Зеннің және өзен алабының ластануы
Жайықтың жасыл желегі, орманды алқабы соңғы жылдары 8-10 есе азайып кетті. Егін тәуір шыққан жылдары 8-10 миллион тонна астық жиналады. Жыл сайын әр суы 1,2 миллион гектарға дейін шалғынды шайып өтеді. Өзен ондаған мың гектар егістікті суарады, жүздеген мың гектар жайылымға су шығарады. Дүние жүзінде ауланатын бекіре тұқымдас балықтың 3/1 жуығы Жайықтан ауланады. Судың шамадан тыс ластануы өнеркәсіп қажеттіліктері үшін қолданғанда арта түседі. Өзеннің санитарлық қорғаныс аймағы заң бойынша анықталмаған. Соның салдарынан бұрын кеңестік заңда судың қорғаныс аймағы саналған өзен жағалауларының 65 пайызы жыртылып, егін алқабы ретінде пайдаланылып кеткен. Бұл өз кезегінде өзенге топырақтың көп құйылып, тайыздалуына себеп болып отыр. Бұл дегеніміз - үлкен экологиялық апат. Ірі индустрия алыптары Жайық өзенінің тура ортасында орналасқан кеңес заңымен судың қорғаныс аймағы саналатын жерден құбыр желісі жүргізілген. Өткен ғасырдың 60-70 жылдары Орынбор газ конденсаты кен орны игеріле бастағанда экологиялық шараларды қоса жүргізуді қатаң талап өткен.
Жайық өзенінің экологиялық ахуалы да экологтардың алаңдаушылығын туғызып отыр. Биылғы жылы өзеннен 200 тоннаға жуық қауіпсіздігі жөнінен 1, 2-класқа жатқызылған лас қалдықтар шығарылды. Улы заттарда сақтауға арналған полигон құрылысына қатысты мәселелер де шешімін тппай отыр. Полигон құрылысына қажетті 250 млн теңгенің 60 млн өткен жылы, ал 80 млн ағымдағы жылы ғана бөлінді.
Судың құрамындағы әр түрлі шайынды жыныстарлың мөлшеріне қарап оның лайлануын анықтайды. Жайыққа Көшім саласының қосылар жерінде судың лайлануы бір текше метрде 290 грамм. Осы жердегі қатты шайынды жыныстардың мөлшері жылына 1900 мың тоннаға тең. Өзен суының химиялық құрамында карбонатты кальций тұздарының қоспасы басым болып келеді.
Орал облысы үшін аса маңызды мәселе – су ресурстарының тапшылығы. Мұнда жан басына шаққанда сумен қамтамасыз ету әзірге 1,1 мың м3 ғана болып отыр. Жайықтан бактериялық құрамды анықтау үшін алынған жалпы анализдердің 90% - ы судың ішуге жарамсыздығын көрсетті. Мамандардың қорытындылары бойынша Орал қалаларындағы аурулардың 20-30% - ы осы жағдайдан туындаған. Адамдар арасында жүргізілген сауалнамада өзен суының 68% - лас, өзенге шомылуға болмайды деп қарсы болған. Жұртшылықтың лай арық, көп суларые пайдаланудан жыл сайын жұқпалы дерт – сүзек, сары ауру, тырысқақ пен ішік, асқазан аурулары өршіп отыр. Мәселен, Орал облысының тұрғындарының 20%-ы кермек су пайдаланады. Оралдағы халық тұтынатын судың 70%-ы Жайықтан алынады. Ал қалған 30% Қиғаш өзені мен жер асты сулары құрайды. Жайықтағы су деңгейі соңғы 15 жылда 57 сантиметрге дейін төмендеген. Өзен ағысының көпжылдық орташа көлемі 11 миллиард текше метрді құраса, бұл көрсеткіш өткен жылы небары болғаны 5,3 миллиард метр3 асқан. Соңғы жылдары облысқа жоғарыдан судың келуі күрт кеміп барады. Бұгінгі таңда бассейндік су қорының тек 25 пайызын немесе тек 5,9 текше шақырым аумақтағы суды пайдалану мүмкін болып отыр. Ғалымдардың болжамына сенсек Жайықты бойлай қоныстанған Ресей, Татарстан, Башқұрстан мен Қазақстан Жайық суын жергілікті қажеттіліктеріне қарай емін – еркін пайдалана беретін болса, онда Ембі өзенінің 1939 жылдан бастап Каспийге құймай қалғаны сияқты, Жайық та теңізге жетпейтін болады. Айта кету керек аталмыш проблема ең алдымен, мемлекетаралық реттеуді қажет етеді. Облыстық СЭС-тің жүргізген Жайық-Орал өзені суын Орал қаласы тұсында жүргізілген лабораториялық зерттеу қорытындысында өзеннің суы құрамында темір,мұнай және фенол қосындыларының нормадан 3-4 есе өсіп отырғанын көрсетеді. Ал, Индер, Махамбет елді-мекендері тұсындағы өзен сулары және осы елді-мекендер мен Балықшы, Оралдағы ауыз су құрамының бактериялық және химиялық элемент мөлшері жүргізілген тексерудің қорытындысында олардың тиісті стандарттық мөлшерге сай келмейтіндігі анықталды. Бұл жағдайлар сөз жоқ адамдар арасында жұқпалы аурулардың өріс алуына жол ашады.Сонымен бірге 530 мың текше метр су әр түрлі қоспалармен кері қайтады. Соңғы жылдарда жүргізілген тексерулер суда фенолдың құрамы жеткілікті мөлшер коэффицентінен 20 рет, алты валентті хром 6 рет өскенін көрсетті. Мыстың мұнай қалдықтарының қосындылары жылдан-жылға молая түсуде. Бекіре тұқымдас балықтардың бойында мыс, мырыш, кобальт, қорғасын және басқа бірқатар металл түрлерінің шоғырлануы анықталуда. Адамның шаруашылық қызметінің өзінде-ақ көксеркенің жаппай ауруға шалдығуына әкеліп ұрындырды. Соның салдарынан балықтардың сыртқы қабатында түрлі жара мен қатерлі ісіктер пайда болуда. Антропогендік ластаушы заттардың негізгі көшетін каналдары-ауа массалары мен өзендер. Қазақстанның географиялық орнының негізгі ерекшеліктері-республиканың батыс және солтүстік шекарасының Еуропадан, Ресейден ластаушы заттарды тасушы ауа массалары мен орал беткейінен ағып келетін өзен торлары үшін ашықтығы. Соның ішінде - Елек өзені. Ол Жайық өзенінің бір саласы, бастауын Мұғалжар аласа тауларынан алады. Ақтөбе облысынан ағып өтетін Жайық өзені алабындағы ең лас өзен. Елек суының сапасы 4 классқа жатады, судың ластану индексі (СЛИ)-3,09 бормен(11,9 ШРШ) және хроммен (5,1 ШРШ) ластанған. Ластанудың негізгі көзі-хромит кеніштері Ақтөбе, Алға қалаларының өнеркәсіп орындары.
1957 жылдан Ақтөбе облысының күрделі проблемаларының бірі Елек өзенінің алты валентті хром және бормен ластануы болып отыр. Алты валентті хром жер асты сулары арқылы Елек өзеніне түсуі өз кезінде сүзгішті қалқансыз салынған «Ақтөбе хром қосылыстар зауытының» ескі шламды тоғандары ластану көздері болып табылады. Қазіргі уақытта алты валентті хром атмосфера ауасында, топырақта және Ақтөбе қаласына жақын мандағы ауыл шаруашылық жерлердегі егілетін өсімдік өнімдері құрамында да бар.
Өлкеде шешімін таппай отырған тағы бір мәселе бұранғы Киров атындағы Ақтөбе химзауытының Елек өзенің бормен ластау көзін жою болып табылады. Қазақстанның өзендерінің су қоймаларына лас сулардың жіберілуі қоршаған ортаны қорғау органдарының белгіленген мөлшеріне дейін рұқсат алынады, ал тазартылмаған ағынды сулар жіберілмейді. Бірақ та жыл сайын Елек өзеніне судың тасу кезінде 6-дан 10 млн куб тазартылмаған ағынды лас су тасталынады. Осыған орай мұндай жағымсыз жағдайларды тоқтату мақсатында ақтөбе қаласының тазарту қондырғыларын ауыстыруға шешім табу қажеттігі туып отыр. Сондай-ақ,тағы бір мәселе «Ақбұлақ» АҚ тазарту қондырғыларының техникалық жағдайының қанағаттанарлықсыздығы. Соның ішінде Ақтөбе қаласындағы тазарту қондырғыларында ағынды лас суларды биологиялық тазарту мүлдем жүргізілмейді деуге болады. Жайық өзенінің саласы болып табылатын Елек өзеніне ұдайы дұрыс тазартылмаған ақаба сулар тасталынады. Соған байланыста Ресей Федерациясы Орынбор облысының және Батыс Қазақстан, Атырау облысының әкімшіліктері тарапынан әрдайым шағымдар мен ескертулер түсіп жатады.
Жайық өзеніне төніп тұрған тағы бір қауіп-шетелдік компаниялардың қажетсіз күкіртті жер қойнауына қайта айдауы. Әсіресе, Қарашығанақ мұнай-газ конденсатынан шығатын қалдықтармен ластануы. Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орны (ҚМГККО) Ақсай қаласының солтүстігінде 25 шақырым қашықтықта орналасқан. Кен орны 1979 жылы ашылды. Оның ауданы 30000 га, мұнай-кен конденсаты 1200 млн тонна газ 1350 млрд м3 астам. Ресейге Орынбор мұнай өндеу зауытына ұзындығы 130 км құбыр салынып, газ бен конденсатты экспортқа шығаруға байланысты оны өндіру 1984 жылдан басталды. 40 жылға есептелген оның өнімнін бөлісу, кен орнын пайдалану және болашақта өндіруді қамтитын келісімге (ОСРП) 1997 жылы қол қойылды. Келісім Қазақстан Республикасымен бірлескен кәсіпорыны компаниялары Сэджип (32,5 пайыз), Бритиш газ Интернешинл (32,5 пайыз), Тексако (20 пайыз), Лукойл (15 пайыз) аралығында құрылды. Мамандар күкіртті кері айдау үрдісі ешқандай экологиялық қауіп-қатер туғызбайды деп есептейді. Бұған сену қиын. Күкірт бұрынғы табиғи кезінде газбен және конденсатпен араласып жатқан болса, ендігі жерде ол ешқандай қоспасы жоқ таза күкүрт күйінде жер қойнауына қайтадан жіберіледі. Бұдан кенішке жақын орналасқан Жайық өзені экологиялық зиян шегеді. Кеніш Елек өзенінің етегінде тұр. Ал Елек Ойыл өзенімен бірігіп Жайыққа, одан әрі Каспийге құяды. Өткен жылы Атырауда Жайықтың ластығы салдарынан індет шығып кете жаздады. Қалалық су арнасы арқылы хлорды суға көбірек салғызудың арқасында елді аман алып қалды. Бірақ соңғы кезде белгілі болғандай хлорланған ауыз су бауыр, қуық, асқазан ісіктерін, аллергиялық аурулар туындатады. Хлор біздің ағзамыздағы ақуызды бұзып, тері мен шашқа жағымсыз әсер етеді. Сонымен қатар, Жайық өзені бойындағы кәсіпорын, мекемелер де суды таза ұстау мәселесіне бас ауыртпайды. Тұрғындар да селқос қарайды.
Батыс Қазақстанмен Атырау бойынша жасалған арнайы экспедиция жорығы (2-сурет) кезінде осы аймақтарда Жайық өзенінің ластауына өзіндік әсерін тигізіп отырған 160 қоқыс орны және саяжай мен құрылыс қалдықтарының өзен бетінде шашылып жатқаны анықталған.
Сурет-2
Яғни, кәсіпорындар өз алдына, жекелеген адамдар да Жайық өзенінің ластауына «жабайы» үлес қосып отыр.
Алайда Жайықтың арнайы мәртебесінің болмауы оның экологиялық тағдырына әсер етіп, өсімдік және жануарлар дүниесіне зиян келтіріп отыр. Біздің облысымыздағы сұйық және қатты зиянды өндірісті қалдықтардың 40 пайызы Қарашығанақтың үлесіне түседі. Осы өзен суының құрамындағы темір-6,5, жез-6, мырыш-12,35, мұнай өнімдері 1,35 пайызға жетті. Су деңгейі азаймауы және экологиялық проблемалар орын алмауы үшін суды ысырап қылмай тиімді пайдалану қажет. Солдаң соң әр түрлі химиялық қоспалардың өзенге кетпеуін мықтап қадағалау керек. Өйткені, су арқылы адам ағзасы бұзылады.