Селекцияда мутагенді факторларды қолдану болашағын көрсетіңіз.
Сорттар мен тұқымдарды шығару дербес бөлек ғылым селекцияның міндеті болғанымен, селекция тұқымқуалаушылық пен өзгергіштіктің заңдарын меңгермейінше дами алмайды. Селекция үшін генетика жаңа жолдар ашып береді. Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштік. Жер бетіндегі органикалық формалардың эволюциясын қамтамасыз ететін негізгі екі фактор (үшінші сұрыптаумен қоса). Қазіргі кезде тұқымқуалаушылык пен өзгергіштілігі зерттеу тірі материя құрылымының әртүрлі деңгейде жүргізіледі: молекулалық, хромосомалық, клеткалық, организмдік және популяциялық. Бұл зерттеу бірнеше жолмен (әдіспен) іске асырылады, олардың ең негізгісі генетикальқ анализ болып табылады. Жыныс жолмен көбеюде организмдердің жеке қасиеттері мен белгілері тұқым қуалауын және тұқым қуалаушылық заңдылықтарын талдауға мүмкіндік береді. Шағылыстыру (бірнеше ұрпақ бойы) жүейсін, сол сияқты гендердің өзгергіштілігі мен олардың комбинаторикасын гибридологиялық анализ деп атайды. Бұл генетикалық анализдің негізгі әдісі. Оған математикалық статистиканың басты элементтері де кіреді. Бұдан қоса генетикалық, анализге эмбриологиядан, цитологиядан, физиологиядан тағы сол сияқты алынған бірқатар көмекші әдістер де енеді. Тұқымқуалаушылықтың материалдық негізгі цитологиялық әдістің көмегімен зерттелінеді. Бүл әдіс тұқымқуалаушылықтың «анатомиясын» зерттеуге арналған деуге болады, Клетканың құрылымы жарық, электрондық микроскоппен, рентгеноскопия және басқа да тәсілдермен зерттеледі. Тұқымқуалаушылықтың материалдық негіздерін зерттеу үшін цитохимиялық, биохимиялық, биофизикалық және физиологиялық әдістер барған сайын кеңірек қолданылуда. Гибридологиялық анализ бен цитологиялық анализдің үйлесімді қолданылуы нәтижесінде цитогенетикалық әдіс пайда болды. Организмнің жеке өзінің дамуында оның көріністерін және геннің әсерін зерттеу генетиканың бір бөлігі феногенетика деп аталады. Біздіңше, ол саланы онтогенетика деп атау дұрыс болар еді. Онтогенетикада гендер әсерін анализдеудің алуан түрлі тәсілдері қолданылады: тұқым қууы әртүрлі ұлпаларды транс плантациялау, бір клетканың ядросын екінші клеткаға ауыстыру, ұлпаларды өсіру әдістері, дамуға эмбриологиялық анализ жасау, иммунологиялық реакциялар және т.б. Сонымен, генетика ұқымқуалаушылықты және тұқым қуалайтын өзгергіштікті негізі үш бағытта зерттейді: организмдердің көбею процесіндегі гендердін жағдайы, геннің материалдық құрылымы, геннің онтогенездегі өзгергіштіктігі мен қызметі.
Ауылшаруашылық селекциясында қазіргі кезге дейін, гибридизация әдісі қолданылып, көптеген жақсы сорттар алынған. Мутагендер организм өзгергіштігін кенет жеделдетеді, бұл селекция жұмысының нәтижелі өтуіне жағдай туғызады. Табиғи мутагендерді пайдаланып селекциядағы пайдалы түрлердің сапасын арттыруға болады. Химиялық мутагеннің әсерінен майының құрамындағы олеин қышқылының мөлшері жағынан оливка майынан кем түспейтін күнбағыстың жаңа сорттары алынған. Ғылыми-техникалық прогрестің нәтижесінде адамды қоршаған орта әжептәуір өзгеріске ұшырады. Адамның тірішілік ортасындагы физикалық және химиялық факторлардың едәуір бөлігі адамның тұқымқуалаушылығына және басқа қасиеттеріне әсерін тигізеді. Мұндай жағдайларды туғызбауға қарсы Күрес жургізуі тиіс. Мутагендер, жасушаға әсер ете отырып, оның өліміне әкелмейді, олар мембрана арқылы кіріп, протоплазмаға кейін кариоплазмаға енеді және геннің радикалдарымен әсерлесе отырып, гендік жасушаның химиялық құрылымын өзгертіп, жаңа тұракты құрылымды туғызады.
60. Геномдық, хромосомалық және гендік мутациялардың пайда болу механизмдерін құрастырыңыз. Мутацияның жіктелуі. Мутациялар кезінде ДНҚ-дағы бірлі-жарым азот негіздері немесе тұтас гендер немесе хромосомалардың өзгеруі мүмкін. Атап айтқанда үлескінің мутагендік мөлшері оларды жіктеу негізіне жатады. Генетикалық аппараттың өзгеруіне байланысты мутацияның: геномдық, хромосомалық, гендік немесе нүктелік деген түрлері бар.
1. Гендік немесе нүктелік мутация ген құрылымы шегіндегі өзгерістер. Бүл нәруыздың бір молекуласын өзгерте алады.
2. Хромосомалық мутация (аберрация) - хромосома құрылымындағы өзгерістер. Бүтін хромосоманың мөлшері мен пішінін өзгерте алады;
3. Геномдық мутация - хромосома санының өзгеруі, яғни құрам санының ауытқуы. Генотип бойынша мутациялардың жалпыға бірдей қабылданған. Оның пайда болу себептері әртүрлі. Әрбір түр үшін хромосоманың саны, формасы мен мөлшері жүйелік белгі болып табылады. Кариотиптің негізгі бірлігі хромосомалардың гаплойдты жиынтығы, яғни гомологты хромосо- малардың әрбір жұбының біреуі ғана болады. Мұндай жиынтыққа шоғырланған гендер тобын геном деп, ал ондағы хромосомалар санын негізгі сан деп атап оны п арыпімен белгілейді Митоз бен мейоз ұрпақтан - ұрпаққа берілетін храмасомалар санының тұрақтылығын қамтамасыз ететін клетка бөлінуінің аса дәл механизмі болып табылады. Алайда кейбір жағдайларда храмасомалардың клетканың бөлінуінсіз екі еселенуінен бұл механизм бұзылады. Осының нәтижесінде хромосомалар саны өзгеріп 2n әдеттен тыс хромосомалар саны көбейген клеткалар пайда болады.