Медициналық симуляцияның сценарийі
Клиникалық жағдай:«Баланың кенеттен жүрегі тоқтауына көрсетілетін шұғыл көмек көрсету»
Ситуациялық тапсырма:Аурухананың қабылдау бөліміне түскен балада кенеттен жүрек жұмысының тоқтауы болды. Жағдайды бағалап, қажет көмекті көрсетіңіз.
Соңғы нәтиже (outcomes):
· Қабылдау бөлімінде кенеттен жүрек тоқтағанын анықтап бірден жандандыруды жүргізу.
· Жүрекке жабық массаж жасау
· Жоғарғы тыныс жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету
· Жасанды демалдыруды жүргізу
· Дефибрилляция жасау
· Жүрек-өкпе реанимациясында дәрілік заттарды енгізу.
· Реанимациялық іс-шараның дұрыс жүргізілуінің белгілері
· Күйзеліс жағдайында маманның өзін білікті ұстай білуі
·
Бағалау парақшасы (check-list)
Клиникалық жағдай бойынша «Баланың кенеттен жүрегі тоқтауына көрсетілетін шұғыл көмек көрсету»
Уақыты 10 мин
Емтихан тапсырушының коды ______________________________Емтихан күні _____________
Емтихан алушы _____________________________________________________________
№ | Бағалау қадамдарының белгілері | Ұпай бойынша бағалау | ||
Орындалды | Толық емес | Орындамады | ||
Емтихан тапсырушының клинкалық өлімді дұрыс анықтай алуы: есін бағалау. Зардап шегушінің арқасынан қағып немесе екі иығынан жаймен сілкілеп: «Сізге не болды?» деп сұрау. Пациенттің ессіздігіне көз жеткізу. Ұйқы артериясын басып көріп, қан айналымын бағалау. Бағалауды жүргізу 5-10 секундтан аспауы керек. | 2,0 | 1,0 | ||
Жүректің тоқтаған уақытын белгілеу. Көмекке шақырған әріптесіне реаниматологтың шокка қарсы бикс пен дефибрилляторды ала келуін тапсыру. | 1,0 | 0,5 | ||
Пациентті тегіс қатты жерге жатқызу. | 1,0 | 0,5 | ||
Бірден жүрек-өкпе реанимациясын жүргізу. Зардап шегушінің жанында тұру немес тізерлеп отыру. Кеудесін ашу. Семсер тәрізді өсіндінің үстінен екі саусағын жоғары қойған орынға екі алақанды теноры мен гипотенорын крест тәрізді немес құлып тәрізді қояды. Қолдың шыншақтарын бүкпей бар күшімен омыртқаға перпендикулярлы қатаң басу. Төстің қозғалу амплитудасы 5 см (ал емшектегі балаларда 4 см). Кеудесіне 30 компрессия жүргізу. | 2,0 | 1,0 | ||
Жоғарғы тыныс жолдарының өткізгіштігін қалпына келтірді: баланы бір қырына жатқызу (немесе баланың басын бір бүйіріне бұру), ауыз қуысын ашу және матаға оралған саусақпен ауыз қуысын тазалау. Тыныс алу жолдарының өткізгіштін максималды қамтамасыз ету (басын шалқайтып төменгі жақты алға қарай шығару) | 2,0 | 1,0 | ||
Ауыздан-ауызға әдісімен өкпені жасанды желдендіруді жүргізу: баланың мұрын қуысын екі саусақпен басу, терең тыныс алып реанимация жасалып жатқан балаға ауызына тығыз жанасып өкпесіне дем береді. Сол кезде кеуде қуысы жоғары көтерілуі керек. Демін шығарған кезде екінші рет жасанды тыныс беру керек. ЖӨР 30:2*** жалғастыру. ЖӨР тиімділігін бағалау. Мейірбикеге сол уақытта көк тамырға түсу мүмкіндігін қамтамасыз етуді тапсыру. | 2,0 | 1,0 | ||
Физиологиялық ертіндіге батырылған салфеткаларды кеуде торына қойып, электрлік дефибриляция жасау. Екі электродты көкірек клеткасына қояды. Бір электродты оң жағындағы бұғана сүйегінен төмен төс сүйегіне, ал екіншісін қолтықтың ортаңғы сызығынан сол жақ емшектен сыртқа қарай қояды. Күштілігі – 2Дж/кг, әрбір келесі зарядқа 4 Дж/кг немесе одан жоғары, 10 Дж/кг. Осыдан аспауы керек. Жасалынып жатқан тікелей емес массаж бен ЖӨЖ әр 2 минут сайын қайталанады, ол 30:2 болуы керек. Разрядтан соң жүргізілген шараның тиімділіген бағалау | 2,0 | 1,0 | ||
Науқасқа жүргізілген шаралардың тиімділігін бағалау: ұйқы артериясында пульс толқынының болуы (төстің компрессиясын тоқтату) және тыныс алуының болуы (ЖӨЖ тоқтату), яғни, бұл қан айналу мен тыныс алудың қалпына келуінің белгісі болып табылады. | 2,0 | 1,0 | ||
Жүргізілген шаралардың тиімділігі болмаса медикаментозды ем қолдану: адреналин 10 мг\кг 3 минут сайын қайталау. Натрий гидрокарбонатын 1 ммоль\кг дене салмағына салынады және осы уақытта көкірек клеткасына компрессия мен ЖӨЖ 30:2 жүргізілуі жадғаса береді. | 2,0 | 1,0 | ||
Реанимациялық шараларды, арнайы мамандандырылған көмек келгенше, өздігінен тыныс алу және қан айналымының қалпына келу белгілері болғанға дейін жалғастыру. Егер 30 минут аралығында жасалынған шаралардан көмек болмаса реанимация тиімсіз | 2,0 | 1,0 | ||
Көмек көрсету кезіндегі, іс-әрекетінің орнықты болуы және өзін-өзі ұстауы. Берілген тапсырманы сенімді орындау. Топпен жұмыс жасау. | 2,0 | 1,0 | ||
Бағалау |
*** Нәрестелерге ЖӨР 5 жасанды тыныс беруден бастайды. Егер қанайналымының қалпына келу белгілері болмаса,онда жүректің тікелей емес масcажын жүргізе бастайды: төс сүйегінің төменгі бөлігіне 1/3 тереңдікте баланың көкірек клеткасына екі саусағыменен басып компрессия (семсер тәрізді өсіндіні тауып, одан бір саусақ жоғары) жасайды.
ЖӨР 15:2 сай жалғастырады.
Максимальды балл 20 балл
Симуляцияға қажетті құрал-жабдықтар:
Атаулары:
1. ЖӨР жүргізуге арналған манекен
2. Телефон
3. Дефибрилятор, физиологиялық ертіндіге батырылған салфеткалар.
4. Медикаменттер: адреналин, атропин, гидрокарбонат натрий, шприц, системалар.
Спирт 70%.Спиртті салфеткалар, системалар, глюкоза ертіндісі, физиологиялық ертінді, Штатив.
5. Ларингоскоп, интубациялық трубка, Амбу қапшығы
6. Лоток
Құрастырғандар: Сепбаева А.Д., Турлекиева Ж.М
Рецензенттер: профессор Жұмабеков Т.А.
ББКның отырысында бекітілді № 5 06.01.2015 ж.