Практикалық сабақ тақырыптары
Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Жаратылыстану факультеті
Биология» кафедрасы
СИЛЛАБУС
Микробиология (2 кредит)
В060700 – «Биология» мамандығы
Курс
Оқу жылы
Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Syllabus
Микробиология (2 кредит)
Сабақ өткізу уақыты мен орыны | ОСӨЖ-ның өткізу уақыты мен орыны | Оқытушының аты-жөні | Байланыс, тел, email |
Ә.Молдағұлова даңғылы, 34 | Бейсенбі 15.00 | А.Қ.Қалиева Р.Б.Бисалыева | Email: [email protected] |
ОҚУ ПӘНІНІҢ СИПАТЫ: Студенттерге прокариоттардың маңызды қасиеттерімен, олардың физиологиясы және биохимиясымен таныстырып, микробиология саласының жалпы биологиялық және практикалық маңызын көрсету, микробиологияның басқа пәндермен өзара байланысын анықтап, микробиология саласындағы жаңалықтар жөнінде түсінік беру.
КУРСТЫҢ МАҚСАТ-МІНДЕТТЕРІ: Микробиология пәнінің негізгі мақсаты микроорганизмдердің қасиетімен, олардың физиологиясы мен метаболизмінің ерекшеліктерімен таныстыру және микроорганизмдердің қоршаған ортаны қорғаудағы практикалық рөлін айқындау.
ОҚУ ПӘНІНІҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ: прокариоттардың физиологиясы және биохимиясымен таныстырып, микробиология саласының жалпы биологиялық және практикалық маңызын көрсету, микробиологияның басқа пәндермен өзара байланысын анықтау.
Берілген курсты сәтті аяқтағаннан кейін студент келесідей қабілеттерді меңгереді:
Білуге тиіс:
- Сұйық және тығыз қоректік орталар;
- «Ілінген тамшы», «жаншылған тамшы» препараттары;
- Бекітілген, боялған жағынды препараттар;
- Тығыз қоректік ортадағы микробтар өсімі;
Біліктілігі болуы:
- Сұйық және тығыз қоректік орталар (негізгі) құрамын дайындай алуы;
- «Ілінген тамшы», «жаншылған тамшы» препараттарын дайындауды;
- Бекітілген, боялған жағынды препараттар дайындау;
- Сұйық және тығыз қоректік орталарға материалдарды бактериологиялық ілмекпен себуді;
- Микроскоптың түрлерін, жарықтық микроскоптың құрылымын, жұмыс жасау принциптерін;
- Тығыз қоректік ортадағы микробтар өсімін (колония) сипаттауды;
-Дайын демонстрациялық жағынды препараттардан микроорганизмдер морфологиясын ажырата алу.
Дағдысының болуы:
-микробиологиялық зертханаларда жұмыс жасау ережелерін;
-биологиялық, иммерсиялық жүйелі микроскоптармен жұмыс істеуді;
-жағынды микропрепараттар дайындауды, бояу әдістерін;
-микроорганизмдерді жасанды қоректік орталарда өсіріп, бөліп алуды;
-негізгі қоректік орталар құрамын, түрлерін, дайындау әдістерін;
-зертханалық ыдыс-жабдықтарды зарарсыздандырудың әдістерін.
КУРС ПРЕРЕКВИЗИТІ: Арнаулы курста оқылатын материалдарды студенттердің игеруі, олардың орта білім беру орындарында және институттың 1-2 курстарында оқылған: биохимия, ботаника, зоология, цитология және гистология және т.б. пәндерден алған білімдеріне негізделеді.
КУРС ПОСТРЕКВИЗИТІ: Микробиология бойынша алған білімдеріңіз келешекте биотехнология және ҚОҚ, молекулалық биология және жеке даму биологиясы курсын оқу барысында зертханалық сабақтарда пайдаланылады.
БІЛІМДІ БАҒАЛАУ:
Ағымдағы бағалау: осы курстың барысында бағалау стратегиясы ретінде келесідей бағалау әдістері қолданылады: жазбаша бақылау жұмысы, үй тапсырмасы (көрсеткіштерді математикалық есептеулер, талдаулар, салыстырула, жазбаша тапсырмалар т.с.с.), ауызша сұрау, тест тапсырмалары, іздену жұмыстары (жоба, курстық жұмыс, презентация), мәнжазба, эссе т.с.с.
Аралық бақылау (бақылау жұмысы): бақылау жұмысы курста өткен бөлімдер бойынша теориялық және практикалық, лабораториялық (есептеу және шығармашылық) тапсырмаларды қамтиды.
Жеке өзіндік жұмыс: курс тақырыптары бойынша семинар сабақтарында тапсырмалар, үй тапсырмаларын, шығармашылық тапсырмаларды орындау, ситуацияларды талдау, күнделікті ақпараттық материалдарды пайдалану ескеріледі.
Үй тапсырмасы: үй тапсырмаларын студенттер міндетті түрде дайындайды және ОСӨЖ сабақтарында кесте бойынша тапсырады. Белгіленген уақыт мерзімінен кейін тапсырылған үй тапсырмаларына баға төмендетіледі.
Коллоквиум: өткен материал бойынша семестрде екі рет студенттен ауызша жауап алу түрінде жүргізіледі. Коллоквиум сұрақтары студенттерге алдын-ала беріледі.
Курстық жұмыс, мәнжазба эссе, презентация, графикалық-есеп жұмысы: нақты тақырып бойынша дайындалады, бағалау кезінде тақырыптың мазмұнының ашылуы, ғылыми әдебиеттердің пайдаланылуы, баяндалу стилі, көрнекі құралдардың пайдаланылуы, ҚР Заңдарын, ҚР Үкіметінің Жарлықтарын, нормативтік және әдістемелік материалдарды, негізгі әдебиеттерді меңгеру жағдайы ескеріледі. Зерттеу жұмысы бекітілген мерзімнен кейін қабылданбайды және бағаланбайды.
Аралық бақылау тестері: өткен материалдар бойынша 10 және одан жоғары тапсырмаларды қамтитын тесттер. Тест семестрде екі рет 7 және 15 апталарда кесте бойынша өткізіледі.
Қорытынды емтихан: қорытынды емтихан семестр соңында өткізіледі. Емтихан қабылданатын күн деканаттың емтихан кестесінде көрсетіледі. Емтихан компьютерлік тестілеу нысанында жүргізіледі. Тесттер курс бағдарламасының барлық бөлімдері бойынша тапсырмаларды қамтиды. Емтихан уақытында дәріс көшірмелерін, кітаптарды, әртүрлі жазбаларды пайдалануға тыйым салынады. Баға төмен болған жағдайда, оны көтеру үшін, қосымша тапсырмалар берілмейді. Емтиханның өткізілу тәртібін сақтамаған студент, емтиханды тапсырудан босатылып, емтиханды тапсырмаған ретінде есептелінеді.
Қорытынды баға: семестр соңында студенттер барлық пәндер бойынша 100 балл (40 %) көлемінде есептелінетін емтихан тапсырады.
МОДУЛЬ БОЙЫНША ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ:
№ р/с | Модульдің атауы мен дәрістердің тақырыптары | Дәріс сабағы (сағ) | Лабор. жұмысы (сағ) | Өзіндік жұмыс (сағ) | Ағымдық бақылау формалары | Аралық бақылау формалары |
І модуль | ||||||
Кіріспе. | - | Блиц-тест | ||||
Микробиологияның қалыптасуы мен дамуы | - | |||||
Микроорганизмдер әлемінің алуантүрлілігі | диалог | |||||
Бактериялардың морфологиясы және ультрақұрылымы | диалог | |||||
Микроорганизмдердің өсуі және дақылдау | диалог | |||||
ІІ модуль | ||||||
Энергетикалық және биосинтетикалық процестер | Блиц-тест | |||||
Микроорганизмдер генетикасы | Блиц-тест | |||||
Микроорганизмдер тіршілігіне физика және химиялық факторлардың әсері | Блиц-тест | |||||
Микроорганизмдердің микро және макроорганизмдермен қарым қатынасы | Блиц-тест | |||||
Микроорганизмдер систематикасы | ||||||
Барлығы | емтихан |
ЛЕКЦИЯ ТАҚЫРЫПТАРЫ:
№ р/с | Тақырыптың атауы | Дәріс жоспары, негізгі дидактикалық бірліктер | Ағымдық бақылау формалары |
Модуль 1 | |||
Кіріспе | Микробиология пәні Микробиология пәні, мақсаты, міндеттері. | Блиц тест | |
Микробиологияның қалыптасуы мен дамуы | Микробиологияның қалыптасуы мен дамуы 1.Микробиология ғылымының даму кезеңдері (А.Левенгуктің микроорганизмдерді ашу жаңалығы. 2. Микробиологияның пән ретінде қалыптасуындағы Л.Пастердің ролі. Р.Кох, Д.Листер, М.Бейеринк, И.И.Ивановский, В.Л.Омелянский, А.Клюйвер, К.Ван-Ниль, К.Везе еңбектерінің маңызы). 3.Микробиологияның әртүрлі салаларының пайда болуы: зерттеу обьектілері бойынша (бактериология, микология, паразитология, вирусология), микроорганизмдердің мекен ету ортасына қарай (су, топырақ, аэромикробиология), қолданылу сфералары бойынша (медициналық, ауылшаруашылық, ветеринарлық, өнеркәсіптік, геологиялық және т.б). 4.Микробиологияның қазіргі жаңа бағыттары мен даму тенденциялары. Микробиологияның Қазақстанда дамуы | Блиц тест | |
Микроорганизмдер әлемінің алуантүрлілігі | Микроорганизмдер әлемінің алуантүрлілігі 1.Микроорганизмдер әлемі, жалпы тән белгілері мен алуан түрлілігі. 2. Прокариот және эукариот микроорганизмдер, олардың ерекшеліктері. 3. Тірі организмдер жүйесіндегі бактериялар орны. 4. Прокариоттардың негізгі бөлімдері: эубактериялар, археялар, микоплазмалар, олардың ерекшеліктері. | Блиц тест | |
Бактериялардың морфологиясы және ультрақұрылымы | Бактериялардың морфологиясы және ультрақұрылымы 1.Прокариот клеткаларының мөлшері, пішіні және химиялық құрамы. 2. Клетка пішіндерінің өлшем бірлігі, тән белгілері мен көпклеткалы пішіні. 3. Прокариот клеткаларындағы ғана тән қоспалар мен клетканың химиялық құрамы. 4. Жеке компоненттерінің құрылысы мен функциясы. Фирмикутты және грацикулитті бактерияларының клетка қабықшасының құрылысы. | ||
Микроорганизмдердің өсуі және дақылдау | Микроорганизмдердің өсуі және дақылдау 1. Микроорганизмдерді топырақтан, судан, тағамдық өнімдерден бөліп алу әдістері 2. Қоректік орталардың құрамы мен физикалық күйінің негізгі типтері. Микроорганизмдерді дақылдау әдістері. 3. Прокариоттардың қоректенуі. Қоректену жолдары. 4. Прототрофтар, ауксотрофтар, паратрофтар. Сапрофиттер, паразиттер. | ||
Модуль 2 | |||
Энергетикалық және биосинтетикалық процестер | Энергетикалық және биосинтетикалық процестер 1. Гетеротрофтар мен автотрофтыларда энергетикалық және биосинтетикалық процестердің өзара байланыстылығы. 2. Энергетикалық процестер. Энергия алу жолдары 2. Ашу. Ашу түсінігінің анықтамасы. Спирттік ашу. Пастер эффектісі. Ашудың үш түрі. Сүтқышқылды, құмырсқақышқылды, майқышқылды 3. Тыныс салу. Анаэробты тыныс алу. Аэробты тыныс алу. Электрондар доноры және акцепторлары. 4. Аэробты тыны салу. Оттегінің әртүрлі субстраттарды тотықтыруға қатысу түрлері. 1. Бейорганикалық қосылыстардың автортрофты және гетеротрофты тотығуы. 2. Нитрификация процесінің фазалары. 3. Биосинтетикалық процестер. Автотрофтар мен гетероторфтардың көмірқышқыл газының ассимиляциясы. 4. Азот қосылысының игерілуі. 5. Микроорганизмдердегі метаболизмінің реттелуі. | ||
Микроорганизмдер генетикасы | Микроорганизмдер генетикасы 1. Фенотипті және генотипті өзгергіштік. Өзгергіштіктің мутациялық табиғаты. 2. Мутация жиілігі, олардың алуан түрлілігі. Мутация типтері. Спонтанды, индуциялық, радиациялық және химиялық мутагенез. 3. Популяциялық өзгергіштік. Әртүрлі мутанттарды сұрыптау. 4. Микроорганизмдердің мутанттарын ғылыми зерттеулер мен практикалық мақсатта қолдану. | Блиц тест | |
Микроорганизмдер тіршілігіне физика және химиялық факторлардың әсері | Микроорганизмдер тіршілігіне физика және химиялық факторлардың әсері 1. Микроорганизмдерге қоршаған орта факторларының әсері.Микроорганизмдердің температураға байланысты өсуі. 2. Микроорганизмдерге гидростатикалық қысымның әсері. Микроорганизмдердің суды қажетсінуі 3. Микроорганизмдердің молекулалық оттегіне қатынасы. 4. Радиация, микроорганизмдерге әсер ету сипаты. Микроорганизмдердің ультракүлгін және ионданушы сәулелерге төзімділігі. 5. Микроорганизмдердің таралуы және биогеохимиялық тіршілік әрекеті. Прокариоттардың тіршілік ету аймағы. 6. Микроорганизмдердің ауа, топырақ, суқоймаларында таралуы және рөлі. Микроорганизмдердің көміртегі, азот, күкірт, фосфор және басқа да табиғи элементтердің айналым цикліне қатынасы. Топырақ құнарлығы мен топырақ түзілу процесіндегі әсері. | Блиц тест | |
Микроорганизмдердің микро және макроорганизмдермен қарым қатынасы | Микроорганизмдердің микро және макроорганизмдермен қарым қатынасы 1. Микроорганизмдердің өзара қарым қатынасы. Симбиоз типтері: (нейтрализм, антоганизм, комменсализм, мутуализм, паразитизм, жыртқыштық). 2. Микроорганизмдер мен өсімдіктер. Ризосфералы және эпифитті микрофлора. Симбиоздық азотфиксация. Микоризалар. Фитопатогенді микроорганизмдер. 3. Адамның қалыпты микрофлорасы, оның қызметі. Адам және жануарлардағы патогенді микроорганизмдер. Патогенділік факторлары. 4. Микроорганизмдердің қолданылу аймағы. Микроорганизмдерді қолданылуға негізделген тағамдық өндіріс. | Блиц тест | |
Микроорганизмдер систематикасы | Микроорганизмдер систематикасы 1. Прокариоттар систематикасының негізгі принциптері. Бактериялардың дәстүрлі фенотиптік систематикасы. 1. Бактериялардың қазіргі фенотиптік систематикасы. 2. Бактериялардың филогенетикалық систематикасы. Берги прокаритоттардың анықтамалығы. 3. Бактериялардың жеке топтамасының сипаттамасы. | Блиц тест |
Практикалық сабақ тақырыптары
Апта | Сабақ жоспары, негізгі дидактикалық бірліктер | Сағаты |
Модуль 1 | ||
Микробиологиялық зертханада жұмыс істеу ережесі. Студенттерді зертханада микробтар өсімімен жұмыс істеудің ережелерімен түсіндіру. | ||
Микробиологиялық препараттарды дайындау әдісі Фиксацияланған клеткалар препараттарын дайындау: жұғынды дайындау. жұғындыны кептіру. фиксациялау. бояу. | ||
Бактериялардың морфологиясы. Микроорганизмдерді тірі күйінде зерттеп, олардың қозғалу бағытын анықтау. 1. Микроорганизмдердің таза өсімдерімен бекітілген жағындылар дайындау. 2. Жаншылған және «аспалы тамшы» тәсілімен жағынды дайындап, пішіні мен қозғалысын бақылап суретін хаттама түрінде орындау. 3. Демонстрациялық препараттарды қарап (таяқша, кокка, иілген, жіпшелі микробтар) пішінін, орналасу ерекшелігін ажырату, суретін салу. | ||
Бояу әдісі. Жай және күрделі түрлері 1. Бояудың жай және күрделі әдістерін қолдана отырып, морфологиялық ерекшеліктеріне көңіл аудару 2. Микроскоптың иммерсиялық жүйесімен жұмыс жасауға үйрену 3. Пробиркадағы таза өсімдерден І-ші сағатқа бекітілген жағындылар дайындау; ол үшін жағынды дайындаудың 4 сатысын, бекіту тәсілін меңгеру 4. Дайындаған жағындыларды микроскоптың иммерсиялық жүйесі арқылы қарап, суретін салу | ||
Бактерияның құрылымдық элементтерін анықтау. Анықтау әдістері 1. Негативті тірі клеткадағы капсуланы анықтау. (Бурри әдісі) 2.Спораны анықтау - Леффлер әдісі 3. Бактерия жіпшелерін анықтау | ||
Саңырауқұлақтар морфологиясын зерттеу 1. Ашытқы саңырауқұлақтарының морфологиясын зерттеу. 2. Гликогенді анықтау. 3. Нейссер бойынша волютинді анықтау. | ||
Модуль 2 | ||
Микроорганизмдерді өсіру арқылы санау. 1.Сұйылту әдісімен микробтарды агар астына себу, өсіру және есептеу. 2. Петри табақшасына себу. 3. Өскен колонияларды санау. | ||
Аэробты және анаэробты микроорганизмдерді өсіру әдістері 1. Аэробты микроорганизмдерді қатты қоректік ортаның бетінде және сұйық орталарда өсіру. 2. Анаэроб микроорганизмдерді өсіру. | ||
Сыртқы орта жағдайларының микроорганизмдерге әсері Лабораториялық сабақ жоспары: 1. Ылғалдылықтың микроорганизмдерге әсері. 2. Жарықтың микроорганизмдерге әсері. 3. Температураның бактериялар дамуына әсері. | ||
Қоректік орталарды дайындау әдістері. Қоректік орталар және зертханалық ыдыс құралдарын зарарсыздандыру әдістері. 1. ЕПС (ет-пептон-сорпасын) дайындау. 2. ЕПА (ет-пептон-агарын) дайындау. 3. Петри табақшадағы микроорганизмдер колониясын санау | ||
Ашу процесі І. Сүт қышқылды ашу процесі ІІ. Май қышқылды ашу процесі ІІІ. Май қышқылын сапа реакциясы бойынша анықтау. | ||
Микроорганизмдер әсерінен азотты заттардың өзгеріске ұшырауы Белок өнімдерін анықтау тәсілдері: 1. Аммиакты анықтау. 2. Күкіртсутекті анықтау. | ||
Топырақтағы микроорганизмдер санын жасанды қоректік ортаға себу әдісімен анықтау 1.Топырақ суспензиясын дайындау: 2. Петри табақшадағы микроорганизмдер колониясын санау. | ||
Ауа микрофлорасын зерттеу 1. Бөлменің ауа микрофлорасын зерттеу: 2. Петри табақшадағы микроорганизмдер колониясын санау. | ||
Су микрофлорасын зерттеу 1. Суды тексеру 2. Петри табақшадағы микроорганизмдер колониясын санау. |
СӨЖ тапсырмалары___
Бақылау жұмысы
Нұсқа 1
Микробиология ғылымының дамуына үлес қосқан ғалым зерттеушілер және олардың маңызды ашулары
1.Микробиология дамуының алғашқы кезеңі: Л.Левенгук, Д.Самойлович
2.ХІХ ғ. екінші жартысы: Л.Пастер, Р.Кох, И.Мечников, П.Эрлих, Д.И.Ивановский
3.ХХ ғасырдың бірінші жартысы: С.Провацек, П.Раус, Д.Эрел, Ш.Кальмет, К.Герен, З.В.Ермольева
4.ХХ ғасырдың ІІ-жартысы. (қазіргі кезең): О.Эвери, Д. Уотсон, Ф.Крик, Р.Галло, Р.Гут, М.Ф.Бернет, С.Н.Виноградский, Н.Ф.Гамалея. В.Д.Тимаков
Нұсқа 2
Микроорганизмдер генетикасы және микробиологиялық өндіріс
1.Өнеркәсіптік маңызы бар микроорганиздер және олардың қолданылу бағыттары:
- тағам өндірісі;
- фармацевтика;
- аминқышқылдары, витаминдер мен ферменттер өндіру;
2.Микроорганизмдер- генетикалық зерттеулер үшін ең қолайлы нысан.
3.Популяциялық генетика негізі
Нұсқа 3
Саңырауқұлақтар, қарапайымдылар, актиномицеттер, спирохеталар, микоплазма және риккетсиялар морфологиясы , құрылысы, анықтау әдістері.
1.Саңырауқұлақтар морфологиясы, көбеюі, ультрақұрылымы, бояу әдістері.
2.Спирохеталар, құрылымы, бояу әдістері
3.Қарапайымдылар, түрлері, құрылымдық ерекшеліктері, зерттеу әдістері
4.Микоплазма және рикетсиялар, морфологиялық , құрылымдық ерекшеліктері, зерттеу әдістері
Нұсқа 4
Хромосомадан тыс тұқымқуалаушылық факторлары
1.Плазмидалар түрлеріне сипаттама
2.Транспозондар
3.ІS-ізашарлар (элементтер)
4.Біркелкі және кеміс фагтар.Тәжірбиеде қолдануы.
Нұсқа 5
Табиғаттағы зат айналым және оған микроорганизмдердің қатысы
1.Табиғаттағы үлкен (абиогендік) және кіші (биогендік)зат айналымдары
2.Зат айналым түрлері,
- азот айналымы,- аммонификация нитрификация, денитрификация
- көміртегі айналымы – ашу процесі және оның түрлері;
- күкірт айналымы;
- фосфор және темір айналымы
3.Минерализация процесінің табиғи ортадағы маңызы.
Нұсқа 6
Вирустарды өсіру әдістері
1.Вирусологиялық зерттеу әдістерінің ерекшеліктері
2.Вирустарды өсіру әдістері:
- клетка дақылында;
- тауық ұрығында
- сезімтал жануарлар ағзасында
3.Бактериофагтар, түрлері, сипаттама. Зерттеу әдістері (титрлеу)
4.Фагтардың қолданылуы.
Нұсқа 7
Иммунитет қорғаныштың бейарнамалы факторлары. Фагоцитоз.
1. Иммунитет туралы ұгым, жіктелуі (шығу тегі, әсер ету, механизмі бойынша)
2. Жергілікті иммунитет
3. Фагоцитоз. Фагоциттеуші клеткалар, фагоцитоздың сатылары
4. Лизоцим, қасиеттері
5. Тері, шырышты қабат және қабынудың қорғаныштық ролі
6. Қалыпты микрофлора, маңызы.
Нұсқа 8
Өсімдіктер мен микроорганизмдер арасындағы қарым-қатынас
1. Ризосфера микробтары, түрлері, негізгі қызметі
2. Эпифиттік микроорганизмдер, тіршілік орны, ерекшелігі
3. Микориза: эндо және эктомикоризалар айырмашылығы
4. Микробтар бөліп шығаратын физиологиялық белсенді заттардың өсімдіктер үшін маңызы
Нұсқа 9
Топырақ микробиологиясы
1.Микроорганизмдердің топырақта таралуы және сапалық құрамына әсері
2.Ризосфера
3.Пестицидтердің топырақ микроағзаларына әсері
4.Микроб-активаторлар, микробингибаторлар
5.Көң қорадағы микробиологиялық процесстер
Нұсқа 10
Ауа және су микробиологиясы
1.Микроорганизмдердің экологиялық орталары.
2.Су микрофлорасы: теңіз мұхит сулары мен ашық су қоймалары, жер асты суларының микробтық құрамы; судағы ашу, шіру процестері, маңызы.
3.Ауыз судың санитарлық – микробиологиялық бағалануы (гост бойынша)
4.Ауа микрофлорасының сапалық құрамы.
5.Жабық бөлме ауасының санитарлық микробиологиялық бағалануы.
6.Ауа, су арқылы таралатын аурулар
Нұсқа 11
Түйнек бактериялары көмегімен ризоторфин препараттарын алу
1. Түйнек бактерияларына сипаттама
2. Түйнек бактериялары көмегімен ризоторфин препараттарын алу
Нұсқа 12
Табиғаттағы микроорганизмдердің өзара қарым-қатынасы. Антибиотиктер
1.Микроораганизмдердің өзара қарым қатынасы
2.Енжарлы (пассивный) немесе бәсекелестік антагонизм
3.Антибиотиктер
Нұсқа 13
Патоген микроорганизмдер
1. Патоген микроорганимдерге сипаттама
2.Адам мен жануарлардың вирустық аурулары
3.Аурулармен күресу шаралары
Нұсқа 14
Ашу процесін өндірісте қолдану
1. Ашу процесіне сипаттама
2. Ашу процесінің түрлері
3. Ашу процесін өндірісте қолдану
Нұсқа 15
Топырақтың құнарлығын арттырудағы микробиологиялық препараттар
1. Топырақ микроорганизмдеріне сипаттама
2. Топырақта жүретін микробиологиялық процестерге микроорганизмдердің қатысуы
Тест тапсырмалары
Тест тапсырмалары
1. Өте майда жай көзге көрінбейтін ағзаларды зерттейтін ғылым саласы:
A) Биология B) Микробиология C) Биотехнология D) Энзимология E) Генетика
2. Вирусологияның негізін қалаушы ғалым:
A) Н.Ф.Гамалея B) Д.И.Ивановский C) Г.Рамон D) Л.А.Зильбер E) З.В.Ермолева
3. Туберкулез ауруының қоздырғышын (таяқшасын) ашқан ғалым:
A) Р.Кох B) И.Мечников C) Д.Сальмон D) М.П.Чумаков E) А.Левенгук
4. Бактериялардың қарқынды дамуы қай фазада жүреді:
A) тежелу және даму фазасында C) тежелу фазасында
B) даму фазасында D) тұрақты фазасында E) даму және тұрақты
5. Микропрепараттарды дайындау этаптарын көрсетіңіз:
A) жағынды дайындау, кептіру
B) жағынды дайындау, кептіру, бекіту
C) әйнек дайындау, жағынды дайындау, кептіру
D) әйнек дайындау, жағынды дайындау және бояу
E) жағынды дайындау, кептіру, бекіту және бояу
6. Спиралл тәрізді бактериялар:
A) балдырлар мен бактериялар C) бактериялар мен бацилдар
B) бацилдар мен спириллалар D) саңырауқұлақтар E) вибриондар мен спириллалар
7. Жүзім шоғырына ұқсап орналасқан шар тәрізді микробты көрсетіңіз:
A) стрептококк C) микрококк E) сарцина
в) стафилококк D) бацилла
8. Клетка құрылымы жоқ организмді көрсетіңіз:
A) бактерия B) микоплазма C) вирус D) балдыр E) жасыл балдыр
9. Барлық жануарлар, өсімдіктер және микроорганизмдер денесінде түзілетін белок сипаты бар органикалық зат:
A) витаминдер B) ферменттер C) антибиотиктер D) амин қышқылдары E) гормондар
10.Ферменттерді тұңғыш ашқан ғалымды таңдаңыз:
A) Д.Берги B) А.Левенгук C) Д.И.Ивановский D) И.Мечников E) К.С.Кирхгофф
11. Микроорганизмдер түрлі температураға бейімделуіне байланысты қаншаға бөлінеді:
A) 2 B) 4 C) 7 D) 3 E) 6
12. Психрофильді микроорганизмдер:
A) салқын сүйгіштер
B) орташа температурада тіршілік ететін микроорганизмдер
C) жоғары температурада тіршілік ететін микроорганизмдер
D) орташа және жоғары температурада тіршілік ететін микроорганизмдер
E) дұрыс жауабы жоқ
13. Сыртқы пішініне қарай бактериялар нешеге бөлінеді:
A) 2 B) 4 C) 5 D) 3 E) 6
14. Белгілі бір қасиеттің тұрақты күйде сақталып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыруы:
A) тұқымқуалаушылық C) модификация E) трансформация
B) өзгергіштік D) трансдукция
15. Морфологиялық белгілері әртүрлі, бір түрге жататын микроорганизмдер культурасы:
A) микроорганизм B) штамм C) колония D) клон E) культура
Тест тапсырмалары
1. Спора түзетін микроорганизмдер:
A) балдырлар B) бацилдар C) бактериялар D) саңырауқұлақтар E) микрококктар
2. Таяқша тәрізді бактериялар:
A) балдырлар мен бактериялар C) бактериялар мен бацилдар
B) бацилдар мен спириллалар D) саңырауқұлақтар E) вибриондар мен спириллалар
3. Химиялық құрамына қарай қоректік орта нешеге бөлінеді:
A) 2 B) 4 C) 3 D) 5 E) 6
4. Ашу процесін зерттеген ғалым:
A) Д.Берги B) А.Левенгук C) Д.И.Ивановский D) И.Мечников E) Л.Пастер
5. Микроорганизмдердің тіршілік ететін ортасын таңдаңыз:
A) топырақ, су, ауа B) су C) су, организм D) топырақ, организм E) топырақ, су
6. Сүт қышқылдық ашудың аралас түрін белгілеңіз;
А) Гетероферментативті B) Гомоферментативті C) Голофитті D) Ферментатифті E) Барлығы дұрыс
7. Морфологиялық және физиологиялық қасиеттеріне қарай саңырауқұлақтар қанша класқа бөлінеді:
A) 2 B) 4 C) 5 D) 3 E) 6
8. Тек жыныссыз жолмен көбейетін саңырауқұлақтар:
A) Базидиомицеттер C) жетілгендер E) ашытқы саңырауқұлақтар
B) Аскомицеттер D) жетілмеген саңырауқұлақтар
9. Бактерия клеткасындағы тұқым қуалаушылық ақпарат орнын көрсетіңіз:
A) цитоплазма C) спора E) мезосома
B) нуклеоид D) капсула
10. Бекітілген, боялған жағынды препарат дайындаудың неше сатысы бар:
A) 2 B) 4 C) 5 D) 3 E) 6
11. Спирттік ашу процесінде қолданылатын тәсілдер:
A) төменгі, жоғары және беткі C) беттік және түптік
B) жоғары және беткі D) төменгі және түптік E) түптік
12. Мицелийі нашар жетілген немесе мүлде болмайтын саңырауқұлақ класы:
A) базидиомицеттер C) хитридиомицеттер E) ашытқы саңырауқұлақтар
B) аскомицеттер D) жетілмеген саңырауқұлақтар
13. Саңырауқұлақтың вегетативтік денесін құрайды:
A) ризоидтар B) тамырлар C) мицелий D) түбіртек пен қалпақша E) таллом
14. Бактериялар типі қанша класқа бөлінеді:
A) 2 B) 4 C) 7 D) 5 E) 6
15. Микроорганизмдердің қозғалысын анықтау (тірі күйінде зерттеу) әдісі:
A) грамм әдісімен бояу C) әсерлестік қою (серологиялық әдіс ) E) ондай әдіс жоқ
B) «ілінген тамшы» әдісі D) тері –аллергиялық сынақ қою
Жазбаша сұрақ
1 Микробиология, ( micros - ---, --- , bios- ------, logos - ------) ------------------ ғылым саласы.
2.Суреттегі микрорганизмдердің формаларын анықтау
3. Бактериялар сырқы пішініне қарай негізінен 3 топқа бөлінеді.
1. Шар тәрізділер - ---------. Олардың клеткалары - -------------------------------------.
2. Таяқша тәрізділер – ------------. Клеткалары - ------------------------------------------.
3. Спираль тәрізділер – -------- . Клеткалары- ------------------------- .
4. Байланысқан су дегеніміз ------------
5.Бос су дегеніміз ----------------------------
6. Бактерия клеткасының өсу фазалары - ---------------------------------
7.Пассивті диффузия - ------------------------
8. Активті диффузия - ----------------------------------
9. Микроорганизмдердің қоректенуі азот көзіне байланысты----------------------- деп бөлінеді.
10. Микроорганизмдердің қоректенуі көміртегі көзіне, яғни көміртегін сіңіруіне сәйкес ----------------------- деп бөлінеді.
Аралық бақылау
Нұсқа
1. Өте майда жай көзге көрінбейтін ағзаларды зерттейтін ғылым саласы:
А) Биология Б) Микробиология В) Биотехнология С) Энзимология Д) Генетика
2. Вирусологияның негізін қалаушы ғалым:
А) Н.Ф.Гамалея Б) Д.И.Ивановский В) Г.Рамон С) Л.А.Зильбер Д) З.В.Ермолева
3. Туберкулез ауруының қоздырғышын (таяқшасын) ашқан ғалым:
А) Р.Кох Б) И.Мечников В) Д.Сальмон С) М.П.Чумаков Д) А.Левенгук
4. Термостатты не үшін пайдаланады:
А) микроорганизмдерді өсіру үшін
Б) зертхана ыдыстарын, қоректік орталарды зарарсыздандыру үшін
В) бактерияларды сүзу (фильтрлеу) үшін
С) микроорганизмдерді сақтау үшін
Д) микроорганизмдерді зарарсыздандыру үшін
5. Сыртқы пішініне қарай бактериялар нешеге бөлінеді:
А) 2 Б) 4 В) 5 С) 3 Д) 6
6. Жүзім шоғырына ұқсап орналасқан шар тәрізді микробты көрсетіңіз:
А) стрептококк Б) сарцина В) стафилококк С) бацилла Д) микрококк
7. Микропрепараттарды дайындау этаптарын көрсетіңіз:
А) жағынды дайындау, кептіру
Б) жағынды дайындау, кептіру, бекіту
В) әйнек дайындау, жағынды дайындау, кептіру
С) әйнек дайындау, жағынды дайындау және бояу
Д) жағынды дайындау, кептіру, бекіту және бояу
8. Бекітілген боялған жағынды препарат дайындаудың неше сатысы бар:
А) 4 Б) 2 В) 7 С) 5 Д)7
9. Микроорганизмдердің қозғалысын анықтау (тірі күйінде зерттеу) әдісі:
А) грамм әдісімен бояу
Б) «ілінген тамшы» препаратын дайындау
В) әсерлестік қою (серологиялық әдіс )
С) тері –аллергиялық сынақ қою
Д) ондай әдіс жоқ
10.Эукариоттар патшалығына жатады:
А) вирустар Б) бактериялар В) саңырауқұлақтар С) риккетсиялар Д) микоплазмалар
11.Күрделі бояу әдісін ұсынған ғалым:
А) Л.Пастер Б) Э.Деннер В) И.Мечников С) К. Грам Д) А.Левенгук
12. Прокариоттар патшалығына жатады:
А) қыналар Б) бактериялар В) саңырауқұлақтар С) балдырлар Д) жоғары сатыдағы өсімдіктер
13. Спора түзу бактерия клеткасына не үшін қажет:
А) өсіп –көбеюі В) қоректік заттар қоры
Б) түрдің сақталып қалуына С) қозғалу үшін Д) тыныс алу үшін
14. Клетка құрамында (бактерия) судың шамасы:
А) 15-20% Б) 10-20% В) 80-85% С) 30% Д) 90%
15. Бактерия клеткасында кездесетін су түрлері нешеге бөлінеді:
А) 2 Б) 4 В) 5 С) 3 Д) 6
16. Бактерия спорасын анықтау үшін бояу әдісін көрсетіңіз:
А) Грамм әдісі В) Нейссер әдісі
Б) Пешков әдісі С) Циль-Нильсон әдісі Д) Гисс әдісі
17. Бактерия клетка капсуласының қызметі:
А) көбеюге қатысады
Б) генетикалық мәлімет орны
В) қорғаныштық
С) қозғалғыштық
Д) қоректік зат ретінде
18.Бактерия клеткаларының көбею фазалары:
А) тежелу, даму
Б) даму, тұрақты, актив
В ) тежелу, даму, қырылу, актив
С) даму, тұрақты, қырылу, актив
Д) тежелу, даму, тұрақты, қырылу
19. Бактериялардың қарқынды дамуы қай фазада жүреді:
А) тежелу және даму фазасында В ) тежелу фазасында
Б) даму фазасында С) тұрақты фазасында Д) даму және тұрақты
20. Клетка қабырғасының негізгі қызметі:
А) пішін береді В) тыныс алу
Б) қорғаныштық С) қозғалғыштық Д) генетикалық мәлімет сақтау
21. Клетка құрамында (бактерия) құрғақ заттың кездесу шамасы:
А) 15-20% Б) 10-20% В) 80-85% С) 30% Д) 90%
22. Бактерия клеткасындағы қозғалыс органы:
А) цитоплазма Б) нуклеоид В) спора С) капсула Д) талшық
23. Клетка құрылымы жоқ организмді атаңыз:
А) бактерия Б) микоплазма В) вирус С) балдыр Д) жасыл балдыр
24.Морфологиялық және физиологиялық қасиеттеріне қарай саңырауқұлақтар қанша класқа бөлінеді:
А) 2 Б) 4 В) 5 С) 3 Д) 6
25.Егер жас шағынан әртүрлі екі клетка қосылса, онда оны:
А) изогамия Б) гетерогамия В) оогамия С) оогания Д) зооспора
26.Мицелийі нашар жетілген немесе мүлде болмайтын саңырауқұлақ класы:
А) Базидиомицеттер
Б) Аскомицеттер
В) Хитридиомицеттер
С) Жетілмеген саңырауқұлақтар
Д) Фикомицеттер
27. Егер жас шағынан бірдей екі клетка қосылса, онда оны:
А)изогамия Б)гетерогамия В)оогамия С)оогания Д)зооспора
28. Жетілмеген саңырауқұлақтар:
А) Базидиомицеттер
Б) Аскомицеттер
В) Архимицеттер
С) Деутеромицеттер
Д) Ашытқы саңырауқұлақтар
29. Саңырауқұлақтардың көбею жолдары:
А бүршіктену
Б) спора түзу арқылы
В) жыныстық жол
С) репродукция
Д) фрагментация
30. Ашытқы саңырауқұлақтардың көбею жолдары:
А) жыныстық, спора түзу арқылы
Б) бүршіктену, жыныстық, вегетативтік жолмен
В) бүршіктену, жыныстық, спора түзу арқылы
С) жыныстық, спора түзу арқылы
Д) вегетативтік, жыныстық, спора түзу арқылы
Нұсқа
1. Микроорганизмдер түрлі температураға бейімделуіне байланысты қаншаға бөлінеді:
А) 2 B) 4 C) 7 D) 3 E) 6
2. Психрофильді микроорганизмдер:
A) салқын сүйгіштер
B) орташа температурада тіршілік ететін микроорганизмдер
C) жоғары температурада тіршілік ететін микроорганизмдер
D) орташа және жоғары температурада тіршілік ететін микроорганизмдер
E) дұрыс жауабы жоқ
3. Термофильді микроорганизмдер:
A) салқын сүйгіштер
B) орташа температурада тіршілік ететін микроорганнизмдер
C) жоғары темп.а тіршілік ететін микроорганизмдер
D) орташа және жоғары темп.а тіршілік ететін микроорганизмдер
E) дұрыс жауабы жоқ
4. Мезофильді микроорганизмдер:
A) салқын сүйгіштер
B) орташа темп.а тіршілік ететін микроорганнизмдер
C) жоғары темп.а тіршілік ететін микроорганизмдер
D) орташа және жоғары темп.а тіршілік ететін микроорганизмдер
E) дұрыс жауабы жоқ
5.Тірі организм қоректенуінің түрлерін таңдаңыз:
A) галозойлы, галофитті C) галозойлы
B) трофты D) галофитті E) гетеротрофты
6.Микроорганизмдерге тән қоректену түрін таңдаңыз:
A) галозойлы, галофитті C) галозойлы
B трофты D) галофитті E) гетеротрофты
7. Барлық жануарлар, өсімдіктер және микроорганизмдер денесінде түзілетін белок сипаты бар органикалық зат:
A) витаминдер B) ферменттер C) антибиотиктер D) амин қышқылдары E) гормондар
8.Ферменттерді тұңғыш ашқан ғалымды таңдаңыз:
A) Д.Берги B) А.Левенгук C) Д.И.Ивановский D) И.Мечников E) К.С.Кирхгофф
9.Табиғаттағы азот айналымы?
A) нитрификация C) денитрификция
B) аммонификация D) нитрлену E) Барлық жауап дұрыс
10. Нитраттың химиялық жолмен тотықсыздануы?
А) жанама денитрификация C) тікелей нитрификация
B) тікелей денитрификация D) жанама нитрификация E) аммонификация
11. Аммонификация дегеніміз?
А) органикалық заттың жай затқа минералдануы
B) аммиактың азотқа айналып ауаға таралуы
C) нитраттың нитритке айналуы
D) аммиактың микроорганизмдер көмегімен азот қышқылына айналуы
E) нитриттің аммиакқа айналуы
12. Денитрификация табиғатта қанша жолмен жүреді?
А) 5 B)4 C) 6 D) 3 E) 2
13. Нитрификация дегеніміз?
А) органикалық заттың жай затқа минералдануы
B) аммиактың азотқа айналып ауаға таралуы
C) нитраттың нитритке айналуы
D) аммиактың микроорганизмдер көмегімен азот қышқылына айналуы
E) нитриттің аммиакқа айналуы
14. Денитрификация дегеніміз?
А) Органикалық заттың жай затқа минералдануы
B) Аммиактың азотқа айналып ауаға таралуы
C) Нитраттың нитритке, нитриттің аммиакқа, аммиактың азотқа айналып ауаға ұшып кетуі
D) Аммиактың микроорганизмдер көмегімен азот қышқылына айналуы
E) Нитриттің аммиакқа айналуы
15. Нитрификация процесінің екінші сатысы қандай микроорганизмдердің қатысымен жүреді?
А) Nitrozomonos B) Nitrobacter C) Nitrozospira D) Nitrozosystis E) Барлығы дұрыс
16. Азотты қышқыл түзілуіне қатысатын микроорганизм?
А) Nitrozomonos B) Nitrobacter C) Nitrozospira D) Nitrozosystis E) Барлығы дұрыс
17. Күкіртті сутектің күкірт қышқылына айналуына қатысатын микроорганизмдер?
А) Nitrozomonos, Nitrobacter C) Vibrio, Sporovibrio, Thiobacillus
B) Nitrozospira, Nitrozosystis D) Leptothrix, Metallogenium E) Барлығы дұрыс
18. Темір қосылыстарының өзгерістеріне қатысатын микроорганизмдер?
А) Nitrozomonos, Nitrobacter C) Vibrio, Sporovibrio, Thiobacillus
B) Nitrozospira, Nitrozosystis D) Leptothrix, Metallogenium E) Барлығы дұрыс
19.Топырақта көп таралған микроорганизмдер:
A) термофильдер C) психрофильдер E) барлық жауап дұрыс
B) мезофильдер D) мезофильдер мен психрофильдер
20. Микроорганизмдер үшін уақытша тіршілік ортасы болып табылады:
A) топырақ B) су C) ауа D) көл E) мұхит
21. Микоризалық саңырауқұлақтарды ашқан ғалым:
A) Л.Пастер B) Э.Деннер C) И.Мечников D) Ф.И.Каменский E) А.В.Левенгук
22. Микроб- антагонистер бөлетін заттар:
A) антибиотиктер B) витаминдер C) ферменттер D) амин қышқылдары E) гормондар
23. Өсімдіктердің жапырағында, сабағында тіршілік ететін микроорганизмдер:
A) Ризосфералық B) Эпифитті C) Микоризді D) Мезофильді E) Психрофилді
24. Өсімдіктердің тамыр маңында тіршілік ететін микроорганизмдер:
A) Ризосфералық B) Эпифитті C) Микоризді D) Мезофильді E) Психрофилді
25. Клетка құрылымы жоқ организмді көрсетіңіз:
A) бактерия B) микоплазма C) вирус D) балдыр E) жасыл балдыр
26. Организмнің жұқпалы ауруларға қарсы тұра алу қабілеті:
A) Иммунитет B) Жасырын кезең C) Инкубациялық кезең D) Патогенділігі E) Сапрофиттілігі
27. Иммунитеттің қанша түрі бар:
А) 5 B)4 C) 6 D) 3 E) 2
28. Организмге әртүрлі препарат енгізгеннен кейін пайда болатын иммунитет:
A) Табиғи B) Жасанды C) Туа пайда болған D) Тіршілік барысында E) Барлығы дұрыс
29. Организмде туа пайда болған иммунитет:
A) Табиғи B) Жасанды C) Туа пайда болған D) Тіршілік барысында E) Барлығы дұрыс
30. Белгілі бір қасиеттің тұрақты күйде сақталып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыруы:
A) тұқымқуалаушылық C) модификация E) трансформация
B) өзгергіштік D) трансдукция
Тақырыптар ( мәнжазба, презентация,эссе, курстық жұмыстар,(жобалар), есептік-графикалық жұмыстар т.с.с)
1. Микроскоп, түрлері
2. Дезенфекция маңызы, жүргізу тәсілдері
3. Тиндализация
4. Пастеризация
5. Қоректік орталар, жіктелуі, қолданылуы
6. Анаэробты микроорганизмдерді өсіріп-бөліп алудың принциптері
7. Микобактериялар. Патогенді өкілдері: Туберкулез және алапес
8. Фитопатогенді микроорганиздер
9. Микроорганизмдердің таза өсімін бөліп алу
10. Организмнің бейарнамалы қорғаныштық факторлары: тері, сілекей, қабыну, фогоцитоз
11. Микроағзалар клеткасы санын және биомассасын анықтау
12. Өнеркәсіптік микроорганизмдер
13. Вирусты өсіріп бөліп алудың әдістері. Репродукция сатылары
14. Споралы бактериялар
15. Саңырауқұлақтар, көбею жолдары
Коллоквиум сұрақтарының тізімі: