Сорт шығару тәсілі бойынша сорт – популяция, линиялық сорт, сорт- клон, буданнан шыққан сорт, мутант сорты болып бөлінеді.
Сорт –популяция айқас және өзін- өзі тозаңдандырудың нәтижесінде жаппай сұрыптау арқылы алынады. Олар тұқымқуалаушылық жағынан біркелкі емес.
Линиялықдеп, өздігінен тозаңданатын дақылдарды жеке сұрыптау арқылы алынатын сорттарды айтады. Линиялық сорт-біртекті өсімдіктің көбеюі, сондықтан олар барлық белгілері мен қасиеттері бойынша біркелкі болады.
Будан популяциясынан будандастыру және сұрыптау арқылы алынған сорттарды будандардеп атайды. Өздігінен тозаңданатын будан сорттары линиялық сорттарға қарағанда , біркелкі болмайды. Кейде оларды қайта сұрыптау жолымен жаңа сорттар шығарады. Барлық дақылдардың көптеген аудандастырылған сорттары буданболып табылады.
Сорт - клондарөсімдіктердің вегетативті көбейетін түрлерін жеке сұрыптау жолымен алынады. Сорт – клон өсімдіктердің бір текті вегетативті көбеюінен шыққан ұрпақ, сондықтан олар біркелкі болып келеді.
Сортқа қойылатын өндірістік талаптар
Осы заманғы ауыл шаруашылық өндірісі сортқа жоғары талаптар қояды. Олардың негізгілері мыналар:
1. Жыл сайын жоғары және тұрақты өнім беруі. Сорт жоғары өнімді болуымен қатар , тыңайтқыш себу мен басқа агро әдістерге кеткен шығынды өз түсімімен өтуі қажет.
2. Даму барысында ауа райының қолайсыз жағдайларына төзімді болуы тиіс. Сорттар құрғақшылыққа, төмен температураға , қыстап шығу барысында қолайсыз жағдайларға (күздік және көп жылдық сорттары) төзімді болуы шарт. Бұл қасиеттер өнімінің тұрақтылығын анықтайды.
3. Аурулар мен зиянкестерге қоздырушыларға да төзімді болуы керек.
4. Механикалық баптауға икемділігі.
5. Өнімнің жоғары сапасы. Сорттар себілу мақсатына қарай қажетті өнімді (ақуыз, қант, крахмал, май, талшық) мол беруі керек.
Шығарылып жатқан сорттың белгілері мен қасиеттерінің нақты жиынтығы негізгі үш көрсеткіш бойынша анықталады:
1) Болашақ сортқа арналған аймақтың топырақ- климат жағдайлары;
2) Сорттың өндірісте өсірілуіне байланысты (тыңайтқыштың жоғары нормасы, суландыру, т.б, )агротехникасы және механикаландыру дәрежесі;
3) Дақыл бағдары және оны пайдалану (жүгері-дәнді немесе сүрлемдік арпа сыра қайнату мен малазықтық, картоп асханалық және техникалық, т.б. бағыттарда).
Бастапқы материал түрлері мен тәсілдері
Селекцияда бастапқы материал деп, жаңа сорттарды шығару үшін пайдаланылатын өсімдіктердің мәдени және жабайы формаларын айтады.
Бастапқы материал ретінде мыналар пайдаланылады:
1) Табиғатта кездесетін өсімдіктердің сан алуан формалары мен сорттары;
Селекция процесінде будандастыру жолымен және түрлі сыртқы жағдайлардың жасанды әрекетінен жасалған бастапқы материалды сұрыптаудан басталады.
И. Н. Вавилов атап көрсеткендей, селекциялық жұмысқа жету бастапқы материалды сұрыптаудан басталады.
Осы заманғы селекцияда бастапқы материал алу үшін қолданылатын негізгі түрлер мен тәсілдер мыналар:
1. Табиғи популяция. Оған өсімдіктердің жабайы өсетін формалары, мәдени өсімдіктің жергілікті сорттары және ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің әлемдік коллекциясындағы үлгілері жатады.
2. Будан популяциясы.Будан популяциясының 2 түрі бар:а)бір түрдегі сорттар мен формаларды тозаңдандыру арқылы алынған ішкі түрі; б) өсімдіктердің әр түрлері мен тектерін тозаңдандыру арқылы алынған (түраралық және туысаралық)будандар.
3. Өздігінен тозаңданатын линиялар (инцухт- линия). Өсімдіктердің айқас тозаңдануы селекция ісіндегібастапқы материал алудың көзі болып табылады.
4. Жасанды мутация және полиплоид формалары. Бастапқы материалдың бұл түрі өсімдіктерге радиация, химиялық заттар, температура және басқа мутаген құралдарын пайдалану жолымен жасалады.
5. Биотехнология әдісін пайдалану.
Бақылау сұрақтары:
1. Сорт дегеніміз не?
2. Сортқа қойылатын өндірістік талаптар
3. Бастапқы материал түрлері мен тәсілдері
Дәріс №4
Талдаушы селекция.
Дәріс №5
Синтездеуші селекция.
Жоспар:
1. Түрлердің синтезі мен ресинтезі.
2. Гетерозис, оны өсімдіктер селекциясы тәжірибесінде пайдалану жолдары.
Түрлердің синтезі қарапайым екі түрдін геномдарын біріктіру негізінде іске асырылуы мүмкін. Алшақ будандастырудың екі геномдары рекомбинацияланады да, бұрын-соңды болмаған жаңа түрлер пайда болады. Сондықтан алшақ будандастыруды түрдің синтезделу көзі дейміз. Түрдің ресинтезі дегеніміз- алшақ будандастырудың нәтижесінде екі түрдің гендерінің рекомбинацияланып, ертеректе табиғатта болған түрдің қайта жаңарту процесі.
ХІХ ғасырдың басында Еуропаға кездейсоқ Африка батпақ шөбі әкелініп, таралып, еуропалық батпақ шөбімен бірге өсті. ХХ ғасырдың басында жаңа батпақ шөп- бұрын аталған екі түрдің амфидиплоиды пайда болды. Ол төзімді, бейімделген және бастапқы түрлерді барлық жерден ығыстырып шығарады. Бұл шын мәнінде, ғалымдардың бақылауымен жүрген жаңатүрді табиғи синтездеудің бір мысалы болып табылады. Табиғатта кездейсоқ сәтті амфидиплоидты комбинацияның мүмкіндігі туып, ол іске асырылады. Бұл мысал табиғи жағдайда сәтті амфидиплоидты комбинациялардың барлығының іске асырылып, сондықтан да жаңа түрлерді қолдан синтездеудің өзі көбіне шаруашылық жағынан құнды формаларды жасаумен сирек аяқталатынын дәлелдейді.
Жаңа түрлердің табиғи синтезделуінің «механизмі» сірә, мынадай болса керек. Жоғары ұрықты амфидиплоидтар пайда болатын амфигаплоидтар мейоздар тек униваленттер болуымен және толық дерлік ұрықсыздықпен сипатталады. Тіршілікке икемділігі бар тозаңдар мен гаметалар мейоздың бірінші бөлінуінің анафазасында барлық хромасомалар бір полюске кеткен немесе мейоз реститутциялық бөлінумен не митозбен алмасқан сирек жағдайларды ғана пайда болады. Бұл тіршілікке икемділігі бар гаметаларда хромосомалардың сомалық саны болады және олар редукцияланбаған деп аталады. Олар сирек түзілгенмен, олардан, әсіресе табиғи процестердің кең ауқымы кезінде, келесі ұрпақтардың пайда болуы мүмкін.
Редукцияланбаған гаметаларды пайдалану амфмдиплоидтарды қолдан синтездеу әдістерінің бірінің негізіне жатады бұл – бірінші әдіс. Ол будандастыруды және будандардың бірінші ұрпағын өсіруді керек етеді. Екінші әдіс-колхициннің көмегімен амфигаплойдта хромосомалар санын қолдан көбейту (жоғарыда сипатталған). Үшінші әдістің мәні – алдын ала бастапқы түрлерді тетраплойдты деңгейге ауыстыру. Тетроплойдтар диплоидты гаметалар береді, ал олардың қосылуынан бірден амфидиплойдты будандар түзіледі:
Бастапқы түрлер АА ВВ
К-митоз К-митоз
РР АААА х ВВВВ
Гаметалар РР АА х ВВ
Ғı ААВВ
Төртінші әдіс – екі амфидиплойдты түрлерді будандастыру жолымен жаңа амфидиплоидтар алу.
1924 жылы Г. Д. Карпеченко редукцияланбаған гаметаларды пайдалану әдісімен шомыр мен капустадан тәжірибелік маңызы жок, бірақ түраралық будандастыру теориясының қалыптасуында маңызды рөл атқарған туысаралық амфидиплойдтар алды.
Тритикалені алғаш рет (1848 ж.) неміс ғалымы В. Римпау алды. Егер бізге енді белгілі бидайдың хромасомалық құрамына кіретін геномдардың жалпы қабылданған әріптік таңбаларын пайдалансақ және қара бидайдың геномын, қазір қабылданған әріппен белгілесек, онда геномдық формулаларын былай жазуға болады:
ААВВДДRR және ААВВRR
2n-56 2n-42
Қара бидай, бидай амфидиплоидтарының практикалық маңызы бар, бірақ өсімталдығы төмен. Бұл ішінара ұрықсыздық бай ген қоры бар популяцияларды үздіксіз сұрыптау жүргізу арқылы жойылады. Соңғыларды әр текті амфидиплоидтарды, соның ішінде октоплоидтыларды (2n-ББ) гексоплоидтылармен (2n-42) будандастыру арқылы түзеді.
Орыс генетигі А.Р. Жебарак бидайдың әр алуан түрлерін будандастырып, геномды, формулалары ААААВВ (2n-42), ААААВВВВ (2-56), ААААВВВВДД (2n-70) жаңа аллополиплоидтар алды. Жебрактың аллополиплоидтарының, әзір тектеориялық қана маңызы бар, алайда оларды түрлі комбинацияларда будандастыруды сұрыптау үшін құнды материялы бар популяциялар пайда болуы мүмкін деп жорамалданады.
Н. В. Цицин алған жұмсақ бидай мен көкшіл бидайық диплоидтарының ерекше маңызы бар. Бұл будандастыру геномдық формуламен былай жазылады.
РР ААВВД ı Д ı х ВВ Да Да ХХ
42 42
Бидайдың және бидайықтың геномдары да тек ішінара гомологиялы, сондықтан оларды ажырату үшін формулаларда түрлі индекстерді қолданады.
Инбридинг. Генетиктер жыныстық жолмен көбейудің екі тәсілін ажырытады: аутбридинг және инбридинг. Аутбридинг (туыстық емес көбейту) жақын туыс емес, туыстық тегі жоқ ағзаларды будандастыру арқылы іске асырылады. Инбридинг (инцухт, жақын туысты көбейту) жақын текті ағзаларды будандастыру арқылы іске асырылады.
Инбридингтің генетикалық нәтижесі гетерозиготаның азаюы болып табылады, аутбридинг оны көбейтеді.
2. Гетерозис – күрделі генетикалық құбылыс, бірінші жылғы ұрпактардың тіршілік ету қабілеттілігін , дамуының күштілігін, өнімділігінің көптілігін білдіретін құбылыс. Ол будундардың түрлері мен пайда болуы тегіне (линия аралық, сорт аралық, жекеленген) байланыс жоғары түрде екпінділігінен айқындалады. Гетерозистің жоғары түрде көрінуі –де байкалып, кейіннен төмендейді. И. Кельрейтердің будандық күштер туралы алғашқы мәліметтерді, содан кейін Ч. Дарвиннің гетерозистің себептерін түсіндіру туралы талпыныстары осы құбылыстың ғылыми зерттеулеріне жол ашты.
Гетерозис- белгілі бір белгілері мен қасиеттерінің көрініс дәрежесі бойынша будандардың бірінші ұрпағының ата-ана формасының әрқайсысынан ерекше басым болуы. Гетерозис түр аралық будуандастыруда бір түрдің әр алуан гетерогенді популяцияларын будандастырғанда байқалады.
Г. Шелл, Е. Иста, Х.Хэйстердің жұмыстарында да айқын көріне бастады. Ғылыми әдебиеттерге «гетерозис» термині 1914 жылдап бастап енген.
Джонс ұсынған доминанттық болжамы (1917, 1918, 1921 жылдар). Ол Ғı бірінші жылғы буданды қолайлы доминантты гендердің жиналуынан, ал олардың Ғ2 –де немесе кейінгі ұрпактарда өнімділіктің кемуі рецессивті аллельдің гомозиготтық жағдайға ауысуынан деп гетерозис түсіндіріледі.
Бақылау сұрақтары:
1. Синтез түрлерін ата.
2. Синтездеуші селекцияның селекцияда алатын орны.
Дәріс №6