Баға қоюдын критерилері. Жаратылыстану-техникалық факультеті

Жаратылыстану-техникалық факультеті

Жаратылыстану пәндері кафедрасы

Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы пәні бойынша

СИЛЛАБУС

Пән: Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы

Мамандық: 5В011300 «Биология»

Оқу формасы: күндізгі

Курс: 1,2

Семестр: 1,3

Кредит саны: 3

Барлық сағат: 135

Дәріс – 30

Зертханалық сабақ – 15

СӨЖ (сонын ішінде ОСӨЖ) – 90

Аралық бақылау – 2

Емтихан –1,3 семестр

Талдықорған 2015 ж.

_______________________________________________________________

Жаратылыстану пәндері кафедрасы

1. Оқытушы туралы мәлімет:

Оқытушының аты жөні:б.ғ.к, жаратылыстану пәндері кафедрасының доценті – Бахтаулова Алефтина Сембайқызы

Байланыс телефоны: 22-24-68, 87018836065

2. Пәндер пререквизиттері: орта мектептің биологиясы.

3. Пәндер постреквизиттері:Аталған пәнді оқыту келесі пәндерді игеру үшін қажет: «Өсімдіктер систематикасы», “Өсімдік физиологиясы”, “Генетика”, “Өсімдік экологиясы”, “Эволюциялық ілім”.

4. Пәнге берілген қысқаша сипаттама:

Өсімдіктер морфологиясымен анатомиясы пәнінің мақсаты –

Студенттерді ботаниканың кәзіргі ғылыми жетістіктерімен жинақталған білімге сүйендіре отырып, өсімдіктердің құрылыстық ерекшеліктерін, өсу және даму заңдылықтарымен таныстыру.

Студенттер өсімдік клеткалары мен ұлпаларының, тамыр және өркендер жүйесінің морфологиясы, сонымен қатар, өсімдіктердің генеративтік мүшелерінің құрылысындағы ерекшеліктері туралы мәліметтерді алуы тиіс.

Студенттер өсімдіктердің морфологиялық эволюциясының басты бағыттарын, көбею мен ұрпақ жалғастырудың биологиялық негізін (мәнін, олардың жастық және маусымдық өзгерістерін) білуі қажет.

Студенттер алған білімін және қолданған әдебиеттерін өздерінің теориялық деңгейін одан ары тереңдету үшін пайдалана білуі керек.

Пәнді терең меңгеру үшін дәрістік курста, зертханалық жаттығуларда және оқу-далалық тәжірибелерде, табиғи тірі өсімдіктерді, гербарий қорын, препараттарды, жоба суреттерді, кестелерді үйлестіре отырып, дұрыс пайдалана білуі қажет

Пәннің материалдарын онай меңгеру үшін, дәрістік курс пен зертханалық сабақтардың және дала тәжірибесінің арасында қалыптасқан жүйедегі бір үндестік болуы тиіс. Сонда ғана студенттер өсімдіктерді табиғи жағдайда өз бетімен зерттеуге дағдыланады.

Қалыптасатын компетенциялар:

-Жабық тұқымды өсімдіктердің вегетативті және генеративті мүшелерінің анатомиялық және морфологиялық құрылыс ерекшеліктерін ажыратуда тиісті білімдерді меңгерді;

- жоғары сатылы өсімдіктердің морфологиялық формаларының көптүрлілігі туралы мағлұмат алды;

- вегетативті және генеративті мүшелері формаларының эволюциялық негізі туралы мағлұматтардан хабардар;

- өсімдіктердің басқа тірі организмдермен және тіршілік ортасымен байланысына өз бетімен сараптама бере алады;

- әр түрлі құбылыстар мен процестерді табылған әдибеттердің көмегімен өздері сараптама жасауға, болжауға, сонымен қатар, өсімдіктердің анатомиясын және морфологиясын зерттеу және қолданбалы бағыттарының міндеттерін орындай алады;

- осы пәннің мазмұны мен проблемасы бойынша өз тобындағы студентермен де және білім беру мекемелерінің мамандарымен де еркін сұқпатаса алады;

- жобаны ұйымдастыру мен іске асыруда басқа ұлт өкілдерімен жеке және топпен жұмыс жүргізуге қабілетті.

Бағалау саясаты

Білімді бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі

Әріппен белгіленген баға Бағаның цифрлік эквиваленті Пайыздық мөлшері Дәстүрлі түрде бағалау
A 4.0 95-100 Өте жақсы
A- 3.67 90-94
B+ 3.33 85-89 Жақсы
B 3.0 80-84
B- 2.67 75-79
C+ 2.33 70-74 Қанағаттанарлық
C 2.0 65-69
C- 1.67 60-64
D+ 1.33 55-59
D 50-54
F 0-49 Қанағаттанарлықсыз

Пән бойынша студенттің білімін балмен бағалау көрсеткіші

Бағаланатын бағдар (позиция) 1-8 аптадағы бағалау мөлшері 9-15 аптадағы бағалау мөлшері Баллдың максималдық (жоғары) мөлшері Электронды журналға балл қоюдың кезеңі
Ағымдық бақылау Әрбір бағалауға 100 баллдан Апта сайын (бірінші аптадан басқа)
СӨЖ Әрбір СӨЖ –ге 100 баллдан 4,7,11,14 апталарда
Аралық бақылау Әр аралық бақылауға 100 баллдан 8 және 15 аптада
Кіру рұқсатының рейтенгісі R1
Кіру рұқсатының рейтенгісінің   R2
Академиялық кезеңдегі кіру рұқсатының рейтенгісі R= (R1 + R2)/2 15 апта
Емтихан Е 16-17 апта
Қорытынды баға І = R*0.6+E*0.4  

Баға қоюдын критерилері

Бақылау түрі Максимальдық баға Оқытушының журналына балл қойылатын мерзімі
Ағымдық бақылау: қатысу: 1 сағ.-5 балл үй тапсырмасын орындауы лабораториялық сабақтың орындалуы белсеңділігі (лекция барысындағы жауаптары....) ОСӨЖ тапсыпмаларға қатысу және орындалуы Әр аптада
СӨЖ 1 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3 4 апта
СӨЖ 2 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3 7 апта
СӨЖ 3 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3 11 апта
СӨЖ 4 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3 14 апта
Аралық бақылау 1:коллоквиум Сұрақ 1- баға 1 Сұрақ 2- баға 2 Сұрақ 3- баға 3 Қорытынды баға: (баға1+баға2+баға3)/3     8 апта
Аралық бақылау 2: Жоба қорғау Жоба идеясы Жоба сипаттамасы Жобаның тұсаукесері   9 апта 11 апта 14 апта

*СӨЖ мазмұны силлабустағы СӨЖге арналған кестеде көрсетілген

Наши рекомендации