Тақырып. Хромосомдық аурулар: аутосома жүйесіндегі бұзылулар
Хромосомалардың сандық өзгерісімен байланысты аурулар. 1963 жылы Kushnik, Massa және Baukema оро-дигито-фациалды синдромы бар отбасыны сипаттады. Оны алғашқы рет Gorlin, Anderson және Scott (1961 ж.), сонымен қатар Gorlin және Psaume (1962ж.) сипаттады. Бұл синдром ауыз қуысын және бет скелетінің түрлі аномалияларымен және ойлау қабілетінің артта қалуымен, саусақтардың аномалияларымен сипатталады. Ауру баланың зерттелген 38 клеткасының ішінде 31-де 47 хромосома болған. Артық хромосома А тобының 1 хромосомасына ұқсас. Алайда А тобының хромосомалары бойынша үнемі болатын трисомиялар адамдарда байқалған жоқ. Олар спонтанды аборт кезінде түзілетін эмбриондарда кездесті. Тірі адамдарда В тобыныңтрисомиясы кездескен жоқ. С тобының трисомиялары белгілі. Stolte, Evans және Blanckenberg (1964 ж.) 2 баланы туғандығы бірақ олардың көптеген бұзылулардан шетінеп кетті. Балаларына цитогенетикалық талдаулар жүргізілмеді, ал анасының клеткаларының 30%-да 47 хромосома табылды. Д тобының хромосомасының біреуінің трисомиясын алғаш рет 1960ж Patau, Smith және т.б. байқады. 25 жасындағы ата-аналары сау болды, бірақ анасы жүктіліктің 6-шы айында грип тәрізді ауруды бастан кешірді. Қыз бала 1 ай жасында көптеген аномалиялары болды - жоғарғы ерін мен таңдайдың өсіп бітпеуі, сол аяғында артық саусақтың болуы, бассүйектерінің нашар сүйектенуі және олардың арасының үлкен болуы, тумастан пайда болған жүрек ауры және кереңдік. Жілік майы цитогенетикалық талдау В тобына жататын хромосомада трисомия байқалды. 1966 жылы осындай жағдайдың 60 сипатталды. Бұл синдромды D-трисомия синдромы немесе Патау синдромы деп атады. Бүл аурудың жиілігі 14500 тірілей туған балаға 1-ден болады. Осындай балалардың өмір сүруі 100 күндей.
1960 ж. Edvards қызметкерлерімен Е тобындағы трисомиямен байланысты болатын жаңа синдромды сипаттады. Туған қыз бала (анасы31-де, әкесі-32де, екеуі де сау) келесі ерекшеліктер байқалды: басының фронталды жағы жіңішке, ал шүйде-төбе жағы кең диаметрлі, мұрнының арқа жағы кең, төмен орналасқан құлақ, емізуге кедергі келтіретін кішкентай үшбұрыш ауыз, саусақтары арасында тері. Бала шетінеп кетті. Цитогенетикалық зерттеулер артық 47 хромосома (трисомия 18) бар екендігін көрсетті. Бұл аномалияның кездесу жиілігі 4500 тірілей туған балағ 1 бала. Көп жағдайда осындайбалалар жылдың бірінші жартысында туатыны беглілі болды. Көп жағдайда осындай балалардың аналары радиациялық фактормен байланысты болды.
G тобындакең тараған трисомияның синдромынаДаун ауру жатады. Идиотияның ерекше түрі мен дамудағы кемшіліктерді біріктіретін осы ауруды 1838 жылы алғаш рет француз психиатры Эскироль сипаттаған болатын. 1866 ж ағылшын ғалымы Лэнгдон Даун бұл ауруды бөлек нозологиялық бірлік ретінде бөлді. Ауру балалардың туу жиілігі анасының жасы ұлғайған сайын жоғарылайтынына және ауру балалар көпбалалы отбасындағы соңғы бала екендігіне қарап, “ана организмінің ескіруі” туралы теория туды. 1958-1959 жж даун ауруын хромосомдық бұзылулармен байланыстыратын теория Lejeune, Gautier және Turpin деген француз ғалымдарының көмегімен расталды. Олар ауру адамдарда артық 47-шіхромосома бар екендігін дәлелдеді. Ол G тобының 21-ші хоромосомасы. Аурудың пайда болу жиілігі 700 балаға 1 құрайды. Ананың жасы мен Даун синдромының арасында корреляция бар екендігін көрсетілді. Анасының (әкесінің емес) жасы ұлғайған сайын туған баланың осы аурумен ауыру ықтималдығы артады. Бірақ Даун синдромы классикалық трисомиямен қоса, G тобының бір хъромосомасының басқаға немесе D тобыныңхромосомасына транслокациясы болған жағдайда да байқалады. Даунның осындай транслокациялық түрінде анасының жасы мен Даун синдромының арасында корреляция жоқ. Геномдық аномалиялардың нақты бір мутаген факторымен байланысы байқалмады.
Трисомиядан (гомологтық жұп хромосомаларда артық хромосоманың болуы) басқа моносомия (1-ші гомологтық жұп хромосоманың болмауы) да кездеседі. 1960 жылы Lejeune және басқалары туғаннан бастап көптеген аномалиялары - шап және кіндік жарығы, туғаннан пайда болған жүрек ауруы, ойлау қабілетінің жетілмегендік бар баланы сипаттады. Цитогенетикалық зерттеулер баланың кейбір клеткаларында 45 хромосома (21 хромосома жоқ), ал басқа клеткаларында 46 хромосомада кіші сақиналы фрагмент болды. Анасының кариотипінде өзгерістер болды.
Хромосомалардың құрылымдық бұзылулары әсерінен болатын аурулар. Адамда хромосомаларда болатын құрылымдық бұзылулар ауыр салдарға әкеледі, және көп жағдайда дамудың көптеген дефектілеріне әкеледі. Ең кең таралған бұзылуларға делециялар жатады. 1963 ж Lejeune және оның 6 қызметкері жаңа хромосомалық ауруы бар 3 адамды сипаттады. Бұл ауруды ол “мысық айқайы”. Бұл аурумен ауыратын адамдар белгілі жасқа дейін көмей дамуындағы артта қалушылық салдарынан мысықтың даусына ұқсайтын дыбыс шығарады. Басқа симптомдары – ойлау қабілетінің өте нашар жетілуі, даму және өсудің артта қалуы. Мұндай балаларға жүргіізілген цитогенетикалық зерттеулер В тобындағы хромосомада соңғы аймақта делеция бар екендігі және басқа жағдайларда сақиналы хромосоманың бар екендігін көрсетті.
Қорытындылай келе, аталған фактілер басқа организмдерде байқалған генетикалық заңдылықтар адамға да қатысты екен.
Хромосомдық аурулар: жыныстық хромосомалар жүйесінде болатын бұзылулар
Жыныс хромосомаларының саны мен құрылысының бұзылуы. Жыныстық хромосомалардың мейоз кезінде дұрыс бөлінбеуі жыныстық хромосомалар жинағы қалыпты емес гаметалардың түзілуіне әкеледі. Осындай гаметалардың зигота түзуге қатысуы түрлі патологиялары бар организмнің пайда болуына әкеледі. Жыныстық хромосомалар бойынша анеуплоидты гаметалар мейоз-1дің анафазасында жыныстық хромосоманың полюске ажырамауы немесе артта қалып қоюы себебінен түзіледі. Осының нәтижесінде бір гаметаларды екі жыныстық хромосома болады, ал екіншісінде екеуі де болмайды. Әйелдерде екінші меоздық бөлінуде қалыпты жинағы бар және ХХ-хромосомасы бар гаметалар түзілуі мүмкін. Ер адамдарда ХХ және Yyтипті спермийлер түзілуі мүмкін. Екі рет ажырамау нәтижесінде (екі бөлінуде де) гаметалардың құрамы одан да күрделі болады: әйелдерде – ХХХ и ХХХХ, ерлерде – XXY, XXYY, XYY. YY, YО және ОО конституциясы бар эиготалар байқалған жоқ және Х-хромосомасы болмағандықтан леталды болып есептеледі (Х-хромосома бойынша нулисомиктер).
Гамета түзер кезінде болған жыныстық хромосомаларды болатын бұзылулар гендік балансы қалыптыдан ауытқыған зигота түзіп, қалыпты дамудан ауытқушылықтар байқалады.
Қайта құрылған Х-хромосомасы бар бірақ қалыпты Х-хромоосмасы жоқ гамета ұрықтану кезінде тіршілікке қабілетті зигота бере алмайды. Себебі, олар Х-хромосоманың белгілі бір аймағы бойынша нуллисомик болады.
Жыныстық хромосомалардың санының бұзылуымен байланысты жыныстық аномалияларды 2 топқа бөлуге болады: жыныстық хромосома бойынша полисомия (жыныстық хромосомалар қалыптыдан көп); жыныстық хромосома бойынша моносомия (жыныстық хромосомалар қалыптыдан аз). Бірінші жағдай екіншіге қарағанда жиі кездеседі.
Клайнфельтер синдромы. Жыныстық хромосома бойынша фенотиптік ер адамдарда қалыптыдан Х- немесе У-хромосоманың, ал кейде оның екеуінің де артық мөлшерде болуынан болады. Генетикалық тұрғыдан қарағанда, Клайнфельтер синдромы үш вариантқа бөлуге болады: 1) Y-хромосома бойынша моносомия кезінде Х-хромосома бойынша полисомия – 47, ХХY; 48, ХХХY; 49, ХХХХY; 2) Y-хромосома бойынша полисомия және Х-хромосома бойынша моносомия – 47, ХYY; 48, ХУУУ; 3) хромосомалар бойынша Х және Y полисомия – 48, ХХYY; 49, ХХХYY. Цитогенетикалық варианттардың көптігіне қарамастан 1942 жылы Klinefelter соавторларымен бірге синдромның ортақ белгілерін сипаттады. Бұл синдром тек ер адамның фенотипі бар адамдарға тән. Аталық бездері жетілмейді және соның салдарынан әйелге тән белгілер түзіледі. Көп жағдайда балалары болмайды. Бірақ балалары бар аурулар да кездесткен. Вариантқа байланысты ойлау қабілетінде де жетілмегендік байқалады.
Әйел фенотипті жыныс хромосомалары бойынша полисомия (поли-Х-әйелдер).47 хромосомасында ХХХ бар әйелдердің көбісінде жыныстық аномалиялар байқалмайды. Олардың үштен бірінде қалыпты балалар туылады. Бірқатар әйелдерде бедеусіздік байқалған. Бірқатарында аутосома мен жыныстық хромоосмаларының қатынасының бұзылуы салдарынан эндокриндік баланстың және жұмыртқа бездерінің байқалады. Кейде ойлау қабілетінде жетілмегендік байқалады. Трипло-Х әйелдердің көпшілігі психикалық емханаларды зерттегенде табылды. .
Шерешевский-Тернер синдромы.Адамда жыныс хромосомалары бойынша белгілі моносомия - Х-хромосомасы бойынша моносомия – ХО (45, ХО). Бұл аномалия өсуі және жыныстық жетілуі тежелген, ішкі органдары толық жетілмеген фенотиптік әйел адамдарды байқалады.