Көк- жасыл бардырлар. жасыл бардырлар.
Зертханалық жұмыс № 1
Қажетті материалдар: суда өсірілген балдырлары бар және топырақ тұнбасы бар стакан.
Жалпы түсінік:
Көк жасыл балдырлар біржасушалы, қауымды, көпжасушалы, жіп тәрізді ағзалар, олардың 1500-2000 ға жуық түрлері бар. Басқа балдырлардан жасуша құрлысының ерекшелігі, пигменттердің құрамы, тіршілік ортасының өзгешеліктері арқылы айырылады. Жасуша қабықшасының құрамында ондай кілегейленетін пектин, тек кейбіреулерінде ғана целлюлоза болады. Жасуша органоидтарға бөлінген. Жасушалар мынадай қабаттар болады: шеткі боялған қабаты – хромотоплазма, ортаңғы түссіз- орталық плазма қабаттары. Хромотоплазма қабатының құрамында жасыл хлорофилл, көк - фикоциян, қызыл фико-эритрин қызғылт сары – каротин пигменттері болады, осыған байланысты олардың түсі көк жасылдан сарғыш, күлгін, қызғылт, көгілдір кейде тіпті қара түстер болады. Орталық плазма бөлімінің атқаратын қызметі жағынана жасуша ядросына жақындайды. Бұл қабатта ядроның құрамына кіретін ДНК элементі бар, ядрода болатын хромотин жіпшелері болады. Жасуша шырыны бар вакуолдері есейген жасушаларда ғана пайда болады. Оның пайда болуы жасуша тіршілігін жоюға әкеп соғады. Оның есесіне көк-жасыл балдырлардың жасушаларында азотпен толы газ вакуолі болады. Қор заты ретінде гликопротеид, валютин және анабинин жиналады. Көк жасыл балдырлар фотосинтездің нәтижесінде афтотрофты және қоршаған ортасынан органикалық заттарды сіңіру арқылы гетеротрофты қоректенеді.
Көк-жасыл балдырларда қозғалғыш талшықті кезеңі және жынысты көбею болмайды. Көбею біржасушалы түрлерінде жасушаның тең екіге, қауымдыларында қауымның ыдырауы, жіп тәрізді түрлерінде жіптің не гормоногияға бөліну арқылы болады. Эндо және экзоспораларарқылы жыныссыз да көбейеді. Арнайы қозғалыс мүшесі болғанымен бұларда қозғалыс байқалады, ол сыртқы мембранада қабаттың толқын тәрізді жиырылуы мен кілегейдің бөлінуіне байланысты болуы мүмкін. Көк жасыл балдырлар екі класқа бөлінеді: хрооккалар, гормоногониялар.
Хрооккалар – chrooccaphyceae класы. Кластың өкілдері қауымды, сирек біржасушалы бос жататын кей жағдайда субстрактқа бекініп тіршілік ететін ағзалар жатады. Қауым кілегейлі көпшілік жағдайда қауымды құрайтын жасушалар ретссіз орналасады, кейде жіптсінді болып келеді. Қауымдарды көлемді, не пластинка пішінді. Қауым жасушалардың цитоплазмалары болмайды. эндоспора экзоспора және гетероцистері жоқ.
Хрооккалар – chrooccaycales қатары бұл қатардағы біржасушалы қауымды ағзаларға жатады. Қауымды жасушалар көпшілік уақытта ретсіз орналасады. Жасушаның жай екіге бөлінуі және аналық жасушаларының ұсақ жасушаларға бөлінуі арқылы көбейеді.
Хрооккалар – chroococus қатарының өкілі хроококк – біржасушалы дөңгелек пішінді ағза. Кейде жасушалар бөлінгенннен кейін ажырасып кетпей; кілегеймен қоршалып қауым түрінде қалып қояды. Бұлар ылғалды топырақты жерлерде, тұщы ақпайтын суларда кездеседі.
Гормоногониялар-Hormogonophyceae класы. Бұл класқа табиғатта кең тараған жіптесін көпжасушалы және қауымды ағзалар жатады. Жіптесінді жасушалары бір-бірімен плазмадесмалар арқылы байланысып жатады да трихомалар түзеді. Трихомалары жалаңаш немесе кілегейлі қабықшамен қапталған. Гетероцисталары біреулерінде болса екінші бірулерінде болмайды. Гармогония сирек споралар арқылы көбейеді.
Осцилляторлық Oscillatoris қарының өкілі – осциллятория – Oscillatoria, бұл көпжасушалы тармақталған жіптесінді балдыр.
Жіпшесі бір қатар орналасқан цилиндр пішінді жасушалардан тұрады да, жіптері жіңішке келеді. Әрбір жіпшесі ядросыз ұсақ біртекті жасушалардан және хромотофордан тұрады. Ішкі ақшыл бөлігі – орталық плазмасы нуклеин қышқылдарынан, ал сыртқы күңгірт қабаты –пигментті, циоплазманың сыртқы қабатында гликогеннің ұсақ түйірлері болады.
Носток –Nostoc әр түрлі және көлемді қауым. Қауым кілегейлі шар пішінді жасушалардың моншақ тәрізді тізбектеліп келуінен құралады. Біркелкі вегетативті жасушалардың арасында ірі жасуша – гетероцисталар болады. Гетероциста маңындағы тізбектер жеке бөліктерге – гормоногониилерге айырылып кетеді, яғни носток осылай вегетативті көбееді. Носток табиғатта көп тараған. Бұл батпаққа айналып келе жатқан көлдерде, ақпайтын суларда, шөлді далаларда, қыналардың арасында әр түрлі пішінді кілегейлі қауым түрінде жиі кездеседі.
Көк жасыл балдырлардың анабена – Anabaenas, спирулина- Sperulina, ривулярия - Rivularia, глеокапса - Gleocapsa т.б. өкілдері бар.
Тапсырма
1. Топырақ тұнбасы бар стакандағы судан уақытша препарат дайындап, осцилятория балдырын тауып, оның жасушаларын қарап, қозғалысын бақылап, суретін салу.
2. Балдырлары бар судан препарат дайындап, носток балдырын іздестіріп, көрінген носток балдырынан гетероциста жасушасын көру, суретін салу.
3. Гүл өсіп тұрған құмыралардың қабырғаларындағы жасыл қабыршақтардан препарат дайындап, хроококк балдырларының қауымдылығын бақылау, хроококк балдырының суретін салу.
4. Қайталау сұрақтарына жауап бере отырып, салған суреттеріне талдау жасау.
Қайталау сұрақтары
1. Көк-жасыл балдырларының қандай тіршілік түрлері бар?
2. Көк-жасыл балдырлар денесінде қандай пигменттер кездеседі?
3. Көк-жасыл балдырларда қандай қор заттары жиналады?
4. Көк- жасыл балдырлардың басқа балдырлардан қандай ерекшелігі бар?
5. Гетероцист пен споралар қандай қызмет атқарады және негізгі ерекшелігі неде?
6. Көк жасыл бардырлардың көбею ерекшеліктері неде?
7. Фотосинтез құбылысы қалай жүреді, тіршілік ерекшеліктерін қалай түсіндіруге болады?
8. Хроококк, осциллятория, носток балдырларының қандай ұқсастықтар және айырмашылықтары бар?