Тақырыбы: «ДНҚ репарациясы» тақырыбы бойынша кеңес

7.2. Мақсаты: студенттерде ДНҚ құрылымы мен қызметі бұзылуларының молекулалық негіздері және олардың қалпына келу механизмдері туралы білімін қалыптастыру.

7.3. Оқытудың міндеттері:

- ДНҚ молекуласының зақымдалу типтерін және олардың қалпына келу механизмдерін оқып үйрену;

- ДНҚ молекуласының қалыпты құрылымы мен қызметнің қалпына келу механизмдері мен типтерін оқып үйрену;

- ағзаның антимутациялық қорғаныш механизмдерінің типтері мен деңгейлерін оқып үйрену;

- тұқым қуалайтын аурулардың пайда болуындағы ДНҚ репарация үрдісінің бұзылуының рөлін оқып үйрену.

7.4. Өткізілу түрі: топпен жұмыс істеу, әңгімелесу, тақырып бойынша видеороликтер көру.

7.5. Тақырып бойынша тапсырмалар:

7.5.1. ДНҚ молекуласының жарықтық репарациясының маңызын түсіндіру және сызбасын сызу.

7.5.2. ДНҚ молекуласының қараңғылық репарациясының маңызын түсіндіру және сызбасын сызу.

7.5.3. ДНҚ молекуласының репликациядан кейінгі репарациясының маңызын түсіндіру және

сызбасын сызу.

7.5.6. Ситуциалық есептерді шығару.

1. Ата-аналары сау жанұяда пигментті ксеродермамен бала дүниеге келді. Даму барысында балада белгілер қалыптасты ----------, ---------, ---------.

- Тұқым қуалау типін және баланың генотипін анықтау.

- Аурудың ары қарай дамуын тоқтатуға болады ма?

7.5.7.Кесте толтыру:

Репарация типтері Тән ерекшеліктер
Фотореактивация  
Эксцизиялық  
Пострепликативті  
мисс -мэтч репарация  
SOS-репарация  

7.6. Үлестірілетін материалдар:жоқ.

7.7. Әдебиеттер:

Негізгі:

7.7.1. Генетика. Под ред. Иванова В.И. М.: Академкнига, 2006. с. 164-173, 219-267.

7.7.2.Қуандықов Е.Ө., Нұралиева Ұ.Ә. Жалпы және медициналық генетика негіздері (дәрістер жинағы). Алматы: Эверо, 2009. б. 82-98.

7.7.3.Мушкамбаров Н.Н., Кузнецов С.Л. Молекулярная биология. М.,2003. с. 78-82.

7.7.4.Аманжолова Л.Е. Жалпы және медициналық генетиканың биологиялық негіздері. Алматы, 2006. б.141-153.

7.7.5.Қазымбет П.Қ., Аманжолова Л.Е., Нұртаева Қ.С. Медициналық биология. А., 2002. б. 134-144.

7.7.6.Қуандықов Е.Ө., Әбілаев С.А.Медициналық биология және генетика. Алматы, 2006. б. 77-86.

7.7.7. Медициналық биология және генетика. Е.Ө. Қуандықовтың ред. Алматы, 2004. б. 114-126.

7.7.8. Қуандықов Е.Ө., Нұралиева Ұ.Ә. Негізгі молекулалық - генетикалық терминдердің орысша-қазақша сөздігі. Алматы: Эверо, 2012. 112 б.

Қосымша:

7.7.9.Медицинская генетика: учеб. пособие/ Роберт Л.Ньюссбаум, Родерик Р, Мак-Иннес, Хантингтон Ф. Виллард: пер. с англ. А. Ш. Латыпова; под ред. Н. П. Бочкова.- М.: ГЭОТАР-Медиа, 2010.

7.8. Бақылау:

7.8.1. Бақылау сұрақтары:

7.8.1.1. Репарация, себептері, типтері.

7.8.1.2. ДНҚ-ның жарықтық репарациясы дегеніміз не?

7.8.1.3. ДНҚ-ның қараңғылық репарациясы дегеніміз не?

7.8.1.4. SOS – репарациясының ерекшелігі неде?

7.8.1.5. ДНҚ реперациясы үрдісі бұзылуының тұқым қуалайтын аурулардың дамуындағы рөлі қандай?

Үш тілдегі түсіндірме сөздер:

Қазақ тілінде Орыс тілінде Ағылшын тілінде
Мутация– генетикалық материалдың тұрақты өзгерісі Мутация - стойкое изменение генетического материала Mutation– persistent change of genetic material
Мутагендік фактор – мутацияны тудыратын факторлар. Табиғи және жасанды мутагендік факторлар деп ажыратылады Мутагенный фактор - фактор, вызывающий мутацию. Различают естественные (природные) и искусственные (вызванные человеком) мутагенные факторы Mutagenic factors – factors causing mutation. Distinguish natural and artificial (human-induced) mutagenic factors
Гендік мутация –геннің құрылысы мен қызметінің өзгеруімен сипатталатын мутация Генные мутации –мутации, характеризующиеся изменением структуры и функции гена Gene mutations –mutations characterising by change of structure and function of gene
Репарация — жасушаның ДНҚ молекуласындағы зақымданулармен үзілулерді қайта қалпына келтіруге қаблеттілігі Репарация — способность клетки исправлять повреждения и разрывы в молекулах ДНК Reparation – the ability of cells to correct damages and breaks in DNA molecules  
Эксцизиялық репарация - ДНҚ–ғы зақымдалған азотты негіздердің алынып тасталуы және ДНҚ молекуланың қайта бастапқы қалпына келуімен сипатталады Эксцизионная репарация –характеризующаясяудалением повреждённых азотистых оснований из ДНК и последующим восстановлением нормальной структуры молекулы ДНК Exisional reparation - reparation chacterising by removing of damaged nucleotides of DNA with subsequent restoration of the normal structure of the molecule of DNA
Пострепликативті репарация – репликациядан кейін анықталынған зақымдалған ДНҚ қайта қалпына келуі Пострепликативная репарация – восстановление повреждений ДНК, обнаруживаемых после ее репликации Postreplicative reparation – reparation of damages of DNA revealed after replication
SOS-репарация - ДНҚмолекуласының көп зақымдануында ғана іске қосылады SOS-репарация –репарация, имеющая место в случае многочисленных повреждений ДНК SOS-reparation – reparation taking place in case of numerous of damages of DNA

Құрастырушы: оқыт. Ә.Қ.Қыдырбаева

7-сабақ (СОЖӨЖ)

Наши рекомендации