Фтизиатор кансультациясы. 29.09.2016ж.
Аnamnesis morbi
Науқас өзін 2016 жылдың 25.09. бастап аурумын деп санайды. Науқас өзінің ауруын суықтап қалуымен байланыстырады. Суық тигеннен кейін шырышты қақырықты жөтел басталып, температурасы 38с дейін көтеріліп, жөтел, ентігу, қалтырау, кеуде қуысында ауырсыну пайда болған. 28.09.2016ж Ентігудің күшеюіне байланысты, жедел жәрдем шақырған.
Жедел жәрдем көмегімен ЖДБ Клиникалық ауруханасының терапия бөліміне келіп түскен.
Anamnesis vitae
Науқас 1941жылы Түркістан қаласында дүниеге келген. Жанұясында 6 баланың ішінде үлкені. Дамып жетілуі жасына сай, ақыл ой және физикалық дамуы жағынан өз қатарынан қалмаған. 10 жылдық мектепті бітірген.Орта педегогикалық колледжді бітірген.Етеккірі 13 жастан бастап тұрақты келеді. Еңбек және тұрмыстық жағдайы қанағаттанарлық.Үйленген баласы жоқ. Тамақтануы толық, ретті, үйлесімді.
Тұқымқуалаушылық аурулары жоқ.
Басынан өткізген аурулары: Артериялық гипертензиямен Д учетта 15 жылдан бері тұрады.Туберкулез, тері-венерологиялық аурулары, гепатит, Боткин ауруымен ауырмаған.
Зиянды әдеттері: темекі тартпайды, мерекелерде алкогольді аздап қолданады.
Аллергиялық анамнезі: жоққа шығарады.
Status praesens
. Есі анық, төсектегі қалпы орташа Науқастың жалпы жағдайы орташа ауырлық дәрежеде.
Дене бітімі - нормастениялық.
Бойы 165 см. Салмағы 55 кг.
Тері жамылғысының түсі қалыпты, таза, ылғалды, жылы, ісіктер жоқ. Тургоры аздап төмендеген. Шел май қабаты біркелкі әлсіз дамыған. Шел майы 1,0 см.
Лимфа түйіндері пальпацияланбайды.
Бұлшықет жүйесі қалыпты дамыған, күші сақталған.
Сүйек-буын жүйесі соғуда ауырсынусыз, деформациясыз, буындарының қозғалыс аймағы шектелмеген.
Тыныс-алу жүйесі.
Тыныс алуы аралас қиындаған, жиі. Кеуде клеткасы дұрыс пішінді. Тыныс алу жиілігі минутына 24рет. Пальпацияда кеуде клеткасының серпімділігі өзгеріссіз. Дауыс дірілі күшейген. Салыстырмалы перкуссияда екі өкпеде де перкуторлық дыбыс қысқарған.
Өкпенің топографиялық перкуссиясы.
Өкпенің жоғарғы ұшы:
Оң жақ | сол жақ | |
Алдынан | Бұғанадан 3 см жоғары | Бұғанадан 4 см жоғары |
Артынан | VII мойын омыртқасы деңгейінде 3,5 см сыртқа | VII мойын омыртқасы деңгейінде 3,5 см сыртқа |
Крениг алаңы | 5 см | 4 см |
Өкпенің төменгі шекарасы
Топографиялық сызықтар | Оң жақ | Сол жақ |
L.parasternalis L.mediaclavicularis L.axilaris anterior L.axilaris media L.axilaris posterior L.scapularis L.paravetrtebralis | C v қабырға С v қабырға С vi қабырға Осы аралықта - дыбыс - C ix қабырға Th ix – омыртқа қырлы өсіндісі | - - - перкуторлы қысқарған C ix қабырға Th ix – омыртқа қырлы өсіндісі |
Өкпе жылжымалылығы
сызықтар | оң жақ | сол жақ |
L.mediaclavicularis L.axilaris media L.scapularis | 3 см 4 см 3 см | 3 см 4 см 3 см |
Аускультациядавезикулярлы тыныстың әлсіреуі, екі өкпенің төменгі ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі.
Жүрек тамыр жүйесі.
Жүрек тамыр жүйесіне шағымы жоқ. Жүрек аймағын көзбен қарауда өзгеріссіз, мойын веналарының пульсациясы байқалмайды.
Пальпациялаудажүрек түрткісі 5-шы қабырға аралығында L.mediaclavicularis sinistra сызығы бойында 1,0 см солға қарай анықталады. Ырғағы дұрыс, күші толық ені 1,5 см, биіктігі орташа.
Перкуссия.
Салыстырмалы жүрек тұйықтығының шекарасы.
Оң | IV-ші қабырғааралықта оң жақ қырынан 1 см сыртқары; |
Жоғарғы | L.parasternalis sinistra сызығымен III-ші қабырғааралықта; |
Сол | L.mediaclavicularis sinistra сызығы бойынша 5-шы қабырғааралықтан 1см сыртқа ығысқан |
Абсалютті жүрек тұйықтығының шекарасы.
Оң | IV-ші қабырғааралықта төстіктің сол жақ қыры; |
Жоғарғы | L.parasternalis sinistra сызығымен IV-ші қабырғаның төменгі қыры; |
Сол | L.parasternalis sinistra сызығымен V-ші қабырғааралықта 1см сыртқа ығысқан |
Тамыр шоғыры ені 6 см, биіктігі II-ші қабырға деңгейінде;
Жүректің көлденең ені 13 см.
Жүрек конфигурациясы өзгермеген.
Аускультациядажүрек тондары қалыпты, ырғағы дұрыс, шуыл естілмейді. Аортада 2 тоннын акценті естіледі.
Пульс екі қолда бірдей ырғақты, күші және толуы қалыпты , 95 рет минутына. Паталогиялық пульсация байқалмайды. Жүректің жиырылу жиілігі минутына 80 рет. Артериялық қысымы екі қолда да бірдей 140 да 90 мм.с.б.
Асқорыту жүйесін тексеру.
Жұтыну актісі бұзылмаған. Тәбеті сақталған. Ауыз қуысының шырышты қабаты таза, тілі ашық қызыл, беткейінде ақ жамылғы байқалады, ылғалды. Іші қалыпты формада, тыныс алуға симметриялы қатысады.
Іштің беткей болжамалы пальпациясында жұмсақ, ауырынусыз.
Іштің терең сырғымалы топографиялық, методикалық Образцов-Стражеско әдісі бойынша пальпацияда: сол жақ мықын аймағында 25 см ұзындықта, цилиндр тәріздес, ені 2 см, тығыз серпімді консистенциялы, жұмсақ беткеймен, қозғалғыштығы 4-5 см, ауырсынусыз, шұрылдар байқалмайтын сигма тәрізді ішек анықталады; оң жақ мықын аймағында ауырсынусыз жұмсақ беткейлі, тығыз консистенциялы, ені 2 см, 1 см-ге дейін қозғалғыш, әлсіз шұрылы бар соқыр ішек анықталады;
Іштің оң және сол жақ фланкілерінде тоқ ішектің өрлеме және төмендегі бөлімдері ауырсынусыз, ені 3 см-дей, тегіс беткейлі тығыз, шұрылы бар 2-3 см-дей қозғалғыштық дәрежесінде анықталады;
Кіндік деңгейінде көлденең орналасқан, әлсіз тығыз консистенциялы, ені 3 см-дей, ауырсынусыз, қозғалғыш, шұрылы жоқ, көлденең орналасқан тоқ ішек анықталады;
Кіндік тұсынан 3см жоғары асқазанның үлкен иіні валик тәріздес, жұмсақ, ауырсынусыз, қозғалмалы түрде анықталады;
Ұйқы безі пальпацияланбайды;
Бауырдың Курлов бойынша көлемі: 9х8х7 см.
Көкбауырдың Курлов бойынша көлемі: 8х5 см.
Нәжіс бөлуі қалыпты.
Зәр шығару жүйесі.
Бүйрек аймағы қарағанда өзгеріссіз, зәр шығаруы күніне 5 рет еркін, ауырсыну сезімі жоқ.
Бүйректер пальпацияланбайды.
Соғу симптомы екі жақтан да мәнсіз (-).
Қуық көлемі өзгермеген, пальпацияда ауырсынусыз.
Нейро-эндокринді жүйе.
Науқас есі анық, қойылған сұрақтарға уақытында анық жауап береді.
Ұйқысы қалыпты.
Қалқанша безі пальпацияланбайды.
Көру қабілеті мен есту қабілеті жасына сай өзгерген.
Науқас шағымдарына, анамнездік мәліметтерге, обьективті тексерулерге сүйене отырып, келесі симптомдарды, синдромдарды топтадым.
Синдромдар | Симптомдар |
| -пальпацияда кеуде клеткасы серпімділігінің төмендеуі. - екі жақ өкпенің төменгі бөлігінде дауыс дірілінің күшеюі. - перкуторлы дыбыстың екі жақ өкпенің төменгі бөліктерінде қысқаруы. - өкпенің аталған аймақтарында везикулярлы тыныстың әлсіреуі. - өкпенің аталған аймақтарында крепитацияның, ұсақ көпіршікті сырылдардың естілуі. - өкпенің аталған аймақтарында бронхофонияның күшеюі. - шағымдарында ақшыл түсті шырышты, көбінесе таңертеңгі уақытта түсетін қақырықты жөтел. - аурудың кенеттен басталуы. - дене қызуының 39-ға дейін жоғарылауы. - жалпы әлсіздікке. - жұмысқа қабілетінің төмендеуі. - терлегіштікке. - тәбетінің төмендеуі. - басының ауыруы. - қалтырауға. - ауырсынудың бірден пайда болуы. - жөтелгенде, дем алғанда күшейетін кеуденің шаншып ауруы. - тыныс алу жеткіліксіздігі минутына 26 рет. - беті, тері жамылғысы бозғылт түсті. - шамалы физикалық күш түскенде пайда болатын ентігу. -АД 140/80 -Синусты тахикардия 90 рет мин. |
Менің науқасымның жетекші синдромы - Өкпе тінінің тығыздалу синдромы.
Бұл синдром келесі ауруларда анықталады:
1.Өкпенің туберкулезі.
2.Өкпе инфарктісі.
3.Өкпенің қатерлі ісігі
Ажыратпалы диагноз
- Өкпенің туберкулезі.
Шағымдарынан:анықталмаған генездегі ұзақ субфебрелитит 37,6-37,9 с-қа
дейін, әлсіздік, дене салмағының төмендеуі, ұзақ уақыт жөтелу, үнемі тершеңдік, қан аралас қақырықтың түсуі және кеуде сарайындағы ауырсыну айқын емес, әдетте жауырын аралық аймағында төменгі бөліктің апикальді сегменті және жоғарғы бөліктің артқы сегментіне сәйкес анықталады. Ал менің науқасымның шағымдарында дене қызуы аз уақытта 39 с-қа дейін көтерілуі, тершеңдік тек қызуы жоғарылаған сәтте айқын болуы, қақырықтың шырышты болуы және қиын түсуі, кеуде сарайындағы ауырсынудың айқын, күшті болуы және кенеттен басталуымен сипатталады.
Анамнезіндегімәліметтер: Науқаста “өкпенің инфильтрациялы туберкулезі”
деген күмән тудыратын мәліметтер: науқас жанұясында туберкулездің анықталуы, бұрын кез-келген локализациядағы туберкулезбен ауруы.
Ал менің науқасымның анамнезінде мұндай мәліметтер жоқ: инфильтрациялы туберкулезде ауру біртіндеп, кейде мүлдем байқалмай басталмауы мүмкін, ал жоғарыдағы науқаста ауру кенеттен басталады.
Басынан өткен аурулары жайындағы мәліметтерден өкпенің инфильтрациялы туберкулезінде эксудатты плеврит, жиі қайталанатын құрғақ плеврит, қанды қақырықты жөтел анықталады, ал менің науқасымда басынан өткен аурулары ішінде бұл аурулар жоқ.
Қарағанда: туберкулезбен ауыратын адамдарға тән бет әлпеті, жүдеуі, көздерінің жылтырауы, беттері бозғылт реңде. Тыныс жеткіліксіздігі дамығанда тері жамылғысы алдымен бозарып, одан кейін көгере түседі. Саусақтардың тырнақтардың фаланглері қалыңдай түседі. Ұзақ ағымды үрдістер кеуде клеткасының деформациясына алып келеді, қабырға аралықтардың , бұғана үсті, бұғана асты ойыстардың ішке кіріп кетуі, кеңірдектің ығысуына, тыныс алғанда зақымдалған жақтың қалыңқы болуына себеп болады.
Пальпациядаұлпалар тонусының төмендеуі, тері жамылғысының ылғалдылығы, мойын және қолтық асты лимфалық түйіндердің ұлғаюы және тығыздалуы анықталады.
Перкуссиядапатологиялық үрдіс ошақ өлшемі 3-4 см-ден жоғары болғанда ғана анықталады. Патологиялық перкуссиялық және аускультациялық феномендердің көбінесе өкпенің жоғарғы бөліктерінде орын алуы – туберкулезге тән.
Туберкулезде үрдіс өкпенің ұшында болса, перкуторлық дыбыс бұғана үсті және бұғана асты аймақтарында, трапеция тәрізді бұлшықеттің жоғарғы қыры бойымен тұйықталады.Ал егер де кеуде ішілік лимфа түйіндерінің үлкен зақымдалуында – паравертебральды аймақтарында тұйықталады.
Ал менің науқасыма қарағанда дене бітімі дұрыс, тері жамылғысы қалыпты түсті, серпімділігі сақталған. Шеткері лимфа түйіндері пальпацияланбайды. Кеуде сарайы дұрыс пішінді, тыныс алуға екі жағыда бірдей қатысады патологиялық перкуссиялық тұйықталу және аускультациялық феномендер өкпенің төменгі бөліктерінде – l.axillaris media және l.scapularis сызықтары арқылы V-Vlll қабырғалар деңгейінде орын алған. Шағымдары, анамнез мәліметтер, обьективті белгілері менің науқасымда байқалған белгілермен сәйкес келмегендіктен, өкпенің инфильтрациялы туберкулезі ауруын жоққа шығарамын.
- Өкпе инфарктісі.
Шағымдарынан -ауру барысында алдымен кеуде клеткасының күшті ауырсынуы және ентігу пайда болады, одан кейін дене қызуы жоғарылауы тән. Ал менің науқасымда алдымен дене қызуы 38с-қа көтеріліп, одан кейін барып кеуденің ауырсынуы қосылады.
Өкпе инфарктінде қанды қақырық түседі, ал менің науқасымда қақырық шырышты.
Бас айналу, бастағы шу, құлақтағы шу өкпе инфарктісі бар науқас шағымдарында айтылады, ал менің науқасымда мұндай шағымдар кездеспейді.
Анамнезінде - «басындағы» аурулардан – сирақ веналарының тромбозы, төменгі қуыс венасы түйісінде тромбоз, жүрек-қан тамыр жүйесі аурулары ( тромбоэмболия көзі жүректің оң жақ бөлімдерінде және жоғарғы қуысты веналарда орналасуы ), тромбоэмболиялық жағдайлар әдетте ұзақ мезгіл төсек тартып жату, жүрек жеткіліксіздігі, массивті диуретикалық терапия, ұзақ уақыт гормональды терапия қолдану - аталған ауруға әкелетін қауіп факторларға жатады. Ал менің науқасымда мұндай қауіп факторлары анамнезінде анықталмайды.
Қарағанда– жағдайы ауыр, тері жамылғысы бозғылт күлгін тартқан, шырышты қабаттар мен тармақтарының цианозы тән, мойын венасының томпаюы, эпигастральді аймақты және төс сүйегінен солға қарай 3-ші қабырға аралығында патологиялық пульсация . Перкуссияда өкпенің кішкентай аймағы зақымдалуы анықталады. Ал менің науқасымда тұйықталу екі жақ өкпенің төменгі бөліктерінде анықталады. Өкпе инфарктінде орын алатын шағымдар, анамнездік мәліметтер, обьективті белгілер зерттеліп отырған науқастың шағымдарына, анамнезіне, обьективті белгілеріне сәйкес болмағандықтан - өкпе инфарктісі ауруын жоққа шығарамын, бірақ бұл қосымша зерттеуді қажет етеді.
- Өкпенің қатерлі ісігі.
Шағымдарынанаурудың біртіндеп басталуы,ұзақ уақыт жөтелу, дауыс тембрінің өзгеруі, қанды қақырықтың түсуі тән, ал менің науқасымның шағымында мұндай көріністер орын алмаған.
Анамнезінде- өкпенің қатерлі ісігімен әдетте жасы 50-ден асқан ер адамдар ауырады, көбінесе шылымды өте көп тартатын, кәсіби зияндылығы бар жұмыс орнында қызмет ететін адамдар осы ауруға шалдығады.
Қарағанда –науқастың жалпы жағдайы ауыр, дене бітімі дұрыс болғанымен , күйлілігі төмен. Тері жамылғысы күрең тартқан, серпімділігі төмендеген, тері асты шел май қабаты жұқарған. Шеткері лимфа түйіндері ұлғайған, ал менің науқасымның жалпы жағдайы – орташа, тері жамылғысы қалыпты, серпімділігі сақталған, тері асты шел май қабаты біркелкі таралған, шеткері лимфа түйіндері пальпацияланбайды. Жоғарыдағы өкпенің қатерлі ісігіне тән анамнез шағымдары, обьективті мәліметтер менің науқасымда болмағандықтан бұл ауруды жоққа шығарамын.
- Пневмония.
Шағымдарынаншырышты қақырықты жөтел, дене қызуының көтерілуі, кенеттен кеуде клеткасында ауырсынудың пайда болуы, жалпы әлсіздік және ауырсынудың дем алғанда және жөтелгенде күшеюі. Физикалық күш түскенде дем алудың қиындап, ентігудің пайда болуы, жалпы әлсіздік, жұмысқа қабілеттілігінің төмендеуі, терлегіштік ( әсіресе түнгі уақытта ) тән.
Менің науқасымда да жоғарыда атап кеткен шағымдарды айтады. Анамнезінен – аурудың кееттен басталуы, алдымен дене температурасының жоғарылауы, одан кейін барып қақырықты шырышты жөтел мен кеуде клеткасының ауырсынуы.
Аурудың басталуы, алдымен дене температурасының жоғарылауы, одан кейін барып қақырықты шырышты жөтел мен кеуде клеткасының ауырсынуы. Ауырсынудың басталуын суық тию факторымен байланыстырады. Менің науқасымның анамнезінде жоғарыдағы мәліметтер толығымен анықталады.
Қарағанда – тері жамылғысы мен беті бозғылт тартқан.
Пальпацияда – тынысы үстіртін, дауыс дірілі күшейген, кеуденің зақымданған бөлігі қозғалысы қалыңқы , кеуде сарайының серпімділігі төмендейді.
Алғашқы диагнозды негіздеу
Науқас шағымдарынан ақшыл түсті, шырышты көбінесе таңертеңгі уақытта түсетін қақырықты жөтел, дене қызыуының 39 с-қа дейін жоғарылауы, қалтырау, шамалы күш түскенде дем алудың қиындап, ентігудің пайда болуы, дем алғанда, жөтелгенде кеуденің төменгі бөліктерінде шаншып ауыруға, жалпы әлсіздігі, терлегіштілігі белгілі.
Anamnesis morbi.
Науқас өзін 2007 жылдың 14-ші қазанынан бастап аурумын деп санайды. Науқас өзінің ауруын суықтап қалуымен байланыстырады. Суық тигеннен екі күннен кейін шырышты қақырықты жөтел басталып, температурасы 39◦с дейін көтеріліп, жөтел, ентігу, қалтырау, кеуде қуысында ауырсыну пайда болған. Ентігудің күшеюіне байланысты, жедел жәрдем шақырған.
Жедел жәрдем көмегімен №1 Клиникалық ауруханасының терапия бөліміне келіп түскен.
Тыныс алу жүесінен: тыныс алуы қиындаған, тыныс алу жиілігі минутына 26-28 рет, пальпациялағанда кеуде клеткасының серпімділігінің төментеуі дауыс дірілінің өкпенің төменгі бөліктерінде өкпелік дыбыстың қысқаруы.
Патологиялық перкуссиялық қысқару l.axillaris media және l. Scapularis сызықтары арқылы V-VIII қабырғаларда визикулярлы тыныстың әлсіреуі, оң өкпенің төменгі бөліктерінде крепитация, ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі.
Жоғарыда жазылған мәлімет және I этап бойынша жүргізілген ажыратпалы диагноздың қорытындысына сүйене отырып, келесі алғашқы диагнозды негіздедім.
Ауруханадан тыс окпенің оң жақ төменгі бөліктік пневмониясы, орташа ауырлық дәрежесі. Тж II. Артериялық гипертензия
Орташа ауырлық дәрежесін негіздеу – дене қызуы 38 с, тыныс алу жиілігі минутына 26 рет, интоксикация орташа айқындылықта, есі анық.
Тыныс алу жеткіліксіздігінің II дәрежесі – диагнозды шамалы күш түскенде ентігудің пайда болуы.
Зерттеу жоспары
а. Лабороториялық зерттеу.
1.Жалпы қан анализі.
2. Жалпы зәр анализі.
3. Биохимиялық қан анализі.
4. Коагулограмма.
5. Қандағы қантты зерттеу.
6. Қақырықты егу ( Кох таяқшасына )
б. Аспаптық зерттеу.
1. Экг.
2. Кеуде клеткасының рентгенографиясы.
3. Фтизиатор кансультациясы.
1. Жалпы қан анализі.
Ж. 01.09.2016ж.
Гемоглабин (Hb) г\л 110 111
Эритроциттер х10 12\л 3,0 3,5
Түстік көрсеткіш 0,9 0,9
Лейкоциттер х10 9\л 15,7 12,7
ЭТЖ мм\сағ 37 30
Эозинофильдер % 3 2
Таяқша ядролар % 4 4
Сегментті ядролық % 77 75
Лимфоциттер % 17 15
Моноциттер % 2 1
Тромбоциттер х10 9\л 298 250
Қорытынды: нейтрофильді лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылаған.
2. Жалпы зәр анализі.
Ж. 01.09.2016ж.
Түсі сарғыш сарғыш
Реакциясы қышқыл қышқыл
Мөлдірлігі мөлдір мөлдір
Сал.тығыздығы 1010 1012
Ақуыз - -
Қант - -
Өт пигменттер - -
Лейкоциттер 1-2 к\а 1-2 к\а
Эритроциттер 0-2 к\а 12 к\а
Цилиндрлер - -
Эпителий 2-3 к\а 1-2 к\а
Қорытынды: патологиялық өзгерістер жоқ.
3. Биохимиялық қан анализі.
Ж.
Билирубин - жалпы 11
- тікелей 5,0
- тікелей емес 6,0
Сілтілі фосфатаза бірлік\л - 420
АлАт ммоль\л 80
АсАт ммоль\л 60
Жалпы белок г\л 83
Альбумин г\л 42
Глобулин г\л а1 – 2,7 а2 – 10 ; г – 19,6
Мочевина ммоль\л 4,2
Креатинин ммоль\л 0,08
К+ ммоль\л 4,3
Na+ ммоль\л 146
Са+ ммоль\л 3,7
Қорытынды: Жалпы белок фракциясының а2, г-глобулиннің, сілтілі фосфатаза деңгецінің жоғарылауы.
Коагулограмма.
Ж.
ПТИ % 90
Фибриноген г\л 3.5
Фибрин белсенділігі 11
РКС % 50
РФИК теріс
Тромб уақыт 18
АЧТВ 17
Қорытынды:патологиялық өзгерістер жоқ.
5. Қандағы қант мөлшері
Ж.
Қант - 5,0 ммоль\л
Гликимиялық профиль – 8.00 – 4,7 ммоль\л
- 13.00 – 4,5 ммоль\л
- 17.00 – 5,4 ммоль\л
6. ЭКГ –28.09.2016ж.
Қорытынды:Синусты тахикардия. ЖЖЖ 90рет мин.
7. Қақырықты егу. (Кох таяқшасына) 28.09.2016жж.
I - теріс
II - теріс
III – теріс
8. Кеуде сарайының рентгенографиясы ( 28.09.2016ж. ).
Кеуде сарайының тік проекциясында жасалған жалпы рентгенограммада екі өкпнің төменгі бөліктерінде инфильтрация ошағы, инфильтрация ошағының пішіні дұрыс емес, артқы контурлары жайылған, біртіндеп сау өкпе тініне ауысқан. Көлеңке сипаты – интенсивтілігі аз да, гомогенділігі жоғары. Инфильтрация фонында өкпе суреті күшейген , өкпе түбірі кеңеюі байқалады. Диаграмма күмбезі биіктеген.
Қорытынды: Екі өкпенің төменгі бөлігінің пневмониясы.
Фтизиатор кансультациясы. 29.09.2016ж.
Өкпеде белсенді туберкулездік процесстер жоқ.
Емдеу жоспары.
1.Емдік режим
2.Емдік тамақтану
3.Этиотропты ем
4.Патогенезді ем ( бронхтардың дренажды функциясын қалпына келіру, жергіліктік бронхтық – пульмоналcxьды қорғаныс жүйесінің қызметін жақсарту, иммундық модуляциялық ем )
5.Интоксикациямен күрес
6.Симптомды ем
7.Жедел пневмонияның асқынуларының алдын алу
8.Физиотерапия, емдік дене шынықтыру, массаж, тыныс гимнастикасы
9.Санаториялы – курортты ем, реабилитация және диспансеризация.
Емі:
Режим 2 Диета 15
Антибиотик
Қақырық түсіретін препарат АЦЦ 200мг 2 рет
Физиотерапияқыша қағаздарын, банкаларды және спиртті-майлы компресстерді, кальци хлориді, гепаринмен электрофарез.
Кеуде массажы.
Емдік дене шынықтыру.