Студенттің өзіндік жұмысы. Тапсырма 1. Дайын вакцинаның тексеруін өткізу:
Тапсырма 1. Дайын вакцинаның тексеруін өткізу:
Вакцинаның мінездемесін мазмұндау - тірі, өлтірілген немесе химиялық;
Вакцинаның сыртқы түрі - қүрғақ, сұйық, мөлдір немесе мөлдірсіз
Вакцинаның стерилдендігін тексеру - ЕПА, ЕПС, Китта-Тароцци қоректік орталарына егу. Вакцинаның зиянсыздығын тексеру экспериментальды тышқандардың тері астына 0.5 мл вакцинаны енгізу.
Микроскопия - Грам бойынша жүғынды бояп морфологиясын анықтау.
Вакцинаның тұңбасын оптикалық стандартының тұңбасымен салыстыру (1 млрд = түңбаның 10 ЕД)
Қорытындыны альбомға жазу
Тапсырма 2. Вакцинациядан кейін қалыптасқан иммунитет дәрежесін анықтау.
Бағалау әдістері:
- вакцина енгізілгендердің сарысуымен серологиялық реакция қою
- тері-аллергиялық сынама жүргізу
Дифтерия мен сіреспеге қарсы вакцина егілгендердің сарысуымен ТЕГР қорытындысы нәтижесін бағалау. Қорытындысын альбомга жазу.
Тапсырма 3. Вакциналық препараттардың демонстрациясын көру, альбомға мысалдарын жазу.
а) тірі вакцинамен келесі инфекцияларға қарсы арнайы сақтандыруы
жүргізіледі:
туберкулезден (БЦЖ);
полиомиелиттен (Сэбин вакцинасы 1,2, 3 серотиптері);
обадан (Е, В);
сібір түйнемеден (СТИ);
Ку-безгектен (М-44);
Грипп, қызылша (Л-16).
б) өлтірілген вакцинамен келесі инфекцияларға қарсы арнайы
сақтандыруы жүргізіледі:
- көкжөтел (АКДС),
- лептоспироз
- грипп
- кенелі энцефалит
в) химиялық вакциналар(протективтік антигендердің экстракциясы):
- менингококктық инфекция
- іш сүзегі
- грипп (грипп вирусының гемагглютинин мен нейраминидазадан)
г) анатоксиндер:
- стафилококктық
- адсорбцияланган сіреспелік анатоксин
- перфрингенс А адсорбцияланган анатоксині
- ботулинистикалық А, В, Е варианттарына
- дифтерияға қарсы анатоксин
Ассоциацияланган және комбинирленген вакциналар: АКДС-вакцина
Протоколды схема бойынша толтыру
Вакциналар | бактериофагтар | Сарысулар | Диагности кумдар | Эубиотик тер | ||
тірі | өлтірілген | емдік | Диагнос-тикалық | |||
Тапсырма 3. Демонстрациялық бактериологиялық препараттарды қолдану бағытын анықтау
Препараттар | Бағыты | |||
профил актика | терапия | диагностика | инфекцияның жүқтыру көзін анықтау | |
Мысалы: Стандартты стафилококкты бактериофагтар жиынтыгы | ||||
АКДС |
Тапсырма 4. Демонстрациядағы иммуноглобулиндер препараттарын көру. Мысалдарын альбомға жазу.
Сарысулық препараттар: емдеу-профилактикалық, диагностикалық, моноклональды антиденелер.
Интерферондар - жануардан алынган белок, жасушалармен вирустық инфекцияга қарсы бөлінеді. Вирустардың репродукциясын тежейді, сондықтан вирустарға қарсы препарат болып қолданылады. Интерферондардың үш тобы анықталған:
- лейкоцитарлық
- фибробластық
- иммундык (Т-лимфоциттермен синтезделеді).
Қазіргі кезде интерферонды гендік инженерия әдістерімен дайындалады.
Тапсырма 5. Көптеген инфекциялық ауруларда дамитын жоғары сезімталдықтың баяу типін тері-аллергиялық сынамада анықтауга болады.
Таблицада адамның жұқпалы ауруларында тері сынамасы бойынша қоздырғыштаоының антигендеріне жоғары сезімталдықтың баяу типі анықталған.
Ауру | Аллерген |
Туберкулез | РРД (туберкулин) |
Бруцеллез | Бруцеллин |
Алапес | Лепромин |
Трихофития | Трихофитин |
Туляремия | Тулярин |
Іш - сүзегі | Vi - тифин |
Тері-аллергиялық сынама қорытындысы уақыт және багалау критериялармен есептеледі: көріністер дамуын 24-48-72 сағатта бақылайды. Егер сынама орнында инфильтрат көлемі 5 мм үлкен болса реакция оң нәтижелі.
Тест тапсырмалары:
1.Қандай ғалым алғаш рет (1923) өзіндік тән сипаттар бойынша жіктеуді:
A). Д.И.Ивановский
B).Р.Кох
C).Д.Берджи
D). И.И.Менчиков
E). Л.Пастер
2. Бактериялар қозғалғыштығын қандай зерттеу әдісімен анықтауға болады:
A). "ілінулі" тамшы
B). бекітілген жұғын
C). агарда дақылдандыру
D). ГАТР
E). ИФТ
3.Туберкулезбен ауыратын науқас қақырығынан жасалған жұғын-препаратты бояғанда сәл имектелген қызыл таяқшалар фибрин жіптеріне ұқсас келеді, ал басқа микроорганизмдер көк түске боялған. Қандай бояу әдісі қолданылған:
А) Грам
В) Нейссер
С) Бурри-Гинс
Д) Романовский-Гимзе
Е) Циля-Нельсон
4. Грам әдісінің қолданылу мақсаты:
А) грам теріс бактерияларды грам оң бактериялардан ажырату
В) талшықтарды анықтау
С) протопластарды анықтау
Д) ядролық субстанциясын анықтау
Е) бактерияларды идентификациялауда қолданылады
5.Әртүрлі сахаролитикалық белсенділігіне негізделген қоректік ортаны таңдаңыз:
А) висмут-сульфит агар
В) казеинді-көмірлі агар
С) Гисс ортасы
Д) Чистович ортасы (СТА)
Е) қанды-қантты агар
6.Анаэростат – бұл:
А) оптимальді температуралық жағдайды жасауға арналға арнайы құты
В) инертті газ қоспаларын толтыруға арналған құты
С) қоректік орталарды зарарсыздандыруға арналған аппарат
Д) аэробтар мен анаэробтарды бірге дақылдандыруға арналған құты
Е) микроорганизмдер дақылдарын сақтау мен консервілеуге арналған құты
7.Микроаэрофилдер-бұл:
А) оттегін бос күйінде қажет ететіндер
В) заттардың ыдырауы арқылы энергияны бос оттегісіз алатын түрі
С) оттегіне индифферентті
Д) О2 төменгі қанықпасын қажет ететіндер
Е) СО2 жоғарыңқы қанықпасын қажет ететіндер
8.Бактериофагтар:
А) Бактерия вирустары
В) Басқа бактерияларға антогонистік қатынасы бар түрлері
С) Бактерия типтері
Д) Бактерияларды жоятын макроорганизм жасушалары
Е) Өсімдік вирусы
9.Тауық эмбрионында вирустарды идентификациялау үшін қолданылатын реакциялар:
А) гемагглютинацияның тежелуі
В) гемадсорбцияның тежелуі
С) цитопатикалық әсерін анықтау
Д) түстік сынаманың тежелуі
Е) иммуноферментті талдау
10. Белгілі бір көзден алынған және басқа түр өкілінен айырмашылығы бар таза микроб дақылы қалай аталады:
A). клон
В) штамм
С) түрасты
Д) колония
Е) вариант
11. Микроорганизмдердің алғашқы ашылуын ұсынған:
A). Л. Пастер
B).Р. Кох
C).А. Левенгук
D). П. Эрлих
E). И. Мечников
12. Әр бактериологиялық зертханада қарастырылу қажет:
A). қоректік орта дайындау және ыдыстарды зарарсыздандыруға арналған бөлме
B). вирустардың жеке топтарымен жұмыс істеуге арналған бокстар
C). микроскопиялық саңырауқұлақтар топтарымен жұмыс істеуге арналған бокстар
D). оқу аудиториялары
E). препараттық бөлмесі
13. Грам әдісі бойынша бояудың мақсаты:
A). Грам оң бактерияларды грам теріс бактериялардан ажырату
B). Талшықтарды анықтау
C). Протопластарды анықтау
D). Ядролық субстанцияны анықтау
E). Бактерияның идентификациясында қолдану
14. Жасуша қабырғасынан айырылған микроорганизм:
A). микобактерия
B). микоплазма
C). микоз қоздырғышы
D). риккетсия
E). хламидия
15. Фазалы-контрастты микроскопия әдісі:
A). контрасты бояу қолдану арқылы бактерия құрылысын оқу үшін қолданады
B). оптикалық заттармен фазалық тербелістердің амплитудалыққа айналуына негізделген әдіс
C). тірі жасушалардан жасалған препарттарды зерттеуге мүмкіндік бермейді
D). жасушаішілік құрылымрады анықтауға көмектеседі
E). грам оң бактерияларды грам терістерден ажыратады
16. Микробиологияның дамуындағы физиологиялық кезең кімнің атымен байланысты:
A). А. Левенгук
B).Л. Пастер
C).Д.И. Ивановский
D). П. Эрлих
E). И.И. Мечников
17. Стафилококктар жұғында орналасады:
А) жалғыздан
В) екі-екіден
С) пакет,тюк тәрізді
Д) тізбек тәрізді
Е) жүзім тәрізді
18. Электронды микроскоптың рұқсат етліген шектеулі қабілеті тең:
A). 20 нм
B).2 мкм
C).0,1-0,2 нм
D). 0,2 мм
E). 0,02 мкм
19. Бактерия пептидогликаны:
A). бактерия цитоплазмасының құрамына кіретін қосындылар түрінде
B).грам оң және грам теріс бактериялар жасуша қабырғасының құрамына кіреді
C).грам оң бактерияларда бір қабатты, жасуша қабырғасының жоғарғы өткізгіштігін қамтамсыз етеді
D). жасуша қабырғасының серпімділігін қамтамсыз етеді
E). бактериялардың фагоцитоз және комплементке тұрақтылығын қамтамсыз етеді
20. Қарапайым бояу әдісінің мақсаты:
A). Қабырғасын анықтау
B).Пішінін анықтау
C).Спораны анықтау
D). Капсуланы бояу үшін
E). Бактериальді жасушаның ультрақұрылысын анықтау үшін
21. Бактерияның дақылдық қасиетері:
A). Қоректік ортада өсу сипаты
B).Бояуға қабілеттілігі
C).Биохимиялық активтілігі
D). Антигендік құрамы
E). Бактериальді жасушаның пішіні
22. Аэробтар - бұл:
А) оттегін қажет ететін микробтар
В) заттардың ыдырауы арқылы энергияны бос оттегісіз алатын түрі
С) оттегіне индифферентті
Д) N2 қажет ететіндер
Е) СО2 жоғарынқы қанықпасын қажет ететін микробтар
23. Вирион – бұл:
A). жасушалық геном құрамындағы вирустық нуклеин қышқылы
B). вирустардың шоғырлануы
C).вирустың жасушадан тыс түрі
D). вирустардың таза дақылы
E). жасушаішілік қосынды
24. Вирустар дақылдандырылады:
A). Эндо ортасында
B).Левин ортасында
C).Плоскирев ортасында
D). тауық эмбрионы, жасуша дақылы, жануарлар
E). сарыуызды агар
25. Фагтың нақты анықтамасын көрсетіңіз:
A). Вирустарды өлтіретін бактериялар
B).Бактерияны өлтіретін вирустар
C).Эукариотты жасушаларды өлтіретін бактериялар
D). Бактерияның паразиті және вирусы
E). Эукариотты жасушалардың паразиті және вирусы
26. Вирустар туралы ілімнің негізін қалаушы:
A). И.И. Мечников
B).Л. Пастер
C).А. Левенгук
D). П. Эрлих
E). Д.И. Ивановский
27. Капсуланы анықтау үшін қандай бояу әдісі қолданылады:
A). Грам
B). Циль-Нильсен
C). Ожешко
D). Бурри-Гинс
E). Романовский-Гимзе
28. Бактериялар қозғалғыштығын қандай зерттеу әдісімен анықтауға болады:
A). бекітілген жұғын
B). агарда дақылдандыру
C). "ілінулі" тамшы
D). Циль-Нильсен
E). ИФТ
30. Сәулелі микроскоптың рұқсат етліген шектеулі қабілеті тең:
A). 0,2 мкм
B). 20 нм
C). 2 мкм
D). 0,2 мм
E). 0,02 мкм
31. Иілген бактерияларға жатады:
A). спириллалар
B). тетрракокктар
C). бациллалар
D). сарциналар
E). клостридиялар
31. Микроаэрофильді бактериялар:
A). қарапайым қоректік ортада дақылдандыру
B).ауада О2 30-40% болғанда жақсы өседі
C).ауада О2 5-10% болғанда жақсы өседі
D). анаэробты тыныс алуға бейімделген
E). зертханлық жағдайда дақылданбайды
32. Бактериологиялық әдіске жатады:
A). қоздырғышты ары қарай идентификациялау мақсатында бөліп алу
B).жұғынды микроскопиялау
C).антигенді анықтау
D). антиденені анықтау
E). экспериментальді жануарларға инфекцияны жұқтыру
33. Вирустардың басты белгілері:
A). ДНҚ немесе РНҚ болуы
B).ДНҚ және РНҚ болуы
C).мөлшері микронмен өлшенеді
D). жасанды қоректік ортада өсуі
E). жасуша қабырғасы бар
34. Лизогенді бактерияның профагы:
A). бактериальді жасушаның хромосомасына интеграциялануы
B).лизисті шақырады
C).қосындылары болып табылады
D). дақылдарды фаготиптеу үшін қолданылады
E). хромосомалардың шоғырлануы
35. Вирустың жасушамен өзара әрекеттесуінің продуктивті түрінің аяқталуы:
А) зақымдалған жасушада синцитилердің түзілуі
В) вирустық нуклеин қышықылының жасуша геномына интеграциялануы
С) вирустың қалыпты жасушалық метаболиттер өндіруімен бірге тыныштық күйге ауысуы
Д) вирустық ұрпақтың түзілуі, жасуша лизисі
Е) барлығы дұрыс
Жағдайлық есептер:
1. Зерттеуші жұғын препарат дайындауда заттық шыныға дистилденген су тамшысын тамызып оған тәуліктік агар дақылын қосып араластырып, жұғынды кептірді, оттықта бекітті. Микроскопияда бактерия көрінбеді. Себебін түсіндіріңіз.
2. S.aureus және E.coli қоспаларынан алынған, Грам әдісімен боялған жұғынды микроскопиялағанда шар және таяқша тәрізді қызыл жасушалар анықталған. Суреттің біркелкілігінің себебін көрсетіңіз.
3. Зерттеуші волютин дәндерін анықтау үшін Ожешко әдісін қолданды. Микроскопиялау кезінде жасушада қызыл қосындылар анықталды. Аталған әдіс қандай бояу әдісіне жатады.Әдіс дұрыс таңдалған ба?
4. Анаэробты бактерияны өсіру үшін зерттеу материалын Петри табақшасындағы етті-пептонды агарға егіп термостатқа қойды. Зерттеу нәтижесінде жіберілген қателіктерді көрсетіңіз.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Б.А.Рамазанова, Қ.Құдайбергенұлы Медициналық микробиология Алматы, 2011. 683 бет
2. В.В.Тец, Л.Б.Борисов Руководство к практическим по медицинской микробиологии, вирусологии и иммунологии Москва «Медицина» 2002. 352с.
3. А.А.Воробьев, Ю.С.Кривошеин Медицинская и санитарная микробиология Москва, 2008. 464 с.
4. Ү.Т.Арықпаева, К.Х.Алмағамбетов Микробиологияжәневирусология (жалпыбөлімі): Оқуқұралы / Астана, 2006. – 207 бет
5. Поздеев O.K., Медицинская микробиология /Гл.ред В.И. Покровский - М.: ГЭОТАР МЕДИЦИНА, 2007. 1200 с
6. Воробьев А.А. Медицинская микробиология, вирусология и иммунология: Уч-к для ст-в мед.вузов/ред.Воробьев А.А. – М.: МИА, 2008. – 704 с.
7. Зверев В.В., Бойченко М. Н. Медицинская микробиология, вирусология и иммунология : в 2 т.: учебник :. - М. : ГЭОТАР-Медиа 2010, 2011. - 448 с.
8. Царев В. Н. Микробиология, вирусология и иммунология: Учебник / ред.. - М. : ГЭОТАР-Медиа, 2010. - 581 с
9. Воробьев, В. Н. Царев А.А., Практикум лабораторных работ с иллюстрированными заданиями по микробиологии, иммунологии и вирусологии : учеб. пособие для студ. мед.вузов. - М. : Мед.информ. агентство, 2008. - 320 с
10. Азизов И.С. Основы клинической микробиологии. – Караганда: Б-н, 2006 – 280 с.
11. Сбойчаков В.Б.Санитарная микробиология М. : ГЭОТАР-Медиа, 2007. - 191 с