Су тұзды алмасу. Бүйрек пен зәрдің биохимиясы

1. Ағза сұйықтықтарының электролитті құрамы. Су жэне онда еріген минералдық заттар ағзаға татаммен түседі де, бірқатар маңызды қызметтер атқарып, ағзаның ішкі ортасының құрамын анықтайды. Су тек индифферентті еріткіш қана емес, сонымен бірге биомолекулалар мен иондардың тұрақтандырғышы болып табылады жэне мынандай биологиялық қызметтер атқарады:

-ағзаның жылу балансын реттеуші болып табылады,

-тасымалдау қызметін қамтамасыз етеді,

-клетка ішіндегі қысымның сақталуына эсер етеді, клетканың формасы мен тканьдердің тургорын сақтап түрады,

-биомолекулалардың синтезі үшін пайдаланылады,

-клеткалық мембраналар мен клеткааралық матрикстың құрылымдық компоненті болып табылады,

-гидролиз реакциясы арқылы биомолекулалардың катаболизмін қамтамасыз етеді, -биологиялық тотыгу жэне тканьдік тыныс алу реакцияларында электродонорлық жэне протонакцепторлық қызмет атқарады.

Су жэне органикалық қосылыстардан басқа, тканьдерде минералдық заттар да болады. Орташа есеппен ересек адамның агзасында Са-1050, Р-700,К-245, Na-105, Се-105, S-175, Mg-35, Fe-5 грам болады. Бірнеше миллиграмм мөлшерінде тканьдерде- Cu, Zn, Mn, Co, Cr жэне т.б. микроэлементтер де болады. Минералдық заттар мынандай биологияльщ қызметтер атқарады:

- клеткалар мен тканьдердің қүрылымдық компоненттері болып табылады,

- ағзаның ішкі ортасының тұрақтылыгын (гомеостазды) қамтамасыз етіп, иондық қүрамды, осмостық қысымды мен рН деңгейін реттейді

- клеткада энергияның трансформациясы жэне жинақтау процесстеріне қатысып, мембраналық потенциалдың калыптасуын қамтамасыз етеді жэне клетка ішіндегі процестер­ге жүйкелік жэне гормональды белгілерді таратуға қатысады.

- белокты молекулалардыц конформациялық қайта құрылуын тудырып, олардың биологияльщ қасиеттерін өзгертеді,

- ферменттердің активаторлары немесе ингибиторлары болып табылады.

Дене салмағының 50-79 % судың үлесіне тиесілі. Ересек адамның суды тэуліктік пай-далануы 2 литрге жуық. Бұған тканьдік тыныс алу кезінде түзілетін 300-400 мл эндогенді су қосылады. Ересек адамның су депосында (бүлшық ет, тері, бауыр) шамамен 14 литр су бола­ды. Балаларда судың қажеттілігі мен агзада болуы дененің жалпы салмағымен салыстырганда ересек адамдардан да коп болады.

Тканьдер мен мүшелерде судыц таралуы біркелкі емес. Агзада судың 50%-ы бүлшық еттерде, ал қанда шамамен 5% болады. Барлық тканьдердің интерстициальды сұйықтығы немесе клеткааралық су ағзадағы судыц барлық көлемінің 25%-ын, ал клеткаішілік су 70%-ын құрайды. Интерстициальды сұйықтық пен қанның плазмасы клеткааралық сұйықтықты құрайды, оның үлесіне ағзаның барлық сұйықтығының 30%-ы келеді.

Клеткаішілік жэне клеткааралық сүйықтықтар арасында үнемі сумен жэне онда еріген заттармен алмасу жүріп жатады. Мысалы: қан плазмасы мен интерстициальды сүйықтық арасындағы капиллярлар қабырғасы арқылы жүретін алмасу жылдамдыгы шамамен минуты-на 1500 литр болады.

Ағзадағы сұйықтықтардың негізгі константалары мыналар:

-көлемі,

-осмостық қысымы -ортаның реакциясы (рН)

Ағзаның сұйық ортасының бұл параметрлері бір-бірімен тығыз байланысты жэне бір-біріне тэуелді. Осмостық қысым еріген заттардың концентрациясы мен сұйықтықтардың электролиттік құрамына байланысты болады. рН электролиттік құрамына тэуелді, ал клетка ішіндегі жэне клетка сыртындағы сұйықтықтың көлемі осмостық қысымга тэуелді болады.

Клеткааралық сұйықтық (лимфа) пен қан плазмасының осмостық қысымы мен рН-ы бірдей болады, сол сияқты эртүрлі мүшелердің клеткааралық сұйықтығында да олар бірдей болады. Алайда, эртүрлі клеткалардың клетка ішіндегі сұйықтығының электролиттік қүрамы мен рН мэні эртүрлі болуы мүмкін, ол осы клеткалардағы заттар алмасуының ерекшеліктеріне, мембраналардың өткізгіштігіне жэне белсенді тасымалдау механизмдерінің ерекшеліктеріне байланысты болады.

Қан плазмасы мен клеткааралық сұйықтықтың электролиттік (минералдық) құрамы бірдей деп айтуға болады. Кейбір маңызды айырмашылықтар Са мен бикарбонаттар ионда-рына ғана қатысты, олардың қан плазмасындағы деңгейі клеткааралық сұйықтыққа қараганда жогары болады. Қан плазмасы мен клеткаішіндегі сүйықтықтың электролиттік қүрамының арасында бірқатар ерекшеліктері бар (Табл. 14.1).

Адам ағзасындағы қан плазмасының жэне клетка ішіндегі сұйықтыктың электролиттік қүрамы.

Наши рекомендации