ІІІ. Бронхтар гиперреактивтілігі

· БА-ның қалыптасуының алғашқы екі патогенетикалық механизмінің заңды нәтижесі.

· Гиперреактивтіліктің айқындылығы ауырлық дәрежесі мен ауыр кезеңімен тікелей корреляция байқалады.

· Атопияға байланысты емес гиперрреактивтіліктің тұқым қуалауының анықталуы алғашқы гиперреактивтіліктің болуы мүмкін екендігін көрсетеді. Β2 адрено-рецепторлардың түзілуінің тұқым қуалайтын мүкістігі астмамен ауыратын балалардың вирусты-обструктивті бронхитпен ауыратын балаларға қарағанда, адреномиметиктерге сезімталдығының жоғарлауы болуымен дәлелденеді.

- Жасушаларда Са2+ концентрациясының кальцийлік гомеостаз дисбалансы және оның жасушадан шығу процессінің бұзылуы жасушаішілік функциялардың бұзылуының негізгі факторлары, яғни бронхтарды гиперреактивтілігінің себептері болуы мүмкін.

- Мырштың, мыстың, селенаның, магнийдің жетіспеуінде бронх реактивтілігінің артуына ықпал етеді.

- БА-ның ұзаққа созылуы жасушалар гиперплазиясына байланысты бронх қабырғаларының тегіс бұлшық еттерінің гиперплазиясына әкеліп, бронх суперреактивтілігіне өз үлесін қосады.

IV. Нейроэндокриндік жүйенің патологиясы. Эндокриндік жүйенің реттеушілік функциясының бұзылуы гипоталомо-гипофизарлық аймақта микроқұрылым-дық өзгерістерге әкелуі мүмкін, ОНЖ-ның перинатальды зақымдалуларына байланысты болуы мүмкін. Бұндай ауруларда БА ерте байқалады, ауырлау өтеді.

Астматикалық (демікпелік) жағдай (Status astmaticus)

Әдетте ауру қатаң өткенде байқалады. Науқастың жағдайы ұзақ уақыт қатаң болған кезде ентігу, ауыр дем алу, өкпе-жүрек жарамсыздығы пайда болып, бір тәулік бойына ауық-ауық, әрі өте жиі, жалпы жағдайы нашарлап, тұншығу, жөтел байқалады, қан айналысының бұзылуы, цианоз күшейе түседі. Көптеген мүшелер мен жүйелердің қызметі бұзылады. Демікпеге қарсы қолданылатын дәрі-дәрмектер, аурудың жағдайын тек уақытша ғана жақсартады. Терісі бозарып, цианоз, ысқырған ауыр тыныс мазалайды. Өкпеде тыныс әлсіреп, құрғақ және ылғалды сырылдар естіледі. Демікпелік статустың таралмаған ұстамасы кезінде жаңадан қапыл ұстама басталып, асфиксия болуы мүмкін.

Ұстама аралық кезеңде демікпе белгілері болмайды, ол ұстамалық тұншығудан соң бірнеше күннен соң басталады. Егер демікпе өте ауыр түрде өтпесе, бұл кезеңде клиникалық белгілер болмайды. Орташа және ауыр түрде өткен ұстамадан соң бозару, енжарлық, көз астының көгістенуі, дене дамуынан қалыс қалу, кеуде пішінінің әртүрлі өзгерулері байқалады. Өкпе үстінде тимпаникалық дыбыс, әлсіз тыныс пен құрғақ сырылдар сақталып қалады.

Астматикалық жағдайды үш сатыға бөледі. (А.Г. Чучалин)

1 сатысы (компенсацияланған сатысы) симпатомиметиктерге және кейбір басқа бронхолитиктерге беріктілігімен сипатталады. Көбіне ұстама түрінде байқалмайды, керісінше, біртіндеп басталып, бірнеше күн, тіптен апталап, айлап созылады. Ақшыл (бозғылт) цианозбен, экспираторлы ентігумен, кеуде қуысының кебуімен, қатты жөтелмен, тынысының әлсіреуімен, аздаған инспираторлы сырылдармен қатар, демін шығарғанда естілетін азды-көпті ызыңды сырылдармен сипатталады. Алыстан естілетін тыныс шулары мен аускультация жасағандағы естілетін шуылдар сай келмейді. Науқастың қасында тұрған дәрігердің көп сырылдар естимін деген болжамы аускультацияда дәлелденбейді. Әдетте, жүрек гликозидтері әсерін тигізбейтін тахикардия, эмфиземаға байланысты жүректің салыстырмалы тұйығының шекарасының тарылғаны, ал, ол ұзақ дамыған кезде невротикалық бұзылыстар байқалады. Кейде тыныстық бұзылыстарға балалар үйреніп те кетеді де, шағым айтпайды.

2 сатысы обструктивті типтес үдемелі тыныс тапшылығы, науқастың жағдайының өте қаталдығы, бозғылт цианоз, айқын білінетін тахикардия, тахипноэ және олигопноэ сияқты белгілермен сипатталады. Бұл жағдайда сырылдар болмайды, немесе өте аз мөлшерде шамалы ғана бөлігінде құрғақ сырыл естіледі. Өкпенің төменгі шекарасы барынша төмендейді, өкпенің қозғалысы (экскурсиясы) шектеледі. Жөтел жойылып кетеді. Пульс жиілеп, толықтығы әлсірейді, ал, артериальды қысым төмендейді. Астматикалық жағдайдың бұл сатысында ұсақ бронхтар мен бронхиолдар жабысқақ секретпен бітеледі де, жайылған өкпе обструкция синдромы пайда болады. Сондықтан, уақытында тиісті шара қолданбаса, гипоксиялық кома дамиды. Жалпы қозуы, қорқыныштық сезімі селқостықпен ауысады.

3 сатысы (гипоксиялық кома, асфексиялық синдром) декомпенсацияланған тыныстық және метаболикалық ацидоздың, айқын гиперкапнияның әсерінен дамиды. А.Г. Чучалин гипоксемиялық команың жедел және баяу дамитын екі түрін бөледі. Жедел дамитын гипоксемиялық комада үдемелі жайылған цианоз, ұлғайып отыратын тахикардия және тахипноэ мен артериялық қысымның төмен құлдырауы, мойын веналарының ісінуі, бауырдың үлкеюі байқалып, науқаста селқостық пайда болады. Баяу дамитын гипоксемиялық комаға осы белгілер тән болып келеді, бірақ олар біртіндеп дамиды.

Наши рекомендации