Микроорганизмдердің өсуі мен көбеюі.
Микроорганизмдер өсуі – әр жасушаның цитоплазматикалық массасы ұлғаюы, ал көбеюі – микроб популяцияс саны (деңгейі) жоғарылауы.
Бактериялардың көбеюі. Бактериялар әдетте жыныссыз, жай бөліну арқылы көбейеді. Әр клеткадан екі клетка, одан әрі олардың әр қайсысы тағы екі клетка, сөйтіп бөліне береді. Бұл процесте алдыымен нуклетид бөлінсе, дәл осы кезде клетка ортасында цитоплазмалық мембрананың екі қабатынан тұратын қалқанша пайда болады.Осы екі қабаттан клетканың болашақ қабықшасы түзіледі.
Жасуша қабырғасы ажыраған кезде олар бір-бірінен бөлініп кетеді. Микобактериялардың кейбіреулерінде бұл құбылыс байқалмайды.Таяқша тәрізді бактериялар бөлінер алдында ұзынынан ұзарады. Клетка диаметрі өзгермейді.Клетка ұзыны екі клетка ұзындығына тең болғанда, таяқша клетканың орта жері жіңішкеріп,екіге бөлініп кетеді.
Көптеген бактериялар, ашытқылар, саңырауқұлақтар, қарапайымдар және басқа да организмдер бөлініп көбейеді.Міне микроорганизмдер осылай көбейіп, өскенде микробтар колониясы пайда болады. Осымен қатар таяқша бактериялар бөлінгенде тең екі клетка пайда болса, оны изоморфты,ал бір клетка үлкен, екіншісі кішкене болса гетерморфты бөліну деп атайды. Бөлінудің соңғы түрі өскен бактерияларда байқалады.
Микроорганизмдер өте тез шапшаңдықпен көбейеді.Бұл үшін ортада қоректік заттардың жеткілікті болуы, жылу, орта реакциясы қолайлы болып, аэроб бактериялар үшін оттегі мол болса, әрбір клетканың көбеюі 20-30 минут сайын қайталанып отырады. Міне бұдан көбею көбею шапшаңдығы мен сыртқы жағдайларының арасында белгілі бір тәуліктік дар деп айта аламыз. Сөйтіп, азғана уақыт ішінде көлемі 1-2 микрондай клеткадан орасан көп клеткалар пайда болады.
Бактериялардың көбею жылдамдығын мынадай бір мысалмен түсіндіруге болады. Егер 20 минут сайын бір клетка бөлінетінін ескерсек ол бір тәулік ішінде 72 рет қайталап бөлінеді. Сонда 2-472. 10 клетка түзіледі. Егер бір миллиард бактерия клеткасының салмағы 1 миллиграмдай болса, онда 472.10 клетка 4720 тоннаға тең келеді. Ал бактериялар осылай бір жұма бойына үздіксіз бөлініп отырса, клеткалар саны мүлде көбейіп, бүкіл жер шарына қаптап кетуі ықтимал. Бірақ біз табиғаттан мұндай құбылысты байқаймыз. Өйткені пайда болған бактерия клеткаларының біразы сыртқы орта жағдайларының қолайсыз болуына байланысты қырылып қалады. Ал сау қалғандар микробтар ұрпағын одан әрі жалғастырады.
Жіп тәрізді бактериялар бөлінуінің ерекшелігі бар. Бұлардың жіпшелерінен жеке вегетативтік – гонидий немесе конидий деп аталатын арнаулы клеткалар түзіледі. Клеткалардың кейбір түрлері қозғала алады. Олар зооспоралар деп атайды.
1.Лаг – фаза – көбею процесі аздап тежеледі. Мұнда жаңадан қоректік ортаға жіберілген бактериялар көбеймейді, қайта бейімделеді. Бұл фаза 1-2 сағатқа созылады. Фаза аяқталар кезде клеткалар көбейе бастайды. Қоректік ортаны пайдалану қуатты түрде жүреді.
2.Даму фазасы – көбеюдің ең активті фазасы. Онда бактериялар қарқынды дамиды, өсу шапшаңдығы да арта түседі. Бұл екі сағаттай уақытқа созылады.Кейбір жасушаларр тіршілігі тежеле бастайды.
3.Стационарлық фазада – жаңадан пайда болған клеткалар саны біраз уақыт тұрақты болып қала береді. Көбею кезінде түзілген өнімдер микробтар тіршілігіне нұқсан келтіре бастайды. Бұл фаза бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін созылады.
4,Қырылу фазасы – пайда болған клеткалар санынан өлген клеткалар саны басым болады. Қоректік ортаның физикалық-химиялық қасиеті мүлде өзгеріп, бактериялар тіршілігіне зиянды күйге көшеді. Клеткалардың қырылу жылдамдығы арта түседі. Бұл фазаның ұзақтығы түрлі микроорганизмдер үшін түрліше болады. Мәселен сүт қышқылы бактериялары +300С 5-7 күн өткен соң қырылатын болса, шіріту бактериялары одан ұзағырақ тіршілік етед
35. Қоректік орталарда микроорганизмдерді дақылдандыру принциптері
1. Микробтарға сәйкес келетін қоректік компоненттерінің барлығын барынша қолдану.
2. Оптимальді температура, рН, гН2, иондардың концентрациясы ,оттегімен қанығу деңгейі , газдық құрамы және қысымы.
Микроорганизмдерді оптимальді температурада термостатта қоректік орталарға дақылдандырады, себебі бұл жағдай инкубациялауды қамтамасыз етеді.
Температуралық оптимум бойынша микроорганизмдерді басты үш топқа бөледі.
1 .Психрофилдер - +20 градус Цельсиядан төмен температурада өседі.
2. Мезофиллдер - 20-дан 45 градус температуралық диапозонда өседі (көбіне оптимум- 37 градус С).