Оқытудың соңғы нәтижесі. ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ МЕДИЦИНА КАФЕДРАСЫ «БЕКІТЕМІН» Медициналық білім беру басқармасының басшысы, м.ғ.к
АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
МЕДИЦИНА ФАКУЛЬТЕТІ
ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ МЕДИЦИНА КАФЕДРАСЫ
«БЕКІТЕМІН» Медициналық білім беру басқармасының басшысы, м.ғ.к. ________У.Б.Татыкаева «___» __________2015 жыл |
МИКРОБИОЛОГИЯ» ПӘНІ БОЙЫНША
ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Пән коды: Мiс 2215
Мамандығы: 5В130100 - Жалпы медицина
Оқу сағатының көлемі: 225
Кредит саны: 5
Дәріс: 15 сағат
Практикалық (семинарлық) сабақ: 60 сағат
БСӨЖ: 75 сағат
СӨЖ : 75 сағат
Курс: II
Оқу семестрі: ІІІ- ІV
Емтихан: ІV семестр
Туркестан - 2015
Жұмыс оқу бағдарламасы «Жалпы медицина» мамандығы бойынша ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының (бұйрық №582, 01.12.2006 ж.), университет Сенатында бекітілген 5В130100 – Жалпы медицина мамандығының негізгі оқу жоспарының (27.06.2013, №6 хаттама), микробиология пәнінен типтік оқу бағдарламасы (24.04.2008.) негізінде, медициналық және фармацевттік жоғары оқу орындарының және университеттердегі медицина факультеттерінің кафедраларында оқу-әдістемелік құжаттарды дайындау бойынша №6 нұсқау хаттың (хаттама №11,14.06.2007) талаптарына сай жасалған.
Жұмыс оқу бағдарламасы медицина факультеті «Профилактикалық медицина» кафедрасының мәжілісінде талқыланған.
Хаттама №____ "____" _____________ 2015 ж.
Кафедра меңгерушісі_________________м.ғ.д.,доцент Куандыкова А.К.
Силлабус оқыту және бағалау комитетінде қаралған.
Хаттама №____"____" _____________ 2015 ж.
Комитет төрағасы _____________ оқытушы Амирешова У.
Силлабус білім беру бағдарламалары комитетінде мақұлданған.
Хаттама №____ "____" _____________ 2015 ж.
Комитет төрайымы_________________ магистр- оқытушы Бураева К Б.
2. Бағдарлама:
2.1 Кіріспе.Микробиология жалпы биологиялық ғылым ретінде қарапайымдылардың, саңырауқұлақтардың, вирустардың, бактериялардың өмір сүруін және микроорганизмдердің экологиясын зерттейді.
Медициналық микробиология адамдардағы жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын молекулалы-генетикалық деңгейде және жасушаға таралу механиізмін, морфологиясын, физиологиясын, патогенділік факторын, биологиялық қасиеттерін, диагностикасын микроорганизмдердің таза дақылын бөліп алу әдістерін және идентификациясын, арнайы емдеуді зерттейді.
Қазіргі микробиологияның өркендеп дамуының едәуір дәрежеде анықталуы, информатика, биология, химия, физиканың жетістіктеріне негізделеді.
Микробиология пәні адамдардағы жұқпалы аурулардың көрсеткішінің төмендеуінде және шартты патогенді микроорганизмдердің аурухана ішілік инфекциясының дамуын төмендетуде, арнайы алдын-алу және емдеуде маңызды рол атқарады.
2.2 Пәннің мақсаты:
Студенттерге білім беруде микроорганизмдердің адамдардағы жұқпалы және жұпалы емес аурулардағы орнын, морфологиясын, физиологиясын, патогенділік факторын, биологиялық қасиеттерін, диагностикасын микроорганизмдердің таза дақылын бөліп алу әдістерін және идентификациясын, инфекциялық үрдістің алдын алуын және арнайы емдеу ұстанымын, клиникалық диагнозды бекітуде қолданылатын микробиологиялық әдістерге түсінік беріу.
2.3 Пәннің міндеті:
· Микроорганизмдердің адамдардағы жұқпалы және жұпалы емес аурулардағы орнын, морфологиясын, физиологиясын, патогенділік факторын, биологиялық қасиеттерін, диагностикасын микроорганизмдердің таза дақылын бөліп алу әдістерін және идентификациясын, инфекциялық аурулардың пайда болу мүмкіндіктерін, адам ағзасында иммунопатологиялық жағдайлардың әсерінен пайда болатын иммунитетті, инфекциялық үрдістің алдын алуын және арнайы емдеу ұстанымын, клиникалық диагнозды бекітуде қолданылатын микробиологиялық әдістерді білуі қажет;
· Студенттерге микроорганизмдердің адамдардағы жұқпалы және жұпалы емес аурулардағы орнын, жұқпалы аурулардың таралуында микроорганизмдердің орнын үйрету;
· Студенттерге микроорганизмдердің морфологиясын, физиологиясын, патогенділік факторын, биологиялық қасиеттерін, диагностикасын микроорганизмдердің таза дақылын бөліп алу әдістерін және идентификациясын үйрету;
Оқытудың соңғы нәтижесі
Студент білуге тиіс:
· Жұқпалы аурулардың қоздырғыштарының негізгі биологиялық қасиеттерін, микроорганизмдердің (морфологиясын, физиологиясын, антигендерін) және экологиясын;
· Адам ағзасының қалыпты микрофлорасының өкілдерін;
· Адам ағзасының спецификалық және бейспецификалық антимикробты қорғаныс қызметін;
· Жұқпалы иммунды және аллергология негіздерін;
· Адамдардағы жұқпалы аурулардың таралуын патогенезін, микробиологиялық диагностикалау принциптерін;
· Микробтық аурулардың арнайы алдын-алуын және антибиотикотерапия принциптерін;
· Антибиотиктердің және дезинфектаттардың антимикробтық белсенділігіне түсініктеме беру.
· Асептика және антисептика, дезинфекция және стерилизация әдістеріне микробиологиялық негізді;
· Ересектердегі және балалардағы дамыған аурудың мәліметтерінің микробиологиялық мәліметтерімен сәйкестігіне сипаттама беру.Студент істей білу керек:
· Бактериологиялық лабораториядағы техникалық қауіпсіздікті және эпидемиологиялық жағдай ережесін сақтауды білуі тиіс;
- Емдеу мекемелерінде медицина қызметкерлері және науқастар арасындағы жұқпалы аурулардан сақтану ережелерін;
- Науқастардан микробиологиялық тексеру мақсатта тексерілетін затты алуды;
- Қан, нәжіс және т.б. тексерілетін заттардан микроскопиялық препараттарды дайындау, иммерсиялық жүйеде жарық микроскопта көруді;
· Ажыратылған таза дақылдың антибиотиктерге сезім талдығын биосубстратардағы антибиотиктердің концентрациясын;
· Зақымдалған заттарды, қолды антисептикалық әдіспен залалдауды;
· Дезинфекция және стерилизация шараларының сапалығына санитарлық бактериологиялық бақылауды.
· Микробиологиялық тексеру нәтижесіне қортынды жасауды.
2.5 Реквизитке дейінгі: Пәннің мазмұнын нәтижелі меңгеру үшін химия, экология,биохимия, медициналық биофизика, молекулярлы биология және медицина генетикасы, физиология, гистология пәндерінің білімі қажет.
2.6 Реквизиттен кейінгі:Биохимия, гистология, патологиялық анатомия, патологиялық физиология, фармакология, жалпы гигиена, эпидемиология, жалпы иммунология, жұқпалы аурулар, тері аурулары, терапевтік стоматология, хирургиялық стоматология.