Шектеуші факторлар заңы немесе Минимум ережесінің» авторы Ю.Либих

Максимумның шектеуші әсері туралы «Төзімділік заңын» анықтаған ғалым: Шелфорд В.

Экожүйедегі редуценттердің рөлі болып табылатыны: Органикалық заттарды минералдық заттарға дейін бұзу

Ертеде кең таралған түрлердің кейін әр түрлі себептермен тіршілік ету аймағы тарылып, шағын аумақтарда сақталып қалатын аймағы қалай аталады? (мысалы: Шығыс Қытайда ғана кездесетін жалғыз түр – гинко ағашының сақталуы)Реликті ареал

Кейбір өсімдіктер мен жануарлардың жер шарына жаппай таралу аймағы қалай аталады? (мысалы: үй шыбыны, су егеуқұйрығының таралуы т.б.)Космополитті ареал

Гелиофиттер - бұлар Жарықты сүйетін өсімдіктер

Сциофиттер - бұлар Көлеңке сүйгіш өсімдіктер

Құрғақ және ыстық климат жағдайына бейімделеген құрғақ сүйгіш жануарлар: Ксерофилдер

Температураға қатысты төзімділіктің жоғары дәрежесін көрсететін түрлер: 1) ыстыкқа төзімсіз түрлер 2)ыстыққа төзімді эукариоттар 3) ыстыққа төзімді прокариоттар

Температураға қатысты төзімділіктің төменгі дәрежесін көрсететін түрлер: 1)Суыққа төзімсіз өсімдіктер 2) аязға төзімсіз өсімдіктер 3) аязга төзімді өсімдіктер

Детрит – бұл?Өсімдіктер мен жануарлардың өлі қалдықтары

Негізгі тіршілік орталары ?Су, жер- ауа, топырақ, организм денесі

Өсімдіктер мен жануарлардың шектеулі аймақтарды ғана мекендеуі қандай ареалға тән? (мысалы: Жетісу аяқты балығы Жетісу (Жоңғар) Алатауының 1800 – 2500 м биіктіктегі бұлақтарында ғана кездеседі).?Эндемикті ареал

Бір түрге жататын даралардың сыртқы және ішкі құрылыс белгілерінің ұқсастығын көрсететін түрдің критериі қалай аталады. Бірақ табиғатта морфолгиялық жағынан ұқсас болғанымен бір түрге жатпайтын, хромосомалар жиынтығы әр түрлі бір-бірімен шағылыса алмайтын түр «қосарлары» да көп кездеседі.Морфологиялық критерий

Сукцессиядан кейінгі экожүйенің салыстырмалы тұрақтылығы Климакс

Әр түрдің өзіне тән хромосомаларының саны, пішіні, мөлшеріне байланысты бір түр мен екінші түр даралары бір-бірімен шағылыспаса, егер түраралық шағылысу бола қалған жағдайда, олардың тіршілік етуге қабілетсіз гаметалар, зиготалар, ұрықтар және ұрпақтар пайда болса немесе түраралық шағылысудан жақсы жетіліп туған ұрпақтың өзі бедеу, яғни ұрпақ бермейтін болса бұл түрдің қай критериіне тән?Генетикалық критерий

Биосферадағы тіршіліктің жоғарғы шекарасын не анықтайды ?Озон экраны

Көлеңкеге төзімді өсімдікті көрсетіңіз? Факультативті гелиофиттер

Тұрақты топырақ мекендеушілері ?Геобионттар

Суда тұрақты тіршілік ететін организмдер? Гидробионттар

Популяцияның жыныстық және жас ерекшелік құрамын сипаттауды қалай атайды ?Демография

«Бір экологиялық қуыста екі түр бірге тіршілік ете алмайды», бұл принцип қалай аталады ?Гаузе принципі

Геожүйелерді зерттейтін экологияның бағыты?Геоэкология

Кальций және натрий тұздарымен қаныққан тұзды, сор топырақта өсетін өсімдіктер?Гектарлофиттер

Жүйені термодинамикалық тепе-теңдік күйден аутқытатын сыртқы әсердің салдарынан сол жүйедегі тепе-теңдік осы әсерді әлсірететін (немесе оған қарсы әсер ететін) реакция бағытына қарай ығысатындығын тұжырымдайтын принцип:Ле Шателье-Браун принципі

Иесінің денесінің ішінде тіршілік ететін паразиттер ?Эндопаразиттер

Төменгі температура жағдайында тіршілік ететін организмдер ?Криофильдер

Гетеротрофтар энергия көзі ретінде нені пайдаланады ?Органикалық заттарды

Су қорға жиналатын шырынды сабақтары мен жапырақтары бар шөлге төзімді көпжылдық өсімдік?Суккуленттер

Оңтүстіктің сүтқоректілері мен құстарының кейбір мүшелері туысқан солтүстік түрлерінен үлкен деген ереженің авторы?Аллен

Су булануын тиімді тежейтін қатты жапырақтары мен сабақтары бар шөлге төзімді өсімдік?Склерофиттер

В.И.Вернадский тірі заттың бірнеше биогеохимиялық функцияларын бөлді. Солардың бірін көрсетіңіз ?Газдық функция

Бүкіл тіршілік процестері тоқталатын организмдердің физиологиялық күйі ?Анабиоз

1877 г «Биоценоз» ұғымын ғылымға енгізген ғалым ?Неміс гидробиолог Карл Мебиус

Ғылыми тұрғыда толық зерттелмеген түрлер Қызыл кітаптың қай категориясында тіркеледі?Төртінші категориясында

Биологиялық өнімділік дегеніміз ?Органикалық заттардың түзілу жылдамдығы

В.И.Вернадскийдің анықтамасы бойынша тірі заттар дегеніміз ?Планетаның барлық тірі организмдерінің барлық саны

Транспорт пен өндіріс орындарының ластаушы заттарының қоспасына күн сәулесінің әсерінен түзілетін улы тұман қалай аталады ?Фотохимиялық смог

Қоректік тізбектің негізгі звеносын құрайтын топырақ микроорганизмдері (жасыл және көк жасыл балдырлар, бактериялар, саңырауқұлақтар, қарапайымдар)?Микробиота

Экологияның тірі организмдердің бір-бірімен және өзін қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейтін ғылым ретінде негізін салған кім ?Э.Геккель

Топырақты тұрақты мекендеушілер, яғни олардың барлық тіршілік (циклі) кезеңдері топырақ ішінде өтеді (жауынқұрт, қанатсыз жәндіктер):Геобионттар

Даму кезеңдерінің тек бір бөлігін топырақ ішінде өткізетін жануарлар. Оларға көбінесе бунақденелілер: шегіртке, қоңыздар, ұзынаяқты масалар жатады. Олардың дернәсілдері топырақта дамиды, ал ересек түрлері жер үсті тіршілік иелері болып саналады:Геофилдер

Кез-келген организмнің өсіп-өніп, көбеюіне, ұрпақтарын жалғастыруға қолайлы табиғи, тарихи қалыптасқан орта.?Тіршілік ортасы

Топырақты жасырыну немесе тығылу үшін пайдаланатын жануарлар (індерде болатын тарақан, кеміргіш, сүтқоректілер). ?Геоксендер

Судың беткі қабатында оның ағысымен қалқып жүретін ұсақ омыртқасыз жәндіктер. Мысалы: шаянтәрізділер, қарапайымдар, моллюскалар, медузалар, сальпалар және кейбір құрттәрізділер:Планктон

Судың терең қабаттарында еркін жүзіп жүретін, суда жүзуге икемді денесі, жүзу қанаттары жақсы дамыған сезім және қозғалу мүшелері бар организмдер. Мысалы: балықтардың түрлері, кальмарлар, киттер, тюленьдер, морждар, дельфиндер: Нектондар

Судың түбіндегі субстраттарда (шөгінділерде) тіршілік ететін организдердің жиынтығы. Негізінен бәрі де баяу қозғалатын немесе қозғалыссыз өмір сүретіндер. Кейбіреулері шөгінді астында тіршілік етеді.?Бентостар

Организмдердің тәуліктік жарық пен қараңғы мерзімінің ұзақтығына байланысты оған жауап беру реакциясы: Фотопериодизм

Жылдың, тәуліктің ырғақты ауысу мерзіміне байланысты организмдердің тіршілігінде тәуелді түрде қайталанып отыратын даму ырғағы:Биологиялық ырғақтар

Экожүйеге келіп түсетін энергия көзіне, сапасына және мөлшеріне негізделген жіктелу формасы:Функционалды жіктелу

Экожүйедегі өсімдіктер бірлестігіне, ландшафтың негізгі белгілеріне негізделген экожүйенің жіктелу формасы: Құрылымдық жіктелу

Жеке адамның қоршаған ортаның жай-күйi үшiн экологиялық жауапкершiлiгiн қамтамасыз ететiн бiлiм мен дағды жүйесiн, құндылық бағдарларды, имандылық-эстетикалық қатынастарды қалыптастыруға бағытталған, жеке адамды тәрбиелеудiң, оқытудың, оның өз бiлiмiн көтеруiнiң және дамуының үздiксiз процесi; Экологиялық бiлiм беру

Таңбаланған өнiмнiң экологиялық таза өнiм стандарттарына сәйкестiгiн растайтын тiркелген белгi;Экологиялық таза өнiм белгiсi

Жеке адамның, қоғамның және мемлекеттiң өмiрлiк маңызды мүдделерi мен құқықтарының қоршаған ортаға антропогендiк және табиғи әсер ету нәтижесiнде туындайтын қатерлерден қорғау:Экологиялық қауiпсiздiк

ЮНЕСКО ның қоршаған ортаға қатысты қандай бағдарламалары бар?«Адам және биосфера», «Адам және оны қоршаған орта»

Биологиялық алуантүрлілікті сақтау мақсатында ұзақ уақыттық қорғауға алынған белдеу. Онда ең аз бұзылуға ұшыраған экожүйелерді бақылау, ғылыми-зерттеулер, зиян келтірмейтін қызмет, мысалы білім беру саласында жүргізіледі. ?Қорықтық белдеу

Экологиялық қауіпсіз қызмет жүргізуге, соның ішінде экологиялық білім беру, демалу, экотуризм, қолданбалы және фундаменталды зерттеулер жүргізу үшін қолданылатын қорықтық белдеудің айналасында, шектесіп жататын белдеу. ?Буферлі белдеу

Ауыл шаруашылық жұмыстарының кейбір түрлері, тұрғын жерлер, осы территорияның ресурстарын тұрақты игеру мен тиімді пайдалану мақсатындағы әр түрлі кәсіпорындардың өзара бірлескен жұмысы жүргізілуі мүмкін белдеу: Өтпелі белдеу

Айрықша немесе белгілі бір жерге тән, ғылыми, мәдени-танымдық және денсаулық сақтау тұрғысынан бағалы табиғат объектілері ?Мемлекеттік табиғат ескерткіштері

Биосфералық планеталық құбылыстардың космостық сәулеленумен, негізінен күн радияциясымен байланысын жүзеге асыратын тірі заттардың биогеохимиялық функциясы: Энергетикалық функциясы

Газдардың миграциясы мен өзгерісін жүзеге асыра отырып, биосфераның газдық құрамын қамтамасыз ететін тірі заттардың биогеохимиялық функциясы: Газдық функция

Өлімнен соң ағзалардың ыдырауымен байланысты процестер. Оның нәтижесінде органикалық заттың минерализациясы жүреді. Нәтижесінде биосфераның биогенді және биокостық заттары түзіледі. Бұл қай функция:Деструктивтік функция

Өзгермелі атомдары бар заттардың химиялық айналымында көрінетін өзгерістерге қатысты тірі заттардың орындайтын биогеохимиялық функциясы: Тотығу-тотықсыздану функциясы

Бұл функция бойынша ауырлық күшіне қарсы, горизонтальды бағытта заттардың тасымалдануы жүзеге асырылады. Тірі заттың кері төменнен жоғары, мұхиттан континенттерге тасымалдауын қамтамасыз етеді:Тасымалдаушы функциясы

Тұрақты дамудың негізгі аспектілерін көрсетіңіз:экономикаылық, әлеуметтік, экологиялық

Бір түрдің организмдерінің баска түрдің организмдерінің ұлпаларымен немесе қоректік заттарының есебінен тіршілік ететін түрлер арасындағы қарым қатынастың формасы Паразитизм

Иесінің денесінің сыртқы бетінің есебінен қоректенетін паразиттерЭктопаразиттер

Агрожүйе байланыстарын ,қала экожүйесін,техносфераның қоршаған ортамен байланысын зерттейтін экологияның саласы? Қолданбалы экология

Қалалардың өсуі мен дамуы,ауылдың қалаға айналуы,ауыл тұрғындарының қалаға көшуі,қоғам өмірінде қалалар рөлінің артуы: Урбанизация

Қоғамдық экология – қоғам мен қоршаған орта жүйесіндегі байланыс пен тәуелділікті қарастырады.

Адам экологиясы – адамның табиғи мәнін, оның тіршілік ортасының экологиялық факторларының денсаулыққа әсерін зерттейді

Қолданбалы экология – агрожүйе байланыстарын, қала экожүйесін, техносфераның қоршаған ортамен байланысын зерттейді

Экологиялық даму ұғымын ұсынған ғалым: Морис Стронг

Болашақ ұрпақтың өз мұқтаждықтарын қанағаттандыру мүмкіндіктеріне зиян тигізбей,бүгінгі күн қажеттіліктерін қанағаттандыратын әлеуметтік экономикалық даму моделін атаңыз?тұрақты даму

Сукцессия дегеніміз- Ішкі және сыртқы факторлардың әсері нәтижесінде белгілі бір территорияда ауысатын биоценоздың қайталанбас ауысымы

Табиғи суларға биогенді элементтердің түсіп баюының нәтижесінде фитопланктон биомассасының күрт өсіп,олардың оттегін белсенді сіңіріп,улы заттарды бөлуіне байланысты басқа гидробионттардың тіршілік жағдайларының нашарлауы:эвтрофикация

Адам мен оның шаруашылығының қоршаған ортаға әсер ету дәрежесі қалай аталады: антропогендік жүктеме

Аутэкология терминін ғылымғ енгізген: 1896 жылы Швейцар ботанигі К.Шретер енгізген

Наши рекомендации