Тоқ ішектің жиекті бөлік рагының эпидемиологиясы

2000ж. жер шарында 940-950 мың адам тоқ ішек рагымен тіркелген. Бұл барлық қатерлі ісіктердің 9,4% құрайды. Ауру деңгейі әр жерде әртүрлі, ең жиі кездесетін жерлерге Шығыс Еуропа елдері, Австралия, Солтүстік Америка, Израиль, Жапония жатады. Оңтүстік, Орталық Америкада, Африка және Азия елдерінде бұл ісік сирек кездеседі.

Ресейде тоқ ішек рагы реттік саны бойынша 5-орында тұр, ал 2002 жылы оның өзіндік үлесі жалпы қатерлік ішінде 6,0% тең де, ал аурушаңдық көрсеткіші еркектер ішінде 16,9%ооо, ал әйелдер арасында - 15,9%ооо болған.

Қазақстанда 2006 жылы ауырғандардың абсолюттік саны 1190 адам болса 2011 жылы 1389 адамға өскен. Еркектердің өзіндік үлесі 4,1% құраса, әйелдер арасында - 4,3% болды. Барлық қатерлі ісіктер ішінде тоқ ішектің жиекті бөлік рагы әйелдерде 7, ал еркектерде 8 орынды алады.

Жалпы Қазақстан бойынша тоқ ішектің жиекті бөлік рагының аурушаңдық орташа (2006-2012 жж.) көрсеткіші 7,6%ооо-ке тең болса, ал оның әрбір облыстарында бір қалыпты тарамаған (№5- сурет), ең жоғарғы аурушаңдық көрсеткіші Батыс Қазақстан (10,5%ооо), Қарағанды (11,6%ооо), Шығыс-Қазақстан (11,8%ооо), Қостанай (12,1%ооо), Солтүстік Қазақстан (12,1%ооо), Павлодар (14,3%ооо) және Ақмола (14,3%ооо) облыстарында тіркелген, сонымен қатар ең төменгі көрсеткіш Оңтүстік Қазақстанда (2,3%ооо), Қызылорда (2,4%ооо), Алматы (3,3%ооо), Жамбыл (3,6%ооо), Атырау (4,2%ооо), Маңғыстау (4,2%ооо) облыстарында және Астана қаласында (7,5%ооо) анықталған.

Тоқ ішектің жиекті бөлік рагының эпидемиологиясы - student2.ru Тоқ ішектің жиекті бөлік рагының эпидемиологиясы - student2.ru

А В

№4- сурет. Тоқ ішектің жиекті бөлігінің лима жүйесімен түйіндерінің орналасуы:

А: 1- көлденең бөлігі, 2- көлденең бөлігінің үстіндегі түйіндері, 3-аралық лимфа түйіндері, 4- тоқ ішек айналасындағы түйіндері, 5- a. mesentericae inferior –бойындағы басты лимфа түйіндері, 6- төмендеуші бөлігі, 7- сигма тәрізді бөлігі, 8 –құрт тәрәздә өсіндісі, 9- соқыр ішек, 10- мықын-соқыр ішек аймағындағы түйіндері, 11- өрмелеуші бөлігі, 12- ортаңғы тоқ ішек түбіріндегі басты түйіндері;

В: 1-шарбы май- жиекті лимфа түйіндері, 2- жиекті ішек айналасындағы түйіндер, 3- сол жақ жиекті бөлігінің түйіндері, 4- төменгі шарбы май түйіндері, 5- сигма тәрізді бөлігінің түйіндері, 6- соқыр ішектік түйіндері, 7- соқырішек алдындағы түйіндері, 8- мықын- жиекті бөлігінің түйіндері, 9- оң жақ жиекті бөлігінің түйіндері, 10- ортаңғы жиекті бөлігінің түйіндері.

Тоқ ішектің жиекті бөлік рагының Қазақстанның аймақтары бойынша аурушаңдық ерекшелігі (№6- сурет), жоғарыдағы заңдылыққа сәйкес келеді. Тоқ ішектің жиекті бөлік рагының ең жоғарғы аурушаңдық көрсеткіші Қазақстанның Шығыс (13,0%ооо), Орталық (10,3%ооо) және Солтүстік (12,1%ооо) өңірінде және Алматы (11,0%ооо) мен Астана (7,5%ооо) қалаларында анықталса, ең төменгі көрсеткіші Оңтүстік (2,9%ооо) пен Батыс (6,3%ооо) аймақтарда тіркелген. Тоқ ішектің жиекті бөлік рагының Шығыс аймақтағы аурушаңдық көрсеткіші, Оңтүстік өңірмен салыстырғанда 4,5 есе артық болған. Бұл айырмашылық сол өлкелердегі этностардың құрамы мен тағамдану ерекшелігіне байланыстығы даусыз, себебі Шығыс, Орталық және Солтүстік аймақтарда жергілікті ұлтың өзіндік салмағы, Оңтүстік және Батыс аймақпен салыстырғанда 2 есеге жуық аз, ал керісінше аурушаңдық көрсеткіші жоғары аймақтарда басқа еуропалық ұлтар басым болып отыр. Осыған байланысты тағам түрлерінің рөлі айқын көрініп тұр.

Тоқ ішектің жиекті бөлік рагының эпидемиологиясы - student2.ru

№5- сурет. Тоқ ішектің жиекті бөлік рагының Қазақстан облыстары бойынша орташа аурушаңдық көрсеткіші (2006-2012 жж.).

Көптеген елдерде тоқ ішектің жиекті бөлік рагы соңғы 10 жыл ішінде ол 15,0% өссе, ал Қазақстанда - бір деңгейде кездесуде. Бұл ракпен 40 жасқа дейінгілер 60-70 жастағыларға қарағанда 2-3 есе сирек ауырады. Сондықтан бұл ісікті - кәрілікке тән ауру деп санауға болады.

Тоқ ішектің жиекті бөлік рагының эпидемиологиясы - student2.ru

№6- сурет. Тоқ ішектің жиекті бөлік рагының Қазақстан аймақтары бойынша орташа аурушаңдық көрсеткіші (2006-2008 жж.)

Наши рекомендации