Жарықтық репарация немесе фотореактивация

1.Қалыпты ДНҚ молекуласы-----Ультракүлгін жарығымен сәулелендіру-----2.Мутантты ДНҚ молекуласы-пиримидиндік димерлердің түзілуі-----Көзге көрінетін жарықтың әсері-----3.Фотолиаза ферментінің синтезі-----4.Димерлердің ажыратылуы-----5.ДНҚ құрылысының бастапқы қалпына қайта келуі.

Жарықтық репарация немесе фотореактивация - student2.ru

2. Эксцизиялық немесе қараңғылық репарация- жасушадағы жарықтың қатысуынсыз ақ жоя алады.ДНҚ-ның бұзылған учаскесі арнайы ферменттер тобының қатынасуымен кесіп алынып тасталады, оның орнына қалыты нуклеотидтер жалғанады. Келесі сатылардан тұрады:а)эндонуклеаза ферментінің көмегімен зақымдалған ДНҚ-ны анықтау; б)эндонуклеаза көмегімен зақымдалған аймақты кесіп алу; в)полимераза көмегімен жаңа тізбекті қалыпқа сай синтездеу; г)полинуклеотидлигаза ферментінің әсерінен жаңа түзілген ДНҚ аймағының қосылуы. Мұны эксцизиялық, яғни ”кесумен” жүретін деп атайды.3. Репликациядан кейінгі репарация-егер фотореактивация және эксцизиялық репарация белгілі бір себептерге байланысты жүрмесе, онда тізбектегі зақымдалу дұрысталмайды және жаңа синтезделген тізбекте бос қуыс қалады. Бұл қуыс екінші зақымдалған ДНҚ тізбегінен синтезделген жаңа комплементарлы аймақпен толтырылады. Бір зақымдалмаған тізбек барлық уақытта қалып ретінде қажет.

Жасушаның генетикалық материалының ұйымдасуының әртүрлі деңгейлерінің механизмдерінің сызбасын сызу және түсіндіру

Жасушаның генетикалық материалының ұйымдасуының деңгейлері:

1. ДНҚ тығыздалуының бірінші деңгейі – нуклеосомалық жіпше(Фибрилла) – жуандығы 10нм, сыртын орап орналасатын ДНҚ-ның ұзындығы 146ж.н. тығыздалу коэффиценті – 6-7

2. Екінші деңгей – жуандығы 30-нм-лік соленоид жіпшесі; тығыздалу коэфф.- 40

3. Үшінші деңгей – ілмектік домен (хромомера); 60мың ж.н. қамтитын ұзындығы 0,2-0,3мкм, тығ.коэфф.-680

4. Хромосомалық төртінші деңгей; тығ-н хромонемалар ұзындығы 0,1-0,2мкм жуан жіпшелері түзейді, олар жарық микроскопы астында көрінеді, тығыздалу коэфф. - 12×104

5. Хроматидалық және хромосомалық деңгейжарық микроскопы астында анық корінетін хроматин құрылымының жоғары деңгейі болып табылады.

Жарықтық репарация немесе фотореактивация - student2.ru

Жасушаның генетикалық материалының митоздық циклда өзгеруінің сызбасын сызу және түсіндіру

Митоз – сомалық жасушаның негізгі бөліну әдісі. Митоз бірінен кейін бірі жүретін 4фазадан тұрады: профаза,метафаза, анафаза,телофаза. Митоз – бұл хроматидтер бір-бірінен ажырап, екі жас жасуша арасында бірдей бөлінетін ядроның бөліну процесі.

1. Профаза – хромасомалар ширатылып,жуандап,қысқарады.Әр хромасома 2хроматидтен тұрады. Олар центромералары арқ.байланысады. Ядрошықтар жойылып,ядро қабығы еріп кетеді. Хромасомалар цитоплазмада бос күйінде қалады.Осы кезде центроильдер жасушаның полюстеріне ажырап,ахроматин жіпшелері пайда болып,бөліну ұршығы қалыптасады.

2. Метафаза– хромосомалар экватор жазықтығында орналасады.Әр хромосома кинетохор арқылы бөліну ұршығының жіптеріне бекінген ұзын бойынан екі хроматидтерге ажырайды.

3. Анафаза– хромосомалар полюстерге тартылуы,жеткенде екі бірдей толық хромосомалар жиынтығын құрайды.

4. Телофаза– жаңа ядрошық пайда болады.Хр-р деспиральданады,жіңішкеріп ұзарады,ахроматин жіп-і жойылады.Артынша цитокинез жүріп,жасуша екіге бөлінеді.

Жасушаның мейоздық бөліну үрдісі.н және оның генетикалық маңызының сызбасын сызу және түсіндіру

Мейоз-жыныс бездеріндеерекше сомалық жасушалардың бөлінуі.Нәтижесінде түзілген гаметаларда хромосома жиынтығы гаплоидты болады. Мейоз бірінші және екінші мейоздық бөлінулерден тұрады. Әр бөліну 4-кезеңнен тұрады.Бірінші мейоз:

-Профаза1:

Наши рекомендации