Көмірсулар алмасуының соңғы өнімдері.Олар қандай реакциялар нәтижесінде түзілетінің жазыныз.Бөлінуі
Көмірсу алмасуының соңғы өнімі СО2 жане Н2О.Олардың қолдану жолдары.Керек мөлшерін мочевинаның ,көмір қышқылының синтезіне жане буферлі жүйелер түзуге қолданамыз.Ал,енді керек емес мөлшерін сыртқа шығарамыз немесе бөлінді су терлеу арқылы жане зәр арқылы,ал көмірқышқыл газы көбінесе өкпе арқылы сыртқа шығарылады.Көмірсу алмасуында бауырдың атқаратын қызметі.Бауыр глюконеогенез,гликогенолиз процестері жүреді.Бауыр осы процестерге байланысты қанның құрамындағы глюкозаның қалыпты мөлшерін тұрақты етіп ұстап тұрады.Қанның құрамында глюкозаның қалыпты мөлшері 3,4-5,6 ммоль/л.
Тағам липидтері,биологиялық маңызы,ас-қорыту жолдарындағы олардың қорытылуы мен сіңірілуі.Мицелланың құрамы мен ролі.
Липидтер( майлар)-тағамның негізгі компонеттерінің бірі болып табылады.Тәліктік қажеттілігі 50-100г. Дұрыс рационалды тамақтану кезінде майлар белоктармен жане көмірсулармен белгілі бір қатынаста түсуі қажет(1:1:4).Тағамда липидтердің болуы мен әртүрлілігі пайдаланылатын тағам түріне байланысты болады.Адамдар көбінесе тағамға өсімдік және жануар тектес үшацилглицериндерді пайдаланады,олар бір-бірінен май қышқылдарының құрамымен ерекшеленеді.Тағамдық жағынан сұйық майлардың ерекше маңызы бар,олардың молекуласында қанықпаған май қышқылдары болады.Адам ағзасына жануар тектес тағамдармен (ет,сүт,май) тек үшацилглицериндер ғана емес,сонымен қатар липоидтар жане стеридтерде түседі.Мысалы,жұмыртқаның сары уызында лецитинмен қатар фосфолипидтер де көп мөлшерде кездеседі.Тағамның барлық липидтері адам ағзасына жақсы қорытылады жане сіңірледі.Әсіресе сұйық,жеңіл балқитын майлар жане фосфолипидтерге бай липидтер оңай түрде қорытылады.Майлардың қорытылуы үшін міндетті шарт-олардың эмульгирленуі.Липидтер қорытылуы үшін липидтерді гидролиздейтін липолитикалық ферменттердің болуы жане олардың каталитикалық әсеріне ортаның оптимальды рН болуы қажет.Ересек адамда майдың қорытылуы 12елі ішекте басталады,ол жерге өт ,ұйқы безінің сөлі және ішектің сөлі бөлінеді.
Липидтердің қорытылу өнімдерінің сіңірілуі энергияға тәуелді белсенді процесс,бірақ сонымен қатар оның өзіндік ерекшеліктері бар.Мысалы,көміртегілік атомының саны10-12дейін болатын май қышқылдарының сіңірілуі жай диффузия жолымен іске асады.Көміртегілік атом саны 14 жане одан да көп болатын ұзынтізбекті май қышқылдары,сонымен қатар холестерин холиенді комплекс түзе отырып,өт қышқылдарының көмегімен сіңіріледі.Ішек қабырғасының ішінде холеинді комплекс ыдырайды,ал өт қышқылдары қан ағынымен ішектен бауырға жеткізіледі де,қайтадан өттің өттің құрамына бөлінеді.Суда жақсы еритін қосылыстар ретінде глицерин,фосфор қышқылы ,липидтердің азоты компоненттері ішек қабырғасына жеңіл сіңіріледі.Липидтер қорытылуының бұзылыстары панкреатикалық сөлде липолитикалық ферменттердің жетіспеушілігінен немесе ішекке ұйқы безі сөлінің бөлінуі бұзылу салдарынан болады.
Холестерин биосинтезі,мевалон қышқылы түзілуіне дейінгі реакцияларды көрсетіңіз ,осы этап жайлы туралы түсінік.Холестериннің алмасуында липопро теидтердің ролі.
Жалпы алғанда барлық тканьдерінде шамамен 140г.холестерин болады.Қанда холестерин жане оның эфирлерінің концентрациясы 3,9-6,5 ммоль/л.Әсіресе жүйке ткані жане бүйрек үсті бездері холестеринге бай.Тканьдерде холестерин бос түрде және май қышқылдарымен этерифицирленген холестеридтер түрінде болады.
Ағзадағы холестериннің деңгейі тағаммен түсетін холестеринмен немесе оның ағзада ситезделуімен қамтамасыз етіледі. Өсімдік тектес тағаммен тамақтанған жағдайда,холестерин денгейінің сақталу механизмі –оның ситезі болып табылады.Холестериннің синтезі үшін қажетті ферменттер жетілген эритроциттерден басқа клеткалардың барлығында бар.Адам ағзасында бір тәлікте ситезделетін холестериннің жалпы мөлшері 1 грамға жетеді.Холестериннің көп бөлігі
( 80%)бауырда,10%-ы жіңішке ішекте,5%-тері клеткаларында
Ситезделеді .
Холестериннің ситезі үшін ең басты зат-ацетил-КоА болып табылады жане - β -гидроксил-Вметилглутарил-КоА түзілуі кезеңіне децін холестериннің синтезі кетон денелерінің синтезі сиқты өтеді
Ары қарай редуктазаның әсерінен тотықсызданған НАДФ-тың (НАДФН2) қатысуымен β -гидрокси- β -метилглутарил-КоА ( ГМГ-КоА) мевалон қышқылына (С6)айналады,одан бірнеше айналымнан кейін диметилаллилпирофосфат молекуласы (С5 )түзіледі.
Ары қарай диметилаллилипирофосфаттың молекуласынан геранилпирофосфат С5 түзіледі. Геранилпирофосфат С15 түзіледі.Фарнезилпирофосфаттың 2 молекуласынан бірнеше реакциялардан кейін НАДФН2-нің қатысуымен сквален С30,ары қарай ланостерин,соңынан холестерин С27 синтезделеді.Холестерин синтезінің жылдамдығы теріс кері байланыс механизмы бойынша реттеледі.Реттеудің негізгі заты –мевалон қышқылын синтездейтін –ГМГ-КоА –редуктаза ферменті болып табылады.
22.Өттің химиясы.Жұп өт қышқылдарының жане өт пигменттерінң құрылысы.Липидттер алмасуындағы өт қышқылдарының ролі(Қорытылуы, сіңірілуі)
Ересек адамда майлардың қорытылуы 12елі ішекте басталады,ол жеоге өт,ұйқы безінің сөлі жане ішектің сөлі бөлінеді.Осы жерде липолиз үшін барлық жағдай бар.Өттің құрамында өт қышқылдары(холь,дезооксихоль,хенодезоксихоль қышқылдары) болады,олар тауринмен немесе гликолмен пептидті байланыс арқылы коньюгацияланады.Жұп өт қышқылдарының
(гликохоль,таурохоль,тауродезоксихоль жане т.б)амфифильдік қасиеттері бар,сондықтан майлардың эмульгирлленуін тудырады.Майлардың эмульгерленуі фазалардың бөлінуі қабатын арттырады жане ұйқы безінің немесе ішектің липазаларының липидтерді гидролиздеуі үшін қажетті жағдайды тудырады.
Өт қышқылдары липолитикалық ферменттердің активаторлары болып табылады,олар жоғары май қышқылдары мен холестериннің тасмалдануын қамтамасыз етеді де олардың ішектің қабырғасына сіңірлуіне әсер етеді.Липидтердің сіңірілуі-Глицерин ,қысқа көмірсутек тізбегінен тұратын БМҚ,азотты негіздері суда жақсы ериді,сондықтан ішектің кілегей қабатынан диффузия әдісімен жеңіл сіңіріледі.БМҚ көмірсутек тізбектері 10-нан көп болса,МАГ ХС-дер жане өт қышқылдары сулы ортада тұрақты мицелла түзеді,оның диаметірі 0.005 мкм болып табылады.Суда ерімейтін БМҚ ,МАГ,ХС қосылыстар мицелланың ішкі қабатында орналасқан ал екі жақта ерігіштік қасиеттер бар,өт қышқылдарымен ФЛ-тер сыртқы қабатында орналасқан.