Су және катиондар алмасу. Протеогликандар мен гликозамингликандардың су мен катиондар алмасуында ролі.
Басқа тканьдерден дәнекер тканінің ерекшелігі – клеткалар арасында үлкен аралықтардың ж/е соған сәйкес клеткааралық заттың көп мөлшерде болуы. Дәнекер тканінің клеткааралық матриксінің негізгі қызметі – клеткалардың прорелиферациясымен диференцеровкасына ж/е тканьдер каркасын құруға мүшелердің формасын түзуге ж/е сақтауға қатысу.
Протеогликандар мен гликозамингликандардың су мен катиондар алмасуында ролі.
Дәнекер ткані глюкозамингликандарына гиалурон, хондроитинсульфаттар, дерматансульфаттар, кератансульфаттар ж/е гепарин жатады.
Жай глюкозамингюкандар О – гликозитті байланыс арқылы белок молекуласының серинді қалдығына ковалентті қосылады да, протеогликандар молекуласын тузеді.
Гликозаминагликандардың бірдей зарядталған сульфатты тізбектері бір бірінен тебілуі салдарынан протеогликандар сулы ортада тарқалған ж/е жақсы гидратталған.
Әр түрлі протеогликандар глюкозамингликандардың жиынтығымен, молекула көлемімен ж/е белоктық құрамымен ерекшеленеді.
11.Қартаю коллагеноз кезінде дәнекер тканінің өзгеруі,жарақаттың жазылуы. Жасы улғайган сайындәнекер тканінде глюкозамингликандардың, протеогликандардың және гликопротеидтердің сандық мөлшері, сапалық қурамы өзгерістерге ұщырайды. Теріде гиалурон қышқылының мөлшері төмендейді.А итпті хондро-итин-сульфаттардың орнына В типті хондроитин сульфаттар және кератансульфаттар пайда болады, коллагенді фибриллалардың мөлшері артады. Артериялар қабырғасында коллаген 3 коллаген1 ге ауысады. Коллаген 1 әсіресе атеросклеротикалық түйіндердің қалыптасқан жерінде өте көп жинақталады.Жас ұлғайған сайын сүйектерде коллаген 1-дің орнына коллаген 3 жинақталады,ол сүйектердің сынғыштығының артуына әкеледі.Сол сияқты,гиалурон қышқылы мен хондроитинкүкірт қышқылының қатынасы өзгереді,бұл клеткааралық заттың өткізгіштігінің бұзылуына әкеледі де атеросклероз дамуының алғы шарты болып табылады.Сонымен қатар,коллагеннің физико-химиялық қасиеттері де өзгереді;ісінуге қабілеті және эластикасы төмендейді.Коллагеннің коллагеназа әсеріне тұрақтылығы да төмендейді.Дәнекер ткані құрылымының өзгеруі,коллагеннің синтезі және басқа да алмасу процестерінің бұзылуымен байланысты болатын аурулар тобын- коллагеноздар деп атайды.Коллагеноздарға ревматизм, склеродермия,дерматомиозит және т.б кең тараған аурулар жатады.Коллаген синтезінің бұзылуымен байланысты болатын тұқымқуалаушылық паталогиялар да белгілі.Мысалы,Элерс-Данлос синдромында буындардың деформациясы мен омыртқаның қисаюы орын алады.Бұл аурудың бір түрі проколлагенпептидазаның жетіспеушілігімен,ал екіншісі-коллаген 3 синтезінің жетіспеушілігімен байланысты.Тұқым қуалайтын сүйектердің әлсіздігі сүйекте коллаген 1-мен қатар коллаген 3-тің болуына байланысты.
12.Саркоплазмалық белоктар;миоглобин,оның құрылысы және функциясы.Миоглобин бір полипептидтік тізбектен тұратын жай белок.153 аминқышқылының қалдықтарынан және простетикалық топ -1 гемнен тұрады..Гемі гемоглобиннің геміндей,молекулалық массасы 17000 Д. Құрамында миоглобині бар бұлшықеттер қызыл түсті болады,ал миоглобині жоқ қаңқа бұлшықеттері ақ түсті болады,қызыл бұлшықеттер ұзақ жұмысқа төзімді келеді.Ұзақ уақыт бойы жиырылу қабілеті бар бұлшық еттер миоглобинде оттегіні қорға жинай алады.Миоглобин оттегіні тасымалдай алмайды,бірақ оттегімен оксигемоглобин комплексін түзе отыра оттегіні қорға жинауға қатысады.Оттегілік ашығу жағдайында ,мысалы ұзақ дене жұмысы кезінде,оттегі бөлінеді және бұлшықеттердің митохондрияларында АТФ –тың тотығып синтездеуіне пайдаланылады.Миоглобинмен байланысатын оттегінің мөлшері ортадағы оттегінін консентрациясына,яғни оттегінің парциальды қысымына байланысты. Миоглобин үшін оттегінің адсорьциясы изотермасы гипербола түрінде болады.Оттегінің парциальды қысымы 20мм.сын.бағ. кезінде миоглобиннің қанығуы өте жоғары болады,сондықтан ол гемоглобин сияқты оттегіні тасымалдау үшін пайдаланылмайды.Ауыр дене жұмысы кезінде,бүлшық еттерде оттегінің парциальды қысымы 5мм. Сын. Бағ. Дейін төмендегенде,миоглобин оттегіні митохондриялардың цитохромоксидазасына оңай бередіде, биологиялық тотығу және тотығып фосфорильдену процестерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Миоглобин цитоплазманың митохондрияға жақын жерінде ерімейтін,ол гемоглобиннен оттегін тыныс алу ферменттеріне тасымалдайды.Миоглобин гемоглобинге қарағанда оттегімен жақсы байланысады.Сондықтанда суда жүретін жануарлардың бұлшық етінде миоглобин көп.Миоглобин қандағы оксигемоглобинмен әрекеттесіп, оксимиоглобин түзеді. HbO2 +Mgb-»MgbO2+Hb
Шыныққан адамдардың бұлшықетінде оксимиоглобиннің мөлшері көп.Оксимиоглобин ыдырағанда онымен байланысқан оттегі бөлініп шығады
MgbO2-»Mgb+O2