Цестодтардың жалпы биологиялық белгілері.

Цестодтардың жіктелуі және жалпы құрылыс ерекшеліктері.

Цестодтардың құрылысы. Цестодтар (Сestoda) – жалпақ құрттар типіне, таспа құрттар класына жататын өкілдер. Цестодтар: шынжырлы және баулы құрттар болып екі тармаққа жіктеледі. Цестодтардың ересектері омыртқалы жануарлардың асқорыту жүйесінде, ал балаңқұрттары омыртқалы және омыртқасыздардың әртүрлі ұлпалары мен мүшелерінде тоғышарлық күнелтеді. Дене бітімі таспатәрізді, мойын және көптеген бунақтардан (буылтық, проглоттида) құралады. Тұрқы 0,5мм-ден (E.granulosus) 15м-ге (T.saginatus) дейін болады. Цестодтардың барлығы дерлік биогельминттер. Жұмыртқаларының пішіні – сопақша, алмұрттәрізді, ішінде 3 жұп эмбрионалды ілмекшелері бар онкосфера орналасады. Балаңқұрт сатылары: цистицеркоид, цистицерк, ценур, эхинококк, альвеококк, стробилоцерк, процеркоид, плероцеркоид, тетратиридий. Кейбір цестодтардың дамуында аралық және қосымша иелері қатысады. Тениидоздарды балау мақсатында гельминтоскопия, гельминто-овоскопия, ларвалды сатыларын аралық иелерінде анықтауда - аллергиялық, серология әдістер мен өлгеннен кейінгі диагностикалау жатады.Шынжырлы тармақ цестодаларының ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан маңыздылары: аноплоцефалята, тениата, гименолепидата, давениата, мезоцестоидата тек тармақтары болып табылады.

Цестодтардың жалпы биологиялық белгілері.

Таспа құрттар – гермафродиттер. Дамуы өте күрделі, өсіп-өнуі кезінде иелерін алмастыру сияқты ерекшеліктері бар. Таспа құрттардың кейбір түрі жылына 600 млн-нан астам жұмыртқа салады. Жұмыртқадан 6 ілмешегі бар онкосфера және корацидий деп аталатын дернәсілдер жетіледі. Қан тамырлары арқылы онкосфера ішкі органдарға өтіп, осы органдарда ұрық – онкосфера финна деп аталатын дернәсіл сатысына айналады. Финна бұршақ тәрізді сұйықтыққа толы көпіршік, оның ішінде 4 сорғышы бар басы болады, мұны цистицерк деп атайды. Дернәсіл аралық иеде бірнеше жыл өмір сүреді. Финна түпкі иесі – адамның ішегіне түскенде ересек құртқа айналады. Финнозбен ауырған сиырдың етін жегенде жұғады. Таспа құрттардың басқа түрлерінің де тіршілік циклі иесін алмастыру және онкосфераның финна дернәсіліне, финнаның ересек түріне ауысуымен өтеді. Финнаның бірнеше формалары болады: цистерк; сұйықтыққа толы көпіршіктің қабырғасында бірнеше басы орналасқан, олардың әрқайсысы жеке дарабасқа айналатын – ценур; көпіршігі үлкен, ішкі қабырғасында және көпіршіктің ішінде бірнеше басы бар – эхинококк; көпіршіктің құйрық тәрізді өсіндісі бар – цистицеркоид; құрт тәрізді дернәсіл – плероцеркоид. Таспа құрттар адамды гименолепидоз, тениидоз, эхонококкоз ауруларына шалдықтырады

26. Нематодтардың жіктелуі және жалпы құрылыс белгілері. Жұмыр құрттар, нематодтар (Nemathelmіnthes) – төменгі сатыдағы құрттар типі. Жұмыр құрттардың 5 класы бар: нағыз Жұмыр құрттар (Nematoda); құрсақ кірпікшелілер (Gastrotrіcha); киноринхалар(Kіnorhyncha); түкті құрттар (Nematorpha); коловраткалар (Rotatorіa). Бұлардың жалпақ құрттардан айырмашылығы – ішкі мүшелерінің арасында дене қуысының (схизоцельдің) болуы. Сондықтан Жұмыр құрттарды бірінші реттік дене қуысы бар жануарларға жатқызады. Денесі жіп тәрізді (грек. nematos – жіп) созылыңқы келеді. Ұзындығы 1 мм-ден 8 м-ге (Рlacentonema gіgantіssіma) жетеді. Бұлардың денесінің сырты қалың кутикула қабатымен қапталған. Ұзын, ұршық тәрізді бұлшық еті жиырылғыш келеді әрі қозу толқынын (импульсін) қабылдап, бір бұлшық еттен екіншіге өткізеді. Тері-бұлшық ет қапшығы мен ішектің арасындағы дененің алғашқы қуысы (іші сұйық затқа толы) оның жұмырлығын тұрақты түрде сақтайды, денесінің тірегі болып, зат алмасу процесіне қатысады. Ас қорыту жүйесі ұзына бойына созылған тік түтік тәрізді алдыңғы, ортаңғы және артқы ішектен тұрады. Ауыз қуысы дененің алдыңғы ұшында орналасқан, ол өңешке ұласады. Зәр шығару жүйесі протонефридиялды (зәрді тері бездері арқылы шығарады). Қан айналу және тыныс алу жүйесі дамымаған. Жүйке жүйесінің орталық бөлімін жұтқыншақмаңындағы жүйке сақинасы мен бірнеше жүйке бағаналары (ұзына бойына созылған) құрайды. Жүйке клеткалары жүйке бағаналарымен байланыса жекелеген ганглияларды құрмай, тек құрсақ жүйке бағанасында «құрсақ тізбегін» құрай дамыған. Сезім мүшелері нашар дамыған. Дара жыныстылар, арасында гермафродиттер де кездеседі. Жұмыртқалары жатынның ішінде ұрықтанады. Көпшілігі жұмыртқа салады, сонымен қатар тірідей туатын түрлері де кездеседі. Жұмыр құрттар – адам, өсімдіктер мен жануарлар организмінде де паразиттік тіршілік етеді.

27. Нематодтардың жалпы биологиялық белгілері. Жұмыр құрттардың денесі сірқабықпен (кутикула) қапталады. Ауыз қуысы - денесінің алдыңғы жағында, ал аналь тесігі - артқы жағында орналасады. Көптеген жұмыр құрттарда тері-бұлшықет қапшығы болады. Көлденең жолақты бұлшықеттері жоқ. Сондықтан жұмыр құрттар денесін қысқарта да, соза да алмайды. Олар денесін тек жан-жағына ғана ие алады. Жұмыр құрттарда тынысалу және қантарату жүйесі болмайды. Бұлар - дара жынысты жәндіктер. Олардың қосжыныстылары да кездеседі. Жұмыр құрттардың аталығынан аналығы ұзын. Көбінесе жұмыртқа арқылы көбейеді. Өсімдік тамырында ауру тудыратын паразит жіпшеқұрттар (қант қызылшасының жіпшеқұрты - свекловичная нематода) шаруашылыққа орасан зор зиян келтіреді. Жіпшеқұрттардың барлығы өсімдік паразиті болып табылады, олардың мөлшері 1 миллиметрден аспайды. Жұмыр құрттар адамға және жануарларға зиян келтіреді, тері астында - суыртқы (ришта), бұлшықеттерде — трихинелла, ішекте ішексорғы, үшкірқұрт паразиттік әрекет жасап, ауруға ұшыратады. Ішексорғының ұзындығы (жылқы ішексорғысы) 18 сантиметрге дейін, (кит ішексорғысы) 8 метрге дейін жетелі.

Көбінесе жасөспірімдер мен балалардың тоқ ішегіне үшкірқұрт (острина) орнығады. Ол — паразит құрт, аналығының тұрқы 1 миллиметрден аспайды. Үшкірқұрттың екі ұшы да сүйірленген, құйрығы үшкір, тұрқы 1,5 см шамасында болады. Оның түсі ақшыл немесе сарғыш болып келеді. Үшкірқұрт екі сүйір үштарын қадап, соқыр ішекте және тоқ ішекте тіршілік етеді. Үшкірқұрттың алдыңғы ұшында - ауыз, соңғы бөлігінде аналь тесік (артқы тесік) орналасады. Аналь тесігінен кейінгі өте үшкір дене бөлігіқұйрық деп аталады. Оның денесі тығыз қабықшамен - сірқабықпен қапталған. Сірқабықтың астында ұзын салалы бұлшықеттері болады. Көлденең салалы бұлшықеттері жоқ. Сондықтан үшкіркүрт денесін жиыра, қысқарта алмайды. Оның денесі созылмайды. Пішінін өзгертпей, тек жан-жағына иіледі.

28. Нематодтардың негізгі типтеріне сипаттама және оларға жататын аурулар. Нематодалар жануарлардың әртүрлі мүшелері мен ұлпаларында мекендейтін тоғышар жұмыр құрттар класының өкілдері. Дене пішіндері жұмыр, жіпшетәрізді, арқантәрізді, тұрқылары әрқилы (1мм ден 1 м дейін). Асқорыту, жүйке, зәр бөлу және жыныс мүшелері жақсы дамыған. Дене сырты кутикуламен көмкерілген. Нематодтардың көпшілігі дара жыныстылар. Аналықтары аталықтарынан ұзын. Жұмыртқа немесе тірі туады.Нематодалардың систематикасы. Нематодалар бас, құйрық жақтарының, өңешінің және дамуындағы ортақ ерекшеліктеріне қарай топтастырылған. Олардың келесі тек тармақтарының ветеринариялық-санитариялық маңызы бар. Ascaridata. Ауыз кіреберісі үш ерінмен көмкерілген, өңеші цилиндр тәрізді. Аталықтарының 2 тең спикуласы бар. Жұмыртқалары қалың тегіс немесе кедір-бұдырлы қабықты болып келеді. Oxyurata. Ауыз кіреберісі 3 немесе 6 ерінмен көмкерілген, өңеші түп жағында торсиған (бульбус), аналығының вульвасы денесінің алдыңғы жағында ашылады. Аналығының құйрық жағы жіңішке, ұзынша келген. 1 не 2 спикулалы. Жұмыртқалары ассиметриялы. Strongylata. Еріндері жоқ, ауызға кіреберісі көптеген кірпікшелермен көмкерілген. Кейбірінде ауыз қуысының түбінде тісшелер жайғасады. Аталықтарының құйрық жағы жыныс бурсасымен және 2 спикуламен аяқталады. Жұмыртқаларының ішінде дамыған ұрығы болады. Пішіні сопақшалау. Spirurata. Ауыз тесігі көбінесе қалақша тәрізді екі бөлінген ерінмен көмкерілген, кейде еріндері болмайды. Ауыз қуысынан жұтқыншақ (фаринкс) жалғасады, өңеші екі бөлімнен тұрады, алдыңғысын - етті, соңғысын - безді деп атайды. Екі спикуласы тең емес еркектерінің құйрық ұшының латералды жағында кутикулярлы кеңейген қанат тәріздес және отырғызылған бұтаққа ұқсас бүртіктер кездеседі. Trichocephalata. Алдыңғы жағы ұзын, жіптей жіңішке, ал артқы жағы қысқа және жуан келеді, не алдыңғы жағымен бірдей. Өңеш өте жіңішке түтікшеге ұқсас және оның бездері айқындалып тұрады. Егер спикуласы бар болса, ол біреу ғана және инедей сүйір болады. Жұмыртқасы күбі тәрізді, екі ұшы тығынмен бекітілген. Filariata. Бас жағы ерінсіз. Өңешінің алдыңғы бөлігі етті, артқысы – безді. Екі тең емес спикулалары бар. Бионематодтар. Rhabaitata. Ұсақ, жіңішке нематодалар. Өңешінде екі кеңейген бульбусы болады. Dioctophymata. Кутикуласы көлденең сызылған немесе бүкіл дене бетін ұсақ тікенектер алып жатады. Аталықтарында жыныс бурсасы қоңыраутәрізді. Ұзын 1 спикуласы бар. Жұмыртқасы қалың, күрделі өрнектермен көмкерілген суреттермен сипатталады.

Наши рекомендации