Жүрек қан тамырдың ақаулары

Ішкі ағзалардың ішінде бір қалыпты, циклді ритмде жұмыс істейтін жүрек. Жүрек пен қан тамырлар жүйесі мал организміндегі ең басты жүйенің бірі, оның негізгі қызметі -ағзалар мен ұлпаларды оттегімен, сумен және әртүрлі нәрлі затгармен қамтамасыз етіп, кереті заттарды денеден шығару.

Орташа жас ұзактығымен есептегенде адамның жүрегі өмір бойына 2,5 млд. рет соғады екен де, өзі арқылы 200 млн.литр қанды өткізеді екен.

Міне бұл табиғаттың жаратқан мүмкіншілігі,
ең алдыңғы қатаралы ғылыми жетістіктерді пайдалана отырып
жасалған техникалық насостардың бірнеше мың сағат қана
жұмы істейтінін ескере отырып, оны табиғаттың
мүмкіншілігімен салыстырсақ, онда әлі ашылмаған табиғат
тылсымының қанша құпия сырлары бар екендігі болжамданады.

Денедегі қан айналысын үздіксіз жүргізіп тұруға жүрек, артерия, вена, капилляр қан тамырлары міндетті. Жүрек еттерінде аз уақыттың ішінде /секунд/ энергияға өте күрделі қосылыстар пайдаланылып, қайта түзіліп жатады. Жүрек еттерінің 4 негізгі қасиеттері бар:

· автоматтық;

· қозғыштық;

· өткізгіштік;

· жиырылғыштық.

қосылыстар жүзім және сүт қышқылдары тотығу процесінің субстраттары болып есептеледі де, олар жүрек етінде түзілетін биосинтез процесін және еттің созылғыштық қасиеттерін қамтамасыз етеді.

Жүрек диастола кезінде неғүрлым толығырақ созылса, систола кезінде соғұрлым күштірек жиырылады (Франко-Старлинг заңы). Жүрек қызметінің ең компоненті диастола болып есептеледі. Себебі, диастола кезінде жүрек етінің жирылуына қажетті энергия жинақталады. Мысалы, жылқының жүрегі тәулігіне 45 000 рет жырылады да, өзі арқылы 4-4,5 т қанды өткізеді. Әрбір жиырлған сайын энергия қолданылып отырылады. Ол энергия клеткалардың митохондрияларында оттегінің қатысуымен, не оттегісіз түзіледі. Оттегі жеткілікті болған жағдайда, глюкозаның молекуласынан 38 молекула АҮФ қышқылы түзіледі. Олай болса бұл процесс өте ұтымды және пайдалы. Ал оттегі болмаған жағдайда глюкозаның бір молекуласынан екі-ақ молекула АҮФ қышқылы түзіледі. АҮФ - креатинфосфокиназа - АЕФ + креатиифосфат.

Жүрек пен қан тамырларының жұмысы және олардың басқа ағзалармен байланысы сопақша мидаға орталық және нейрогуморальдық жолдар арқылы реттеліп отырады.

Жүректің жұмысы ғалымдарды өте ерте кезден қызықтыра бастаған. Бірақта көпке дейін қан айналу процесін нақты түсіндіру мүмкін болмады. Бір кездерде артерияларда ауа, ал қан тек веналарда ғана болады деген түсініктер болды және қан айналуды реттейтін орталық бауыр делінді.

Қаннын оң құлақшадан сол қарыншаққа келетінін бірінші рет Гален дәлелдеп берді.

Қанның жүректің оң жартысынан сол жартысына өкпе арқылы өтетінін ХVІ ғ. Сервет пен Коломбо дәделдеді.

1582 -1579 ж. Гарвей кіші қан шеңберін ашты.

1661 ж. Малъпиги капиллярларды ашты.

Одан кейінгі жүректің жұмысының реттелу процесіне
И.П.Павловтың, Старлиигтің, Г.И.Косицкийдің, В.Ф.Овсянниковтың қосқан еңбектері мол болды.

Қанның организмдегі негізгі кызметтері:

· Қоректендіру ( 1 литр сүт түзілу үшін сиырдың емшегі арқылы
500-550 литр қан өту керек екен).

· бөліп щығару (мочевина, зөр қышқылы, креатинин,
басқа да тұздар, қышқыддар ).

· Дем алуды қамтамасыз ету (02, С02) .

· организмді қорғау (фагоцитоз, уларға қарсы заттар, антитела,
иммунитет ).

· Дененің жылулығын реттеу.

· коррелятивтік қасиеті - ағзалар қызметтерінің тұрақтылығын
(гомеостаза) гуморальдық жолмен реттеу.

Қанның 20%-ы бауырда, 16% -ға жуығы көк бауырда, 10% -ға жуығы теріде қорда /депо/ болады.

Артерия қан тамырлары арқылы қанның жүруі жүрекгің жиырылуы мен артерия мен капиллярлардың тонусына байланысты.

Вена тамырлары арқылы қанның жүру процесі күрделірек болады:

• артериялардың қалған серпімділігі және олардың жиырылуы;
•. Дене бұлшық еттерінің жиырылуынан болатын қысым;

• демалу кезіндегі кеуде қуысында пайда болатын кері
қысымның арқасында қанның сорылуы есер етеді.

Қан айналу процесі мен ондағы қанның мөлшері ұлпалардағы зат алмасу процесімен тікелей байланыста жүреді.

Жүрек дұрыс жұмыс істегенде оған келіп құятын қан мен шығатын қанның мөлшері бірқалыпты жағдайда ұсталуы тиіс. Ал жүрек ауруға шалдыққанда бұл қатынас бұзылады да, әуеліде жұмыс істеген кезде, кейіннен тіпті тыныштықта оның қызыметі өзгере бастайды.

Жүрек ауруларын анықтау және ол ауруларды емдеу өте күрделі іс. Сондықтан да көп жағдайларда жүрек аурулары анықталмай қалуы да мүмкін. Белгілі деректерге қарағанда жүрек аурулары барлық ішкі жұқпалы емес аурулардың 4,5 - 35%-на болады екен. Мұндай проценттік ара қашықтық соның дәлелі болса керек.

Жүректің, қан тамырларының қандай аурулары болмасын, жүрек пен қан-тамырлар жүйесінің жеткіліксіздігін тудырады. Жүрек пен қан-тамырлар ауруларында олар:

· жүректің қызметінің жеткіліксіздігі;

· қан тамырлары қызметінің жеткіліксіздігі болып
кездеседі.

Жүрек пен қан-тамырларының қызметтерінің жеткіліксіздігі организм ағзаларында ауру пайда болған кезде жүрек пен тамырларының ағзалар мен тіндерді қажетті мөлшерде қанмен қамтамасыз ете алмауы.

Ең негізгі себебі - жүрек етінің жиырылу қабілетінің әлсіреуі.

Мына жағдайларда жүректің әлсіреуі пайда болады:

· Жұқпалы аурулардың көбінде;

· Жүрек етінің қоректенуі бұзылғанда;

· оттегі жетіспеген жағдайда;

· организмдегі қанның деңгейі, қозғалысы бұзылғанда;

· уланганда;

· Малдар қозғалмай көп тұрып қалғанда;

· зат алмасуының қаттырақ бұзылуында;

· Жүрек қабаттарының ауруларында (эндокардит, миокардит, Перикардит, склероздар);

· әртүрлі стресс жағдайларда (шуыл - невроз ).

Жүрек етінің жиырылу қаблетінің әлсіреуі жүрекке келіп құятын қан мен одан шығатын қанның ара қатынасын бұзады. Ол жүректің минуттік көлеміне әсер етеді.

Г.Ф.Лангтың деректері бойынша жүректің минуттық көлемінің азаюы оның жеткіліксіздігінің дамуына тура пропоционал.

Жүрек етінің жиырылу қабілеті оған келетін энергия мен «кальций насосына» тікелей байланысты. Ал ол энергия қайдан келеді ?

АҮФ қышқылының тұрақты түрде жаңарып отыруы;

Гликолиз процессі;

• анаэробты фазасы (сүт қышқылы, пировиноград
қышқылы).

• аэробты фазасы (гликогеннің Н20 және С02-ға
ыдырауы).

Сау организмде сүт қышқылының 4/5 бөлігі ыдырап (ресинтез) үлгереді. Ал ауру организмде оның ыдырауы бәсендеп, сүт қышқылының мөлшері сау организмдегіден 5 есеге дейін артатын көрінеді. Бұл шоғырланған сүт қышкылын гликогенге айналдыру үшін жеткілікті мөлшерде оттегі қажет. Денедегі барлық оттегін оған жұмсаса, организмде оттегінің жеткіліксіздігі (гапоксия) пайда болады. Сондықтан оттегінің жеткіліксіздігінен шоғырланған сүт қышкылы қанға барады да, оның құрамындағы натрийдің бикорбанатымен қосылып, одан көмірқышқыл газын ығыстырып шығарады. Бос жағдайдағы көмір қышқыл газы демалу орталығын тітіркендіреді. Осыдан барып алқыну, демігу пайда болады. Бұған қоса ауру малдың организмінде оттегін пайдалану коэффициенті азаяды. Ол барып жүректің соғуын жиілетеді.

Ол -аурудың бастапқы кезінде жүрек қызметінің жетіспеушілігін тұншықтыру ретінде болса (систоланыц мөлшерінің кебеюі арқылы), кейінен систоланың мөлшері азайған кезде жүрек соғуының жиілегенінің пайдасы болмайды. Соның салдарынан жүрек еті шаршап, оның демалыс уақыты азаяды (диастола). Осындай журек соғуының жылдамдауы (тахикардия) жұрек етінің қоректенуін нашарлатады. Осының бәрі жүрек етінде дистрофия құбылысын тудырады.

Кальций жүрек еттінің жиырлу, босаңсу процесстерін реттеп отыратын бірден-бір табиғи элемент. Ол микоплазмадан саркогоматикалық ретикулумға белсенді түрде ауысын оттырады.

Кальцийді сіңіру организмнің қышқыдың жоғарлаған кезде (ацидоз) күрт нашарлайды. Ол барып жүрек етінің жиырылуына есер етеді. Егер де біз кальцийдін, торшаға, жәнс одан тысқары ағамын реттей алатын болсақ, онда жүрек етінің жиырылу, босаңсу процестерінде реттеген болар едік.

Соңғы кезде табылған ерекше зат (ионофора А) жүрек етінің жиырылу және босаңсу процестерінің жиілеуіне және күшіне әсер ететін көрінеді. Олай болса, жүрек етінің осынау бір қажетті қасиеттеріне фармакологиялық дәрілермен әсер етуге ашуға мүмкіншілік бар деген сөз.

Көп жылдар бойы неғүрлым АҮФ қышқылы көп түзілсе, соғұрлым жүрек етінің жиырылуы да күшті болады деген түсінікпен келдік.

Соңғы кезде, молекулалық биологияның жақсы дамуының арқасында жүрек етіне энергияны жеткізу және беру процесінде креатинфосфокиназалық жүйенің рөлі зор екені анықталды. Жалпы жүрек қызметінің жеткіліксіздігі 3 топқа бөлінеді:

1. Жүректің сол жақ қарыншасының жұмысының
жеткіліксіздігі;

2. Жүректің оң жақ қарыншасының жұмысының
жеткіліксіздігі;

3. Жалпы, аралас жеткіліксіздігінің түрі.

1. Жүректің сол жақ қарыншасының жұмысы жеткіліксіз
болғаңда систола кезінде ондағы қан толық ортаға жіберіліп
үлгермейді. Қанның қалдығы қарыншақта калып қояды да, әрбір
арылған сайын оның мөлшері көбейе береді. Осының салдарынан:

· кіші қан шеңберінде, әсіресе бронхыларда, қанның
тоқырауы;

· сол жақ қарыншақтың созылуы;

· кей кезде кеуде қуысында сұйық заттың іркілуі
(гидроторакс) байқалады.

Бұндай өзгерістер кебінесе қанның қысымы жоғары болғанда, бүйрек қабынғанда, склероз ауруларында, жүрек уларында жене жүқпалы ауруларда жиі кездеседі.

2. Оң жақ қарыншаның жеткіліксіздігінде:

- жүректің көлемі үлғаяды;

- 1 саз көмескіленіп алыстан естіледі;

- ішкі ағзаларда, бас жақта вена қанының тоқырауы
байқалады;

- бауырдың көлемі ұлғаяды;

- ас корыту ағзаларында қабыну белгілері білінеді;

- вена қанының қысымы көтеріледі.

3. Жүрек жеткіліксіздігінің аралас түрінде жоғарыдағы
өзгерістер қабаттас жүреді. Алдымен оң жақ қарыншақтың жеткіліксіздігі, содан кейін сол жақ қарыншақтың жеткіліксіздігі байқалады.

Жалпы жүрек пен қан тамырлары қызметінің жеткіліксіздігі 3 сатыға бөлінеді:

1-ші сатысында малдар жай тұрғанда жүрек пен қан тамырлары жеткіліксіздігінің ешқандай белгілері жоқ (белгісіз түрі);

2-ші сатысында малдарға аздап салмақ түсіргенде: жүректің соғуы мен тыныс алудың жиілеуі, ұлпалардың ісінуі (әсіресе екі жақ сүйектерінің арасында, кеуде тұсында, жыныс ағзаларының маңайында, аяқтың төменгі жақтарында) байқалады.

1. сурет

3-ші сатысында жүректің жеткіліксіздігінің белгілері тыныш тұрған малда білінеді. Бұл сатыда жүректің жеткіліксіздігінің емдеудің нәтижесі жоқ. Ондай малдарды уақытында есептен шығарып, шаруашылыққа пайда келтіру жағын ойлаған дұрыс.

Қан тамырлары қызметтерінің жеткіліксіздігі малдар-салыстырмалы түрде аз өмір сүретіндіктен оларда тіптен
кездеспейді деседе болады.

Мысал ретінде шоқ коллапс құбылыстарын келтіруге
болады.

Жүрек пен қан тамырлар жүйесі қызметтерінің
жеткіліксіздігінің негізгі белгілері:

1. Жүрек соғысының ырғағының бұзылуы;

2. Көмірқышқыл газының дем алу орталығына тигізетін
әсерінен және өкпеде вена қанының тоқырауы салдарынан
ентігудің пайда болуы;

3. Көгеру - қанда оттегінің жетіспеушілігінен қара-қошқыл-
көк түсті қайта құрылған гемоглобиннің шоғырлануы. Оның екі
түрі болады:

- орталыққа байланысты көгеру;

-шеткергі ұлпалардағы көгеру.

Сурет

Жүрек ақауы

Орталыққа байланысты көгеру артерия қанында оттегінің жетіспеушілігінен болады. Ол кейде жүрек жұмысының, ал кейде өкпе жұмысының нашарлауынан болады.

- Шеткергі ұлпалардың көгеруі қан айналысының жылдамдығының нашарлауынан туындайтын жағдай.

4. Шектелінген немесе жалпы ісіктің пайда болуы. Дененің ісінуі жүрек пен кан тамырлары қызметтерінің нашарлауының қатерлі белгісі болып есептеледі. Оның негізгі қанның көк тамырлары мен капиллярларындағы (майда тамырлар) қанның іркілісінен оның қысымы көтеріліп, тамырлардың қабырғаларын кереді де, қан түтікшелерінің өзектері кеңейіп, қан сұйығының сыртқа шығуына қолайлы жағдай туады.

· Жүрек ақауларынан болатын ісік, сарысудың ет пен терінің арасынан жиналуынан, едетте, дененің төменгі бөлігінде орналасады. Сарысу сірі қабық қуыстарында да жиналуы мүмкін.

· Журек ақауларынан болатын ісіктің басқа текті ісіктерден айырмашылығы, ол:

· тығыздырақ, қамыр төріздес (саусақпен басқадда із
қалады).

· ісікті басса ауырмайды;

· ауру малдың жергілікті қызуы көтерілмейді.

Жалпы жүрек пен қан тамырларының қызметгерінің бұзылғанын анықтау үшін төмендегі көрсеткіштерге көңіл бөлу керек:

· малдың жасы;

· бұлшық еттерінің тонусы;

· малдың қимылы, жүрісі;

· малдың сырт бейнесі, терісінің жағдайы;

· ісіктер, тұрақтыма, болмаса белгілі бір уақытта ғана
пайда бола ма (әсірессе түнгі мезгілде); ол ұлғаяма,
ұлғайса қандай жылдамдықпен;

· көк тамырлардың қанға толуы қандай:

а) кілегей қабықтарда кегерген белгі бар ма?

б) терінің көк тамырлары сыртқа теуіп, білініп
тұрама?

в) веналық қысым көтерілген бе?

д)күре тамырдың соғуы;

а)көк тамырдың дағдылы соғасы;

б)көк тамырдың дағдысыз соғысы;

в)көк тамырдың ундуляциясы.

- жүрек соғысы (түткісі), жүректің салыстырмал
дүңкілінің көлемі;

артерияның соғысы;

жүректің саздарын тексеру тексеру;

- жүрек тұсындағы шуылдар: ішкі қабатты
(эндокард), сыртқы қабаттың (перикард), жүрек пен
өкпенің қосалқы дыбыстары.

Наши рекомендации