Сурет.Қарлыған қан көбелегі – Zophodia convolutella Zell.
Сурет.Қарақаттың мөлдірқанатты көбелегі – Sunanthedon tіpulіformіs Cl.
Қарлыған қан көбелегі – Zophodia convolutella Zell.
(Lepіdoptera) отряды (Piralididae)тұқымдасы. Бұл қарақат пен қарлығанның еі қауіпті зиянкестерінің бірі. Қанкөбелек жұлдызқұртымен зақымданған жидектер қурап қалады. Өрмекке оралған олар сау жидектердің ортасында байқалады.
Қуыршақтары топырақтың жоғарғы қабатында қарақат пен қарлыған түптерінің астында өрмек пілләларда қыстайды. Көктемде жидек ағашы гүлдеу алдында қуыршақтар көбелектерге айналады. Олар жұмыртқаларын қарақат пен қарлыған гүлдеріне салады. Жұмыртқадан шыққан көбелек құрттар түйіндерге еніп, оларды жей бастайды. Бір жидектен екіншісіне көшкен жұлдызқұрттар оларды өрмекпен орап алады. Бір ай шамасында зақымдайды. Жоғары жастағы жұлдызқұрттардың ұзындығы 1,8 см дейін жетеді.
Күресу шаралары. Қанкөбелек жұлдызқұрттары көбейіп кеткен жағдайда инсектицидтердің ерітіндісін бүрку қажет. Бүркуді қарақат пен қарлыған гүлдегеннен кейін бірден жүргізеді.
Топырақты өңдеу қуыршақтың біршама бөлігін жояды. Кішігірім бақтарда жұлдызқұрттарды зақымданған жидектермен қоса қолмен жинау ұсынылады.
сурет.Қарлыған қан көбелегі – Zophodia convolutella Zell.
Бүлдірген кенеcі – Tarsonemus fragarіae Zіmm.
Өсімдік қоректі кенелердің (Acarіna) түрліше тырнақтылар (Tarsonemіdae) тұқымдасына жатады. Қазақстанның оңтүстік-шығысында суармалы жерлерде өсірілетін бүлдіргеннің аса қауіпті зиянкесі.
Ұрғашы кененің түсі ақшыл-сары, кейде қоңыр, ұзындығы 0,2–0,24 мм, сопақша келген денесі айқын көрінетін айғызбен (бороздка) протеросома және гистеросома деп аталатын екі бөлікке бөлінген, алдыңғы 3 жұп аяғының тырнақтары бірқалыпты жетілген, ал төртінші жұп аяғы басқаларына қарағанда жіңішке және тырнақтың орнына екі қылшық болады, олардың біреуі өте ұзын. Еркектері ұрғашыларына қарағанда кішкене, ұзындығы 0,15 мм, пішіні жұмыртқа тәрізді сопақша болады.
Ұрықтанған ұрғашы кенелер бүктелген жапырақша тақталарының арасында қыстайды. Көктемде өсімдіктің өсуі басталған кезде (ауаның температурасы 13оС-тан асқанда) кенелер жұмыртқаларын әлі ашыла қоймаған жас жапырақтарға сала бастайды. Бұл жұмыртқалардан шыққан дернәсілдер бір рет түлеп, нимера фазасына өтпей, бірден ұрғашы және еркек кенелерге айналады. Бір ұрпағының дамуы орта есеппен 32 күнге созылады. Қазақстанның оңтүстік-шығысында ол жылына 4–5 ұрпақ береді.
Кенелер көбінесе өсімдіктің көлеңкелеу жағындағы жас жапырақтарын мекендейді. Ал жаппай көбейген жағдайда олар өсімдіктің гүл сабақшаларын, бітеу гүлдерін, гүлдерін, мұртшаларын мекендеп, қатты зиян келтіреді.
Кенелер сорып зақымдаған өсімдіктердің жапырақтары сарғайып, қалыпты көлемге жетпей өліп қалады. Қатты зақымданған өсімдіктердің өсуі нашарлап, беретін өнімі кілт төмендейді, жидектері ұсақ болады. Олар шағын ғана қашықтыққа қозғалып бара алады. Сондықтан зиянкес негізінен көшет өсімдіктерімен бірге таралады.
Күресу шаралары. Бүлдіргеннің сау көшетін отырғызу. Екпе материалды 45-46°С температурадағы суға 15 минут салу арқылы залалсыздандырады. Өсімдіктерді мұқият қарау. Жидектерді жинап алған соң зақымданған мөлтекте дегеліктерді зақымдамай, жапырақтарды қырқиды, одан кейін «Тізіммен...» рұқсат етілген (Ирвита ПлантПротекшион, ИзраильП-112.2022 ж.0.3-0.4 л/га)(Омайт, 57 % к.э.(пропаргит, 570 г/л)(Кемтура Еуроп Лтд., ВеликобританияП–412.2022 ж.1.5-2.0л/га)препараттармен өңдейді.
3-сурет. Бүлдірген кенеcі – Tarsonemus fragarіae Zіmm.
Бүлдірген-таңқурай бізтұмсығы – Anthonomus rubі Hrst. Қаттықанаттылар (Coleoptera) отрядының бізтұмсытылар (Curculіonіdae) тұқымдасына жатады. Бүлдірген мен таңқурайдың жапырақтары мен шанақтарын, сондай-ақ қожақатты, итмұрынды және басқа өсімдіктерді зақымдайды. Бунақдененің дене пішіні жұмыртқа тәрізді, арқа жағы дөңес, түсі қара-қоңыр, ұзындығы 2,5–3,2мм-ге жетеді. Дернәсілдері ақ түсті, қоңыр басты, С түріндегі формада, ұзындығы 3,5мм дейін.
Ересек қоңыздар бүлдірген немесе итмұрын өскен жерлерде өсімдік қалдықтарының астында қыстайды. Олар қысқы мекендерінен ауа райының жағдайларына байланысты сәуірдің аяғы – мамырдың бас кезінде шығады да алғашында итмұрын өсімдігін, одан соң бітеу гүлдері пайда болысымен бүлдірген өсімдігін мекендеп, гүлдің тозаңдықтарын жартылай немесе түгелдей жеп қояды. Өсімдіктің зақымданған жерлерінде түстері қара кішкентай шұңқырлар пайда болады. Қоңыздардың көктемгі қоректенуі 10–15 күнге созылады. Ұрғашы қоңыз бүлдіргеннің бітеу гүлінің бүйір жағын кеміріп үңгиді де жұмыртқасын соның ішіне, тозаңдыққа жабыстыра салады. Одан соң тесікті эксременттерімен тығымдап тастайды. Бұдан кейін ол гүл сағағын кеміреді. Нәтижесінде 3–4 күн өткен соң бітеу гүл түсіп қалады. Жұмыртқаның дамуы бір аптаға созылады. Жұмыртқадан шыққан дернәсілдер гүлдің ішінде 20-шақты күн дамиды да сонда қуыршаққа айналады. Жаңа ұрпақтың қоңыздары шілденің орта кезінде шығып, көп ұзамай ұйқыға кетеді. Зиянкес жылына бір ұрпақ береді.
Күресу шаралары. Бүлдірген алқабы таңқураймен қатар болмағаны жөн. Өсімдік қалдықтарын жинау және жою. Өсімдіктерді мұқият қарау. Шанақтану кезінде және жидектерді жинап алғаннан кейін қоңыздар жаппай байқалған жағдайда «Тізім...» сәйкес(Ирвита ПлантПротекшион, ИзраильП-112.2022 ж.0.3-0.4 л/га)инсектицидтермен өңдеу жүргізіледі.