Аскарида
A. Талшықтыларға жатады
B. Буылтық құрттарға жатады
C. Жұмыр құрттарға жатады
D. Жалпақ құрттарға жатады
E. Кірпікшелілерге жатады
7. Балықтың қаны мүшелерге әкеледі:
A. Оттегін
B. Қоректік заттарды
C. Қоректік заттар мен оттегін
D. Қоректік заттар мен көмірқышқыл газын
E. Көмірқышқыл газын
8. Ішкі секреция бездері гормондарын бөледі:
A. Құрсақ қуысына
B. Қанға
C. Лимфаға
D. Жасуша аралық затқа
E. Жүйке жасушаларына
9. Иірім өзекшелер орналасқан:
A. Ішкі құлақта
B. Ортаңғы құлақта
C. Сыртқы құлақта
D. Аралық құлақта
E. Дыбыс сүйектерінде
10. Ауыз қуысында қорытылады:
A. Нәруыздар
B. Витаминдер
C. Майлар
D. Нуклеин қышқылдары
E. Көмірсулар
11. Қан сарысуы:
A. Лимфа
B. Фибринсіз лимфа
C. Жасушааралық зат
D. Фибриногенсіз плазма
E. Физиологиялық ерітінділер
12. Асықты жіліктің ұзарып өсуін қамтамасыз етеді:
A. Жілік басы
B. Сүйекқабы
C. Сүйек денесі мен сүйек басы аралығы
D. Сүйек денесі
E. Сүйек денесі және сүйекқабы
13. Бүйрек капсулалары орналасады:
A. Қыртысты затында
B. Астаушада
C. Ми затында
D. Қуықта
E. Тостағаншада
14. Бағдарлаушы рефлекс:
A. Жөтел
B. Көзді жұму
C. Сілекейдің бөлінуі
D. Ыстық заттан қолды тартып алу
E. Басты дыбыс шыққан жаққа бұру
15. Қоректік тізбектің әр буынында қоректік заттармен келген энергияның біраз бөлігі:
A. Алмасу заттарымен бөлініп шығарылады
B. Биосинтез үрдістеріне пайдаланылады
C. Пайдаланылмайды
D. Жылуға айналады
E. Тынысалу үрдісіне жұмсалады
16. Атмосфераның күкірт оксидімен ластануы:
A. Жанартаулардың атқылауына себепші
B. Қышқылдық жауындардың жаууына себепші
C. Аймақтың шөлейттенуіне әкеледі
D. Озон қабатының бұзылуына әкеледі
E. Топырақ қабатының құрылымы бұзылады
Алты жауаптан үш дұрыс жауапты таңда (ОЖ1 – ОЖ2).
17 (ОЖ1). Күрделігүлділер тұқымдасына жатады:
1. Астра
2. Люпин
3. Бақбақ
4. Күнбағыс
5. Қызанақ
6. Қызғалдақ
18 (ОЖ2). Сирек қылтанды буылтық құрттардың белгілерін таңда:
1. Гермафродиттер
2. Ішегі аналь тесігімен аяқталады
3. Қанайналым жүйесі жоқ
4. Асқорыту жүйесі жоқ
5. Денесі сегменттелген
6. Адам және жануарлардың паразиттері
Бірінші және екінші бағандар арасындағы сәйкестікті анықта.
19 (ОЖ3). Жасушадағы зат алмасу сипаты мен оның түрлері арасындағы сәйкестікті анықта:
СИПАТТАМА | ҮРДІС (ПРОЦЕСС) |
А. Лизосомалар, митохондриялар мен цитоплазмада өтеді В. Рибосомалар мен хлоропласттарда өтеді С. Органикалық заттар ыдырайды D. Органикалық заттар синтезделеді Е. АТФ молекулаларында жинақталған энергия жұмсалады F. Энергия босап шығып , АТФ молекуласында жиналады | 1. Энергетикалық алмасу 2. Пластикалық алмасу |
20 (ОЖ4). Ми бөлімдері мен оның реттеушілік қызметтері арасындағы сәйкестікті анықта:
РЕТТЕУШІЛІК ҚЫЗМЕТТЕРІ | БӨЛІМДЕРІ |
А. Жүрек жұмысын В. Дене температурасын С. Зат алмасуды D. Зәр шығару Е. Ішкі секреция бездерінің жұмысын F. Тынысалу | 1. Сопақша ми 2. Аралық ми |
Биологиялық үрдістер, құбылыстар, практикалық әрекеттерді дұрыс ретімен орналастыр (ОЖ5)
21(ОЖ5). Адамның есту анализаторы арқылы өтетін дыбыс толқындары тудыратын құбылыстар ретін көрсет:
1. Дыбыс сүйектерінің тербелісі
2. Дабыл жарғағының тербелісі
3. Перелимфа мен эндолимфаның тербелісі
4. Кіреберіс жарғақшасының тербелісі
5. Жүйке импульстарының берілуі
6. Дыбыс анализаторының тітіркенуі
Сұраққа қысқаша жауап бер (ОЖ6).
22(ОЖ6). Қан кету кезде қандай қан тамыры зақымданғанын қалай анықтауға болады? Жауабыңды түсіндір.
ХББ 9 сынып оқушыларын қорытынды аттестаттауға арналған
БИОЛОГИЯ пәнінен тест тапсырмалары
Нұсқа 5
1. Зоологияның жорғалаушылар туралы бөлімі:
B. Гельминтология
C. Герпетология
D. Ихтиология
E. Микология
F. Палеонтология
2. Жүйке ұлпасының серіктес жасушалары:
A. Аксондар
B. Дендрит
C. Медиаторлар
D. Нейроглия
E. Синапстар
3. Ғаламшар"Тазалықшылары" - болып табылатын бактериялар тобы:
A. Азотсіңіруші
B. Шіріту
C. Темірбактериялары
D. Сүтқышқылдық
E. Паразит
4. Мүктәрізділердің басқа өсімдіктер бөлімдерінен ерекшеліктері:
A. Сабағының болуы
B. Спора арқылы көбеюі
C. Сабақ, тамыр және тұқымының болуы
D. Сабақ, жапырақ және ризоидтарының болуы
E. Даму барысында ұрпақтардың алмасып отыруы
5. Қызанақ пен картоп жемісі:
A. Түйнек
B. Тамырсабақ
C. Жемтамыр
D. Көпсүйекті
E. Жидек
6. Қосжақтаулы бақалшақты:
A. Кальмар, сегізаяқ, каракатица
B. Айқұлақ, мидия, теңіз меруерті
C. Тоспа ұлу, катушки, жүзім ұлуы
D. Тоспа ұлу, сегізаяқ, жалаңаш шырыш
E. Жалаңаш шырыш, рапана
7. Сүтқоректілердің басқа омыртқалы жануарлардан ерекшелейтін белгі:
A. Бессаусақты аяқ
B. Қауырсынды жабын
C. Балаларын сүтпен қоректендіру
D. Жылықандылық және екі қанайналым шеңбері
E. Төрт қуысты жүрек
8. Қант диабеті ауруы белгісі:
A. Қанда глюкозаның болмауы
B. Инсулиннің қандағы мөлшерінің көбеюі
C. Қан қысымының көбеюі
D. Зәрдегі глюкоза мөлшерінің көбеюі
E. Қандағы глюкоза мөлшерінің азаюы
9. Көздегі қарашықтың қызметі:
A. Көз алмасын қорғау
B. Көз алмасын қанмен қамтамасыз ету
C. Жарықтық тітіркендіргіштікті жүйкелік қоздырғышқа айналдыру
D. Жарық мөлшерін көз алмасына реттеп өткізу
E. Жарық сәулелерін торқабыққа жинақтау
10. Аш ішектегі бүрлердің негізгі қызметтері:
A. Нәруыздар
B. Нәруыздар және майлар
C. Гликоген және крахмал
D. Глицерин және май қышқылдары
E. Глюкоза және аминқышқылдары
11. Адамда қаназдық кезінде байқалады:
A. Қандағы эритроциттер мөлшері артады
B. Ұйқы безінің қызметінің бұзылуы
C. Қандағы кальций тапшылығы
D. Қандағы гемоглобиннің азаюы
E. Қандағы гормондардың азаюы
12. Адам бассүйегінің ерекшеліктері:
A. Тістердің болуы
B. Үстіңгі және астыңғы жақсүйектердің қозғалмалы байланысы
C. Ми сауытындағы сүйектердің қозғалыссыз байланысуы
D. Сүйек ұлпасының ерекше құрлыстылығы
E. Ми сауытының бет сүйектеріне қарағанда көлемді болуы
13. Адам бүйрегінің қызметі:
A. Онда асқорыту ферменттерінің түзілуі
B. Қандағы гормондардың мөлшерін реттейді
C. Ағзадағы глюкозаның молшерін реттейді
D. Қорытылмаған асты бөліп шығарады
E. Зат алмасудың сұйық өнімдері шығарылады
14. Шартты рефлекстердің тежелуі:
A. Шартты тітіркендіргіштіктерді бірнеше рет қайталау
B. Шартсыз рефлексті бекітудің болуы
C. Тежелу болмайды
D. Шартсыз рефлексті бекітудің болмауы
E. Шартты тітіркендіргіштіктердің болуы
15. Қышқылдық жауынның болуының себебі:
A. Азот оксидтері мен күкірт оксидттерінің ауаға шығарылуы
B. Ауыр металдардың ауаға шығарылуы
C. Күн радиациясының өзгерісі
D. Ауадағы көмірқышқыл газының мөлшерінің көбеюі
E. Атмосферадағы озонның көбеюі
16. Биосферадағы тіршілік шекарасының жоғарғы шегі:
A. 30-35 км.
B. 25-27 км.
C. 20-25 км.
D. 15-20 км
E. 10-15 км
Алты жауаптан дұрыс үшеуін таңда (ОЖ1-ОЖ2).
17 (ОЖ1). Бұршақтұқымдас өсімдік белгілері:
1. Гүлінің формасы бұрыс
2. Гүлшоғыры шашақ, шоқпарбас
3. Гүлінің формасы дұрыс
4. Гүлшоғыры себетгүл
5. Жемісі бұршаққын немесе бұршаққынша
6. Жемісі бұршаққап
18 (ОЖ2). Тек шаянтәрізділерге тән белгілер:
1. Денесі баскөкірек және құрсақ бөліктен тұрады
2. Денесі бас, көкірек және құрсақ бөліктен тұрады
3. Желбезек арқылы тыныс алады
4. Өкпесі арқылы тыныс алады
5. Ыдырау өнімдерін жасыл жұп бездер шығарады
6. Ыдырау өнімдерін бүйрек бөліп шығарады
Кестенің бірінші және екінші бағандары арасындағы сәйкестікті анықта (ОЖ3 - ОЖ4).
19 (ОЖ3). Дәрумендер және олардың жетіспеуінен болатын аурулар белгілері арасындағы сәйкестікті анықта:
АУРУ БЕЛГІЛЕРІ | ДӘРУМЕН |
А. Қызылиектің қанталауы В. Родопсиннің түзілмеуі С. Тістің түсуі D.Қасаң қабық пен терінің зақымдануы Е. Ағзаның ауруға қарсы тұру қабілетінің төмендеуі F. "Ақшам соқырлық"ауруы дамиды | 1. А 2. С |
20 (ОЖ4).Бездер типі мен атқаратын қызметтері арасындағы байланысты анықта:
БЕЗДЕРДІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ | БЕЗДЕРДІҢ ТИПІ |
А. Май түзеді В. Жылу реттеуге қатысады С. Балаға қажетті қоректік затты түзеді D. Ағзадан минералды заттарды шығарады Е. Ағзадан суды бөліп шығарады F. Терінің серпімділік арттырады | 1) Тер бездері 2) Май бездері 3) Сүт бездері |
Биологиялық әрекеттердің, құбылыстардың, практикалық әрекеттердің ретін тап (ОЖ5).
21 (ОЖ5).Көзде және көру анализаторында жарықтың, содан кейін жүйке импульстарының өту ретін анықта:
1. Көру жүйкесі
2. Шыны тәрізді дене
3. Қасаң қабық
4. Құтышалар мен таяқшалар
5. Көз бұршағы
6. Үлкен ми сыңарлары қыртыстарындағы көру аймағы
Қысқаша жауап бер (ОЖ6 ).
22 (ОЖ6). Есту мүшесінің зақымдануының себептері қандай?
Есту қабілетінің нашарлауының алдын алу шараларын ұсын.