Гормондардың негізгі қасиеттері

1. Әсер етуінің жоғарғы өзгешелік қасиеті – бұл қасиетіне қарасақ, гормондар барлық мүшелерге бірдей әсер етіп бермейді, тек белгілі мүшелерге , ұлпаларға ғана әсер етеді, (мысала: инсулин гормоны тек қана қандағы глюкозаның мөлшерін азайтады, егер оның мөлшері жоғары болса. СТГ- соматотропты гормон (өсу гормоны бойдың өсуін қадағалайды).

2. Физиологоиялық активтілігінің жоғары болуы- гормондардың қандағы мөлшері өте аз болсада атқаратын қызметі өте жоғары болады. Мысалы: инсулиннің І г. 125000 үй қоянының қанындағы глюкозаның мөлшерін азайтады. 1х10(-7) г/мл адреналиннің мөлшері жүректің жұмысын күшейтеді.

3. Қашақтықта әсер ету қасиеті – даму ,барысында белгілі бір мүшелердің әсер ететін гормондар арқылы мүшелердің жанында емес, одан қашықтықта пайда болады да, қан немесе лимфа жүйесі арқылы тиісті мүшелерге жеткізіледі. Мысалы: АКТГ –адренокортикотроптық гормон қанмен бүйрек үсті бездеріне жеткізіледі.

4. Горондардың тезбұзылуы – сондықтан олардың қанға бөлінуі үздіксіз болу керек, өзгерген мүшенің қызметін атқару үшін.

5. Стероидтыгормондардың және аминоқышқылдардың туындыларынан пайда болатын гормрндардың түрлік ерекшелігі жоқ. Бұл себептен жануарлардың бір түрінің гормоны ( не оның сығындысы) екінші бір жануар денесінде де сондай әсер ете алады. Түрлік ерекшеліктері тек қана белокты гомодарда бар.

Гормондардың жасалуы организм қажетіне және қоршаған ортаның жағдайларына тікелей байланысты болады. Гормондарды реттеуші деп есептесе, реттеуші мен бұлар реттейтін процесстердің арасында екі жақты байланыс болады. Егер белгілі бір мүшенің қызметін өзгертетін гормон көбірек жасалса, соған орай ол мүшенің қызметі белгілі бір тиісті дәрежеге жетеді. Енді бұдан былай гормонның бөлініп шығуы азаяды не тоқтапқалады. Осындай реттеу «тікелей және қарама-қарсы байланыс принцпі» бойынша атқарылады. Олар теріс немесе оң байланысқа бөлінеді. Мысалы: аденгипофиздің гонадотроптық гормондары көп бөлінсе олар жыныс гормондарының түзілуін жоғарылатады. Бұл тікелей оң байланыс болады. Кейінжыныс гормондарының көп жасалуы, қандағы гонадотроптық гормондардан шығуын төмендетеді. Бұл қарама-қарсы байланыс.

Схемасы:

Гормондардың негізгі қасиеттері - student2.ru Гормондардың негізгі қасиеттері - student2.ru Гонадотроптық гормондар

Гормондардың негізгі қасиеттері - student2.ru « оң тікелей «теріс қарама- байланыс» қарама байланыс»

жыныс бездерінің

гормондары

Тағы да бір реттеуге –жүйке реттелуі жатады. Ол реттеуді атқаратын гипоталамус және гипоталамустан бөлінетін физиологиялық активті заттар. Ішкі бездердің секреторлық клеткаларының қызметінң тікелей жүйке реттелуі әлі белгісіз, ондай реттелу тек қана бүйрек үсті безінің ішкі ми қабатында және эпифизде бар. Нерв талшықтары арқылы ішкі секреция бездерінің реттелуі тек қана олардың қан айналымының және қан тамырлардың тонусын реттелуі арқылы өтеді.

Гормондардың әсер ету механизмдері өту үшін биологиялы жүйесінде белгілі бір мүше және оған жауап беретін бөлімі болу керек. Бұл жүйедегі сол процесс өту үшін, біріншіден гормон солбелгілі бір мүшені танып онымен байланысуы керек. Белгілі бір гормондар қанмен тасымалданып барлық мүшелерге бірдей әсерете бермейді, белгілі бір ғана мүшеге, ұлпаларға ғана әсер етеді. Оның себебі сол мүшелерде ұлпаларда тек өзіне тән сол гормонның әсерін қабылдайтын арнайы рецепторлары болады. Рецептор мен гормонның арасында бір-біріне тән байланысты өте тығыз. Сондықтан рецепторлар өзіне тән гормоның әсерін ғана қабылдайды. Қазіргі кезде 60 гормондардың рецепторлары ашылған. Оның жартысы клеткалардың мембранасында орналасқан, қалғандары клеткалардың ішкі жағында болады.

1959 жылы Саттерленд және басқалары глюкагон мен адреналиннің әсер ететін механизімін анықтағанда барлықгормондарға сәйкес жалпы механизмдерін ашты. Қорытып айтқандаа бұл процесске қатысатын гормондар аденилатциклаза деген ферменттің активтілігін күшейтеді. Аденилатциклаза ферменті- бұл липопротейд, клетканың мембранасында орналасқан, оның каталитикалық активтілігі АТФдеген химиялық затқа ( олклетканың ішкі жағында орналасқан) өте жоғары. Қанмен келегн гомон бұл жерде « І-ш хабаршы» деп аталады. Сол гормонның әсерінен адениатциклаза ферментінің активтілігі күшейеді де ол клетка ішіндег АТФ-ті цикл- ді АМФ-қа айналдырады. Бұл процесс бойынша пайда болатын циклді АМФ « 2-ші хабаршы» деп аталады.

Оның әсерінен клетканың ішіндегі протеинкиназа деген ферменттің

Активтілігін жоғарлатады да жалпы айтсақ гормонның биологиялық соңғы әсері осы процесстерді арқылы қамтамасыз етіледі.

Кейбір гормондарға «2-ші хабаршы» болып Са+, фосфолипидтер, простагландиндер мүмкіншілігін көрсетеді.

Белокты емес гормондардың әсер ету механизмдерінің белокты гормондардың әсер ету механизмдерінен айырмашылығы бар. Олардың рецепторларымен байланысуы клетканың цитоплазмасында пайда болады.жалпы айтқанда барлық гормондардың әсер ету механизмдері:

1.мембрананың өткізгіштігін өзгертеді, оған қатысатын циклді АМФ. Мысалы: инсулин өткізгіштік қабілетін жақсартады.

2.Клеткалардың ішіндегі ферменттердің мөлшерін жлоғарылатады. Ол биосинтез процесіне қатысатын гендердің активтілігінің күшейгенініен пайда болады.

3.Клетка ішіндегі ферменттердің активтілігін циклді- АМФ арқылы жоғарылатады.

Гормондардың организмде жалпы атқаратын қызметтері:

1. организмдегі барлық мүшелердің және олардың атқаратын қызметін бір-біріне біріктіреді.

2. Организмнің өсуіне, дамуына , жыныстық жетілуіне өте қатты әсер етеді.

3. Организмнің сыртқы ортаның өзгерістеріне бейімделу процестерінің дамуына қатысады.

4. Стрес-реакцияларына қатысады.

5. Ішкі ортаның тұрақтылығын ұстап тұруына әсеретуі.

Гормондар бірнеше физиологиялық көрсеткіштердің салыстырмалы тұрақтылығын сақтап тұрады. Оларды «гоместатикалық» гормондар деп атайды. Мысалы: қанның осмос қысымының және қандағы глюкозаның мөлшерін салыстырмалы тұрақтылығына әсер етеді.

Ішкі секреция бездерінің қызметін зерттеуге арналған әдістер:

1. Экстррапация –белгілі бір безді операция жасап алып тастау. Безі алынып тасталған организмнің мүшелерінің қызметінде туған өзгерістер арқылы бездің ролін анықтайды.

2. Трансплантация әдісі – бір орган не ұлпаларды тірі организмнен екінші бір жеріне көшіріп қондыру немесе жамау. Жамайтын органның бөлшегі трансплантат деп атайды. Трансплантацияның үш әдісі бар:

а) аутотрансплантация организде бір орынан екінші орнына өз безін жамау.

б) Гомотрансплантация – бір түрге жататын жануарлардың бірінің безін екіншісіне көшіріп қондыру немесе жамау.

в) Гетеротрансплантация - әр түрлі түрге, туысқа жатпайтын жануарлардың безін бір-біріне көшіріп қондыру. Трансплантация экстирпацияға қосымша әдіс.

3. Организмге ішкі секреция бездерінің экстрактын енгізу және ұнтақ күйіндегі не шикі күйіндегі безбен тамақтандыру. Бұл да алынып тасталған бездің қызметін уақытша ғана атқара алады.

4. Парабиоз әдісі – хирургиялық жолмен екі организмді бір-біріне тігу не болмаса олардың қан тамырларын бір-бірімен біріктіру. Мұндай жағдайда белгілі бір безі жоқ жануар, сондай безі бар жануардың қанымен келетін гормон әсерінен қалыпты өмір сүреді.

5. Перфузия әдісі – денеден бөлініп алынған бездің қызметін сақтай отырып зерттейтін әдіс.

6. Зерттеп отырған бездің белгілі бір гормонның барын не жоқтығын қандағы гормонның концентрациясын анықтау арқылы зерттеу.

7. Биологиялық және химиялық әдістермен қандағы гормондардың мөлшерін анықтау.

8. Гормондардың биосинтез механизмін радиоактивті изотоптар көмегімен анықтау.

9. Биохимиялық әдістермен, біраз гормондардың химиялық құрылысын анықтау және гормондардың синтетикалық препараттарын жасау.

10. Ішкі секреция бездерінің гетерофункциясы немесе гипофункциясы кезінде ауырған адамға бақылау жүргізу. Бұл клинико-гистологиялық әдістер.

11. Бездің атқаратын жұмысын тежейтін химиялық заттармен әсер ету. Мысалы: а) қалқанша безге метилоурацилмен әсер ету, б) ұйқы безіне аллоксанмен әсер ету.

12. Рентген әдісі.

13. Шартты рефлекстер әдісі.

Ішкі секреция бездерінің қызметін және одан бөлінетін гормондардың организмге тигізетін физиологиялық әсерін тексеріп, медицина тәжірибесінде қолданылады.

· Иллюстрациялық материал:

Кестелер:

1. Гормондардың әсер ету механизмі.

2. Гормондардың химиялық жіктелуі.

· Әдебиеттер:

1. Адам физиологиясы – Сатпаева Х.К., Нілдібаева Ж.Б., Өтепбергенов А.А. – А.: «Білім», 2005 ж.

2. Төлеуханов С.Т. Қалыпты физиология (биологиялық жүйелердің мезгілдік құралымдар бөлімі): Оқу құралы. – А.: Қазақ университеті, 2006. – 140 б.

3. Дюйсембин Ғ.Д., Алиакбарова З.М. Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы: Оқулық - А.: «Білім», 200. – 400 б.

4. Нұрмұхамбетұлы Е. Орысша-қазақша медициналық (физиологиялық) сөздік / ҚазММУ – А.: «Эверо», 2007. – 904 б.

5. Керимбеков Е.Б. Физиология атауларының орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. – А.: Қазақстан, 1992. – 280 б.

6. Қалыпты физиологияның лабораториялық жұмыстары. – Шымкент: Б.И., 1993. – 254 б.

· Бақылау сұрақтар (кері байланыс):

1. Гормондар әсерінің таралуы.

2. Гормондар әсерінің өзіне тәнділігі.

3. Гормондар әсерінің мембраналық механизмі.

4. Гормондардың синергизмі.

5. Гормондардың антогонизмі.

Наши рекомендации