Пародонтд аурулары кезінде болатын әртүрлі асқыну үрдістері

Пародонт ауруларының нәтижесінде (көбіне емдеу жүргілімеген немесе тиімді жүргізілмеген жағдайларда) көптеген патологиялық үрдістер дамуы мүмкін. Оларды шартты түрде жергілікті және жалпылай дамитын асқыну үрдістері деп бөлуге болады.

Жергілікті үрдістер: тістердің мойын аймақтарының ашылуы нәтижесінде дамитын тістің қатты тіндерінің аса сезімталдығы, тіс ұлпасының ретоградтық қабынуы, пародонталдық киста, шектелген остеомиелит және лимфоаденит. Сирек жағдайларда бет-жақ аймақтарында абсцесстер және флегмоналар да асқыну ретінде кездесуі мүмкін. Жергілікті асқыну үрдісіне тістер мойнында пайда болатын сынаға ұқсас ақауларды да жатқызуға болады. Бұл ақаулар пародонтоз кезінде көбірек кездеседі. Сондықтан олар пародонт тіндерін қанмен қамтамасыз ететін тамырлардың қызметінің бұзылуы нәтижесінде тістердің қатты тіндерінің трофикасы бұзылуы нәтижесінде пайда болады деп ұйғаруға әбден болады.

Аталған асқынулардың ішінде жиірек кездесетіні – ұлпаның ретроградтық қабынуы. Ол көбінесе ұлпаға инфекцияның пародонталдық қалталардан цемент сорылуы нәтижесінде ашылған түбір аймағындағы дентин өзекшелері арқылы, түбір өзегінің тармақтары (через тельтовидные разветвления макроканала) немесе түбір ұшы тесігі арқылы өтуі нәтижесінде дамиды.

Сонымен қатар ұлпаның ретроградтық қабынуы пародонтта хирургиялық емдеу шараларын (пародонталдық қалталарды қырып-тазалау немесе кюретаждау, гингивотомия, гингивэктомия, радикалды опреациялар) жүргізгеннен кейін де кездеседі. Бұл кезде ұлпасы қабынған тістердің сауыты көбіне бұзылмаған. Сондықтан ұлпа қабынуын анықтау біраз қиындықтар тұғызады. Ұлпаның бұл қабынуын периожонттың қабынуынан, үштік нерв тармақтарының невритінен, невралгиясынан ажырата отырып, қосалқы тексеру әдістерін (температуралық тітіркендіргіштермен әсер ету, электрқозғыштығын анықтау, рентгендік тексеру) кеңінен қолдана отырып анықтауға тура келеді.

Пародонт қабынуынң жиі өршіп, пародонталдық абсцестердің пайда болуы альвеола өсіндісінің және жақ сүйегінің шектелген остеомиелитін (жедел және созылмалы) туындатуы мүмкін.

Жалпы асқынулар. Оларға пародонт қабынулары кезінде тиімді емдеу шараларының жүргізілмеуі нәтижесінде тістердің ерте қозғалмалы болып, жұлынуына пайда болатын тіс қатарының ақаулары әсерінен шайнау-қызметінің төмендеу салдарынан туындайтын асқазан-ішек жолының аурулары. Пародонттағы созылмалы қабыну, пародонтталдық қалталардағы жойылмаған инфекция көзі организмнің созылмалы ұлануы (уыттануы) мен сенсибилизациялануын туындатады. Сонымен қатар қабыну үрдісі жойылмағандықтан ауыздан үнемі нашар иістің шығуы, тістердің қозғалмалы болып, орындарынан ауытқулары тудыратын косметикалық қолайсыздық шайнау қызметінің бұзылуынан туындайтын ыңғайсыздық (дискомфорт) орталық жүйке жүйесінің қызметінің ауытқуын (невроз, дистония) туындатуы мүмкін.

Пародонт ауруларын емдеу

Пародонт ауруларын емдеу шараларының нәтижелілігін қамтамасыз ету үшін дәрігер-стоматолог (пародонтолог) негізгі 5 қағиданы ұстанғаны тиімді. Олар төмендегілер: кешендік (комплекстность), дәйектілік немесе бірізділік (последовательность), жүйелілік (системность), жекетұлғалық (индивидуальность) және белсенділік (активность).

Кешендік қағида патологиялық үрдістің себебіне, даму механизміне, ауырлығына байланысты этиопатогенездік, симптоматикалық емдеу шараларын қарастырады. Сондықтан кешенді емдеу құрамына жергілікті емдеу әдістері (терапиялық, хирургиялық, ортопедиялық, физиотерапиялық) және жалпылай емдеу шаралары кіргізілгені өте жақсы нәтиже береді.

Бірізділік немесе дәйектілік қағидасы жүргізілетін емдеу шараларының белгілі бір реттілікпен орындалуын қарастырады.

Пародонт ауруларын емдеу бір ғана емдеу курсын жүргізумен шектелмейді. Жақсы нәтижеге ие болу үшін емдеу курсын белгілі бір уақыттан кейін қайталап отыруға тура келеді және жүйелілік қағидасын сақтау негізінде іске асырылады.

Жеке тұлғалық қағидасы пародонт ауруы бар адамның (индивидумның) жеке басындағы ерекшелігін, бойында созылмалы жүйелі сырқаттардың бар-жоғын ескере отырып, емдеу шараларын дұрыс таңдап алуға негіз береді.

Белсенділік қағидасы дәрігер мен пародонт ауруы бар адамның бір-бірімен жақсы түсінісін қамтамасыз етеді. Жоғарыда көрсетілген қағидаларды дәрігер дұрыс сақтап, ауруды емдеу кезінде жоғары белсенділік көрсетсе, пародонты сырқат адам да емдеу үрдісіне қызығушылық танытып, әрбір тағайындалған емдеу шараларын дер кезінде қабылдауға тырысады.

Жоғарыда айталған емдеу қағидаларын дұрыс сақтап, емдеу шараларын тиімді жүргізу үшін пародонты сырқат адамды емдеу жоспары дұрыс құрылуы керек. Бұл жоспарға пародонттағы қабыну үрдісін жоюға, тіс-жақ сүйек жүйесінің қызметі мен эстетикалық қанағатсыздығын қалпына келтіруге, организмнің жалпы жағдайын жақсартып, қорғаныс қабілетін жоғарылатуға арналған шаралар толық енуі керек.

Наши рекомендации