Таза дақыл» түсініктемесін беріңіз
Таза дақыл- микробтың бір түрінен тұратын дақыл жиынтығы.
Таза дақыл–бактерияның бір түрінің популяциясының қоректік ортада көбеюін айтады.
Таза дақыл алу әдістері
Клиникалық үлгілерді қатты коректік ортаға егу схемасы
«Штрих» әдісі- ілмек немесе тампон арқылы қоректік ортаның барлық бетіне жиі штрих жасау. Бұл әдіс сандық анықтаусыз бөлектенген колонияларды алуға көмектеседі
Дригальский әдісі - сапалы әдіс болып саналады. Зерттелетін материалдан жекелеген колонияларды алу үшін зерттелетін материалды бірінші табақшаға шпательмен жағады, оттыққа шпательді күйдірмей, сол күйде 2, 3, 4 т.б. табақшаларға жағады. Осылай егу арқылы бірыңғай колония алуға болады.
Гоулди әдісі (сандық әдіс) 1 мл зерттелетін материалдағы (зәр, ірің, экссудат т.б. биологиялық сұйықтық) тіршілікке қабілетті бактериалардың (КТБ н/е КОЕ) санын анықтауға көмектеседі. Бактериалогиялық ілмектің көмегі (d = 2 мм) арқылы зерттеу материалын қатты қоректік ортаға I жағдай секторында 40 штрихқа дейін егеді. Стерильді бактериалогиялық ілмекпен I сектордан 4 штрих алынып II секторға егіледі; содан II- ден III-ге, III-ден IV - геегеді. I және 1V сектор штрихтары ешқашан қиылыспау керек. Бір тәуліктік инкубациядан соң КТБ анықтайды.
Сериялық сұйылту әдісін (сандық) жие бөлінділерді дисбактериозға зерттеу үшін қолданады. Зерттеу материалын жүйелеп әр түрлі сұйылтулар арқылы титрлейді, қолайлы болу үшін 10 еселік ( 1:10, 1:1000, 1:10000 т.б) есептейді. Әр пробиркадағыны қатты қоректік ортаға егеміз.
Quot;Газон" әдісін дезинфектанттарға, бактериофагтарға, антибиотиктерге сезімталдықты анықтауда, бактериялардың жаппай өсуін алу үшін қолданады. 1 мл тәуліктік 1 млрд. (лайлылық стандарты бойынша №10, саңырауқұлақтарды анықтау үшін лайлылық стандарты №5) зерттелетін таза дақыл сорпасын ілмек арқылы қоректік ортаның барлық бетіне жаяды.
Капсуланы анықтауға қолданылатын бояу әдістері
Бактерияларда капсуланы анықтау
Кейбір микробтарда өзінің денесінің беткейінде жасушалық қабырғасының айналасында көлемді шырышты қабатты өндіретін қасиеті бар, оны капсула деп атайды. Капсуланың құрамына ең бастысы полисахсридтер (пневмококк) кіреді, бірақ кейбіреулерінің құрамында полипептидтер болады (сібір түйнемесі таяқшасы). Капсулалардың консистенциясы гель тәрізді, соған байланысты тірі бактериялардың микроскопиясы кезінде олар нашар көрінеді. Оларды анықтау үшін негативті бояуды қолданады. Барлық айтылған әдістер позитивтіге жатады, өйткені оларды қолданған кезде микробты жасушалар боялады. Негативті әдістерде бояғыш бактерия айналасындағы кеңістікті толтырады, нәтижесінде олар қара фонда ашық бөлшектер болып көрінеді.