Шеміршек ұлпасы. Жіктелуі, құрылысы, биохимиясы, хондрогенез
Шеміршек және сүйек ұлпалары қаңқа ұлпаларының жатады . Организмінде тірек - механикалық қызметтерді атқарады және минералдардың алмасуына қатысады . Шеміршек ұлпалары клеткалардан клеткааралық заттардан тұрады . Клеткааралық зат органикалық заттардан тұрады . Олардың 50 -70 пайызын коллаген құрайды . Басқа органикалық заттардан гликозааминогликандар (хондроитин – 4 – сульфат , хондроитин - 6 – сульфат , гиалурон қышқылы ) , протеогликандар , липидтер болады . Шеміршекте сұйықтықтар шеміршектің 75 % құрайды . Шеміршекте қантамырлар болмайды .Сондықтан шеміршек клеткаларының қоректенуінде сұйықтық маңызды роль атқарады . Шеміршектің үстіңгі беті перихондр деген қабатпен қапталған . Перихондр 2 қабатқа бөлінеді . Сыртқы фиброзды қабат тығыз дәнекер ұлпасынан тұрады . Оның ішінде қантамырлар мен нервтер орналасады .
Шеміршек ұлпасының клеткалары . Хондроциттер - шеміршектің негізгі клеткалары . Олар лакуна деген қуыста орналасады . Клеткаларды сыртынан шеміршек капсуласы қоршайды . Клеткалар топтасып жатады . Хондробластар митоз жолымен бөлініп , бір капсуада қалады . Сондықтан олардың саны 2-4-8 болады . Бір клеткадан пайда болған клеткалар тобын изогенді деп атайды . Хондроциттердің бөлінуі нәтижесінде гі шеміршектің өсуін – интерстициальды өсу деп атайды .
Хондробластар – перихорнда орналасатын жас клеткалар . Оларда түйіршікті ЭПТ және ГОЛЬджи жиынтығы жақсы дамыған . Бұл клеткалар шеміршектің клеткааралық затын түзеді . , даму барысында хондроциттерге айналады . Хондробластар көмегімен шеміршектің аппозициялық өсуі қамтамассыз етіледі . Шеміршек ұлпаларының 3 түр болады : гиалинді , эластикалық , талшықты .
Гиалинді шеміршек (гр. Гиалос – әйнек ) клеткаарлық зат мөлдір , біркелкі болады . Адам мен сүтқоректілер ұрығының қаңқасы шеміршектің осы түрінен қалыптасады . Ересек организмде гиалинді шеміршек сүйектердің буын беттерін қаптайды , кеңірдек пен ірі бронхтардың қабырғасында , қабырға ұштарында , мұрында кездеседі .Гиалинді шеміршектің сыртында перихондр орналасады . ПЕрихондр астында хондроциттер бөлініп жатады . Бөлінген клеткалар изогені топтарды құрайды .
Эластикалық шеміршек құлақ қалқанында , көмекейдің кейбір бөліктерінде кездеседі . Құрылысы гиалинді шеміршекке ұқсас . Айырмашылығы клеткааралық затында жіңішке коллагендік талшықтарымен қатар эластиндік талшықтар торы болады . Эластикалық шеміршек серпілмелі майысқақ болады .
Талшықты шеміршектің құрылысы бір жағынан гиалинді шеміршекке ұқсас , 2ші жағынан тығыз талшықты дәнекер ұлпасына ұқсайды . Клеткааралық затында көптеген паралель түрінде орналасқан коллаген талшықтар болад ы . Хондроциттер изогенді топты құрайды . Талшықты шеміршек омыртқааралық дискілерде , жамбастың шат сүйектерінің байланысқан жерінде кездеседі .
8.Жүрек бұлшық ет ұлпасы. Жиырылғыш кардиомиоциттердің құрылысының ерекшелігі, қалыптасуы. Жүрек бұлшық ет ұлпасының регенерациясы. Жүрек екі түрлі негізден дамиды: эндокард мезенхимадан дамиды ж/е алғашында екі түрлі қантамыр – мезенхима түтіктері сияқты түрде болады. Кейіннен екі мезенхим түтіктері бір-бірімен бірігіп эндокард түзеді. Миокард ж/е эпикард мезотелиі миоэпикардиальды пластинкадан дамиды. Миоэпикардиальды пластинка – спланхнотом жапрықшасының висцеральды бөлігі. Бұл пластинка клеткалары екі түрлі бағытта дифференциацияланады: 1) миокард ұрықшасы 2)эпикард мезотелий ұрықшасы. Миокард ұрықшасы ішкі жағдайды алады. Бұл ұрықтың клеткалары кардиомиобласттарға айналады, олар бөлінуге қабілетті. Кейіннен олар жай-жай дифференциациаланып кардиомиоциттердің 3 түріне айналады: жиырылғыш, өткәзгәш ж/е секреторлы. Мезотелий ұрығынан эпикард мезотелиі түзіледі. Мезенхимадан эпикардтың меншікті пластинкасының қалыптаспаған борпылдақ талшықты дәнекер ұлпасы дамиды. Екі бөлік – мезодермальды (миокард ж/е эпикард) ж/е мезенхима (эндокард) – бірігіп үш түрлі қабықшадан тұратын жүректі құрайды. Жүректің әр қабатына жеке-жеке гистлогиялық сипаттама. Ішкі қабат- эпикард. Жүрек камераларын, капиллярларды, еттерді, сіңір жіпшелерін, жүрек клапандарын астарлап жатады. Сол жақ камерада қалыңдау болып келетін қабат. Әсіресе қарынша аралық тосқауылдарда және ірі артериялық стволдардың шығатын жерінде аса қалың болады. Сіңір жіпшелері жіңішке. Құрылымы мен шығу тегі қан тамырлар аналогы болып табылады. Қабырғасы төрт қабаттан түзіледі. Жүректің ішкі қуысына қараған қабатын эндотелиц деп атайды, ол қалың базальды мембранада орналасқан, бір қабаты колисональді клеткалардан тұрады. Қабатының асты энлотелйи қабатына орналасады. Бұл қабат дәнекер ұлпасынан түзіледі және аз дифференциацияланған клеткаларға бай болып келеді. Үшінші қабаты бұлшық етті жластикалық қабат деп атайды. Мұнда тегіс миоцитті эластикалық таолшықтар торы орап жатады. Төртінші қабат сыртқа дәнекер ұлпалы қабат.Эндокардтың трофикалық қамтамасыз етілуі жүрек камерасында болатын қаннан диффузды түрде жүзеге асады. Клапандар. Жүректің жүрекшесі мен қарыншаларының арасында, қарыншалар мен ірі қан тамырларының арасында клапандар орналасқан. Артериовентрикулярлы клапан сол жақ бөлікте екі, оң жақ бөлікте үш жақтауы бар. Аздаған клеткалары бар тығыз талшықты дәнекер ұлпаның фиброзды пластинкасынан түзілген, эндотелиймен жабылып тұрады. Қарыншаға қараған беті өсінділер есебінен тегіс емес, бұл өсінділерге сіңірлі жіпшелер бекінеді. Жүрекшелер бетінде тегіс миоциттер, тегіс емес қарынша бетінде эластикалық талшықтар болады. Эндотелий асты қабат астыңғы жіңішке коллаген талшықты клапан жақтауларын түзіп тұрған фиброзды талшыққа ауысады. Отаңғы қабаты- миокард. Бір бірімен тығыз байланысқан көлденең жолақты бұлшық ет клеткалары – кардиомиоцит клеткаларынан түзілген. Арасында борпылдақ дәнекер, тамырлар, нервтер орналасқан қабаты болады. Кардиомиоциттердің екі түрін ажыратамыз: 1) жиырылғыш немесе жұмысша кардиомиоцит; 2) өткізгіш жүрек миоциттері, мұны жүректің өткізгіш жүйесі деп атайды. Жұмысшы кардиомиоциттерің ұзындығы 50- 120 мкм, ені 15- 20 мкм. Клеткалар сарколеммамен қоршалған. Саколемма плазмалемма мен базальды мембранадан түзіледі. Осыларды коллагенді және эластикалық талшықтар орап, кардиомиоциттың сыртқа қаңқасы түзіледі. Базальді мембрананың құрамында кальцийді өзіне байытуға қабілетті гликопротеиндер көп мөлшерде кездеседі. Сонымен қатар жиырылып жазылу цикылында кальцийды саркотубулярлы торға бірдей беріп отыруға қатысады. Эпикард миокардты – сырт жағынан жауып тұрады. Ол негізінен дәнекер тканінен түзіледі, перикард (жүрек қабынын) висцеральды табақшасы болып табылды. Жүрек қабы – перикадтың құрамына күрделі. Оның 2 қабатын ажыратады: сыртқы-фиброзды (талшықты), ішкі –серозды. Ішкі серозды қабат өз кезегінде 2 табақшаша (жапырақшаға) бөлінеді приетальді және висцеральді.