Тақырып 2. Бір клеткалы жәндіктер Бір клеткалылардың жалпы сипаттамасы .

Пәннің мақсаты мен міңдеттері және оқу орны

Пәннің мақсаты:

· Жануарлар әлемінің тарихи дамуы және әртүрлілігі тұралы ұғым қалыптастыру;

· Зоология ғылыми қозғарас қалыптастыруда және басқа пәндермен байланысын қорсету;

· Жануарлардың негізгі даму деңгейлерін, жануарлардың жеке даму стадияларын, жануарлар әлемініңкқұрылуының негізгі зандылықтарының білу;

· Зертелетін объектілерге жалпыбиологиялық және эволюциялық қозғарас қалыптастыру;

· Адам өмірінде және табиғатта омыртқасыз жануарларың тәжірибелік маңызын көрсету;

· Студенттерде жануарлар әлемін сақтау қарым қатынасын тәрбиелеу;

Пәннің міңдеттері:

Практикалық тәжірибе дағдысына ие болу, тірі организмдерді бақылап, объектілермен өз бетімен жұмыс істеуге дағдылану.

Студент білу керек:

1Жануарлардың негізгі даму деңгейлерін,жануарлардың жеке даму стадияларын, жануарлар әлемінің көп түрлілігінің себебін және оның құрылуының негізгі заңдылықтарын, органикалық әлемінің дамузаңдылықтарына деген қазіргі;

2 Ғылымның негізгі даму заңдылықтарын және кезендерін

3 Жануарлардың құрылымдық деңгейлердің мінездемесін;

4 Жануарлар жүйеленуін, құрылысын, онтогенезін, экологиясын және кластарын;

5 Жануарлар эволюциясының негізгі заңдылықтарын;

6 Жануарлардың негізгі топтарының филогениясын;

7 Омыртқасыздар зоологиясының дамуына үлес қосқан ғалымарды.

Студент істей білу кажет:

- Алған білімдерді ғылыми және тәжірибелік мәселелерді шешкенде пайдалану кажет; түрлердін биологиялық ерекшеліктерін ажырата білу керек, әр түрлі жануарлар топтарының өсімдік және жануарлар әлеміндегі маңызынажырата білу керек;

- практикалық тәжірибе дағдысына ие болу, тірі организмдерді бақылап, объектілермен өз бетімен жұмыс істеуге дағдылану. Анықтауыштармен жұмыс істеуді

Пререквизиттер:мектеп зоологиясы курсы, Эволюциялық ілімінің негіздері, Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы

№пп Тақырыпаталуы Сағат саны
Дәр. Тәж. Зерт СӨЖ
Кіріспе
Бір клеткалы жәндіктер Бір клеткалылардың жалпы сипаттамасы -
Паразиттік тіршілік ететін қарапайымдылардың типтері -
Инфузориялар типі -
Көп клеткалы жануарлар. Көп клеткалылардың шығу тегі жөніндегі гипотезалар -
Үсті нағыз көп клеткалылар Эуметазоа -
Екі жақты симметриялы Бөлім тармағы қуыссыздар
Алғашқы қуыстылар бөлім тармағы -
Целом қуыстылар -
Моллюскалар типі
Буынаяқтылар типі -
Желбезектыныстылар тип тармағы -
Кенірдектыныстылар тип тармағы -
Насекомдардың эволюциялық жолдары 1,5 -
Тип үсті екінші реттік ауыздылар - -
Тікентерілілер типі
Жалпы: 7,5

Пәннің теориялық курсының мазмұны

Тақырып 1. Кіріспе

Жер бетінде тірі заттың пайда болуы. Тірі организмдердің патшалықтарға бөлінуі. Жануарлар және өсімдіктер патшалықтары. Биологияның ботаника және зоологияға бөлінуі.

Тірі организмдер классификациясына қазіргі замандағы көзқарастар.Тірі табиғаттағы патшалық сандары. Зоологияның бағыттарға және «өз бетінше» ғылымдарға бөлінуі. Зоологияның пәні және мақсаттары. Зоологияның пәні және мақсаттары. Зоологияның биология ғылымдарының арасындағы орны және олармен байланысы: морфологиямен, систематикамен, экологиямен, генетикамен, зоогеоргафиямен, палеонтологиямен, этологиямен, биохимиямен, биофизикамен, гистологиямен, физиологиямен, цитологиямен, эмбриологиямен. Зоологияның практикалық маңызы: а) халық шаруашылығындағы кәсіптік және үй жануарлары, ауыл шаруашылығындағы зиянкестері; б) медицина мен малдәрігерлік ісінде.

Зоология- жануарлар дүниесінің алуан түрлілігі, эволюциялық дамуы, биосферадағы және адамның өмір сүруіндегі маңызы туралы ғылым . Зоологияның қысқаша даму тарихы. Зоологияның негізгі даму кезеңдері және бағыттары: зерттеу жұмысының салыстырмалы эволюциялық және эксперименттік кезең. Микроскоптың ашылуы. Зоологияның дамуында үлкен үлес қосқан көрнекті ғалымдардың еңбектері: К. Линнейдің, Ж.Б. Ламарктың, Ж. Кювьенің, Ч. Дарвиннің, т.б.

Жануарлар зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттары. Зоологиялық классификациялық негіздері. Жануарлар әлемінің системасы.

Тақырып 2. Бір клеткалы жәндіктер Бір клеткалылардың жалпы сипаттамасы .

Бір клеткалылардың жалпы сипаттамасы.Патшалық тармақтарың типтерге бөліну принциптері. Қарапайымдылардың құрылысының ерекшеліктері, көбею түрлері, қарапайымдылардың маңызы, таралуы. Саркомастигофоралылар типі-Sarcomastigophora.Эволюциялық дамуындағы жыныс процессі.Қозғалу органеллалар құрылысының өзгеру тенденциялары. Тип фелогениясы. Талшықтылар тип тармағы. Талшықтылардың әрекеттену типтері. Талшықтылардың экологиясы, таралуы, практикалық маңызы. Паразитизмнің шығу тегі, қауымдық талшықтылардың жалпы сипаттамасы, көбею, изогамия, анизогамия. Опалина тип тармағы. Жалпы сипатаммасы, көп ядролық қарапайымдылар.Саркодиналар тип тпамрғы. Жалған аяқтары, олардың құрылысы, атқаратын қызметі, систематикасы, сипаттамасы, таралуы. Фораминифераларың тіршілік циклі.Саркодиналар тип тармағының маңызы.

Наши рекомендации