Тақырып 11 Популияцияның икеиділігінің бөлшектері

демографиялық

Сұрақтар: Популияция ұғымы. Популияцияның тіршілікке икемділігінің

генетикалық анализі. Популяцияларды сақтау стратегиялары.

Популяция дегеніміз Н.В. Тимофеев-Ресовскийдің анықтауы бойынша өмір сүретін ортақ мекені бар, сол жердің жағдайына бейімделген, туыстас жиынтықтардан оқшауланған аралық кеңістікте, мезгілдік, физиологиялық, генетикалық және өзара шағылыса алатын бір түрге енетін организмнің жиынтығын айтады. Мысалы, Колгуев аралындағы бұғылар қиыр Солтүстік материктегі бұғылардан теңізбен бөлінген.

Экологияда популяция дегеніміз – бір-бірімен өзара қарым-қатынаста болатын және үлкен территорияда бірігіп тіршілік ететін бір түрге жататын даралар тобы. С.С. Шварцтың берген анықтамасы бойынша: популяция – бұл қоршаған ортаның үнемі өзгеріп отыратын жағдайында санын тұрақты ұстап тұруға қажетті жағдайлармен қамтамасыз етілген белгілі бір түрдің ағзаларының элементарлық тобы. Популяция ұғымын латын тілінен аударғангда «попилус» - «халық, топ» деген мағынаны білдіреді.

Әрбір жеке түрдің өзіне тән таралу аймағы болады. Олардың сол аймақтағы тобы, сан мөлшері әр түрлі болуы мүмкін. Популяцияның сан мөлшерінің аз немесе көп болуы түрдің шығу тегіне, тарихына, ареалдың көлеміне, т.б. көптеген себептеріне байланысты.

Популяция өзінің биологиялық құрылымы ретінде өзінің белгілі құрылымы, қасиеті және атқаратын қызметі арқылы ерекшеленеді. Популяция құрылымы ондағы даралар санымен, және кеңістікте таралуымен сипатталады. Ал популяцияның функциясы басқа биологиялық жүйелермен ұқсас келеді. Популяцияға тән қасиеттерге өсу, даму, көбею, орта жағдайларымен өзгерісіне бейімділігі, генетикалық шығу тегі, экологиялық жағдайлары жатады.

Техносфераның биосфераға жасайтын қысымының ең маңызды көрінісі – табиғи экожүйелердің кедейленуі, яғни популяцияның кемуі болып табылады.

Рио-де-Жанейрода өткен (1992 ж.) БҰҰ конференциясында қабылданған үш арнайы мәлімделер мен Конвенциялардың екеуі биологиялық ресурстар мен популяцияны сақтаусыз тұрақты даму мүмкін емес екенін көрсетті.

Жабайы түрлер – табиғи экожүйелерден алынатын бағалы өнім көзі және әсіресе, ауылшаруашылық жануарлары мен өсімдіктерінің жаңа қолтұқымдары мен іріктемелерін шығаруда маңызы зор, дәрі-дәрмектердің таптырмайтын көзі болып табылады.

Популяция – адамзатты шексіз ұзақ уақыт энергетикалық, техникалық және басқа ресурсармен қамтамасыз етудің жалғыз көзі.

Қарапайым жүйелерді тіршілігін сақтау үшін көп энергия жұмсау қажет.

Биосфераның геологиялық тарихының барысында онда тіршілік ететін ағзалардың түрлерінің саны тұрақты болмаған. Әрбір түр белглі бір уақыт қана өмір сүреді. Шамамен 10-30 млн. жыл. Түрлердің ішінде өмірі өте қысқа (бірнеше мың) және ұзақ өмр сүретін түрлер – «тірі қазбалар» да бар.

Жалпы алғанда жердің геолгиялық тарихында бір түрлер жойылып, басқалар олардың орнын басып отырған. Биосфераның жасы ұлғайған сайын түрлердің саны да артып отырады.

Адамның геологиялық күшке айналуынан бастап жеке түрлердің жойылу жылдамдығы эволюциялық табиғи құбылыспен салыстыруға келмейтін жылдамдықпен жүре бастады.

Түрлерді санының күрт төмендеуі мен түрлердің жойылу себептері алуан түрлі. Көбінесе олар мекен ету ортасының өзгеруі немесе бұзылуымен байланысты. Омыртқалы жануарларға қатысты алсақ бұл факторға түрлердің жойылыуының 60% жағдайлары сәйкес келеді. Екінші орында шектен тыс пайдалану (30-35 %), содан кейінгі орында азық қорының кемуі (4%), зиянкестерді жою (3%) және кездейсоқ жемтік (2%) тұр.

Шектен тыс пайдалану қандай да бір кәсіптік маңызы бар жануарлар үшін қауіпті. 1983 жылы тек қна тіс сүйекткрі үшін ғана 80 мың африка пілдері жойылды. Түрлердің жойылуындағы басты себептерінің бірі олардың сырттан әкелінген түрлері мен бәсекелестікке қабілетсіз болуы. Мұндай құбылыстарға шектелген территорияларда, аралдарда тіршілік ететін түрлер өте сезімтал болып келеді.

Егер ертеректе бір түр орташа алғанда 2000 жылда жойылып отырса, соңғы 300 жылда әр 10 жыл сайын жойылып отыр. 1600 жылдан бастап омыртқалы жануарлардың 173 түрі (109 құстар және 64 сүтқоректілер) және өсімдіктерді 20 түрі жойылып кетті.

Адамның барлық ірі ауқымды іс-әрекеті биологиялық түрлердің кемуіне әкеледі. Осының нәтижесінде бүкіл табиғи белдеулердің де жойылу фактілері белгілі. Адам рельефі, өзен арналарын өзгертеді,батпақтарды құрғатады, белгілі бір өзіне қажетт ағаш түрлерінен тұратын бағалы ормандарды ғана өсіреді.

Түрлердің толық жойылуының нәтижелері өте ауыр. Жекеленген экожүйелердің түрлік алуантүрлілігінің кемуін басқа экожүйелерден әкелу арқылы қалпына келтіруге мүмкіндік болса, ал толық жойылған түр жүйе ретінде биосфера үшін қайтымсыз.

Наши рекомендации