Етқоректілер мен адам описторхозын балау. Ветсан шаралары.
Етқоректілер опистархозы. Бұл адамның, иттің, кейбір терісі бағалы аңдардың (түлкі, бұлғын, қара күзеннің т.б) және жабайы шошқаның бауырының зақымдануымен, сарғыш тартуымен, арықтаумен, цирроздың пайда болуымен сипатталатын антропозоонозды, табиғи ошақты гелминтот ауруы. Терматодалар адам мен жануарлардың өт жолдарында, өт қалтасында өмір сүреді. Тобы : Trematoda Тек тармағы : Heterophyata Тұқымдасы : Opistorchidae Туысы : Opistorchis Түрі : O. felineus Мекен-жайы: Етқоректілердің, адамның өт жолдары және өт қалтасы.Даму циклы:Триксендік тоғышар, биогельминттер. Ақтық иесі-иттер,түлкі,көгілдір түлкі,бұлын,қара күзен,жабайы шошқа және адам.Аралық иесі-тұщы суда тіршілік ететін ұлулар Bithynia leachi Қосымша иесі-тұқы тектес балықтар,аққайран,таран,торта табан т.б Имаго етқореқтілердің бауырында жұмыртқа бөледі,онысы жетілген болып қалыптасады және нәжіспен сыртқы ортаға суға түседі. Жұмыртқаның ішінде мирацидий 8-14 күнде қалыптасып, жұмыртқа қабығынан босап, аралық иесінің денесіне түседі. Аралық иесінің денесінде спороциста, редиялар, церкарий 70-75 күнде дамиды,церкарий сыртқы ортаға шығады.Оны қосымша иелер ( тұқы тектес балықтар) жұтып алғанда олардың денесінде метацеркарий, яғни тоғышардың инвазиялық сатысы қалыптасады. Метацеркарийі бар балықтарды етқоректілер шикі , адам шала піскен кезде жеп қойғанда адамның денесінде (бауырда) опситорхтардың ересек сатысы –имаго қалыптасады.Даму циклына 4-4,5 ай керек. Клиникалық белгілеріайқын емес. Ит, мысықтың тәбеті нашарлайды,көзге ілінетін кілегей қабықтары сарғыштанады, қарын тұсы ісініп тұрады, іші қатып қалады немесе өтеді. Оң бүйіріндегі қабырғаларының аралықтарын саусақпен басып қалғанда жабығып, күйсізденген жануар оны ауырсынады.3.Гельминтокопрологиялық зерттеулер. Гельминтоовоскопия әдістері арқылы описторхозға диагноз қояды.Олар:1.Нәжіс жұғындысын қарау-бұл ең қарапайым тәсілдің бірі.Бір жануардан 2-3 сынама нәжіс езіндісін дайындап зеріттеген жөн.2.Шөгеру (тұндыру) әдісі.3.Демидовтың әдісі.Описторхтың жұмыртқасы сопақ, көлемі 0,026-0,030*0,1- 0,013мм ақ сары түсті ,сыртқы қабықшасы бір жақ ұшына қарай қалыңдалған.Ішінде қалыптасқан мирацидий бар. Өлекседегі өзгерістер . Бауырдың көлемі ұлғайып,қалыңдаған,өт жолдары айқын көрінеді,бұжырланып тұрады.Өт қалтасы үлкеиіп созылып кетеді. Ағзаны кескен кезде патоморфологиялық өзгерістер тек қана тоғышарлар жайғасқан жердің айналасында байқалады, ішінен құрттар іздестіріледі.Емі. Қолданылатын дәрілер:1.Гексихол-0,2г/кг мөлшерінде бір рет әр жануарға жекелей ет тартқыштан өткізілген етке қосып, 12 сағат аштықтан кейін береді.2.Дронцит-0,1г/кг мөлшерінде бір рет әр итке жекелей,туралған етке қосып немесе зонд арқылы береді.
35. Құстар простогонимозын балау, ветсан шаралары. Простогонимоз 1. Тауықтектестердің жұмыртқалау қабілетінің төмендеуімен және жұмыртқаның сыртқы әк қабығынсыз тууымен сипатталатын ауру. 2. Ауру қоздырушысы Prosthogonimus туыс өкілі жас құстарда фабрициев қалтасында, ал ересектерінде жұмыртқа жылжитын түтікшеде мекендейді. Қоздырушы P.ovatus алмұрттәрізді, құрсақ емізігі ауыз емізігінен 2 есе үлкен.3. Даму биологиясы. Құс саңғырығымен сыртқа түскен ұсақ жұмыртқаларында 8-14 күнде мирацидий дамиды. Олар аралық иесі - құрлық ұлуларының ішіне еніп, спороциста-редия-церкарий сатыларынан өтеді. Соңғысы сыртқа шығып инелік жұтқанда (қосымша иесі) 70 тәуліктен соң метацеркарийге айналады. Дефинитивтік иелері инеліктерді жегенде шалдығады. Гельминт личинкасы құс ішегі арқылы жұмыртқа түтігіне және әк өндіретін безге өтіп қабындырады және оның түзілуін тежейді.4. Эпизоотологиялық деректер. Ошақтық ауру. Инвазия көзі: ауру құс пен метацеркариймен залалданған инеліктер (50км қашықтыққа дейін ұшады). Инеліктің қыстап шыққан личинкалары су жиегінде көктемде жиналып құсқа жұғудан қауіп төндіреді. Ауру жаз басында тіркеледі. Простогонимоз Павлодар, Қостанай, Ақмола, Орал, Алматы облыстарында жиі тіркеледі. 5. Сыртқы белгілері. Құс күйзеледі, жүні реңсізденеді, айдары мен сырғасы бозарады, жұмыртқасы жұқа жұмсақ қабығымен сыртқа туады, клоакасы сыртқы шығып тұрады және қызарады.6. Диагноз қою індеттанулық деректерін ескере, сыртқы белгілеріне назар аудару арқылы және клоаканы қарау, саңғырықты зерттеу амалдарымен іске асырылады. Жұмыртқа жылжитын түтікшесі қызарған және іріңді-фибринозды қабынған.7. Емдеу үшін альбазен 2,5% және 10% суспензияларын 0,05мл/1кг бір рет, альвет 50мг/кг 2 күн қатарынан 24 сағат сайын, альбен 50мг/кг 2 күн бойы қолданылады.8. Профилактикалау. Құс балапандарын бөлек асырау және дегельминтизациялау.
36. Күйістілер парамфистоматозының тірі кезіндегі және сойғаннан кейінгі балау әдістері. Ірі қара мал,қой,ешкі,өркешті сиыр, енеке бұғы, бұлан және басқа көптеген күйісті жануарлардың сорғыш құрт парамфистомалар қоздыратын, асқорыту жүйесінің бұзылуымен, қатты арықтаумен сипатталатын ішқұрт инвазиясы. Дерт жіті және созылмалы түрде өтеді. Топама: Plathelminthes Тап: Trematoda Тек тармағы: Paramphistomata Парамфистоматоз ауруының қоздырғыштары ретінде 80-ге жуық парамфистоматалар белгілі. Бұрынғы Одақта олардың сегізі, Қазақстанда үшеуі кездеседі. Республикамызда тіркелетін түрлері: liorchis scotiae, paramphistomum ichikawai,Gastrotilax cruminefer. Лиорхтар мен парамфистомалар бір-біріне өте ұқсас келеді. Олардың денесі жұмырлау, шамалы қызыл түсті, иілген үшбұрыш (конус) тәрізді. Ұзындығы 2-13мм. Шамасында. Аыз сорғышы жоқ. Құрттың алдыңғы үшкір бөлігінде аузы, оған жалғас доп-домалақ бұлшық етті жұтқыншағы және таяу жерде жыныс иүшесі-клоака орналасқан. Дамыған дөңгелек құрсақ сорғышы дененің артқы жағына тақау шетіне орналасқан.
Гастротилякстардың сыртқы құрылысының ерекше белгілері бар. Ол үш қырлы конус тәріздес келеді, түсі қызыл-қоңыр, жыныс камерасын жасыратын “астыңғы қуыс” деп аталатын жұқа қалташасы бар. Имаго- ақтық иесінде Жұмыртқа – сыртқы ортада Мирацидий – бұл балаң сатысы, ол 1-2күнде жұмыртқаның ішінде қалыптасады Спороциста – аралық иесінің денесінде- ұлуларда Planorbidae тұқымдасынан 1,5-3 айда қалыптасады Редий Спороциста Адолескарий – ол сыртқы ортада орналасады, малдың ас қорыту жүйесіне түседі
Парамфистоматоз жіті және созылмалы түрде өтеді. Жіті түрімен 1-2 жасқа дейінгі төл ауырады. Ауруға шалдыққан бұзау, қозы, лақтардың күйі күрт төмендейді. Дел-сал болып жабырқайды. Азыққа зауқы бллмайды. Дене қызуы көтерілуі мүмкін. Жануар көбінесе жатып қалады, ұдайы іші өтеді. Малдың қиына жабысқақ кілегейлі шырыш пен қан араласады, олардың іші қабысып, құйрығы мен сандары сұйық нәжіспен былғанады. Ауыз, танау және көздің кілегей қабықтары бозарып, түссізденеді. Жануардың қабақтары, алқымы, омырауы, аяқ буындары ісініп кетеді. Қанындағы қызыл түйіршіктер кемиді, ал, ақ түйіршіктерінен нейтрофил лейкоциттері көбейедіДерттің созылмалы түрі ересек құрттардың әсерінен туады. Бірақ, клиникалық белгілері аса айқындалмайды. Мал сап-сау болып көрінеді. Көзге шалынатын ауыз бен танаудың кілегей қабықтары бозғылт келеді. Денесінің кейбір тұстарында ісік пайда болады. Түлік тышқақтайды немесе оның іші қатады, болмаса осы аталғандардың бірде-бірі орын алмайды. Біртіндеп майынан арылып, жүдеп, көтеремге айналады. Өлім-жітімге бұзау мен қозы, тоқтылар ұшырайды. Ішқұрт аурудың жіті түрін дәлелдеу үшін Никитин ұсынған әдісті қолдануға болады. Ол үшін іші тыйылмай жүрген күйіс малының сұйық нәжісін сумен бірнеше дүркін шәйіп-төгу арқылы тексереді. Тұнба тазарған кезде оның ішінен тым ұсақ, 1-2 мм мөлшерінде жетілмеген сорғыштарды табуға болады. Гельминтоздың созылмалы түрінде диагноз қою үшін өздеріне белгілі тәсілдерді пайдалануға болады. Ол жоғарыда да айтып өткен тәсілдер:Шөгеру әдісі. Демидовтың әдісі. Вишняускастың әдісі
37. Ірі қара цистицеркозының қоздырушысының құрылысы және даму айналымы. Сойғаннан кейінгі балау. . Қоздырушысы -жынысы жетілген сатысын -Taeniarhynchus saginatus (өгіз таспасы деп атайды. Мұның ұзындығы 3-10м,басы домалақ, аумағы 1-2мл, сколексі ұқарусызмойны жіңішке, дене стробиласы 2000-ға жуық буылтықтардан тұрады. Циста көпіршігінің аты Cycticercus bovis . Цистицеркті кейде финна деп атайды, оның көлемі ұзақ тары, күріш,бидай дәндеріндейнемесе бқршақтай ғкөпіршік іші сұйыққа толыал ішкі қабықшасына 4 сорғышы бар балаңқұрт жабысып тұрады. Құрт бунақтары адам нәжісімен бірге сыртқа шыққан соң, ондағы жқмыртқалар өсімдікке, жемге суға енеді,жайылымдар ластанады. Ал ірі қара оларды шөп немесе су арқылы жұтып зақымданады. Денеге енген жұмыртқалар онкосферасы мал ішегінің ішкі қабығын тесіп өтіп, қан тамырларына түседі, қан арқылы бқлшық еттер аралығына барып жайғасады. Онда олар 3-6айға жұқпалы цистицерк бүршігіне айналып,тіпті шала пісірілген ,қуырылған етте тіршілігін сақтайды. Адамға гельминтоз осындай еттер арқылы жұғады. Өлекседегі өзгерістер.Цистицеркоздан өлген мал денесінің көптеген жерін нүкте тәрізді қанталаулар байқалады. Мұндай өзгеріс,әсіресе жүректе байқалады.құрсақ қуысында қан араласқан сарысу жиналады.бұлшық ет аралығында, тілден, жүректен цистицерк табылады. Емі. Әлі күнге дейін жолға қойылмаған.
38. Шошқа цистицеркозының құрылысы және даму айналымы. Сойғаннан кейінгі балау. Шошқа цистицеркозы (шошқа финнозы) Cysticercus cellulosae шошқаның тіл, жүрек, жақ (массетор) пен мойын бұлшық еттерінде мекендеуінен туындаған ауру. Целлюлозды цистицеркоз-ның имагосы - Taenia solium 4м-дей, сколексі қарулы, личинкасы - Cysticercus cellulosae бұршақтәрізді, реңді көпіршік.Қоздырушысы – дефинитивтік иесі – адам (ащы ішегінде), аралық иесі ірі қара мал, шошқа. 3 Даму биологиясы. Адам нәжісімен түскен жетілген бунақтары сыртқы ортаны ластайды. Аралық иелері ластанған азықты жегенде жұқтырып, онкосфера қанмен бұлшық етке (кейде өкпе, бауыр, ми, жұлынға) енгенде 6 ай шамасында цистицеркке айналады. Бұлшық етте 1-1,5 жыл тіршілік етеді.Эпизоотологиялық деректер. Қоздырушылар екі иелі паразиттер. Ірі қара мал мен шошқа өздеріне тән қоздырушыларға бейім келеді. Әдетте 2 жасқа дейінгі мал жиі дерттенеді. Адам көбінесе шала піскен ет, бастурма, шницель, кәуәп (шашлык) жегенде шалдығады.Клиникалық белгілері. Бейім малда субклиникалық (өшкін) түрде дамиды. Цистицерк саны шамадан тыс көп болғанда: жүрек соғуы және тыныс алуы жиілейді, бұлшық еттері ауырсынады, денесі дірілдейді.Ауру адамда: кілегей қабаты бозарады, әлсізденеді, жылдам шаршайды, тершең және ашқарақ болады.Диагностикалау: адамдардың нәжісі (ауру ошақтарында) үнемі зерттелінеді, ал ет сату орындарында ірі қара мен шошқа ұшалары міндетті зерттеулерден өтуі тиісті.Емдеу: А.С.Бессонов(1980г) ұзақ уақыт панакур 0,05г/кг ӘБЗ бойынша, дронцит 0,01г/кг ӘБЗ екі күн қатарынан жемге қосып беруді ұсынады. Профилактикалау: рұқсатсыз малды сойдырмау, мал өнімін өңдеуші мекемелерде медбайқаусыз жұмысшыларды жұмысқа қабылдамау, ірі қара мен шошқаны байлауда немесе қораларда ұстау. Сойыс малдарын нақтылы есепке алу. Мал фермаларында адамдарға арналған дәретханаларды ұйымдастыру. Ауру жөнінде насихат жұмыстарын жүргізу.