты-лыққа, тазалыққа тәрбиелеу. Ойыншықтарды күтіп, ұқыпты, таза ұстап ойнауға үйрету.    
Менің отбасым. Біздің үй Отбасы туралы әңгімелеу, отбасын таныстыру арқылы балалардың зейінін аударып, қызығушылығын арттыру. Отбасы туралы түсінік беру    
Қасқыр, түлкі, әтеш (ертегі) Балаларға ертегіні оқып, таныстыру арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Бір-біріне қамқор болуға, адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу.    
Қараша Айлық тақырыбы: Ертегі – 3
ІІ тоқсан - 7 сағат
Қатынас Тәуелсіздік төрімізде. Елордасы Астана Балаларды Қазақстан Республика- сының елордасы Астанамен және рәміздерімен таныстыру. Герб, гимн, ту жайлы түсініктерін бекіту, оған құрметпен қарауға тәрбиелеу.    
Түлкі мен қоян (Ертегі) Түлкі сөзіне дыбыстық талдау жасау. Ертегіні оқу, мазмұны бойынша әңгімелеу.    
Күшік пен мысық (Ертегі) Буындарға бөлу. Ертегіні рөлдерге бөліп орындау.    
Желтоқсан Айлық тақырыбы: Аңыз, әңгімелер – 4
  Қатынас     Үй құстары. Үй жануарлары. Балаларға үй құстары және үй жануарлары туралы түсінік беру, оларға қамқор болуға тәрбиелеу.    
Ақсақ құлан (Аңыз) «Ақсақ құлан» аңызын оқу. Мазмұны бойынша әңгімелесу.    
Су торғайы М. Зверев Жабайы құстар жайлы әңгімелесу. Сөзжасам жұрнақтар    
Қош келдің, Жаңа жыл! Қыс туралы білімін бекіту. Жаңа жыл мерекесі ең қызықты отбасылық мереке екенін балаларға түсіндіру. Жаңа жыл мерекесіне деген қызығушылығын арттыру.    
Қаңтар Айлық тақырыбы: Сөйлем түрлері – 3
ІІІ тоқсан - 9 сағат
Қатынас Сөйлем түрлері. «Қысқы ойындар» суреті бойынша әңгіме құрастыру. Сөйлем түрлері. (хабарлы, лепті және сұраулы) Сурет бойынша әңгіме құрастыру.    
Сөз, сөйлем. Ажарлы қыс Сөз, сөйлем. Сурет бойынша әңгіме құрастыру.    
Қыс А.Құнанбаев А.Құнанбаевтың «Қыс» өлеңін оқып мазмұнын түсіндіру.    
Ақпан Айлық тақырыбы: Дыбыстық талдау жасау – 3
Қатынас Жыл басына таласқан жануарлар Ертегінің мазмұнын таныстыра отырып, жағымды - жағымсыз кейіпкерлерді өздігінен ажырата білуге үйрету.    
Жабайы аңдар «Тапқыр қоян» ертегісі Ертегіні таныстыруда балалардың ертегіге деген қызығу-шылығын арттыру. Оның мазмұнын, мағынасын түсініп, өз ойымен жеткізе білуге үйрету.    
Менің анам Дыбыстық талдау жасау. Тақырып бойынша әңгіме құрастыру. «Анама сыйлық».    
Наурыз Айлық тақырыбы: Әңгіме құрастыру- 3
Қатынас «Біз де ойнаймыз» ертегісі М. Төрежанов «Біз де ойнаймыз» ертегісінің мазмұнын айту. Дидактикалық ойынын ойнату.    
Наурыз-көктем мерекесі «Бір сөзбен ата» дидактикалық ойыны (жалпылау). Тақырып бойынша шығармашылық әңгіме құрастыру.    
Наурыз-көктем мерекесі    
Сәуір Айлық тақырыбы: Ойын – 4
ІҮ тоқсан - 7 сағат
Қатынас   Кеме С.Өтетілеуұлы «Көлік түрін ата» Дидактикалық ойынын ойнату. (қорытындылау)    
Жеті қазынаның бірі (ертегі) Ертегінің мазмұнын таныстыра отырып, «Жеті қазына» ертегісін айту.    
Мамандықтың бәрі жақсы «Кім немен ойнайды?» М. Хакімжанова Әртүрлі мамандықтармен таныстыру. Мамандық иелерін құрметтеуге тәрбиелеу.    
  Асфальттағы суреттер М.Әлімбаев Табиғатты, жабайы аңдарды қорғауға үйрету. Олар табиғаттың бір бөлігі екенін түсіндіру.    
Мамыр Айлық тақырыбы: Қорытындылау- 3
Қатынас Бір уыс мақта (мысал) Ы.Алтынсарин «Бір уыс мақта» әңгімесінің мазмұнын ашып түсіндіру. Әңгіме арқылы ойын, қиялын дамыту.      
Көктем «Көктем» сөзін буынға бөлу. Тақырып бойынша шығарма-шылық әңгіме құрастыру.    
Жаздың кезі көңілді «Жаз» сөзіне дыбыстық талдау жасау.Тақырып бойынша шығармашылық әңгіме құрастыру.    
                     

Балалардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:

· қоршаған ортада көргендерін өздігінен әңгімелеп беру;

· өмірмен байланыстыру, оқылған әңгіме, ертегі, тақпақтарды түсінігі бойынша өз

сөзімен және әдеби тілде айта білу;

· белсенді сөздік қорына енген сөздерді қажетіне қарай күнделікті іс-әрекетке

пайдалана білу;

· жаңадан меңгерген сөздерді белсенді сөздік қорына енгізу;

· сурет сериялары бойынша өз шығармашылығымен әңгіме құрастыра білу;

· заттардың аттарын қасиеттеріне, белгісіне қарап ажырату.

«Коммуникация» білім беру саласы.Көркем әдебиет

Аптасына – 0,5 сағат, барлығы – 16 сағат

Мақсаты:Тәрбиеленушілердің көркем әдебиет шығармаларының кейіпкерлері арқылы өзара және үлкендермен қарым-қатынасын, үлкендер еңбегіне құрметпен қарау, Отанын, туған жерін сүю, көркемдік талғамның артуына және қалыптасуына ықпал ету.

Міндеттері:

· балаларды көркем әдебиетінің халық ауыз әдебиеті жанрымен жәнешығармаларымен таныстыру;

· баланың шығарма мазмұнын меңгеріп, оларды дұрыс түсінуінқамтамасыз ету;

· көркем сөздерді дамытудың негізгі тәсілдерін үйрету.

Көркем әдебиет оқулығының құрылымы және тараулардың мазмұндары туралы қысқаша мәлімет:

Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған шығармалардың көлемі шағын. Осындай бір шығарма баланың танымдық біліктілігін қанағаттандырмайды. Сондықтан көркем әдебиет сабақтарында бірнеше шығарманың басын қосып үйлестіру ұсынылады. Шығармаларды тақырыпты бірлік принцип бойынша біріктіру керек.

Мысалы: Күз. Жануарлар. Табиғат туралы бір өнегелі – үлгілі ұғымға арналған шығармалар немесе ертегі кейіпкерін біріктіруге болады. (адамдық, батылдық, анаға деген сүйіспеншілік т.б.).

Алуан түрлі шығармаларды ертегі, әңгіме, тақпақ өлеңдерді біріктіруге болады. Бейнелері немесе қылықтары қарама-қайшы көрсетілген шығармалар үйлесімі жақсы және жаман әдет қылықтарын жете түсінуге көмектеседі. Әртүрлі бейнелерді салыстыру арқылы олардың мінез-құлқын айқын көруге болады. Ал кейіпкерлерді салыстыру балаларға тұлға қасиетін жақсы түсінуге көмектеседі. Көркем әдебиет оқу іс-әрекеті құрылымы тіл дамытуоқу іс-әрекетінің құрылымы мен көп ұқсастық бар.

Оқу әдістемелік кешен:

Көркем әдебиет. Жұмыс дәптер № 1,2

Ә.С. Әмірова, Н.М. Байтөлеева Алматыкітап баспасы, 2015

Көркем әдебиет. Әдістемелік құрал

Ә.С. Әмірова, Н.М. Байтөлеева Алматыкітап баспасы, 2014

«Коммуникация» білім беру саласы Көркем әдебиет аптасына - 0,5, барлығы 16 сағат

Білім беру саласы Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбы Мақсаты Сағат саны Уақыты Ескерту
Қыркүйек
Қатынас Кішкентай бағбан (әңгімелеу) Мәдіхат Төрежанов Әңгімені оқып беріп таныстыру арқылы балалардың зейінін аударып, қызығушылығын арттыру. Бағбан туралы түсінік бере отырып, бақтағы жұмыспен таныстыру.    
Шаруа мен аю (орыс халық ертегісі) Балаларға ертегіні оқып, таныстыру арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Бір-біріне қамқор болуға, адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу.    
Қазан
Қатынас Арыстан мен тышқан (ертегі) Балаларға ертегіні оқып, таныстыру арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Бір - біріне қамқор болуға, адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу.    
Алтын астық (өлеңді жаттау) Қосжан Мүсірепов «Алтын астық» өлеңінің мазмұнын ашу. Өлең ырғағын келтіре отырып, әр шумағын қайталау арқылы жаттату.    
Қараша
Қатынас Мақтақыз бен мысық (қазақ халық ертегісі) Ертегіні түсіндіре отырып, балаларды көктем мезгілінің ерекше кездерін сезіне білуге, табиғатты аялай білуге, қамқор болуға тәрбиелеу.    
Әдептілік әлемі (өлең жаттау) Ермек Өтетілеуұлы Өлеңді мәнерлеп оқу, сөздердің мағыналарын түсіндіру. Өлең арқылы балалардың шығармашылық қабілетте рін дамыту. Әдепті, кішіпейіл, мейрімді болуға тәрбиелеу.    
Желтоқсан
Қатынас Ақымақ қасқыр (ертегі) Ертегіні түсіндіре отырып, балаларды көктем мезгілінің ерекше кездерін сезіне білуге, табиғатты аялай білуге, қамқор болуға тәрбиелеу.    
Мысық, Әтеш және Түлкі (ертегі) Ертегінің мазмұнын таныстыра отырып, жағымды - жағымсыз кейіпкерлерді өздігінен ажырата білуге үйрету.      
Қаңтар
Қатынас Әкесі мен балалары (әңгімелеу) Лев Толстой Әңгімені балаларға түсіндіру барысында сөздік қорларын, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілетін дамыту. Ауыл, қала туралы түсінік беру.      
Ақпан
Қатынас Маша мен Аю (орыс халық ертегісі) Ертегіні таныстыруда балалардың ертегіге деген қызығушылығын арттыру. Оның мазмұнын, мағынасын түсініп, өз ойымен жеткізе білуге үйрету.    
Бір уыс мақта (әңгіме) Ы. Алтынсарин «Бір уыс мақта» әңгімесінің мазмұнын ашып түсіндіру. Әңгіме арқылы ойын, қиялын дамыту.    
Наурыз
Қатынас Көкек (ертегі) Ертегінің мазмұнын таныстыра отырып, жағымды - жағымсыз қасиеттерін ажырата білуге үйрету.          
Сәуір
Қатынас Көктем сәні (ертегі) Ертегіні түсіндіре отырып, балаларды көктем мезгілінің ерекше кездерін сезіне білуге, табиғатты аялай білуге, қамқор болуға тәрбиелеу.    
Үш қыз (татар халық ертегісі) Ертегіні балаларға таныстыра отырып, кейіпкерлер тағдырына балаларды ортақтастыру арқылы кейіпкермен бірге қуанып, бірге армандап, ізгілікпен ерсілікті айыра білуге үйрету.    
Мамыр
Қатынас Түлкі мен Қоян (ертегі) Ертегіні сурет бойынша әңгімелеу. Жағымды-жағымсыз кейіпкерлерді өздігінен ажырата білуге үйрету.    
Ерте,ерте, ертеде.... (қайталау) Суреттер бойынша өткен ертегілерді еске түсіре отырып, ертегі жанрының ерекшелігін, мазмұнын айтып жеткізу.    
                 

Балалардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:

· әр түрлі жанрдағы әдеби шығармаларды сипаттау;

· оқылған таныс әңгіме ертегілерді өз бетінше айта білу;

· сөздің эмоционалдық мәнерлігін түсіне білу;

· шығармашылық ой – қиялдарын, фантазияларын, ойлауларын, тапқырлықтаны дамыту.

«Коммуникация» білім беру саласы Драма аптасына - 0,5, барлығы 16 сағат

Наши рекомендации