Организмнің спецификалық емес қорғаныс факторлары.
Берілген бөлімде бөтендігі бар агенттің антигендік ерекшілігіне тәуелсіз организмнің қорғаныс факторлары туралы жазылған.
Тері және кілегейлі қабықшаның механикалық тосқауыл функциясы, қанның әртүрлі бактерицидті заттары, қалыпты микрофлораның колонизациялық резистенттілігі, фагоциттер және комплемент жүйесі организмде қоздырғыштың болу болмауына тәуелсіз болады және өзара байланысып организмді инфекциядан сақтайтын спецификалық қорғаныс қызметін атқарады. Бұл қорғаныш күштер организмге әртүрлі жолдар арқылы енген заттарды және инфекция қоздырғыштарын генетикалық бөтендігі бар материал ретінде танымайды. Бірақ көп жағдайда жүре пайда болатын иммунитетпен салыстырғанда нәтижелі әсер етіп, элиминацияны қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, инфекционды процесс генезіндегі спецификалық резистенттілік факторлары және инфекцияға қарсы қорғаныстың иммунды механизмдері бір-бірімен тығыз байланысты.
Тері_жабыны - инфекцияның ену жолдарының сирек түрі болып саналады. Мүйізді қабатының айтарлықтай тығыздығы, эпидермальді қабаттың әркезде жиырылуы, рН мәнін төмендететін сүт, май қышқылдарын тері және май бездері көп болуы, терінің қалыпты мик-рофлорасы антогонистік қасиеті арқылы жұқпалы ауру қоздырғыштарының адгезиямен колонизациясына қолайсыз жағдай тудырады. Дегенмен оба таяқшасы, лептоспира, түйнеме бацилласы сияқты микроорганизмдер тері жабынына тез енеді. Қоздырғыштар организмнің бүтіндігі бүзылғанда, бактерицидті белсінділік төмендегенде организмге енеді. Инфекциялық бастаманың ену жолдарының негізгілеріне - асқазан-ішек жолдарының кілегейлі қабықшасы, жоғарғы тыныс aлy жолдарының және сыртқы несеп-жыныс мүшелерінің кілегейлі қабықшасы жатады. Статистика барлық инфекциялық патологияның арасында ішек және респираторлы инфекцияның доминантты ролін анық көрсетеді.
Шірінді қабықшаның беткейіндегі микробүрлерлердің аймағында организмнің ішкі ортасының тұрақтылығын сақтауға, сырттан түскен бөтендігі бар заттарды, соның ішінде инфекция қоздырғышынан ескертуге бағытталған көрінбейтін бақылау болады. Шекаралы сызықтағы қаупсіздікті бақылайтын бұл қандай күш десек, өз кезінде Безредко оны жергілікті иммунитеті деп атаған. Оларды қайта атап өтейік: секреторлы иммуноглобулин А, фагоцит, комплемент, лизоцим, интерферон, трансферрин, бета-лизин, өзге микробоцидті секреттер. Сонымен қатар эпителий десквамациясы, ішек перистальтикасы, жаңаратын муцин қабаты; микроорганизмдерді жоятын кілегей сияқты механикалық факторлардың маңызы зор.
Жыбыр эпителийдің кілегеймен жабылған кірпікшелері жұтылған ауаның құрамында болатын микробтардың өзіне адсорбциялайды және тазалауды қамтамасыз етеді. Тыныс алу жолдарының төменгі бөлігінде және альвеолаларда кілегей жоқ, бірақ эпителийдің беткейі беткей-активті зат - сурфактанттың қабатымен жабылған. Ол микроорганизмдердің өсуіне және көбеюіне кедергі жасайды. Коньюктиваға түскен бактериялар жас сұйықтығымен шайылады.
Қалыпты микрофлора. Организмнің инфекциядан қорғануында ерекше орынды ашық қуыстардың кілегейлі жабынын мекендейтін қалыпты микрофлора алады. Негізінен олар ішекте, сыртқы жыныс мүшелерінде, жоғарғы тыныс алу жолдарында микробиоценоз түзеді. Қалыпты микрофлоранын тұрақты немесе облигатты түрлері биотопта көп жағдайда анаэробтармен берілген (бактероид, фузобактерия, бифидобактерия, лактобацилла және т.б.). Олар адгезияға және кілегейдің патогенді және шартты патогенді микроорганизмдермен колонизациясына кедергі жасайды. Облигатты микроорганизмдердің мұндай қасиеті колонизациялық резистенттілік деп аталады және рН ортасын 5-6 дейін төмендететін, бактериоцин, лизоцим, органикалық қышқылдардың шығарылуымен, қоректік субстраттарға бәсекелестігімен сипатталады. Одан басқа облитты микрофлора транзиторлы микроорганизмдердің адгезиясын тоқтататын кілегейдің беткейінде тығыз биопленка түзеді.
Дизодим немесе мурамидаза - микробқа қарсы қорғаныстың филогенезіндегі ежелгі факторлардың бірі болып саналады. Ең алғаш рет А Флеминг ашқан Бұл фермент, термостабильді белок қан сарысуында, сілекейде, көз жасы сұйықтығында, ликворда, ана сүтінде кездеседі. Оларды макрофагтар, моноциттер, гранулоциттер шығарады. Лизо-цимнін бактерицидтік әсері прокариот клеткаларының клетка қабықшасының қүрамына кіретін мурамин қышқылын, пептидогликанды ыдыратуында байқалады. Әсіресе грам оң микроорганизмдер сезімтал болып келеді.
Фибронектин - макрофагтар синтездейтін плазма және тін сүйықтығының белогы. Микроорганизмдердің фагоцит мембранасымен байланысуын қамтамасыз етеді.Сепсис кезінде плазмадағы фибронектин концентрациясы жылдам төмендейді.
Лактофеприн - нейтрофилдер бөлетін белок, микроорганизм тіршілігін тежейтін гидроксилді радикалдардың түзілуін күшейтеді.
Бета-лизиндерді тромбоцит бөліп шығарады. Ол бактерицидті нәтиже көрсетеді;
Трансферрин - қажетті метаболит үшін микроорганизмдермен бәсекелеседі, онсыз қоздырғыштар көбейе алмайды.
Пропердин - қан сары суының белогы. Ол комплемент жүйесі арқылы бөтен антигенді бүзады.
Фагоцитоз (грек, phagos - обимын,жүтамын. cytos - жасуша), организмді бөгде заттардан қорғауды камтамасыз ететін негізгі ең бір қуатты фактор. Бұл фактор алғашында ішек қуыстыларда құрылған ертеде пайда болған иммундық қорғаныстың бір түрі. Құбылысты И.И.Мечников ашып зерттеген.Фагоцитоз процесін арнайы мамандалған фагоцит деп аталатын жасушалар атқарады. Фагоцитоз - фагоциттердің бөгде затты обып, корытып және залалдансыздыруына негізделген. И.И.Мечников фагоцитозды атқаратын жасушаларға макрофагтар мен микрофагтарды жатқызған.
Қазіргі уақытта фагоцитозды атқаратын барлық фагоциттер түрі мононуклеарлық жүйе деп аталатын топқа жинақталған. Ол топқа тін макрофагтары (альвеоларлық, перитонеалдық т.б.), Лангерганс және Гренстейн жасушалары (терінің эпидермоциттері), Купфер жасушалары (жүлдызша ретикулоэндотелиоциттер), эпителиодты жасушалар, нейтрофилдер мен қанның эозинофилдері және басқа жасушалар кіреді.
Фагоциттердің негізгі функциясы. Фагоциттердің функциясы өте аумақты:
1) өлген жасушалар мен олардың құрылыс кұрамын ағзадан шығарады (эритроциттер, қатерлі ісіктің жасушалары);
2) ағзаға әр жолмен еніп қорытылмаған органикалық емес заттарды тысқа шығарады (мысалы, тыныс жолдарымен енген көмірдің бөлшектері, минералдық және басқадай шаң);
3) микробтарды (бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар) олардың қалдықтарын жояды және заласыздандырады;
4) организмніңнің төзімділігін қамтамасыз ететін биологиялық белсенді заттарды бөліп шығарады (комплементтің кейбір компоненті, лизоцим, интерферон, интерлейкиндер т.б.);
5) иммундық жүйенің реттелуіне қатынасады;
6) Т-хелперлерді антигенмен «таныстырады», яғни иммунды компетентті жасушалардың кооперациясына қатынасады.
Сонымен, фагоциттер бір жағынан ағзаны табиғатына карамастан тегі бөгде заттардан тазартып «сыпырындыны жинаушы» болса (бейспецификалық функциясы), екінші жағынан спецификалық иммунитетке антигендерді иммунды-компетентті жасушалар (Т-хелперлерге) танысу және олардың белсенділігін реттеу арқылы қатынасады.
Фагоцитоздың өту сатылары. Фагоцитоз процесі, ягни бөгде затты жұтуы, өндеуі, бірнеше сатыдан түрады: 1) фагоциттің жұтылатын затқа жақындауы (хемотаксис); 2) жұтылатын заттың фагоциттың қабырғасына жабысып қонуы (адсорбция, адгезия); 3) жасуша мембранасының жасуша ішіне жұтылатын затпен бірге кіру аркылы фагосомада протопласта құрылуы (вакуольдер мен үлбіректер); 4) фагосоманың лизосомамен қосылып фаголизсомаға айналуы; 5) лизосоманың белсендірілген ферменттерінің көмегімен фаголизосоманың ішінде заттың корытылуы (2-сызбанұсқа)
Фагоцит физиологиясының ерекшеліктері. Фагоциттердің кұрамына тотықтар мен иондарды корытуға қатынасатын ферменттер жинағы кіреді. Иондар мен тотықтар фагоцитоз процесін колдайды. Фагоциттердің цитоплазмалық мембранасында комплементтермен, иммундыглобулиндердің құрамымен, гистамин және тағы да басқа заттармен байланысатын рецепторлар бар. Жасушаның ішіндегі лизосомаларда кандай да болмасын заттарды қорытатын 100-ден астам ферменттер түрі кездеседі.
Фагоциттер өте жылжымалы. Олар биологиялық ерекше белсенді заттар - хемоаттрактантардың концентрациясына сәйкес фагоцитозға түсетін объектінің бағытына қарай белсенді жылжу қабылеті бар. Фагоциттердің жылжу түрі хемотаксис деп аталады (грек, chemeia - металл балкыту өнері және taxis - орналастыру, құру, салу). Хемотаксис жиырылатын акуыздар актин, миозин қатынасуымен өтетін АТФ-тәуелді процесс. Хемоаттрактанттардың қатарына комплемент компонентінің кейбір бөлшектері (С3а, С5а), лимфокиндер, ИЛ-8 және де жасушалар мен бактериялардың ыдыраған заттары жатады.
Заттардың фагоциттің кабығына қонуы әлсіз химиялық байланыстар есебінен бейспецификалық жолмен немесе арнайы рецепторлармен байланысу арқылы атқарылады. Фагоцитоз процесін түрлі тотықтар колдап нысанды жасушаларда кайтарылмас зыянды өзгерістер тудырады.
Фагоциттерге жабысқан заттардың «жұтылуы, обуы» эндоцитоз көрнісімен өтеді. Бұл энергия тәуелді процесс, және де актин, миозиннің қатынасуымен өтіп фагосома құрылуымен аяқталады. Фагосоманың ішінде жұтылғаны және актин, миозиннің қатынасымен өтіп фагосома құрылуымен аяқталады. Фагосома лизосомамен қосылған кезде лизосоманың ферменттері белсендіріліп жұтылған заттарды өзінің қажетіне жарайтын бөліктерге дейін ыдыратады. Егерде ферменттер фагоциттің сыртына шығатын болса ол кезде заттардың корытылуы фагоциттен тыс жерде де жалғаса береді.
Әдетте фагоцитоз жұтылған заттардың толық қорытылуымен аяқталады. Оны аяқталган фагоцитоз деп атайды. Кейбір уақытта фагоцитоз толық қорытылумен аяқталмайды, өйткені жеке микробтар түрі (оба қоздырушысы, гонококк, АИВ-вирусы) фагоциттің ферментерінің белсендірілуін тежейді умен аяқталмайды, өйткені санаулы микробтар түрі (оба қоздырушысы, гонококк, АИВ-вирусы). Сондықтан ыдырап жойылмай, өсіп-өрбуіде мүмкін. Бұл көрніс аяқталмаган фагоцитоз деп аталады.
Адъюванттар, комплемент, иммундыцитокиндер тағы басқа факторлар фагоцитозга дем береді. Оның механизмінің негізінде фагоциттердің бетіндегі рецепторлардың қабылетін көтермелеп фагоцитоздың өтуін жеңілдету болады.
Фагоциттердің белсенділігі опсонды-фагоцитарлық индекспен есептеледі. Фагоцитарлык көрсеткіш дегеніміз бір фагоцит жасушасының белгілі мезгілде «жұтқан», не «қорытқан» микробтар санымен есептелсе, ал опсонды-фагоцитарлық индекс- иммуынды, не иммунды емес сарсулармен өткен фагоцитоздың көрсеткіштерін салыстыру арқылы анықталады. Клиникалық тәжрибеде опсонды- фагоцитарлық индекс дербестің (әрбір адамның) иммундық статусын анықтауға колданылады.
Тромбоциттер
Тромбоцитгер иммунитет процесінде өте маңызды рөл атқарады. Олар мегакариоциеттерден дамиды. Тромбоциттердің сырт кабығында IgG, IgE иммуноглобулиндер, комплементтің С1, СЗ бөлігі және де МНС антигеннің 1 сыныбымен байланысқа түсетін рецепторлар орналасқан.
Тромбоциттердің іс атқаруына белсендірілген комплемент оңды әсер етіп олар иммунитетке қатынасы бар белсенді заттарды (гистамин, лизоцим, В-лизин, лейкоплакиндер, простагландиндер) синтездеуін колдайды.
Комплемент
Тегі және қасиеті. Комлемент гуморалдық иммунитеттің аса маңызды іс атқаратын ерекше қорғаныс факторы. Комплементті 1899 жылы француз галымы Ж.Борде ашып "алексин" деп атаган. Комплемент деген атты Г.Эрлих ұсынған.
Комплемент антиген мен антидене қосылған кезде белсендірілетін, жай кезде енжарлы жағдайда болатын сарсудың ақуыздарырының күрделі кешені.
Комплементтің құрамына 20-дан астам ақуыз түрі кіреді. Оның ішінде 9 түрі ең негізгісі болып саналып CI, С2, СЗ, С4, С5, С6, С7, С8, С9 әріп-цифрлармен белгіленеді. Комплементтің ақуызы глобулиндер катарына жатады және өзара физикалық-химиялық көрсеткіштерімен жекелендіріледі. Мысалы, олардың молекулалык салмағы және де күрделі суббірліктік құрамы болады. Комплемент бөлшектері жоғарғы концентрацияда синтезделеді (сарысу ақуызының 5-10 пайызы комплемент), сонымен катар, оның бір бөлігін фагоциттер бөліп шығарады.
Комплементтің міндетті ісі әр алуан:
а) микробтар мен басқа жасушаларды еріту (цитотоксикалық әсері);
б) хемотоксикалық қасиет;
в) фагоцитозды қолдау.
Яғни, комплемент организмді микробтан басқа да жасушалар және антигендерден арылуға (мысалы ісік не трансплантант жасушалары) бағытталган иммунды литикалық реакциялардың бір түрі.
Комплементтің белсендірілуі.
Комплементтің белсендірілуі өте күрделі процесс. Ол протеолитикалық ферменттер арқылы жүретін көп сатылы реакциялардан тұрып, соңында бактерия, не басқа жасушалардың кабырғасы жойдырылуына белсенді цитолитикалық кешеннің пайда болуымен аяқталады.
Қазіргі уақытта комплемент белсендірілуінің үш жолы белгілі: классикалык, альтернативті және лектинді (3-сызбанүсқа).
Классикалық жол.
Комплемент антиген + антидене кешенінің әсерінін белсендіріледі. Антиген+ антидене кешені пайда болу үшін IgM-нің бір, не болмаса IgG-ның екі молекуласы жеткілікті. Процесс антиген+антидене комплексіне комплементтің С1 бөлігінің қосылуынан басталады одан әрі СІ түп бөлігіне ыдырайды. Процесс комплементтің басқа бөліктері қатынасуымен жалғаса береді. Реакцияның соңғы нәтижесі бөгде заттың бейтараптанып адам денесінен тысқа шығарылуы.
Алътернативті жол.
Бұл жол антидененің қатынасуынсыз өтеді. Тәсіл адам денесін грам теріс микробтардан қорғауға бағытталған. Сатылы реакция антигеннің В, Д ақуызы мен пропердин (Р) қосылуымен басталып С3 бөліктің белсендірілумен жалғасады. Одан әрі процесс классикалык жолға сәйкес механизіммен аяқталады.
Лектинді жол.
Бұл жолдың да механизімі антиденесіз өтеді. Оның басталуына манноза байланыстырушы ақуыз себепкер. Ол зат микроб кабырғасындағы маннозамен байланысқаннан кейін комплементтің С4 бөлігін белсендіреді. Ары қарай сатылы реакция классикалык жолдың механизіміне ұқсас жүреді.
Комплементті белсендіру жолында реакцияның қорытындысы ретінде биологиялық өте белсенді суббірліктер пайда болады: С3а, С3в, С5а, С5. Мысалы С3а, С5а анафилактикалық реакицялардың басталуына қатынасады. С3б- опсонизацияны күшейтеді. Күрделі сатылы комплемент белсендіру реакциялары Са2+ жэне Mg2+ иондарының көмегімен өтеді.
Лизоцим
Лизоцимді 1909 жылы П.Л. Лащенко ашқан, ал 1922 жылы А.Флеминг таза күйінде алып зерттеген. Лизоцим ағзаның табиғи төзімділігінде ерекше зор орын алады. Лизоцим дегеніміз протеолитикалық мурамидаза ферменті (лат.тілінен-murus - кабырга) молекулалык салмагы 14-16 КДа. Макрофагтар, нейтрофильдер және де басқа фагоциттермен синтезделіп ағза үлпасының сүйықтығына үнемі дарып отырады. Лизоцимді каннан, лимфадан, көз жасынан, омырау сүтінен, ұрық сұйықтығынан, жыныс-зәр және ас қорыту жүйесінен, ми үлпасынан табуға болады. Лизоцим тек жана ми-жұлын сұйықтығында және көз алмасының алдыңғы кеңістігінде болмайды. Ағзада бір тәулікте бірнеше грам лизоцим бөлініп шығарылады.
Лизоцимнің бактериоцидтік және бактериостатикалық қабылеті бар. Сонымен қатар лизоцим фагоцитоз бен антидене синтезін белсендіреді. Лизоцим жасуша кабырғасының гликопротеидтерін (мурамил- дипептидаза) ыдыратып жасушаның бұзылуынына себепкер болады, сонымен қатар зақымдалған жасушаны фагоцитоздауын жеңілдетеді.
Лизоцимнің синтезделу процесі бұзылса, онда органимнің бөгде затқа төзімділігі әлсірейді. Соның себептерінен организм ісік және жұқпалы ауруларға шалдығуға икем болады. Ондай жағдайларда емдеу үшін тауық жүмыртқасының ақуызынан, не биосинтезді жолмен алынган лизоцимдер қолданады.
Интерферон
Интерферон иммундық жүйенің маңызды ақуыздарының қатарына жатады. Ол 1957 жылы ашылған. А.Аизекс және Ж.Линдеман вирустардың интерференция көрнісін зерттеу кезінде (лат.inter- аралық және ferens - тасмалдаушы) төменгідей құбылысты байқаған. Жануарға не жасуша өсіндісіне вирустың бір түрімен жұқтырған кезде, оларда вирустың екінші түрін жұқтырмауға төзімділік пайда болады. Бұл көріністің негізінде вирустан қорғайтын сипаты бар ақуыз синтезделенетіні анықталған. Бұл ақуыз түрі интерферон деп аталған еді. Қазіргі кезде интерферон құрылысы жанжақты зерттелген, және де ол медицина тәжірибесінде емдеу немесе аурудың алдын алу үшін кең қолданылады. Интерферон ақуыз, химиялық құрамы гликопротеид, молекулалык салмағы 15-70 КДА-га дейінгі тұқымдастыққа жататын зат. Ол иммундық жүйенің және дәнекерлеу ұлпасының жасушаларымен синтезделеді. Қандай жасуша түрімен синтезделуіне байланысты интерферонның үш түрі бар. Альфа-интерферонды лейкоциттер түзеді, сондықтан оны лейкоцитарлық деп атайды. Бета-интерферонды фибробластық дейді, өйткені ол дәнекерлеу ұлпасының жасушасы фибробластарымен синтезделеді. Гамма-интерферон иммундық деп аталады, өйткені ол белсендірілген Т-лимфоцитер, макрофагтар, яғни табиғи, иммундық жасушалармен түзіледі. Интерферон ағзада үзілісіз түзіліп отырады да, оның қандағы мөлшері 2МЕ деңгейінде болады. Ағзаға вирустар еңген кезде, не болмаса интерферон демеушілерінің (индукторлары) әсерінен (мысалы РНҚ, ДРҚ, күрделі полимерлер) интерферонның түзілуі асқындайды. Интерферонның ондай демеушілері интерфероноген деп аталды. Интерферонның вирустарга қарсы әсерінен басқа қатерлі ісіктің өсуін тежеу, иммунитет дәрежесін көтермелеу және тағы басқа пайдалы қасиеттері бар.
Интерферонның әсер ету механизімі өте күрделі. Ол вирусқа тікелей залалды әсер етпей жасушаның арнайы кұрылыс құрамымен байланысқа түсіп вирустер еңген кезде оларға қажет ақуыздың түзелуіне кедергі жасайды. Интерферон неғүрылым ерте түзіліп, не денеге тыстан ерте ене бастаса оның әсері соғүрлым нәтижелі болады. Сондықтан, интерферонды вирустар қоздыратын бірталай аурулардың (мысалы тымау) алдын алу үшін, не болмаса вирустық созылмалы ауруларды (гепатит В,С, Д, ұшық т.б.) емдеуге қолданады. Интерферонның спецификалық қасиетінің бірі, адам ағзасынан алынған интерферон жануарларга әсерсіз. Иинтерферонды алу үшін екі жақты тәсіл қолданылынады:
а) Адамға, не адам лейкоциттеріне қауіпсіз вирус түрін жүқтырып, оларды интерферон түзуіне мәжбүр қылады, содан кейін интерферонды өндеп, қажетті препараттарды дайындайды;
б) Гендік-инженерлік әдіс. Белгілі бір микроб түрінің (пгевдомонада - немесе ішек таяқшасы) ДНҚ-на интерферонның генін жалғастырады. Өзгерген микроб арнайы ортада өсіп интерферон түзеді. Интерферонның бұл түрі рекомбинантты деп аталады. Оның Ресейде алынған түрінің ресми аты "Реаферон". Реаферон медицина тәжірибесінде қең қолданылады.
Тақырыбы: Антигендер, антидене. Агглютинация реакциясы. Преципитация реакциясы.
Сабақтың оқулық мақсаты:
Студент білу керек:
Антигендер, антиденелер дегеңіміз не? Тусініктемелері, химиялық табиғаты, қасиеттері.
Антигеннің антиденелермен өзара спецификалық байланысу реакциялары.
Студент атқара білу керек:
1.Агглютинация реакциясы жөне оның модификацияларын қою техникасын білу және оларды есептеу.
а.Шыныда агглютинация реакциясын қою.
б. ура емес агглютинация реакциясын қою (ТЕАР).
в.Оө жөне Нөаітлютинациясы реакциясын (демонстрацияда)
2.Преципитация реакциясы және оның модификацияларын қою техникасын білу жөне оларды есептеу.
а.Кольцепреципитация
3.Гельдегі преципитация реакциясы. (қосарланған иммунодиффузия әдісі). Оухтерлони бойышпа C.diphtreriae токсиндерін, СРБ-С-реактивті белок анықтау үшін гельдегі преципитация реакциясы (демонстрация).
Тақырып бойынша өз бетімен дайындалуға арналған сұрақтар:
1. Антигенге тусініктеме, химиялық табиғаты, қасиеттері. Корпускулярлы және ерітіңді антигендер. Табиғи антигендер.
2. Антитендік детерминантқа түсініктемесі, табиғаты, антиген молекуласында оның саны, антигеннің спецификасы.
3. Гаптендер, толық жетілген антигендерден айырмашылыгы. Конъюгирленген антитендер. Ландштейнер реакциясы.
4. Микробтық жасушаның антигендері, орналасу орны, химиялық табиғаты. Микробтардың қарама-қайшы әсер ететін антигендер, химиялық құрамы, қан тобы антигендерімен, трансплантациялық антигендермен өзара байланысы. Инфекциялық процессте жөне иммундық жауап дамуындағы бүл антигендердщ маңызы. Форсманның гетерогендік антигендерінің сипаттамасы.
5. Жануарлардың және адам организмнің антигендері. МНС антигендеріне түсініктеме.
6. Антиденелер туралы түсініктер, олардың антигендермен спецификалық өзара байланысуы. Иммунитет реакциялары, екі фазалары, мінездемесі.
7. Агглютинация реакциясы. Реакцияның ингредиенттері, механизмі, қою әдістері, практикада қолдануы.
8. Шыныда және пробиркаларда агглютинация реакциясын қою өдістері, сары судағы титрді анықтау. Диагностикумдер, оларды қолдануы, О- жөне Н-агглютинациялары.
9. Тура емес гемагглютинация реакциясы, ингредиенттері, қою әдісі, практикада қоддануы.
10. Ко-агглютинация реакциясы.
11. Толық жетілмеген антиденелерді анықтайтын Кумбс реакциясы.
12. Преципитация реакциясы. Ингредиенттері, механизма, қою өдістері, қодданылуы. Диаганостикалық преципитациялайтын сары суларды алу.
13. Сақиналы преципитация (кольцепреципитация), гельде, калиллярларда преципитация реакциялары. Әр реакцияның маңызы және практикада қолдануы.
14. Иммуноэлектрофорез түсініктемесі, принципі, қолдануы.
15. Агглютинация және преципитацияның сәйкестігі және айырмашылыгы.
Ақпаратты—дидактикалык блок.
Антигендер — генетикалық бөгде заттар, адам организміне енгізгенде иммундық жауап тудырады (гуморальдық жөне жасушалық). Антигеннің беткейінде антигендік детерминанттар (детерминантты топтар) орналасады. Олар антигеннің спецификалығына жауапты.
Гуморальдық иммундық жауап антигендерге қарсы спецификалық алтиденелермен пайда болуымен көрінеді. Бүны организмнің иммундық жүйесі уш типті жасушалардың - макрофагтар, Т- жөне В-лимфоциттер қатысуымен жасайды.
Антиденелер - иммуноглобулин дер, спецификалық активтік орталарымен белгілі антигенмен комплекс антиген+антидене пайда болғызып байланысады. Антидененің активті ортасы ауыр және жеңіл полипептидтік тізбектерден пайда болған. Иммуноглобулиннің активтік ортасының пішіні, көлемі гомологиялық антигеннің детерминантына сөйкес келеді, ягни антиген+антидене комплексте байланысып иммунитет реакцияларын қалыптастырады. Иммунитет реакциялары ажыратылады антиген мінездемесі және өту жағдайы бойынша. Реакция екі фазадан құралады: спецификалық (көрінбейді) және (спецификалык емес).
Агглютинация реакциясы
Агглютинация реакциясы - микробтардың немесе басқа да жасушалардың электролит көмегімен жабысуы, яғни спецификалык антиденелер (агглютининдер) корпускулярлық антигендермен (агглютиногендер) өзара байланысы көзге көрінетін конгломерат ретінде көрінуі. Агглютинация реакциялары жұқпалы аурулар диагностикасында кең қолдануда:
Бөліп алған микробқа идентификациясын жүргізу - антигендік құрылысын анықтау (серотипирлеу), бұл үшін белгілі антиденелерімен агглютинирлеу диагностикалық (анықтаулық) сары су қажет. Реакцияның қорытындысы оң болса - зерттелген микроб сол микробқа сәйкес, қайсысымен бұл анықтаулық сары суын шығарып алу үшін жануарларды иммунизирлейді (сол микробпен жануарларды жұқтырып, жануардың организмінде - қанында антиденелер пайда болады).
Ауру адамның қанның сары суында осы аурудың тудырған микробқа қарсы антиденелерді танып алу үшін (серодиагностика) антиген түрінде белгілі микробтың дақылын (диагностикум) алады. Реакцияның қорытындысы оң болса - осы түрдің микробтары аурудың қоздырғышы болып келеді, себебі аурудың дамуында ауру адамның сары суында микробқа-антигенге қарсы спецификалық қорғаныс антиденелер пайда болған.