Рсақ қуысы мүшелерінің УДЗ
Қорытынды:Бауыр, ұйқы без тінінің реактивті өзгерістері. Өт қапшығында өттің іркілуі.
Соңғы нәтиже (outcomes):
Ø Атопиялық дерматитпен науқасты сұрау және физикальды тексеру
Ø Атопиялық дерматиттің клиникалық диагностикасы
Ø Жалпы қан, зәр, б/х талдауларға, ИФА IgE, копрограмма, құрсақ қуысы мүшелерінің УДЗ талдау
Ø Атопиялық дерматиттің өршуі кезінде көмек көрсету.
Ø Атопиялық дерматитпен науқасты жүргізу жолы.
«Атопиялық дерматит диагностикасы, науқасты жүргізу тактикасы» клиникалық жағдай бойынша бағалау парағы (check-list)
Емтихан тапсырушының аты-жөні ______________________ Емтихан күні____________
Емтиханды қабылдаушы___________________________________________________
Қадамдарды бағалау критерийлері | Балл бойынша баға | |||
Дұрыс орындалды | Ескертулермен орындалды | Орындамады | ||
Анамнезді жинау Анамнезді нақтылау үшін барлық сұрақтар қойылды ма? | 1,0 | 0,5 | ||
Физикальды тексеру – қарау | 1,0 | 0,5 | ||
Тыныс алу жүйесі | 1,0 | 0,5 | ||
Жүрек-қантамыр жүйесі | 1,0 | 0,5 | ||
АІЖ | 1,0 | 0,5 | ||
Бөртпе сипатын анықтады | 1,0 | 0,5 | ||
Алдын ала диагноз | 1,0 | 0,5 | ||
Құрсақ қуысы мүшелері УДЗ интерпретациялау | 1,0 | 0,5 | ||
Жалпы қан, зәр, биохимиялық анализдерді интерпретациялау. | 1,0 | 0,5 | ||
Копрограмма интерпретациясы | 1,0 | 0,5 | ||
ИФА IgE интерпретациясы | 1,0 | 0,5 | ||
Диагнозды негіздеді | 1,0 | 0,5 | ||
Атопиялық дерматит ауырлық дәрежесін бағалау үшін SCORAD* индексін анықтауды қолданды. | 2,0 | 1,0 | ||
Емдеу тактикасын анықтады | 2,0 | 1,0 | ||
Жергілікті қолданатын КС таңдау тактикасын анықтады | 1,0 | 0,5 | ||
Қосымша емді анықтау | 1,0 | 0,5 | ||
Ем нәтижелік критериилерін атады | 1,0 | 0,5 | ||
Науқаспен оңтайлы қатынасты орната білді және қобалжуын баса білуін көрсетті | 1,0 | 0,5 | ||
барлығы |
«Атопиялық дерматит диагностикасы, науқасты жүргізу тактикасы»
клиникалық жағдай бойынша жауаптар эталоны
№ | Жауап эталондары | ||
Анамнезді жинау Барлық сұрақтар қойылды ма? | Бөртпе сипаты, емдәм бұзуымен байланысы. Ауру дамуының динамикасы. Ауру басталудың жасы Материальды-тұрмыстық жағдайы, еңбек жағдайы | ||
Физикальды тексеру – қарау | Тері зақымдалу белгілері, жасына байланысты тері зақымдалу этаптары анықталды. | ||
Тыныс алу жүйесі | Перкуссия және аускультация: тыныс алу жиілігі, тыныс алу сипаты | ||
Жүрек-қантамыр жүйесі | Пальпация және аускультация | ||
АІЖ | Пальпацияны дұрыс жүргізу, бауыр өлшемдері | ||
Бөртпе сипатын анықтады | Папуллезды-везикуллезды, лихенификация, орналасуы | ||
Алдын ала диагноз | Атопиялық дерматит | ||
Құрсақ қуысы мүшелері УДЗ интерпретациялау | Бауыр, ұйқы без тінінің реактивті өзгерістері. Өт қапшығында өттің іркілуі – гипотониялық тип бойынша өт шығару жолдарының дискинезия белгілері | ||
Жалпы қан, зәр, биохимиялық анализдерді интерпретациялау. | ЖҚА: эозинофилдердің аз ғана көтерілуі ЖЗА: қалыпты жағдайда БҚА: көрсеткіштері қалыпты жағдайда. Қосымша зерттеу: Жалпы иммуноглобулина Е анықтау. | ||
Копрограмма интерпретациясы | Копрограмма: Қорыту үрдістерінің бұзылуы жоқ, і/құрттары теріс | ||
ИФА IgE интерпретациясы | IgE жоғарылаған. | ||
Диагнозды және аллергология бөлімшесінде ем қажеттігін негіздеді | Атопиялық дерматит, таралған, ауыр ағымда, өршу кезеңі | ||
SCORAD шкаласы бойынша аурлық дәрежесі | SCORAD шкаласы келесі көрсеткіштерді негіздейді: -тері зақымдалуының таралуын (А) -клиникалық белгілердің қарқындылығын (В) -субъективті симптомдар (С). Тері зақымдалуының таралуының есебі (А) «тоғыздық» ережесімен жүргізіледі: басы және мойны - 9%, қолдары - 9%, аяқтары - 18%. Барлығы балада 36%. Клиникалық белгілердің қарқындылығы (В) 6 симптоммен бағаланады: эритема (гиперемия); ісіну/папула түзілу; ылғалдыну/қабық; экскориация; лихенификация/түлеу; жалпы тері құрғауы. Әр белгінің айқындылығы 0 ден 3 баллға дейін бағаланады: 0 - жоқ, 1 – аз айқындалған, 2 - әлсіз, 3 – айқын айқындалған. Субъективті симптомдарды бағалау (С) – тері қышыну қарқындылығы және ұйқы бұзылуы дәрежесі - 10-баллдық шкала бойынша жүргізіледі, 7 ден жоғары балаларда немесе олардың ата-аналарымен . SCORAD индексінің қорытынды саны мына формула бойынша есептеледі: SCORAD индексі= А/5 + 7В/2 + С, мұнда А – тері зақымдалу аумағы, %; В –объективті белгілер балл қорытындысы; С –субъективті белгілер балл қорытындысы. SCORAD бойынша жеңіл ағымы–20 баллдан төмен, орташа ауыр ағымы – 20-40 балл, ауыр форма –40 баллдан жоғары. Мұнда орташа ауыр форма | ||
Ем тактиксын анықтады | Гипоаллергенді емдәм, жеке бас гигиена, стероидты жақпалар, АІЖ жұмысын қалыпқа келтіру | ||
Жергілікті қолданатын КС таңдау тактикасын анықтады | Ауырлық ағымын ескере отырып – жергілікті қолдануға қауіпсіз дәрежесі жоғары және айқын биологиялық белсенділігі бар стериодты жақпамайлар қолданылады:– бетаметазон валериаты (дипроспан), мометазон фумоаты (элоком) | ||
Қосымша емді анықтау | Холеретик – гипотониялық тип бойынша өт шығару жолдарының дискинезия белгілері бар Пробиотик – құрамында бифидумбактериялары және лактобактериялары бар | ||
Ем нәтижелік критериилерін атады | Тері қышынуы және бөртпелердің азаюы және жоғалуы | ||
Коммуникативті дағдылар | Оптимальді қатынас орнатылды Коммуникациясы нәтижелі. Науқас сеніммен қарайды. Дәрігердің барлық сұрақтарына жауап алынды | ||
Қорытынды | 20 балл |
Өңдеуші : ассистент Турсунова А.Т.
Рецензент: Cтарцева Э.К.
№1 терапия бойынша Иж/еР кафедрасында талқыланған және бекітілген (27 қаңтар 2015, №7 хаттама)
Ішкі аурулар бойынша ББК мәжілісінде талқыланған және бекітілген (29 қаңтар 2015, №5 хаттама)
Кафедра меңгерушісі, профессор Беркинбаев С.Ф.